Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет61/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

түзетушілік етпейтіндердің (бұйрығына)»
2
, – деп айтқан. 
Яғни олар да Ад секілді көптеген нығметтердің иесі атанды. 
Тегіс жерлерге сарайлар соғып, таулардан үйлер қашады. Аллаһ 
тағала оларды сынап, енді Адтың басынан өткен нәрседен үлгі 
алар деп мұрсат берді. Алайда олар осының бәрінен ғибрат та, 
сабақ та алмай, Аллаһқа қарсы шығып, пұттарға табынды. Сонда 
Аллаһ тағала оларға өздерінің арасынан туыстары Салихты 
жіберді. 
Салихтың дағуаты 
Ол пайғамбарлықтан бұрын өте ақылды, дана, ғұлама кісі 
болатын әрі ең бір беделді отбасынан шыққан-ды. Халқы одан 
ақыл-кеңес алатын, оған жақын болуды қалайтын. Алайда Салих 
олардан иманға келуді, жалғыз Аллаһқа сыйынуды талап еткенде, 
олар бас тартып:
1
«Ағраф» сүресі, 74-аят. 
2
«Шұғара» сүресі, 146-152 аяттар. 


73
 
 
«Ей, Салих! Сен бұдан бұрын арамызда үміт артылған 
(кісі) едің
1
. Аталарымыздың табынғанына табынудан бізді 
тыясың ба? Расында, сенің бізді шақырған нәрсеңе күдіктіміз 
әрі күмәндіміз», – деді»
2

Бірақ Салих оларды шақыруды жалғастырды және оларға:
«Ей, елім! Аллаһқа құлшылық қылыңдар. Сендердің Одан 
басқа ешбір құдайларың жоқ. Ол сендерді жерден жаратып 
әрі онда өмір сүргізді. Ендеше, Одан кешірім тілеңдер және 
Оған тәубе қылыңдар. Күдіксіз, Раббым – Жақын, тілекті 
Қабылдаушы», – деді»
3

Сонымен қатар: «Аллаһтан қорқыңдар және маған 
бағыныңдар. 
Шектен 
шығушылардың 
бұйрығына 
бағынбаңдар – жер бетінде бұзушылық жасап, түзетушілік 
етпейтіндердің (бұйрығына)»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет