111
Алдын-ала кернелген темірбетонды бұйымдар (ТББ) жиналмалы,
жиналмалы-тұтас немесе тұтас болуы мүмкін. Алдын-ала кернелген
жиналмалы ТББ дайындау үшін ауыр, майда түйіршікті және
В15...В30 кластарынан төмен жеңіл бетондарды қолданады (түріне
және жүктелетін арматура класына тәуелді). Мұндай темірбетонда
бетон және болат тығыздығы
толығымен қолданылады, арматура
шығыны, бұйымдар массасы азаяды, жарылуға төзімділік және
құрылымның ұзақ уақыт қызмет ету мерзімі артады.
Қазіргі таңда көптеген әлемнің
дамыған елдерінде алдын-ала
кернелген темірбетоннан жабын құрылымдарының негізгі бөлігін,
бірқабатты және көпқабатты өндірістік, тұрғын-үй және қоғамдық
ғимараттар жабындыларын, құрылыстың
барлық саласына арналған
инженерлік мекемелерде қолданылатын бұйымдардың айтарлықтай
бөлігін дайындайды.
Одан өнеркәсіптік және тұрғын-үй ғимараттары, жолдар мен
аэродромға
арналған тақталар, бөгеттер, энергетикалық кешендер,
телемұнаралар және т.б тұрғызылады. Пайдаланудың кеңейтілген
саласында көпір салу қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: