Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева



Pdf көрінісі
бет60/84
Дата14.12.2022
өлшемі1.27 Mb.
#467255
түріУчебное пособие
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   84
qazrg adebi protsess

Ананың балаларын сүюi 
Кiм сендердi, балалар, сүйетұғын, 
Қуанышына қуанып, қайғыңа күйетұғын. 
Түн ұйқысын төрт бөлiп, кiрпiк қақпай
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын. 
Кiм сендердi, балалар, тербететiн, 
Еркелетiп, ойнатып, сергiтетiн? 
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң, 
Қамқор анаң көз жасын көлдететiн. 
Кiм сендердi сағынар шетке кетсең, 
Ғылым iздеп, тез қайтпай, көпке кетсең. 
Бетiн жуған жасымен сорлы анаңа 
Хат жазып тұр, төбесi көкке жетсiн. 
Кiм сағынар сендердi келгенiңше, 
Құлындарын көзiмен көргенiнше. 
Сендер қайтып келсеңдер адам болып 
Еш арманым болмас едi өлгенiмше.  

Ыбырай Алтынсарин 
Жасымда ғылым бар деп ескермедiм 


129 
Жасымда ғылым бар деп ескермедiм, 
Пайдасын көре тұра тексермедiм. 
Ержеткен соң түспедi уысыма, 
Қолымды мерзiмiнен кеш сермедiм. 
Бұл махрұм қалмағыма кiм жазалы, 
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едiм? 
Адамның бiр қызығы – бала деген, 
Баланы оқытуды жек көрмедiм. 
Баламды медресеге бiл деп бердiм, 
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедiм. 
Өзiм де басқа шауып, төске өрледiм, 
Қазаққа қара сөзге дес бермедiм. 
Еңбегiңдi бiлерлiк еш адам жоқ, 
Түбiнде тыныш жүргендi терiс көрмедiм. 
 
Ғылым таппай мақтанба 
Ғылым таппай мақтанба, Жамандық көрсең нәфрәтлi 
Орын таппай баптанба, Суытып көңiл тыйсаңыз.
құмарланып шаттанба, Жақсылық көрсең ғибратлi
Ойнап босқа күлуге. Оны ойға жисаңыз. 
Бес нәрседен қашық бол, Ғылым болмай немене
Бес нәрсеге асық бол, Балалықты қисаңыз? 
Адам болам десеңiз. Болмасаң да ұқсап бақ
Тiлеуiң, өмiрiң алдыңда Бiр ғалымды көрсеңiз. 
Оған қайғы жесеңiз. Ондай болмақ қайда деп
Өсек, өтiрiк, мақтаншақ, Айтпа ғылым сүйсеңiз. 
Ерiншек, бекер мал шашпақ – Сiзге ғылым кiм берер? 
Бес дұшпаның, бiлсеңiз. Жанбай жатып сөнсеңiз?
Талап, еңбек, терең ой, Дүние де – өзi, мал да – өзi, 
қанағат, рақым ойлап қой – Ғылымға көңiл бөлсеңiз. 
Бес асыл iс көнсеңiз. Бiлгендердiң сөзiне
Махаббатпен ерсеңiз… 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет