21
чьих или киргиз-кайсацких орд и степей» («Қырғыз-қазақ не қырғыз-
қайсақ ордасы мен даласының сипаттамасы») деген кiтабында (1832
ж.) қорытындыланды. Бұл кiтап қазақ жерi туралы берiлген алғашқы
толық географиялық сипаттама болды.
1840-1850 жылдары аралығында Шығыс, Оңтүстік-Шығыс жəне
Орталық Қазақстан өңiрлерiне Ресей ботанигi
Л. И. Шренк саяхат
жасады. Ол Жетiсу Алатауына, Балқаш-Алакөл ойысының шығыс
бөлiгiне физикалық-географиялық сипаттама бердi.
ХІХ ғасырдың орта шенiнде Арал (
А. И. Бутаков) жəне Каспий
(
К. М. Бэр,
Н. А. Ивашинцов) теңiздерi жан-жақты зерттелдi. 1857
жылы Арал-Каспий атырабына императорлық
Санкт-Петербург
Ғылым Академиясы ұйымдастырған экспедицияға
И. Г. Борщов пен
Н. А. Северцов қатысты. Экспедиция жұмыстарының қорытынды
деректерiнiң маңызы өте зор болды.
Экспедиция жұмысының нəтижесiнде Батыс Қазақстанның жер
бедерi,
геологиялық құрылысы, климаты, флорасы жəне фаунасы
туралы нақты деректер аясы кеңейдi. И. Г. Борщов «Материалы
для ботанической географии Арало-Каспийского края» («Арал-Ка-
спий өлкесiнiң ботаникалық географиясына арналған деректер»)
деген еңбегінде Батыс Қазақстанды ландшафтылық-географиялық
облыстарға бөлдi.
1858-1859 жылдарында Жетiсу Алатауы мен Iле өңiрiне қазақтың
ұлы ғалымы
Шоқан Уəлиханов Қашқар сапарына шығу барысында
тоқталып, Жетiсу жері мен Тянь-Шань тауының табиғатына ғылыми
сипаттама бердi. Балқаш көлі мен Алакөлдiң пайда болу жəне
қалыптасу тарихының өте ұқсастығын дəлелдедi.
Жетiсу Алатауы мен Солтүстік Тянь-Шань тауын жануарлардың
таралуына қарай биiк таулық белдеулерге бөлдi. Сонымен бiрге осы
зерттелген өңiрлердiң маршруттық жəне
жалпы шолулық картала-
рын жасады.
ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында кен байлықтарын iздеуге
байланысты физикалық-географиялық сипаттағы бiрқатар жаңа
деректер алынды. Əсiресе, Орталық
Қазақстан мен Тарбағатай
тауының жəне Маңғыстау түбегiнiң геологиялық құрылысы, орогра-
фиясы туралы нақтылы деректер жинақталды.
Қазақстан табиғатын шын мағынасында ғылыми-географиялық
тұрғыда зерттеу XIX ғасырдың екінші жартысынан басталды. Бұл
тұрғыда П. П. Семенов-Тян-Шанскийдің, Н. А. Северцовтың, И. В.
Мушкетовтың, А. Н. Красновтың, Л. С. Бергтің сіңірген еңбектері
айрықша.