1 - сабақ
Тақырыбы: Латын алфавитi. Фонетика. Дауысты дыбыстардың оқылуы. Дифтонгтар мен дауыссыз дыбыстардың оқылу ерекшелiктерi.
Сабақ мақсаты: Латын алфавитiндегi әрiптердiң атаулары мен жазылуын үйрету. Осы әрiптермен белгiленген дыбыстардың оқылуын игере алу.
Латын алфавитi
Латын алфавитiнде 25 әрiп бар. Оның 6-уы дауысты: a, e, o, i, u, y. Қалған 19-ы дауыссыздар.
Жазылуы
|
Айтылуы
|
Оқылуы
|
Жазылуы
|
Айтылуы
|
Оқылуы
|
Aa
Bb
Cc
Dd
Ee
Ff
Gg
Hh
Ii
Jj
Kk
Ll
Mm
Nn
|
а
бэ
цэ
дэ
э
эф
гэ
Гг
и
йота
ка
эль
эм
эн
|
А
Б
ц н/е к
д
э
ф
г
укр.г нем.н
и
й
к
ль
м
н
|
Oo
Pp
Qq
Rr
Ss
Tt
Uu
Vv
Xx
Yy
Zz
|
О
пэ
ку
эр
эс
тэ
у
вэ
икс
ипсилон
(игрек)
зета
|
о
п
к
р
с н/е з
т
у
в
кс
и
з
|
Дыбыстардың жiктелуi
Дауысты дыбыстар: a, e, o, i, u, y
Дауыссыз дыбыстар: b, c, d, f, g, h, j, k, l, m, n, p, q, r, s, t, v, x, z
Дауысты дыбыстар – бiр дауысты дыбыстан (монофтонг) және екi дауысты дыбыстан (дифтонг) тұратын болып екiге бөлiнедi.
Дауысты дыбыстар мен дауыссыз j (йота)-ның оқылуы /монофтонгтар
E – [э] әрпi тәрiздi оқылады: vertebra (вэртэбра) – омыртқа
I – (и) әрпi тәрiздi оқылады: inferior (инфэриор) – төменгi.
Сөзде немесе буында дауысты дыбыстардың алдында келсе, сонымен қатар 2 дауысты дыбыстың арасында келсе, i - әрпi қысқа (й) болып оқылады: iugularis (югулярис).
Бiрақ қазiргi медицина терминологиясында i - әрпiнiң орнына Jj - әрпi қолданылады: jugularis (югулярис).
J - әрпi грек тiлiнен енген сөздерде жазылмайды. Себебi ол тiлде бұл әрiп болмаған: iatria - (иатрия).
Ү – ипсилон, игрек (фр igrek - игрек) и әрпi болып оқылады: tympanum (тимпанум). Б±л әрiп тек грек сөздерiнде қолданылады.
NB (Nota bene) – көңiл бөлiңiз.
Медицина терминдерiн дұрыс жаза бiлу үшiн, өте кең тараған грек түбiрлерiн және сөз бөлiктерiн ескеру керек. Себебi бұл сөз бөлiктерiнде және түбiрлерiнде “у” әрпi жазылады.
Dys (дис) – қызметiнiң бұзылғанын бiлдiредi.
Hypo (гипо) - төмен, астында; “аз” деген мағынаны бередi.
Hyper (гипер)- үстiнде, жоғары; “көп” деген мағынаны бередi.
Syn, sym (син, сим)- “бiрге” деген мағынаны бередi.
My (мио)- сөз түбiрi; “бұлшық етке қатысты” дегендi бiлдiредi.
Дифтонгтар
Екi дауысты дыбыс бiрiгiп, бiр дыбысты немесе бiр буынды бередi. Мұндай бiрiгудi дифтонг деп айтады.
Латын тiлiнде 4 дифтонг бар: ae, oe, au, eu.
Алғашқы екеуi бiрдей дыбыстарды бередi:
Ae – [э] болып оқылады: peritonaeum [пэритонэум].
Oe – [э] болып оқылады: oedema [эдэма] – iсiк.
E
[э]
ae
o e [э]
Достарыңызбен бөлісу: |