ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ-ҚАТЫНАСТЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ
ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ТАЛДАУ
Білімді ақпараттандыру саласында жүргізілген зерттеулер
і 1 і і
Б.Баймүхановтың ғылыми мекте- бінде оқыту үдерісінде компьютерлік технологияларды енгізу мәселелері қарастырылды, осының негізінде оқыту үдерісінде әртүрлі бағдарламалық қүралдарды қолданудың әдістемесі жасалған (Б.Д.Сыдықов, Р. С. Шуақбаева, Р.Б.Бекмолдаева, А.Ө.Байдыбекова және т.б.).
|
Е. Ы. Бидайбековтың ғылыми мектебінде студенттерді ақпараттық технология қүралдарын қолдануға әдістемелік түрғыдан дайындау, информатика пәнін оқыту және информатик мамандарды дайындау мәселелерімен айналысқан (Ж. Қ. Нүрбекова, Г.Ж.Ниязова, Ш. Шекербекова, А.Ибашова, Э.А.Абдукаримова және т.б.).
|
Ж.А.Қараевтың ғылыми мектебінде ақпараттық- қатынастық технологияны жалпы орта мектептің оқу үдерісінде пайдалану, орта және жоғары оқу орындарында информатиканы оқыту мәселелері қарастырылған (М.Б.Есбосынов, Ж.С.Сардарова, С.Т.Мүхамбетжан ова, Б.Т.Абықанова және т.б.).
|
Г.Қ.Нүрғалиеваның ғылыми мектебінде білім беруді ақпараттандыру жағдайында электрондық оқулықтарды дайындаудың педагогикалық негіздері мен түрлі оқыту мақсатындағы бағдарламалық қүрал- дарды жасау мәселелері қарастырылған. Білімді ақпараттандырудың педагогикалық түжырымдамасын жасады
(Д .М. Жүсіпалиева, Ш.Т.Абишева, Ш.Х.Қүрманалина және т.б.)
|
1 , 1 1 . 1
|
Орта мектептің оқыту үрдісінде математиканы оқытуда ақпараттық- қатынастық технологияларды қолдану
|
Бастауыш мектептің оқыту үрдісінде математиканы оқытуда ақпараттық-қатынастық технологияларды қолдану
|
Э.А.Абдыкаримова: компьютерлік модельдеудің негізінде мектеп фи- зикасын оқытудың әдістемесі.
|
Ж.Т. Билялова: бастауыш сынып- тарда математиканы оқытуда оқу есептерін пайдалану әдістемесі.
|
Р.Б. Бекмолдаева: жаратылыстану- математикалық бағдарлы мек- тептерде туынды тақырыбын компьютерлік технологияны қолданып оқыту әдістемесі
|
А.Ө.Байдыбекова: бастауыш сынып математикасын оқытуда компьютерді пайдалану әдістемесі
|
Р.С. Шуақбаева: жоғары сы- нып оқушыларына көпжақтарға берілген есептердің шығару үйрету әдістемесі.
|
Ж.Ы. Сардарова: білім беруді жаңарту жағдайында бастауыш мектепті ақпараттандырудың тео- риясы мен практикасы.
|
256
257
Б.Т.Абыканова: компьютерлік
технологияны пайдалану арқылы
оқушылардың танымдық
белсенділігін арттырудың
дидактикалық шарттары.
А.Б.Медешова: бастауыш сынып
оқушыларының оқу икемділігін
ақпараттық технология арқылы
дамытудың педагогикалық
шарттары.
Р С. Шуақбаева «Жоғары сынып оқушыларын көпжақтарға берілген есептерді компьютер көмегімен шығаруға үйрету әдістемесі» атты диссертациялық жұмысында, егер көпжақтарға берілген есептерді шығаруға үйрету барысында компьютердің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану әдістемесі жасалынса, онда оқушыларды есептер шығаруға үйретудің сапасы артады, өйткені бұл жағдайда оқушылардың кеңістікті елестету қабілеттері мен дағдысы қалыптасып, көпжақтар элементтерінің арасындағы байланыстарды өз дәрежесінде сапалы игеретінін анықтады.
Б. Т. Абыканова «Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың дидактикалық шарттары» атты диссертациялық жұмысында егер оқушылардың танымдық іс-әрекетіне компьютерлік технологияның педагогикалық мүмкіндіктері тиімді пайдаланылса, онда оқушылардың оқу мотивациясы мен танымдық белсенділігі артып, шығармашылықпен әрекет жасау дағдылары дамитынын, сөйтіп білім сапасының артатынын анықтаған.
Еліміздегі саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сай білім беруді ақпараттандыру бағытында мектебімізде жүргізіліп жатқан жұмыстар ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда.
XXI ғасыр - ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Бүгінгі таңда бастауыш мектеп пәндерін компьютер, интерактивті құралдардың көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп - оқыту үдерісінде туындайтын компьютерлендірудің педагогикалық-психологиялық жаңа
проблемалары әлі толық шешілмегені.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру білім беру үшін үлкен перспективалар ашады. Соңғы жылдары компьютерлік, телекоммуникациялық техника мен технологиялардың қоғам өміріндегі рөлі мен орнында түбегейлі өзгерістер болды. Ақпараттық
және телекоммуникациялық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға оқу және жазу қабілеті сияқты сапалармен бірге қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды.
Әрбір елдің технологиялық даму дәрежесіне оның экономикалық қуаты мен халқының тұрмыс деңгейі ғана емес, сол елдің әлемдік қоғамдастықта алатын орны, басқа елдермен экономикалық және саяси ықпалдасу мүмкіндіктері, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік мәселелерін шешуіне байланысты. Сонымен қатар, әлдебір елде қазіргі технологияның дамуы мен қолдануының деңгейі оның материалдық базасының дамуымен қатар емес, негізінен қоғамды парасаттандыру деңгейімен, оның жаңа білімді туындату, игеру және қолдана білу қабілетімен де анықталады.
Жедел дамып отырған ғылыми-техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық үдерісінің негізіне айналады. Ақпараттық-технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады. Тұтас дүние қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде ақпараттық- телекоммуникациялық технологиялар маңызды рөл атқарады.
Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үдерісіне қазіргі заманғы педагогикалық технологиялық әдістер оның ішінде интерактивті құралдарды кең көлемде қолдануды қажет етеді.
Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу-тәрбие үдерісін тиісті деңгейге көтеру, мектеп мұғалімдерінің, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз. Интерактивті құралдарды қолдану негізінде мектепте жаратылыстану бағытының пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үдерісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Компьютер және интерактивті құралдар арқылы жасалып
258
259
жатқан оқыту үдерісі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстармен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашу керек. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағында, оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологияларды ғана тиімді деп санауға болады.
Бастауыш сынып оқушыларының интерактивті құралдар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, қабылдау, есте сақтау жоғарғы деңгейде болады.
Интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:
Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі-түсті айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды
Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын әрі мүмкін емес.
Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады
Сабақта АСТІУоіе тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкін- дігін қолдануға болады
АСТІУ\\апй указкасының көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.
Сабақтың өнімділігі артады.
Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді.
Оқу үдерісінде, оның ішінде практикалық сабақтарда интерактивті құралдарды қолдану мұғалімнің жеке тәжірибесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Интерактивті құралдар оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Қорытындылай келе интерактивті құралдарды орынды қолдану оқыту сапасын жетілдіруге көмекте седі.
Компьютерлік технологияларды қолданып бастауыш мектеп оқушыларын математика есептерін шығаруға үйрету болғандықтан,
енді Қазақстанда бастауыш мектепте компьютерлік технологияны қолдану мәселесіне байланысты айналысқан Ж. Ы. Сардарова, А. Ө. Байдыбекова, А. Б. Медешовалардың еңбектеріне тоқталайық.
Ж. Ы. Сардарова «Білім беруді жаңарту жағдайында бастауыш мектепті ақпараттандырудың теориясы мен практикасы» тақырыбындағы докторлық диссертациясында егер білім беруді жаңарту жағдайында бастауыш мектепті ақпараттандырудың теориялық-әдіснамалық негіздері айқындалып, оны тиімді түрде жүзеге асыру жолдары анықталса және ақпараттық сауаттылық қалыптастыру тұжырымдамасы жасалып, моделі құрылса, онда бастауыш сыныптан бастап қазіргі ақпараттық құралдарды өз қажетіне еркін қолдана алатын, ақпараттық сауаттылықтары қаланған жеке тұлға тәрбиелеуге мүмкіндік артады. Ал ол өз кезегінде, бүгінгі толассыз ақпарат ғасырында өз бетімен кез келген жағдаятта ұтымды шешім қабылдап, әрекеттенетін іскер де шығармашыл болуға баулиды.
А. Ө. Байдыбекова «Бастауыш сынып математикасын оқытуда компьютерді пайдалану» атты диссертациялық жұмысының мақсаты - бастауыш мектептің математика пәндерін оқыту үдерісін жетілдірудегі дербес компьютердің мүмкіндіктерін ашу және компьютерлік құралды пайдалану арқылы төменгі сынып оқушыларының оқу іс-әрекеттерін қалыптастырып, одан әрі дамытуға арналған.
А. Б. Медешова «Бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін ақпараттық технология арқылы дамытудың педагогикалық шарттары» атты диссертациялық жұмысында егер бастауыш сынып мұғалімдері оқытудың ақпараттық технологиясын қолдану әдістемесімен қаруланып, оны нәтижеге бағдарланған білім беру үдерісіне пайдаланса, онда бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігінің дамуы жаңа сапалық деңгейге көтеріледі, өйткені ақпараттық технологияны қолдану бастауыш білім мазмұнын тиімді меңгеруге ықпал ететінін дәлелдеген.
Ақпараттандыру бағдарламасын жүзеге асырып, білім сапасын көтеруде бастауыш сатының алатын орны ерекше екендігі белгілі. Дегенмен, бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін қалыптастыру мәселесі әлі де болса жеткілікті дәрежеде ғылыми- педагогикалық тұрғыдан зерттелмегені айқындалып, біріншіден, бастауыш сатыдағы білім беру үдерісі дәстүрлі әдіс арқылы
260
261
ұйымдастырумен шектеліп қалуда, ал дәстүрлі білім беру ұсынылып отырған білім мазмұнын толық меңгеруге кепілдік бермейтінін және оған сәйкес бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігі нашар дамитынын қазіргі бастауыш мектеп тәжірибиесі көрсетіп отыр. Екіншіден, оқушылардың оқу икемділігін дамыту олардың оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылуына, ол білім мазмұнының берілуіне тәуелді. Үшіншіден, бастауыш сынып оқушыларының компьютермен жұмыс жасауға қызығушылықтары байқалады, бұған бастауыш білім мазмұнында көңіл бөлінбегендіктен икемділіктің қалыптасуы төмен деңгейде қалып отыр. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының сапалы білім алуы үшін ақпараттық технологияны қолдану әдістемесін жасау талап етіледі және мұны бүгіннің өзінде жасау қажет екендігін анықтаған.
Көптеген жаңашыл ғалымдардың зерттеулерінде бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін дамытудың жаңа бағыттарының бірі - білім мазмұнын оқушының толық меңгеруін іске асыратын оқыту технологиясын жетілдіру мәселелері айқындалады.
Ақпараттық технологияны пайдалану негізінде бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін дамытудың тиімділігі оған қажетті мазмұндық жобалау, іс-әрекеттік, технологиялық шарттарды орындағанда ғана мүмкін болатындығын көрсеткен. Бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін дамытудың құрылымдық моделі жасалған.
Бұл зерттеулер компьютерлік технологияны қолданып оқытудың көрнектілігін арттыруға, математикалық ұғымдарды қалыптастырғанда олардың дерексіздендіруден (абстрактілігінен) туындайтын қиыншылықтарды болдырмауға, оқушылардың, оқу әрекеттерін даярлау арқылы олардың белсенділігін арттыру мәселелеріне қатысты проблемаларды шешуге жағдай жасайды.
Ақпараттықтехнологиялардыпайдалану, сондай-ақкомпьютерлік технологияларды жасау мен қолдануды қажет етеді. Ол бағдарламада дәстүрлі оқытудан ерекше педагогикалық-үйретушіліктің логикасы жүзеге асырылады. Бастауыш сыныптарда математика сабағында компьютерлік оқыту бағдарламалары оқушылардың математикалық үдеріске сергек қатысуға, компьютердің көмегімен мәселенің шешуін іздеуге ұмтылысын оятады.
Демек, бастауыш сынып оқушыларында математикалық
е септерді шығаруға қажетті біліктіліктерді қалыптастыруда компьютерлік технологияны пайдаланудың маңызы зор десек қателеспейміз.
Психологтардың пікірлерінше, оқушының негізгі логикалық ойлау құрылымы, оның интеллектті 5 жастан 11 жас аралығында қалыптасады екен. Осы жаста теориялық сана мен ойлау пайда болып, тиісті қабілеттер (рефлексия, талдау, ойша жоспарлау) дамып, осы жаста балаларда оқуға деген қажеттіліктің мотиві де пайда болады.
Екінші жағынан балалардың іс-әрекетіндегі сүйікті форма - ойын екені де белгілі. ССРО-дағы психология мектебінің негізін салушы Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, Д. Б. Эльконин және басқалар ойынды жетекші деп бекер атамаған, яғни балалардың психикалық дамуын анықтаушы қызмет деп бағалаған. Ойын неғұрлым табиғи жолмен баланы әртүрлі әрекет түріне жақындастырады және осы кезде қажетті де пайдалы дағдылар мен біліктіліктерді қалыптастырады.
Тәжірибе көрсеткендей, компьютерлерді балалардың ойындық дамытушы әрекетінде 3-4 жастан бастап пайдалану мүмкін екенін және компьютер ойын элементтерінің түрін едәуір арттырып өзгертуге, олардың ойынға кіру әдісін түрлендіруге ықпал етеді.
Әрекеттің жаңа түрлерін игеру заңдылығын көрсететін өзгеріс- тер ең алдымен баланың танымдық санасында байқалады. Компью- тер психикалық үдерістің дамуының бірқалыпты емес динамикасын (қабылдау, образдық, қимылдық, логикалық ойлану) «теңестіруге» мүмкіндік береді. Екінші жағынан компьютер бала үшін танымның күрделі объектісі болып, оны меңгеру баланың іс-әрекетін ұйымдастыруға, оның құрылымдылығына, яғни интеллектуалдық құрылымның белгілі бір дәрежеде жетілуін талап етеді. Компьютер оқу құралы ретінде потенциалдық мүмкіндіктерді іске асыруға жағдай жасайды, мысалы, графикалық образдың бейформалылығы немесе оны жүзеге асырудың стереотиптік жағдайы.
Бастауыш мектептердегі оқытудың сипаттық ерекшелігі - ең алғашқы күннен бастап оқушылардың меңгеруге тиісті ақпарат көлемінің күрт өсуі болып саналады. Бұл оқушылардың көпшілігінде ақпаратты саралау мен есте сақтауда едәуір қиындықтар туғызады. Өйткені, адаптация - жағдайға бейімделу барысы мүлдем баяу, ал ақпараттарды толықтыру өте тез жүреді. Сондықтан да осы кезеңдегі
262
263
педагогиканың көкейкесті міндеті оқыту үдерісінің тиімділігін арттыру, материалды меңгеру уақытын қысқарту. Оқушылар ақпарат тасқынының салмағын қалыпты көтеруі үшін, оларды ақыл-ой әрекетінің (заңдылықты іздеу, ұқсастық бойынша ойлау, обьект пен түсінік арасындағы тәуелділікті табу, теңеу, жалпыны тауып, жекені ажырату, логикалық тұжырым құру) әдіс-тәсілдеріне баулыған жөн. Осы мәселелерді шешу үшін жаңа компьютерлік технология да табыспен қолданылып келеді.
Мектеп информатикасының негізгі міндеті 1980 жылдар соңында-ақ оның басты идеологы академик А. П. Ершовтың еңбектерінде қарастырылған болатын. Бұл еңбектерде «компьютерлік сауаттылықтың» әрбір адам үшін өте қажет және олар өз қызметтерінде компьютерді пайдалана білуі керек деп түсіндірілген болатын.
Алайда, ақпараттық технологияның қаулап өсуі мен ақпараттық қоғамның қалыптасуы, өркениетті елдердегі сияқты біздің республикамызда да ақпараттық мәдениетті қалыптастыру талабы туындады, яғни оқушылардан заманауи компьютерлік технологияларды меңгеруі ғана емес, өмірге жаңа көзқарасты, жаңаша ойлау стилін қалыптастыруды талап етіп отыр.
Бірінші сынып үшін курстың мазмұны: пернетақтамен және «Тышқан» манипуляторымен жұмыс істеуді үйрену, тура және кері санаққа, сандар құрамына және қарапайым арифметикаға, әріппен, буынмен, және сөзбен жұмыс істеуге жаттығу. Мұғалімнің оқулығынан өзге, оқушы үшін «Компьютер - сенің досың» атты бояу кітапша да бар.
Екінші сынып үшін курстың мазмұны: алғаш рет жиын ұғымымен, олардың заңдылықтарымен, жиындарды кластарға бөлу сияқты ұғымдармен танысу. Оқушылардың есте сақтау қабілетін жетілдіру үшін «Санақшы, тапқыш, есте сақтағыш» атты жаттығулар жинағы қарастырылған.
А. В. Горячев басшылығымен Мәскеу экономика-статистикалық институтының авторлық ұжымы «Информатика ойындар мен есептерде» атты курс бастауыш мектеп оқушылары үшін арналып жасалған.
Курстың негізгі міндеттері:
• ақпараттық технология саласында есеп шығару біліктілігін дамыту:
есептерді шығаруда логиканы пайдалану;
есептерді шығаруда алгоритмдік тәсілді қолдану;
есептерді шығаруда жүйелілік тәсілдерді қолдану;
есептерді шығаруда белгілі бір нәтижеге бағытталған тәсілді қолдану.
Бастауыш мектептерге арналған компьютерлік технологиялардың қарастырылған талдауынан көргеніміздей, қалыптасқан оқу мазмұнының екі жетекші компонентін бөліп қарастыруға болады. Біріншісі - оқушылардың ойлау әрекеттерінің құрылымын қалыптастыратын, адам өмірі мен қоғамдағы ақпарат- тық үдерістің маңызын ұғындыратын, ақпараттық технологияны қолдануда машықтық біліктіліктерді дамытушы ғылым ретінде информатиканы оқып-үйрену қажет. Екіншісі - мектеп пәндерін, мысалы, математикадан есептер шығаруға үйретуде, орыс тілінің сауаттылығын арттыруда және т.б. пәндерді оқытқанда оқушылар- дың оқу қызметінде компьютерлік технологияларды пайдалану қажет. Осы екі компоненттің екеуі де қоғамның қазіргі талабына және информатика бойынша білім стандартының талабына жауап береді.
Оқыту үдерісінде компьютерлік технологияны қолдануда оқу мазмұнының жетекші компоненттерін бөлу басқа да шетел мектептерінде пайдаланылуда. Францияда 1986 жылы қабылданған бастауыш мектепте білімді компьютерлендіру бойынша деректива- лық құжатта былай делінген: «Мұғалім компьютерге қандай мақсатпен баратынын анық білуі тиіс: информатика ұғымын меңгеру үшін бе немесе басқа пәндерге қатысты білімді меңгеру үшін бе?». Осыған байланысты оқушылардың меңгерген білімдерін бағалауға болады.
Жоғарыда айтылған компьютерлік әдістемелік-бағдарламалар- дан өзге, Мәскеудегі «Никита» фирмасында жасалған 3 жастан 10 жасқа дейінгі балаларға арналған дамытушы ойындар да белгілі болып отыр. Олар балаларды көркемдік деңгейінің жоғарылығымен, сюжеттік тартымдылығымен, графикалық, музыкалық қасиеттері- мен өзіне тартады. Алайда, олардың көпшілігі мектепке дейінгі балалар үшін ойындық сипатта жасалған, әдістемелік нұсқауларының жоқтығынан оларды қолдану тиімділігі төмендейді.
Компьютерлік «Әліппе сабақтары» бағдарламасы қазіргі заманғы қуатты компьютерлерге арналған. Ол балаларды оқытуға ыңғайлы, өзінің керемет кең мүмкіндіктерін жақсы көрсете біледі.
264
265
Мысалы, ғажайып түрде жасалған мультипикация элементтері, компьютерлік дизайн және музыкалық стерео сүйемелдеулері бар. «Әліппе сабағына» кәсіпқой дикторлардың дауысы жазылған, бұл балаға оны үлкендердің көмегінсіз-ақ пайдалануға қолайлы жағдай туғызады. Мұнда бағдарламаланған оқыту идеялары да жақсы қолданылады: бала бір әріпті толық меңгермей тұрып, келесі әріпке көше алмайды. Өкінішке орай, «Әліппе сабағы» негізінен компьютерді үй жағдайында пайдаланатын балалар үшін арналған және өзінің техникалық талабы бойынша оған көп мектептердің қолы жетпей отыр.
Қазіргі уақытта үй жағдайындағы компьютерлерге балаларға тартымды болуы үшін оларға қойылар талапты, яғни компьютерлік бағдарламалардың жоғары көркемдік деңгейі, мультипликациялық және музыкалық элементтермен толықтығы, әдемі ойластырылған дизайні толық қанағаттандырады. Алайда, отандық мектептердің экономикалық жағдайының төмен болуына байланысты мұндай бағдарламалар алдымен жеке секторлар үшін арналып жасалған.
Мектептегі оқу үдерісіне компьютерлік технологияны ендіру, қиындықтармен бірге, басқа да жаңа мәселелерді туғызады. Жұмысқа жоғарыда аталып өткен шектеулерден өзге, санитарлық- гигиеналық нормаларға сәйкес, тағы да талап етілетіндері:
техниканың әртиптілігі;
компьютер және шығын материалдарының жоғары құны, сонымен қатар компьютерлік әдістемелік-бағдарламамен қамтамасыз ету;
сервистік қызметтің сапасының төмендігі;
оқулықтар мен көмекші құралдардың тапшылығы;
тәжірибе алмасу жүйесінің жоқтығы;
информатика пәні мұғалімінің тұрақтамауы;
бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы ақпараттық сауаттылығының төмендігі.
Мектепті ақпараттандыруға осылай мемлекет тарапынан үлкен экономикалық қолдау көрсетіліп, оны оқыту, үйрету мәселесі бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз өндірістің жоғары психологиясын меңгерген дүиежүзілік бәсекеге төтеп беретін, өндіріс өнімдерін өндіре алатын алдыңғы қатарлы мемлекетке айналады. Ол дәрежеге жетуге қажетті білім алуына біздің жас ұрпақтың қабілетінің жететініне сенім мол.
Қорыта келгенде, бастауыш мектепте компьютерлік технологияны қолдану барысына жасалған талдау төмендегідей тұжырым жасауға мәжбүрлейді:
Қазіргі заманғы компьютерлердің техникалық мүмкіндіктері, балалардың мектепке дейінгі жастан бастап компьютерге ойын құралы ретінде үлкен қызығушылықпен қарауы, олардың сапалы оқуы мен дамуына толық мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта шетел және отандық мектептерде компьютер- лік технологияны бастауыш мектептерде пайдалану ауқымының кеңейе түсу үдерісі байқалады. Жаңа педагогикалық-бағдарламалық жүйелер жасалуда, компьютермен жұмыс істеудің санитарлық- гигиеналық нормалары анықталып, үй және қашықтан оқыту жүйесінде жаңа мүмкіндіктер ашылуда.
Оқу мазмұнының қолданбалы компонентінің рөлі артып келеді. Негізінен пәнаралық белсенді байланыстарға орныққан оны теориялық біліммен салыстырғанда информатиканы ғылым ретінде оқытуға бағытталған.
Компьютерлік технологияны бастауыш мектепте қолданудың өзіне тән ерекшелігі - сабақты ойын үлгісінде жүргізу.
Компьютерлік технологияны оқу үдерісіне пайдалануды жетілдіруде бірқатар кедергілер кездеседі, олардың негізгісі - мектептердің экономикалық базасының және мұғалімдердің ақпараттық сауаттылығының төмендігі.
Сонымен, бастауыш мектептерде компьютерлік технологияны пайдалану үдерісін одан әрі дамыту үшін аса көңіл бөліп қарайтын мәселе, осыған сәйкесті педагогикалық бағдарламалық құралдар жасалынып оқу үдерісінде қолданылса, онда бұл құралдарды оқушыларды оқыту мен дамыту ісіне тиімді пайдалануға жағдай жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |