105
жəне меридиандық, ендік жəне вертикаль бағыттағы құрамдастарға
да тарала алады.
Жер шарының кейбір бөліктерінде
жердің ішкі қойнауындағы
тау жыныстары құрамында магниттік жыныстардың басым
кездесуіне байланысты магниттік көрсеткіш
бірнеше есе жоғары
болуы мүмкін. Мұндай жерлер
магниттік аномалия деп аталады.
Курс магнит аномалиясында (КМА, Ресей) магнит өрісінің күші
басқа аймақтардан төрт есе жоғары болып келеді.
Күн мен Күн жүйесіндегі ғаламшарлар өзіндік магнитті ауанға
ие, олардың əрқайсысының айналасында ерекше қабық –
магнитос-
фера қалыптасады.
Жер ғаламшарының ең сыртқы əрі
қашыққа созылған жер
маңындағы магнит кеңістігі – магнитосфера физикалық қасиеті
жағынан өте ерекше болып келеді. Жердің магниттік өрісі ғарыштық
зарядталған бөлшектер ағыны мен Жердің ішкі қойнауындағы заттар
құрамындағы магнит өрістерінің өзара əрекеттесуінен қалыптасады.
Соңғы геофизикалық ғылыми
зерттеулер барысында Жердің
магниттік өрісінің пайда болуы 99%-ға жуық Жер ядросы
құрамындағы темір қоспаларымен байланысты екендігі дəлелденді.
Магнитосфераның орта диаметрі 100 мың км жетеді. Магнитос-
фера Жердің
геосферасы құрамына кірмейді, бірақ географиялық
қабықтың көптеген физикалық
қасиеттерінің қалыптасуында
маңызды рөл атқарады.
Магнитосфера географиялық қабықтағы тірі организмдерді
Күннен келетін аса қауіпті радиациялық сəулелерден қорғайды.
Достарыңызбен бөлісу: