73
Сурет 3.2:
а) суытқыш;
ә-б) «мәңгі қозғалтқыштардың» кейбір түрлері
а)
ә)
б)
арқылы сорылып алынады да, конденсаторға (2) айдалады. Конденса-
торда фреонның буы жұтқан энергиясын жылу қабылдағыш (3) арқылы
сыртқы ортаға шығарып, қайта сұйық күйге ауысады. Сұйық фреон
қайтадан шүмектер (4 және 5) арқылы имек түтікшеге жетіп, тез бу-
ланады да, барлық процесс тағы да қайталанады. Процесс қайталанып
отыру үшін компрессор электр қозғалтқыш арқылы жұмыс жасайды.
Сөйтіп, электр жүйесіндегі энергия есебінен жылу салқынырақ дене-
ден (мұздатқыш камерасынан) жылырақ денеге (сұйылтқышқа, одан
сыртқы ортаға) өтеді.
6. Термодинамиканың екінші заңы ішкі энергияның механикалық
энергияға түрленуіне шек қояды. Бұл өзін қоршаған ортадағы денелерді
үнемі салқындату жолымен ғана жұмыс
істейтін машиналар жасауға
болмайды дегенді білдіреді. Сөйтіп, екінші заң сыртқы ортаның энер-
гиясын жұтып, оны үнемі салқындату арқылы жұмыс жасайтын «мәңгі
қозғалтқыштар» жасау мүмкіншілігіне шек қояды.
Осылайша, термодинамиканың екі заңы да «мәңгі қозғалтқыштар»
жасау мүмкіншілігін жоққа шығарады. Бірінші заңға негізделіп жоққа
шығарылатын қозғалтқышты
бірінші текті «мәңгі» қозғалтқыш деп
атайды. Бірінші заң жоқ нәрседен энергия алып, жұмыс жасайтын ма-
шиналар шығаруға болмайтындығын көрсетеді (сурет 3.2,
ә-б).
Екінші заңға негізделіп жоққа шығарылатын қозғалтқышты
екінші
текті «мәңгі» қозғалтқыш деп атайды. Екінші заң бір денені салқындату
жолымен ғана жұмыс жасайтын машиналар шығаруға болмайтындығын
көрсетеді. Сонымен, көп жағдайда термодинамиканың екінші заңын
қысқа түрде былайша тұжырымдайды:
Достарыңызбен бөлісу: