Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш


«Ауызша сабақ - 1» картасы бойынша технологиялық



Pdf көрінісі
бет41/131
Дата19.10.2022
өлшемі1.53 Mb.
#463005
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   131
boribekova-kazirgi

 
«Ауызша сабақ - 1» картасы бойынша технологиялық 
сабақ сапасының мониторингісі
Сапалы технологиялық нəтиже алу үшін сабақтың əр кезеңі мен 
бүкіл сабақ барысы өлшенеді. Бұл үшін сабақтың технологиялық 
кезеңі бойынша негізгі 5 көрсеткіші жасалған, ол мұғалім 
тарапынан ООМ арқылы қойылатын алу жəне қосу белгілерімен 
көрінетін белгілер. 1. Өткен тақырып бойынша қарама-қарсы сұрақ 
қою. 2. Тірек сөздерді есте сақтау бойынша жадысына. Бақылау – 
(оқушылардың бір-бірін өздері тексеруі). 3. Сөздік қоры бойынша 
сөз саны үшін. 4. Қарама-қарсы сұрақтар үшін. 5. Сыни көзқараспен 
сұрақ қойғаны үшін. 
Зейін мен есте сақтауды дамыту бойынша жұмыс ережесі. 
Оқушылар сөзді есте сақтағаннан соң, блок ашылады. Балалар 
қалып қойған сөздерді дəптерлеріне орнына келтіріп жазады. 
Тілшілер үшін бұл кезең жаңа сөздерді есте сақтау формасының бірі 
болып табылады. Мысалы: 7 сөздің үш сөзі өшіріледі. Бірақ балалар 
ол сөздермен сөйлем, сөз тіркестерін құру арқылы жаттықтыру 
жұмыстарын жүргізіп, оларды ұмытпай есте сақтауы қажет. Ары 
қарай өшірілген сөздер орнына келтіріледі, бірақ, басқа сөздер 
өшіріліп сөздермен жұмыс жасау жалғасады.
Мəтінмен жұмыс жасау. Оқушылар берілген мəтінмен тірек 
сөздерді тауып, тақырыптағы сөздің мəнін ашады. Сондай-ақ, мұғалім 
қарама-қарсы жəне сын тұрғысынан сұрақ қою барысында баланың 
көңілін əрбір ұсақ бөлшекке назар аударылатыны жайында ескертіп, 
балалар, мəтінге аса назар аударып оқулары қажеттілігі жөнінде 
мұғалім тарапынан нұсқаулық алады. Картаның негізгі мақсатын 
есте сақтау қажет, ол: оперативті ойлау қабілетін дамыта отырып
оқу материалын сапалы меңгеру жəне берілген тақырып бойынша 
сыныптың барлық күш-жігерін ақпаратты өңдеуге біріктіру.
Қарама-қарсы сұрақ қою. Жұмыс соңында мұғалім мəтіндегі 
тірек сөздермен жұмыстың нəтижесі бойынша бүкіл сыныптан сұрақ-
жауап алады. Сонымен қатар, мұғалім оқушылардың тақырыптағы 
əрбір ұсақ бөлшектерін, ең негізгілерді баса нақты табу біліктілігін 
дұрыс жолға қою мақсатында тақырып бойынша сұрақтар қояды. 
Мұғалім осы аталған карта бойынша оқыту сапасының ең негізгі 
ұстанымдарын дұрыс қолданғаны жөн: - сандық құрылуы - сынып-
пен жұмыс жасауда анықталған ақпарат көлемін нақтылы өңдеу 
білігі. – сапа құрылуы – сол жəне басқа да тақырып негізінде жатқан 
нақты ақпараттар көлемін сыныппен біргелесе отырып жұмыс жасау 
білігі. – оқытудағы синергизм – сынып оқуға ену барысында жəне 
білімді алу нəтижесінде ақпараттарды өңдейтін жүйе – үдеріскер, 
бірыңғай ағза болып құрылады. Бұл оқу кеңістігінде тұрақты сапаны 
алу үшін, оқу аймағы қорын тиімді, əсерлі бөлшектеп пайдалануға 
мүмкіндік береді. Ескерту. Оқушыларды мынадай тұрғыда белсен-
діру қажет: ұсынылып отырған білімнің барлығын бірдей бір 
оқушының меңгеруі мүмкін емес, бірақ жалпы сынып болып 
біріккен жағдайда берілген жүктемені əрбірі теңдей етіп бөліп алу 
барысында білімнің үлкен көлемін меңгеруге жəне денсаулық пен 
танымдық қуанышын сақтау мүмкіндік туады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет