193
жылы басым көпшілігі буланушылыққа жұмсалады. Сонымен қатар
Антарктида мұздықтары бетіндегі
альбедоның жоғары болуы да
өзіндік ықпал жасайды.
Изотерма сызықтары түзу сызық бойымен өтпейді. Өйткені
ол материктер мен мұхиттар арқылы өтеді. Құрлық үстіндегі жер
бедерінің абсолюттік биіктігі мен тау жоталарының жату бағыты да
изотерма сызықтарының орналасуына əсерін тигізеді.
Жыл ішінде
байқалатын ең жоғары температура көрсеткіші –
абсолютті мак-
симум,
ең төменгі температура
– абсолютті минимум деп аталады.
Жер шарындағы тіркелген абсолютті максимум +58
0
С – Сахара-
да, абсолютті минимум –89,2
0
С – Антарктида жерінде тіркелген.
Жер шары бойынша жылудың таралу ерекшелігіне қарай
5 жылу
белдеуі қалыптасады:
1. Ыстық белдеу немесе тропиктік белдеу – екі жарты шардың
+20
0
С изотермалары аралығында орналасады;
2. Қоңыржай белдеулер – Солтүстік жəне Оңтүстік жарты
шардың ең жылы айларының +20
0
С жəне +10
0
С изотермалары
аралығында орналасады;
3. Суық белдеулер (полярлық) екі жарты шардың ең жылы жылы
айларының +10
0
С пен 0
0
С жəне одан да төмен температуралар тəн
полюс маңы аймақтарында орналасады.
Осы
температуралық
ерекшеліктер
өз
тарапынан
атмосфералық қысым өзгерістерінің қалыптасуына, басым
желдердің бағыттарына, жауын-шашынның таралуына əсер
етеді.
Достарыңызбен бөлісу: