Оқулық Алматы, 2014 Әож кбж ш түсінік хат


Өзіндік жұмыс тапсырмалары



бет62/85
Дата16.03.2023
өлшемі0.55 Mb.
#470850
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   85
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар

Өзіндік жұмыс тапсырмалары:

  1. «Дифференциация», «Дифференциациялап оқыту», «Оқыту және білім берудегі дифференциация», «Дифференциацияның тиімділігі» ұғымдарына педагогикалық сөздіктер, жаңашыл педагог- ғалымдардың берген анықтамалары бойынша сипаттама беріңіз.


226


227




  1. Дифференциалды оқыту технологиясының тарихи даму кезеңдерін саралаңыз.

  2. Дифференциациялап оқытудың мақсаттарын анықтаңыз

  3. Дифференциация түрлеріне сипаттама беріп, оны сызба түрінде кескіндеңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т Оқытудың қазіргі технология- лары. Алматы, 2005.

  2. Әбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. - Алматы, 2004.

  3. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. - Алматы, 2007.

  4. Жүнісбек Ә. Қазіргі заманғы педагогикалық технология негізі - сапалы білім. - //Қазақстан мектебі, №4, 2008.

  5. Педагогические технологии: Методические рекомендации /Сост. А. П. Чернявская. - Ярославль: изд-во ЯГПУ им. К. Д. Ушинского, 2002.

  6. Селевко Г К. Современные образовательные технологии. - М.: Народное образование, 1998.

  7. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий обучения. - М.: Педагогика, 1990 г.

  1. Ұжымдық оқыту технологиясы

(В. К. Дяченко, А. Г Ривин)
Ұжымдық өзара оқыту технологиясын (ұйымдастырылған диалог, байланыстырушы диалог, талгенизм таланттар және дарындылар, оқудың ұжымдық тәсілі, ауыстыру құралында оқушылардың жұппен жұмысы) А. Г Ривин және оның оқушылары мен ісін жалғастырушылары (В. К. Дяченко, М. Д. Брайтермен, А. С. Соколов, т.б.) жасап шығарған. Мұндай технологияда оқу материалын дайындау оқу мәтіндерін, қосымша және анықтама, сабақ тақырыбы бойынша (немесе сабақтар циклі бойынша), оқу мазмұнын меңгеру бірлігіне бөлу (авторлық нұсқада ойлау сағаттары), мақсатты тапсырма жасау, оның ішінде үй тапсырмаларын жасау жатады. Оқушылар екі кезеңді бағдарға алады:
- дайындық, қажетті жалпы оқулық біліктер мен дағдыларды


қалыптастыру және өңдеу мақсатындағы; кеңістікті бағдарлау; жолдасыңды тыңдап, оның не айтып отырғанын есту; шулы ортада жұмыс істеу; қажетті ақпаратты табу; жекеше есеп парақтарын қолдану; белгілі кейіпкерді сөзге және сөзді кейіпке айналдыру. Бұл біліктер арнайы тренингтік сабақтар кезінде іске асады;

  • таныстырушылық, жалпы элементі «ойын ережесін» меңгеру, мақсатты ұстанымды хабарлау, өңдеу мінезімен нұсқау және оқу қорытындысын есептеу тәсілі болып табылатын әртүрлі модификациялары бар.

Оқу сабағының жүрісі сабақ мазмұнының жасына, оқу материалының көлемі мен оны меңгеруге кететін уақытына қарай, таңдалған технология нұсқасына байланысты әр түрлі өтуі мүмкін. Ұжымдық өзара оқыту технологиясы келесі сатылардан тұрады:

  • әрбір оқушы өзінің іс-әрекетін анықтайды (бұл әріп, буын, сөз, сөйлем, мәтін бөлігі, суреттеме, мінездеме, буын немесе оқулық та- рауы, статья, тарихи құжаттар және т.с.с болуы мүмкін);

  • қасыңдағы оқушымен білім алмастыру рөлдік ойын «мұғалім - оқушы» ережесі бойынша. Рөлдерді ауыстыру міндетті түрде қажет. Мұғалім жаңа сабақ тақырыбының өз нұсқасын, өзінің жоспарын ұсынады, қойылған сұрақтарға жауап береді, бақылау сұрақтарын немесе тапсырмалар және т.с.с ұсынады. Бұл саты білім алмастырумен аяқталады;

  • жаңа ғана қабылданған ақпаратты өңдеу және өзара оқытуға жаңа жолдас іздеу және т.с.с.

Орындаған тапсырмалар есебі не жекеше карточкалар немесе ұйымдастырылған диалогқа қатысқандардың ата-тектері және барлық оқу элементтері көрсетілген топтық құжаттар жүргізіледі.
Ұжымдық өзара оқыту технологиясы жағдайында әрбір оқушы өзін еркін ұстайды, жекеше түрде жұмыс істейді. Онда тек қана өзінің жетістіктеріне ғана жауап бермей, сонымен қатар ұжымдық еңбек қорытындысына да жауапкершілігі жоғарылайды, тұлғалық өзін-өзі бағалау, өзіндік мүмкіншіліктері мен қабілеттері мәртебесі мен жұтаңдығын бағалау қалыптасады. Мұғалімде біреулердің алға жылжуын азайту мен кейбіреулерді алға итермелеуді іске асыру қажеттілігі жоғалады, бұл ұжым микроауданына дұрыс әсер етеді. Бір ақпаратты бірнеше ауыстырмалы жұптарымен талқылау, ассоциативті байланыстар санын көбейтеді, олай болса, неғұрлым тереңірек меңгеруге әкеледі.


228


229




Ұжымдық оқыту тәсілі дәстүрлі оқыту түрлерін қоса қамтиды, яғни ұжымдық оқытуда дәстүрлі жеке жұмыс түрі, жұппен және топтық жұмыс түрлері қолданылады. Сонымен көрсетілген өмірдегі адамдар арасындағы қарым-қатынас құрылымдары, бізге - оқу үдерісінде 4 ұйымдастыру түрін береді: жеке, жұптық, топтық және ұжымдық; оларды В. К. Дьяченко ортақ немесе құрылымдық деп атайды. Оқу үдерісі тек қана осы түрлер арқылы іске асады.
Ұжымдық түрлердің мінездемесіне тоқталмас бұрын, топтық түрдің негізгі белгілерін қарастыру керек, себебі көптеген авторлар М. Д. Виноградова, В. В. Давыдов, Г Г Кравцов, Х. И. Лиймеж бригадалық (топтық) және ұжымдық-бөліну жұмыстарын ұжымдық деп қате таниды. Топтық түрінің негізгі ерекшеліктерін былай бөлуге болады:

  1. Қарым-қатынастың топтық құрылымы;

  2. Негізгі талап: бір адамды таңдау мүмкіндігі үшін жалпыға бірдей тыныштық, яғни қарым-қатынастың әрбір сәтінде тек қана бір адам сөйлей алады;

  3. Негізгі жақсы жағы: топ мүшелерінің білуі және істеуі тиіс нәрсенің барлығы бір уақытта барлығына түсіндіріліп көрсетіледі;

  4. Әдебиетте кәсіби педагог, яғни арнаулы білімі бар мұғалім оқытады;

  5. Әрбір оқушы мұғалімнің айтқанын үндемей қабылдауға тиіс, сондықтан оқуға деген селқостығы болады;

  6. Әрбір оқушы тек өзіне және өзінің жеке басының жетістігіне қамқорлық жасайды және қамқорлық жасауы тиіс. Яғни, ол өзіне ғана өз білімі мен тәртібіне жауап береді;

  7. Оқушылардың қоғамдық пайдалы іс-әрекеттері болуы мүмкін емес, өйткені өзі үшін ғана оқиды;

  8. Оқушы педагогикалық ықпал жасаудың тұрақты объектісі, сырттай қараушы тірі жәндігі;

  9. Жолдастарымен қарым-қатынас жасауға рұқсат берілмейді;

  10. Оқушылар арасында жалпы ынтымақтастық пен жолдастық өзара көмек жоқ.

Ал, звено бригадасы арқылы оқытудың ерекшеліктеріне тоқталсақ, олардың шамалы айырмашылықтары бар, бірақ мәнін өзгертпейді. Бұл мынадай ерекшеліктер:

  • топ 3-8 адамдық тұрақты құрамынан тұрады;

  • біреуі топты оқытып-үйретеді;


- кейбір жекелеген оқушылар оқытушы ретінде бола алады (ша- малап) 20% ғана және т.б.
Осыған ұқсас ұжымдық оқыту жұмысы. Айырмашылықтары тек қана аттарында: педагогикада топтық жұмыс (звено-бригадалық) психологияда ұжымдық бөлу (кооперация түрі бойынша) дейді.
Көрсетілген аттар мұғалімдер мен әдіскерлерді шатастырады. Ұжымдық жұмыс түрі - жалғыз; топтық, тіпті жекеменшік жұптық жұмыс ұжымдық ешқашанда бола алмайды. Ұжымдық оқыту деп біз ұжым әр өзінің мүшесін және әр мүше өз жолдастарын оқытып тәрбиелегенді айтамыз. Олай болса, ұжымдық оқу түрі - үйретушілер мен үйренушілер арасындағы ауыспалы жұптағы қарым-қатынасы деп танимыз.
Ұжымдық оқыту түрінің нағыз мағынасы осындай. Сондықтан топтық және ұжымдық жұмысты шатастырмау керек. Ең алғаш оқытудың ұжымдық түрін 20-шы жылдары А. Г Ривин өз іс- тәжірибелерінде қолданған болатын. А. Г Ривин әдістемесінің тиімділігін өзінің шәкірттері, ізбасарлары жаңартып, оқырман қауымға, ұстаздарға ұсынып отырады.
А. Г Ривин сол кездерін есіне түсіріп: ол кезде мені революциялық пафос қамтыды (қаптауы) мен сөткелеп жұмыс істеуге дайын болдым. Аз ұйықтадым, шаршамадым. Менің жағдайым балаларға беріледі, олар мені түсінді. Бізді үнемі жетістіктер қуантып отырды.
Қазіргі мектептерде буынға, сөзге, сөйлемге бөліп оқытады. Ал, А. Г Ривиннің әдістемесі бойынша буынға бөліп емес, абзацпен оқытып үйретеді. Әрине, бұл өте қиын әрі күрделі тәсіл. Бұл күрделі іскерлікті қалыптастыру үшін өзгеше дәнекерлік болып табылады: оқушылар әрбір бет, параграф, тақырып бойынша оқып үйренеді.
Виталий Кузьмин Дьяченко өзінің «Оқыту үдерісін ұйымдастыру ортақ түрлері» (Красноярск, 1984) атты монографиясында абзацтық оқуды атап көрсеткен.
Соңғы жылдары пайдаланып жүрген сабақтың жаңа түрлерінің бірі - сабақтағы жұмыстың топтың түрі. Яғни, ұжымдық тәсіл. Топтық жұмыс кезінде оқушылар бірінің білмегендерін екіншісінен біледі, біріне-бірі айтады, сыныпта өзінің қабілеттерін көрсетеді. Бұл бара-бара әдетке айналса жақсы. Мұғалім даярлап келген қиындықтары бар әр түрлі сұрақтарға жауап беріп, тәжірибелерді қайталап жасап, түсінік беруге қалыптасады.
Мұғалімнің іс-әрекеті сабақта оқушылардың жұмыстарын ұйымдастырушы ретінде мақсатқа жету жолында жаңа, озық


230


231




әңгімелерді кеңінен қолданып, оқу-тәрбие ісін ұтымды етуден жеткізуге түседі, нақты жағдайларды ескеріп түрлендіріп отыруға үйретеді.
Сабақтарда оқушылармен топтық жұмыстарды ұйымдастыра және жүзеге асыра келе, белгілі мақсаттарға жете отыра бірнеше қағидалы мәселелерді шешеді. Олар мынандай қағидаларға жіктеледі:

  1. Пәндерді оқыту барысында сабақтағы топтың әр түрлі мүмкіндіктері бар екендігін ескеру қажеттілігін талдаулар көрсетеді, атап айтқанда:

  • оқу материалдарын талдауға, салыстыруға және бірін-бірі толықтыруға қатысты тапсырмалар таңдай білу;

  • жаттығулар мен есептеулер жүргізілетін тапсырмалар;

  • бірнеше варианттық жауаптарынан дұрысын дәлелдеулер арқылы ақиқатын анықтау;

  1. Бірін-бірі түсінетін, бірігіп оқу материалдарын пысықтайтын, қайталайтын жауаптарына дәлелдер келтіріп, талдау жүргізіп, сапалы еңбек ететін топты ұйымдастыру. Бұл арада оқушылармен ақылдаса, білім деңгейлерін ескеріп, жеке психологиялық ерекшеліктерін, мүмкіндіктері мен қабілеттерін ұмытпаған абзал;

  2. Оқушылардың білімдері мен қағидаларына бағалау жасауда олардың оқу, еңбек ету, талпыну-ұмтылуларын есепке алып, басқа пән мұғалімдерімен, сынып жетекшілерімен ақылдасып, еңбек нәтижелерін салыстыру арқылы тапсырмаларды жүйелі жалғастыру.

Әрбір топта үлгерімдері әр түрлі, талаптары, ынталары түрліше, ер және қыз балалардың 4 және 5-тен алынып бірге ойласа жауап беретін сұрақтар жауаптары тыңдалып, сапалы сұрыптау, талдау жасалып, түсініктеме беріліп, топтардағы табыстарына қажетті шарттарына талдау жүргізіліп, қорытынды тұжырымдар жасалады.
Үйге берілген тапсырма және жаңа сабақ материалдары негізінде дайындалған 3 сұрақтан тұратын тапсырмаларға 4 оқушыдан топтасып 6 топ 10-15 минут бойына бірлесе отыра, жазбаша жауаптарын даярлайды. Әрбір топтың жауаптарын басқа топ мүшелері оқып, бүкіл сынып болып талдап, қорытындылай келе бағалайды. Ұжымдық жұмыс барысында басты нәтиже: күнделікті оқып, қайталауға мәжбүр болып, жүйелі оқуға қалыптасады, тәрбиесі жақсарады.
Сабақтың түрлерін, құрылымын ғылыми және әдістемелік тұрғыдан түрлендіріп оқытулар нәтижелі, мақсатты болатындығын


айтқан жөн. Ұжымдық жұмыс барысында оқушылардың жазбаша және ауызша жауаптарын, олардың қызыға оқып, қайталайтындығын байқау қиын емес.
Маңыздысы жауаптары жүйелі, формула, түсініктер, мысалдар, есептеулер түсіне оқуға ұмтылғандарын білдіреді. Ұжымдық оқыту, жұмыс істеу барысында алда туындайтын қиындықтар жоқ емес, атап айтқанда бұл жұмысты әдістемелік ұйымдастыруда:

  • оқушыларды үлгерімі, тәртіптері, талаптары, ынталары бойынша бөлуде;

  • оқушыларға даярланатын сұрақ тапсырмаларды даярлауда және нәтижелерін талдап бағалауда;

  • сабақтың тақырыптарына байланысты әрбір жеке оқушыға нақты сұрақтар даярлауда күрделі және қарапайым, қиын және жеңіл, жай және ойландыратын, дәлелдеуді қажет ететін, қорытып шығаратын, жаза салатын т.б.;

  • жұмыстың әрбір кезеңдерін де уақытша ұйымдастырулар, түрлендірулер;

  • әрбір топтың жұмысына объективті және негізделген бағалау;

  • жұмыс барысында оң нәтижелерді бөліп алу және оны игеру, ұжымды болса дамыту, жетілдіру, іс жүзінде пайдалануға жету жо- лында еңбек ету.

Сабақты топтық оқытудың педагогикалық мақсаты оқушы- лардың өз бетінше, әрбір оқушының жеке өзінің оқуын жүзеге асыруда, олардың танымдық белсенділігін арттыру, әрбір жеткіншектің қайырымдылығын дамыта түсу, бірін-бірі түсінуге жеткізіп, сезімталдықтарын жетілдіріп, қол ұшын беруге әзір екендігін күшейте беру.
Сондықтан сабақтағы топтық жұмыс, ұжымдық тәсіл ең тиімді. Себебі оқушыларды тегіс сабаққа қатыстыруға көмектеседі.
Жеке бастың толығымен жан-жақты даму үшін жоғары дамыған ұжым қалыптастыру қажет. Ол үшін шындық негізінде ұйымдастырылған ұжым қажет. Бұл дегеніміз білім беруде оқыту үдерісіне қарастырылған әрбір субъект, алдымен оқушылар, әр бірін, ал әрбірі бәрін оқытып тәрбиелейді. Ұжымдық оқытудың тәсілі ұжымдық формада, яғни дәстүрлі технологиядан бөлек ұйымдастырылады.
Ұжым - бұл мүшесі екі адамнан асатын адамдардың бірігуі, егер педагог бір оқушымен жұмыс істесе, онда бұл оқыту индивидуалды


232


233




болады. Сондықтан бірігуімен өзара көмекке қарамастан оқытудың жұпталған формасы ұжымдық оқытуға жатпайды.
Негізінде жоғарыда айтылған пікір де мәселені осылай қарауды талап етеді, яғни қорытып айтсақ ұжымға берілген анықтамалардың мәнін анықтауға әрекет жасадық, өйткені барлық дидактиканың категориялары осы ұғым арқылы айқындалады. Сол мақсатпен біз осы мәселе туралы көптеген арнайы әдебиеттерді зерттеп, педагогикада көп таралған тұжырымдарға тоқталып талдау жасадық.
«Ұжымдық» оқыту дегеніміз - ұжым әр мүшесін оқытады және әрбір мүше бәрін оқытады деп түсінеміз. «Ұжым» - оқытуда әдістемелердің пайда болуы, «ұжым» - бұл мұғалім мен оқушының қарым-қатынастары болып саналады. «Ұжым» - бұл қарым-қатынас барысында болатын басқармалы таным.
Талдау қорытындысы бойынша ешбір тұжырымда оқытудың мәнін ашпайды да, тек сипаттамасын береді немесе оқытудың бір жағын ғана көрсетеді физиологиялық, психологиялық, бірақ тұтас оқыту емес. Олардың бәрін оқытудың мәнін ашудағы кезеңдер деп түсінуге болады.
Ұжымдық оқыту әдістемесін әр түрлі пайдаланады. Қарым- қатынас құрылымына сәйкес оқытудың ұйымдастыру түрлері бар. Олар:

  1. Жеке дара (жанама түрдегі қатынас);

  2. Жұптық (тұрақты жұптағы қатынас);

  3. Топтық (топтық қатынастың құрылымы). Ол қатысушылардың санына қарап екі түрге бөлінеді: жалпы сыныптық (фронтальдық) және звено-бригадалық;

  4. Ұжымдық (ауыспалы жұптағы қатынас).

Өкінішке орай, ұжымдық оқыту тәсілі сол кездегі педагогтер, әдіскерлер тарапынан қолдау таппады. Мектептер көп жылдар бойы ресми мемлекеттік қаулылар бекіткен әдістемелер мен әдіснамалық қағидалар бойынша жұмыс істеді.
Оқытудың ұжымдық тәсілінің көкейтестілігін қазіргі заманғы білім берудің қарама-қайшылықтары мен пайда болған мәселелерді шешу жолдарын ұсынады. Дәстүрлі оқыту дағдарыстары оқытудың төмендегі қарама-қайшылықтардан көрінеді.
Оқытудың ұжымдық тәсілінің ерекшелігі келесі үдерістердің сақталуына байланысты:

  • Оқушылардың жұптарының ауысып отыруы.

  • Олардың өзін-өзі оқытуы.


  • Өзара бақылау.

  • Өзара басқару.

Оқушылар ұжымында барлығы бірін-бірі және әрқайсысын оқытады. Оқытудың топтық тәсілі мен оқытудың ұжымдық тәсілінің айырмашылығы бар. Оқытудың топтық тәсілінде ұжымда тек бір адам ғана - мұғалім немесе кеңесші қатысушы рөлін атқарса, оқытудың ұжымдық тәсілінде бір мезгілде бірнеше оқушы басқаларына әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет