11
шығармашылығына шолу жасадық. Ал аса көрнекті əдеби тұлғалар
шығармашылықтарына жеке тараулар арнадық. Мұнда ұзақ жылдар
бойы əдебиетіміздің «ақтаңдағына» айналып, зерттелмей,
жоғары
мектепте оқытылмай келген ақын-жазушылар шығармашылығы ба-
сты назарда болды.
Оқулық ҚР МЖМБС негізге ала отырып Қазақстан Республи-
касы жоғары оқу орындарында 5В020500 (050205) «Филология»
мамандығы бойынша білім беру бағдарламасына сəйкес жазылды.
ХХ ғасырдың алғашқы кезеңіндегі қазақ əдебиеті тарихы пəнін
оқыту толыққанды қамтылды.
Оқулықтағы əр тараудың соңынан беріліп отырған сұрақтар мен
тапсырмаларды пəн оқытушысы
өз таңдауы бойынша сараптап
ұсына алады.