Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Жағалаулық процестер əрекетінен қалыптасатын жер бедері



Pdf көрінісі
бет120/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Жағалаулық процестер əрекетінен қалыптасатын жер бедері 
пішіндері. Жер шары беткі бөлігінің 70%-ға жуығын Дүниежүзілік 
мұхит сулары алып жатыр. Ертеректегі геологиялық кезеңде олардың 
үлесі бұдан жоғары болған. Сондықтан да мұхит пен құрлық шек-
тескен аймақта да түрлі экзогендік əрекеттердің күрделі жиынтығы 
тоқтаусыз жағалық жер бедерінің қалыптасуына өзіндік əсерін 
тигізеді. 
Жағалау – құрлық пен теңіздің шекаралас, шептесіп жатқан 
бөлігі. Бұл шекара картада жағалық сызық элементтері арқылы 
берілгенімен, шындығында құрлық пен теңіздің өзара қарым-
қатынасы əрекетінен пайда болған күрделі құрылымды жағалық жер 
бедерінің белдеуі болып табылады.


167
Жағалық белдеу өз жағасынан, оның суға дейінгі бөлігінен
жəне су түбіндегі жағалық беткейден құралады. Жағалық 
белдеудің құрылуы алдымен теңіз толқындарының əрекетіне 
мен беткі ағыстардың сипатына, жағалау бөліктердегі жəне 
мұхит табанындағы тектоникалық қозғалыстар мен жағалаудың 
геологиялық құрылысына, сонымен қатар теңіздің көтерілуі мен 
оның қайту құбылыстарымен де тығыз байланысты.
Жағалық белдеудің төменгі жəне жоғарғы шекаралары 
толқындардың жағамен динамикалық байланысу ықпалымен 
шектеледі. Оның төменгі шекарасы толқын ұзындығының жар-
тысындай тереңдікте немесе толқындардың деформация түзетін 
тереңдігінен басталады. 
Ал жоғары жағындағы шекара теңіздің көтерілу кезіндегі 
толқындардың шашырау сызығына жеткенге дейін белгіленеді. 
Теңіз жағасында теңіз толқынының шарпуы əрекетінен пайда болған 
үйінділердің жиынтығын жағажай деп атайды. Суастындағы 
жағалық беткейлерге қарағанда, жағажай көбінесе, құмдардан, 
өңделген қиыршық тастардан жəне жəндіктердің қалдықтарынан 
құралады.
Морфологиялық түріне қарай жағажайлар толық кескінді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет