Оқулық Алматы, 2014 Әож кбж ш түсінік хат


Тірек сигналдарын пайдалана отырып перспективалық- жеделдете оқыту



бет19/85
Дата16.03.2023
өлшемі0.55 Mb.
#470850
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   85
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар

Тірек сигналдарын пайдалана отырып перспективалық-
жеделдете оқыту

Мақсаты: білім, білік дағдыны қалыптастыру, стандартқа бағыттау. Оқушылардың барлығын табысты оқыту.
Ерекшелігі:

  1. педагогикалық ынтымақтастық;

  2. тұлғалық қарым-қатынас;

  3. оқу материалдарының мазмұнының жүйелілігі;


  1. материалдардың сабақтастығы;

  2. саралау, тапсырманың әр оқушыға жеткізілуі;

  3. білетін оқушы арқылы білмейтін оқушыны оқыту;

  4. түсінбегенді қайта түсіндіру, қателесуден қорықпау.

Әдістемелік ерекшелігі:

  • үйге тапсырма жаңа материалдар бойынша тек әркімнің өзіндік жұмыс орындау үшін тиімділігіне қарай беріледі;

  • ережелерді түсінбей жаттауға оқушыларды дағдыландырмау;

  • ата-аналардың өзара әрекет жасауы;

  • оқу жылдарының аралық байланысы;

  • мұғалімге оқушыны үйретуге, ал оқушының үйренуіне мүмкіндік берілуі.

Тәрбиелік мәні:

  • мейірімділік;

  • өзара көмек;

  • ұйымшылдық;

  • табысқа жетуге ұмтылу;

  • толық дербестілік.

Модульдік оқыту технологиясы
Модульдік оқыту - білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдісі мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
Модульдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген оның мақсаты - оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген тәсілдері арқылы жұмыс істеуге үйрету.
Бұл технологияның ерекшелігі - тұлғаның танымдық үдерісін дамытуға бағытталған.
Модульдің көптеген анықтамалары бар:

  • модуль - біліктілік мінездемесінің талаптарына жауап беріп, мамандық бойынша оқу пәндерінің жиынтығын ұсынатын мемлекеттік білім беру стандарт бірлігінің үлесі;

  • модуль - пәнаралық әдістемелік ұйымдастыру құрылымы болып, әр түрлі оқу пәндерінің тақырыптық жиынтығы ретінде бір мамандықты меңгеруді және оқу үдерісіне пәнаралық қатынасты қамтамасыз етеді;

  • модуль - бір ғана оқу пәнінің шеңберіндегі ұйымдастыру әдістемелік құрылымының бірлігі.


73


72


Модульдің құрылысы


Модуль бес бөліктен тұрады:

  1. бөлігі - тақырыппен таныстыру, негізгі түсініктердің, анықтамаларын беру және алған білімдерін бекіту.

  1. бөлігі - теория бойынша сынақ өткізу.

  2. бөлігі - сынақ-практикум өткізу (сынақ, бақылау).

  3. бөлігі - тереңдетіп білім беру және оқушылардың қабілеттерін дамыту.

  4. бөлігі - бақылау жұмысы (деңгей бойынша).

Оқу модулі үш құрамды бөліктен тұрады: кіріспе, сөйлесу және қорытынды бөлім.
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы
(Эрдниев технологиясы)
Мақсаты: математикалық білімнің оқушылардың интеллектісін дамыту мен өзін-өзі дамытудың басты шартын қамтамасыз ететін тақырыптардың неғұрлым жетілген жүйесін жасау /тақырыпты ірілеп, топтап өтеді/.
Ерекшелігі:

  1. Өзара байланысты амал операциялар, тақырыптар, бір мез- гілде беріледі.

  1. . Есеп құрастыру, шығару, практикалық жұмыстарды жүргізу бірлікте қамтамасыз етіледі.

  1. Тура есептерді кері есептермен байланыстыру.

4 . Жүйелі де тиянақты білім беру.

  1. Берілген тапсырманы баланың ойлау қабілетін дамытуға ық- палын қамтамасыз ету.

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау
технологиясы

Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балаларың да бұл жұмыста дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.


«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік береді. Атақты қытай ойшылы Конфуций «танымның үш жолы бар: ең оңайы - еліктеу, ең ащысы - тәжірибе, ең мәртебелісі - ойлау» деген екен. Демек, сол әдіс-тәсілдерді меңгертіп, ішінен қажеттісін таңдау арқылы әр сабақтың мақсат- міндеттерін тиімді де оңтайлы жолмен жүзеге асыруға мүмкіндік мол.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет