Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»


Жазушы блок плоттер типіне қарамастан



Pdf көрінісі
бет125/179
Дата03.11.2023
өлшемі7.08 Mb.
#482272
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   179
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

Жазушы блок плоттер типіне қарамастан, плоттерлер 
мынадай бөлінеді

■ 
қауырсынды, ҚП 
(Pen Plotter);
 
■ 
бүріккіш, БП (Ink-Jet Plotter);
■ 
электростатикалық, ЭП (Electrostatic Plotter);
■ 
кескінді тікелей шығару, СТШ (Direct Imaging Plotter);
 
■ 
лазерлі, ЛП (Laser/ LED Plotter).
Қауырсынды плоттерлер 
векторлы типті электромеханикалық 
құрылғылар болып табылады жəне жазушы элементтер арқылы 
сурет құрайды, жалпы қауырсынды деп аталады. Жазушы 
элементтер бір-бірінен пайдалатанытн сұйық бояғыш типімен 
ерекшеленеді (біржолғы жəне көп реттік; шарлы, фибрлы, 
пластикті; су немесе майлы негізде; қысыммен толтырылған) жəне 
жазушы түйіннің ұстауышына бекітілген, рулонды плоттерлерде 
оның бос ауысуының бір деңгейі жəне планшеттілерде бос 
ауысудың екі деңгейі болады. 
ҚП ерекше айырмашылығы алынатын кескіндердің, оның ішінде 
түсті жазушы элементтерді пайдалану кезінде түстің жоғары сапасы 
болып табылады. 
Векторлы болып табылатын қауырсынды плоттерлерден басқа 
қалған плоттерлердің барлығы – растрлы болады, яғни кескінді 
құрудың дискретті тəсілін пайдаланады. 
Бүріккіш плоттерлер баспаның əртүрлі бүріккіш технологиясын 
пайдаланатын графикалық ақпаратты шығару құрылғысы болып 
табылады. Бүріккіш технологиялардың ішіндегі жазушы түйін 
плоттерлерінің ең таратылған түрі «көпіршікті». Бүріккіш 
проттерлердің үш түрі бар: монохромды, түсті (толықтүсті) жəне 
түсті баспа мүмкіндігі бар (color capable). 
Түсті баспа мүмкіндігі бар бүріккіш плоттерлер түсті 
сызықтармен сызбаларды орындай алады жəне тұсын бірқалыпты 
бояйды. Олар əдеттегі қауырсынды плоттерлердің бүріккіш аналогы 
болып табылады. 
Жарнама өнімін жасау кезінде қолданатын кеңформатты баспа 
үшін бүріккіш плоттерлер пайдаланады, олар 
сольвентті 
деп 
аталады. Осы плоттерлердің сиясы басқаларға қарағанда суда 
ерімейді, олар ацетонда ериді, онымен басып шығарылған кескіндің 
атмосфералық əсерге тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сольвентті 
плоттерлер жоғары жылдамдықты жəне жоғары сапалы бүріккіш 
кеңформатты баспаны ең кең тасымалдағыш спекторда: 
262 


винильді баннерлерде, торларда, өзі жабысатын пленкаларды
холстта, қағаз бен тоқыманың кейбір түрлерінде, сондай-ақ 
пластмассаның кейбір тасымалдағыш түрлерінде қамтамасыз етеді. 
Қолайлы баға, жоғары сапа жəне үлкен мүмкіндіктер бүріккіш 
плоттерлерді қауырсынды құрылғыларға байыпты бəсеке құрды. 
Алайда, осы қауырсында плоттерлер сияқты құрылғылар 
графикалық 
ақпараттардың 
үлкен 
көлемін 
шығаратын 
пайдаланушыларға жақпайды. Жоғары өнімділік үшін тікелей 
шығаратын немесе лазерлі плоттерлерді пайдалану мақсатқа сай. 
Электростатикалық 
плоттерлер 
тасымалдағыш 
үстіне 
жасырын 
электр 
кескіндерін 
(əлеуетті 
рельеф) 
құру
технологиясына негізделген, ол арнайы электростатистикалық 
қағаз, оның жұмыс беті жұқа диэлектр қабатымен жабылған, оған 
талап етілген ылғалдық пен электр өткізгіштікті беру мүмкіндігін 
алу үшін негізі гидрофильді тұзбен сіңірілген. 
Ақпаратты жазу үшін жазушы түйіндер пайдаланады, олар 
электрод блоктары. 
Әлеуетті рельеф қызыну кезінде кернеудің жоғарывольтті 
импульстарының электродын құрайтын бос оқталған диэлектр 
бетіне қону кезінде пайда болады. Қағаз магниттелген сұйық 
тонермен түйін жасау арқылы өткен кезде, оның бөліктері қағаздың 
оқталған учаскелерінде қалады. Толық түсті гаммасы CMYK 
технологиясына сəйкес жасырын кескінді құрудың төрт циклымен 
жəне төрт көрсетілген түйін арқылы тасымалдағышты өткізумен 
жасалады. 
Осы типті плоттерлердің ерекше артықшылығы – жылдамдық, 
беріктік, сапа жəне өнімділік. Оларды жобалау жұмысын 
автоматтандырудың жоғары сапасы кезінде пайдаланады. 
ЭП алынған сурет өте тұрақты жəне ультрафиолетті 
сəуелелердің əсерінен күймейді, ал электростатистикалық қағаз 
құны жоғарысапалы типография қағазының құнына сəйкес. Алайда, 
электростатистикалық плоттерлер жоғары өзіндік құнымен жəне 
оларды егжей-тегжейлі қызмет көрсетумен ерекшеленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   179




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет