143
Сурет 13.8. Құймалы едендер түрлері
және құрылғылары
(қоймалар, сауда және көрме залдары, автотұрақтар, түрлі өндірістер)
(сурет 13.8). Полимер түрі бойынша құймалы едендер эпоксидті,
полиуретанды, эпоксидті-уретанды және
метилметакрилатты болып
жіктеледі.
13.3.3.
Санитарлы-техникалық, гидроқшаулаушы
және басқа бұйымдар
Пластмасса құбырларын және оның бөлшектері металды
үнемдеуге мүмкіндік береді.
Олар жеңіл, қабырғалары металл
құбырларына қарағанда тегіс, өткізу қабілеттілігі
30...40%-ға жоғары,
көптеген
жылдар бойы сақталады, ал металл құбырлар оны тез
жоғалтады. Одан басқа, ұзынөлшемді құбырларды шығару арқылы
монтаждау уақыты және байланыс
элементтеріндегі қажеттілік
қысқарады. Пластмасса құбырлары химиялық төзімді, қату кезінде
одан ағатын сұйықтық жарылмайды (икемділігіне байланысты). Олар
металл құбырларына қарағанда 8-10 есе жеңіл,
коррозияға
ұшырамайды, кезбе тоқтарға кедергісі бар, ал металл құбырлары
көбінесе кезбе тоқтармен зақымданады.