Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет151/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   205
Акмеология

294
295
тің, қатынастар мен өзара қатынастардың көпдеңгейлілігін 
есепке алады, ал екінші жағынан, оқытушының студенттермен 
жұмысындағы құралы, яғни ішкі үдеріс болып саналады. Бұл 
технологиялар басқарылатын жəне өзіндік басқарылатын үдеріс 
болып саналады. 
Акмебағдарланған технологияларды оқытушы нəтиженің 
бейнесі ретінде, яғни студенттің нəтижеге қалай жетуін құрас-
тырады. Оқытушының аталған технологияның мəліметтерін қол-
дану нəтижесінде, студенттер білім беру ортасын кəсіби тұрғыда 
қабылдай бастайды, білім беру жүйелерін ажыратады, студенттердің 
бастапқы жəне соңғы нəтижеге жетуге ықпал ететін немесе кедергі 
келтіретін аталған жүйеде болатын үдерістерді түсіне бастайды 
(студенттердің білім беру, кəсіби жəне əлеуметтік жүйелерге енуінің 
сапалық белгілері бойынша бағаланады). 
Сондықтан мынадай тұжырым жасауға болады: технологияның 
мəліметтері студенттің үнемі ізденіс жағдайында болуын талап ете-
ді, яғни акмебағдарланған технологиялар өмірдің ізденістік салтын 
қалыптастырады, кəсіби шығармашылыққа бейімділікті дамытады, 
бұл өз кезегінде болашақ мамандардың өзіндік санасын дамыту 
негізінде үлгіге бағдарлануын ынталандырады.
Алайда, креативті білім беру үдерісінің əрбір қатысушысының 
жеткілікті алғышарттары болмайды. Көптеген студенттердің 
қоршаған болмысты жəне ойлауды қабылдаудың жағымсыз сте-
реотиптері болады. Бұл жағдайда түзетуші-дамытушы үдерістің 
акмебағдарланған технологияларын қолданған дұрыс, олар өз 
кезегінде жағымсыз бағдарларды позитивті бағдарларға өзгертуді 
ынталандырады, уақытша жоғалған əлеуетті қалпына келтіреді,
бұл əлеуетті тұлғаның резервтері мен ресурстарына айналдырады, 
шығармашылық іс-əрекеттің алғышарттарын құрады, нəтижесінде 
тұлғаның жəне студенттердің рефлексиясы мен іс-əрекетін жедел 
өзіндік дамыту жүзеге асады. 
Жоғары оқу орнында оқудың алғашқы жылында студенттердің 
жағымсыз стереотиптерінің пайда болуын дер кезінде анықтау 
жəне алдын алу үшін кəсіпке енудің сатыларын жəне олармен 
қатар жүретін дағдарыстарды білу қажет. Əрбір саты жоғары оқу 
орнындағы оқытудың жылына сəйкес келеді. 
Осылайша, кəсіпке енудің бес сатысын айқындауға болады: 
Бірінші саты – кəсіпке бейімделу. Бұл жоғары оқу орнында 
студенттерді оқытудың бірінші жылында даярлықтың бірінші 
дағдарыстық кезеңі. Ол кəсіби білімнің жаңа жағдайына бағдарлану 
шеберлігімен байланысты, яғни таңдаған кəсіпке бейімделудің 
қажеттілігімен байланысты. Студенттер педагогикалық үдерістің 
барлық қатысушыларымен өзіндік қатынастарын үйлесімді құруға 
тура келеді. 
Екінші сатыда (екінші курс) студент өз мамандығы бойынша 
пəндердің жалпы педагогикалық блогында кəсіби құзыреттілікті, 
кəсіби шеберлікті жинақтай бастайды, шығармашылық жұмыстарды 
(курстық жұмыстар) орындауға дайындығы қалыптасады. 
Сондықтан мұнда шығармашылық жұмыстардың табысты болуы 
үшін жағымсыз стереотиптерді жеңу маңызды болып саналады. 
Үшінші саты кəсіпке енудің екінші дағдарыстық кезеңімен 
сипатталады, себебі студенттер алғаш рет өзіндік шығармашылық 
(курстық) жұмыстарды меңгеру арқылы өзін-өзі анықтайды, 
аталған жұмыстың барысында олар алынған кəсіби білімдерін 
интеграциялайды. Аталған кезеңде студенттің соңғы кəсіби өзін-
өзі анықтауы жүзеге асады: аталған кəсіпте студент қалады ма 
немесе оның дара-психологиялық ерекшеліктері таңдаған кəсіпке 
қарама-қайшы келеді ме (сынды қабылдамайды, оқытушылармен 
жəне қатарластармен қарым-қатынастағы қиындық, ерік күшінің 
болмауы, негізгі жəне қосымша əдебиеттермен жұмыс істей алмау)?
Егер осы уақытқа дейін жағымсыз стереотиптер жойылмаса, онда 
осы кезеңде олардың артуы жүзеге асуы мүмкін, олар өз кезегінде 
кəсіптен кетуге əкеп соғады. Керісінше, жоғары оқу орнында жақсы 
оқу жағдайында, өзінің болашақ кəсібіне қызығушылықтың болуы 
жағдайында студент осы кəсіпте қалады, яғни ол интеграцияланған 
мамандықтар, СҒЗЖ арқылы білім беру саласында, психологиялық 
қызметте əртүрлі бағыттар бойынша əрі қарай өзін-өзі жетілдіруге 
психологиялық тұрғыда дайын болады. 
Оқытудың төртінші сатысы дамудың жолдарын диффе-
ренциациялаумен сипатталады. Аталған кезеңде студент тұлға мен 
іс-əрекеттің қалыптасқан «Мен-тұжырымдамасына» ие болып, оқу-
өндірістік практикада өзін болашақ маман ретінде жүзеге асырады. 
Бесінші саты – бітіруші курс. Мұнда кəсіби таңдау, кəсіби 
мекеме жəне іс-əрекеттің профилі нақтыланып қоймайды, сонымен 
бірге кəсіппен байланысты өмірлік өзін-өзі анықтау нақтыланады. 
Студенттер болашақ маман ретінде жетілдірілетін өндірістік 
педагогикалық практикадан өтеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет