272
273
енгізу; педагогикалық білім беру бойынша магистратураның білім
беру бағдарламаларының жаңа профильдерін құрастыру.
Акмеология іс-əрекетте кəсібиліктің шыңдарына жетуге ықпал
ететін, кедергі келтіретін факторлар туралы ғылым ретінде, кəсібилік
пен шығармашылықтың, креативтілік пен инновациялықтың
арақатынасы
мəселесін
қарастырады.
Болашақ
мұғалімді
педагогикалық іс-əрекетке даярлаудың маңызды мəселелерінің бірі
ретінде, шығармашылық іс-əрекетке дайындықты дамыту, білім
беру өнімдерін құру, оларды білім беру үдерісіне енгізу алынады.
«Креативтілік» жəне «инновациялық» ұғымдары тығыз
байланысты. Креативтілік шығармашылық үдерісімен, жаңа
идеяларды іздестірумен байланысты, оларды таратуға болады,
алайда инновациялықтың сипатына олар практикалық іс-əрекетте
қолданылған жағдайда ие болады.
Философия жəне əлеуметтану тұрғысында, шығармашылық
«нəтижесі жаңа материалды жəне рухани құндылықтарды құру
болып саналатын іс-əрекет» ретінде, «сапалық жаңа материалды,
рухани құндылықтарды құратын адамзат іс-əрекетінің үдерісі»
ретінде қарастырылады. Психология ғылымында шығармашылық
өзара байланысқан екі аспектіде: əлеуметтік жəне жеке мəні бар,
материалды жəне рухани, жаңа құндылықты құрудың психологиялық
үдерісі ретінде; оны осы үдеріске енгізуді қамтамасыз ететін
тұлғаның қасиеттерінің жиынтығы ретінде қарастырылады.
Ф.Н. Гоноболин шығармашылық іс-əрекетке келесі анықтама
береді: «үлкен қоғамдық құндылығы бар, еңбектің бірегей,
жаңа өнімдерін беретін іс-əрекет». Бұл іс-əрекет жаңаны іздеуді,
шабыттануды, шығармашылық қиялды, яғни бейнелер мен
ұғымдарды дербес құруды қамтиды, оларда тəжірибеде тікелей
болмаған бейне көрініс табады, алайда шынайының элементтерінен
əрдайым құрастырылған, бірақ ол болмысты білдіреді (шынайы
жəне фантастикалық)». Н.Ф. Вишнякова шығармашылық іс-əрекет
деп «адамның ішкі əлемін, креативтілігін танудың жолы ғана емес,
сонымен бірге осы ішкі əлемді түсінудің жəне көрсетудің нəтижесі»
ретінде түсіндіреді.
Сондықтан мамандарды шығармашылық іс-əрекетке даярлаудың
жетекші компоненті ретінде, оның инновациялық креативтілігін
дамыту алынады, ол субъектінің инновациялық іс-əрекетке
мотивация дəрежесімен, шығармашылық қабілеттердің даму
деңгейімен, таңдау еркіндігімен, интеллектуалды күштерді жəне
ерікті күш-қуатты жұмылдырумен сипатталады.
Білім берудің қазіргі заманғы жүйесі оқытушыларға нəтижелі
педагогикалық іс-əрекеттің заңдарын білмей, инновациялық
креативтіліксіз жүзеге асырылмайтын талаптарды ұсынды. Креатив-
ті білім беру шығармашылық арқылы оқытуды қамтиды, сондық-
тан ол шығармашылық іс-əрекетті белсендіруге, білімгерлердің
шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағдарланады. Алайда
креативті білім беру шығармашылыққа оқытуды да қамтиды,
атап айтсақ, жаңа идеяларды генерациялау əдістерін, стандартты
емес мəселелерді шешу əдістерін оқытуды қамтиды. Осылайша,
қазіргі заманғы психологиялық-акмеологиялық, педагогикалық
əдебиеттерде кəсіби шығармашылықтың мəнін анықтауға қатысты
алуан түрлі тұғырлар қарастырылды, алайда оның өзгермейтін
өлшемі ретінде, іс-əрекеттің жаңашылдығы мен нəтижелілігі
алынды.
Білім беру нəтижесі білім беру бағдарламасын орындау
нəтижесінде жүзеге асырылады. Бағдарламаның мəні, материалды,
əрекеттік құралдарды, осы құралдардың қызмет ету тəсілдерін
ұйымдастырудың
мақсаттары
мен
міндеттерін
сипаттауда
көрінеді. Сондықтан С.В. Матюшенконың пікіріне сəйкес, білім
беру нəтижесіне білім беру технологияларын, əдістемелерін,
оқулықтарды (оқу құралдарын), оқу бағдарламаларын, дəрістер
жəне іс-шаралар конспектісін, өзіндік жəне меңгерген əдістемелік
тəсілдерді жатқызуға болады.
Инновациялық үдеріс тапсырылған өнімді алу үшін, тікелей
білім беру үдерісіне идеяларды генерациялаудан оны ендіруге
дейінгі əрекеттер тізбегін жасау қажет, ал өнімді іс-əрекетке ендіру,
инновациялық іс-əрекетті шығармашылықтан айрықшалайтын
ерекше белгі болып саналады. Осылайша, білім беру нəтижесін
оқу-білім беру үдерісіне ендірумен қамтамасыз етілетін, педагогтің
шығармашылық іс-əрекетін инновациялық іс-əрекет ретінде
қарастыруға болады.
Сонымен, қойылған міндетті шығармашылықпен саналы
ұғынуды көрсететін креативтілік, инновацияның базисі болып
саналады. Инновациялық өнімді құру үшін креативті ойлауды,
стандартты емес тəсілді қолдану қажет, аталған өнімдегі жаңа
сапаны табу керек. Нəтижесінде, креативтілік белгілі əсерді алуды
|