Параграф 21-22 Параграф 21. Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жетісу алатауы және Тянь-Шянь



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата21.12.2023
өлшемі182.72 Kb.
#487383
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Параграф 21-22-1



Параграф 21-22 
Параграф 21. Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жетісу алатауы және Тянь-Шянь 
АЛТАЙ 
Географиялық орны.
Жайсан ойпатынан басталып, Байкал көліне дейінгі 
аралықты алып жатқан Алтай-Саян 
таулары деп аталатын aca үлкен тау жүйесінің бір бөлігі. Қазақстанға оның 
оңтүстік- батыс 
шеті ғана кіреді. Оның 
оңтүстігі Қара Ертіс өзені мен Жайсан көлі, 
батысы 
Қалба жотасы

Сарыарқаның 
Шар өзенінің 
аңғарымен бөлінеді. 
Мұзтау
- Алтай тау жүйесінің Ресей жеріндегі ең биік шыңы 
(4506 м).
Жер бедерінің 
ерекшеліктеріне қарай Қазақстандық Алтай 
үш ауданға 
бөлінеді. Олар - 
Кенді Алтай, 
Оңтүстік Алтай және Қалба жотасы.
Оңтүстік Алтай
солтүстігінде 
Бұқтырма өзені мен оңтүстігінде Жайсан, Қара Ертіс 
аралығында жатыр. Ертіс а
ңғары оны батыс жағынан Қалба жотасынан бөліп тұрады. 
Тарбағатай (2739 м), Сарымсақты (3373 м), Күршім (2644 м) 
жоталары оңтүстік бөлікті 
құрайды. Аcy жотасы мен Сарытаудың аралығында 
1449 м 
биіктікке 
Марқакөл
қазаншұңқыры орналасқан 
Кенді Алтай 
- Оңтүстік Алтайдың солтүстік-шығыс бетінде 
Үлбі (2300 м) Иванов (2775 м), 
Үбі (2100 м)
тау жоталарынан тұрады. Басқа жотлары
: Листвияєв, Холзун, Көксу
Алтайдың 
көптеген пайдалы қазбалар ( мыс, мырыш, қалайы, қорғасын, вольфрам, күміс, алтын, т.б. 
металдар) табылған. Сондықтанда Батыс Алтайды Кенді Алтай деп атайды. 
Қалба жотасы 
Ертіс өзеннінің сол жағында жатыр. Оның ең биік нүктесі - 
Сарышоқы 
(1558м). 
Қалба жотасы батыс жағында 
Шар аңғары 
арқылы Сарыарқамен шектеседі. 
Пайдалы қазбалар. 
Алтай пайдалы қазбаларға бай өлке. Әсіресе 
Кенді Алтайда 
қорғасын мырыш, қалайы, 
вольфрам, күмістің және сынаптың 
мол қоры бар. 
Нарын мен Күршім 
жоталарында алтын 
мен сирек металл
, Қалба тауында 
қалайы мен вольфрам өндіріледі. Осы өңірден 
өндірілген қазбаларды байыту үшін 
Өскеменде, Риддерде, Зырянда 
металлургиялық 
зауыттар салынған. 
Өзендері мен көлдері, мұздықтары

Олар басын таудағы қар суынан, мұздықтардан алады. Ең үлкені 
Ертіс

Оған Кендірлік, 
Күршім, Бұқтырма, Үлбі, Үбі т.б.
өзендер құяды. Ертіс бойында 
Бұқтырма, Шүлбі, Өскемен 
электр станциялары бар. Олар бүкіл Шығыс Қазақстанға және республиканың басқа 
жерлеріне электр қуатын береді. Шағын өзендер көп. Олардың ішінде
Ақ Берел, 
Тұрғысын, Березовка, Көкпекті, Кіші Үлбі, Қалжыр, Қалғұты, Ұлан, Білезікті Қызылсу, 
Алқабек, Алқаба, Қайыңды, Бекен т.б.
өзендерді атауға болады. Олар Ертіске, Бұқтырмаға, 
Нарын мен Күршімге құяды. 
Алтайда көлге бай. 


Бұқтырма Жайсан, Тұранғыкөл, Марқакөл т.б
. көлдердің ауданы 1 км-ден асады. 
Көлдердің ең үлкені 
Жайсан, Марқакел. 
Марқакөл орналасқан. тектоникалық 
қазаншұңқырда Қазақстандық Алтайдың тауларында 
328 мұздық бар
. Мұздықтар 
негізінен 2600 м-ден жоғары тау биіктіктерінде жатады. Олар 
Қатын, Холзун, Иванов, 
Оңтүстік Алтай, Сарымсақты 
тау жоталарында көбірек сақталады. 
Шығыс Қазақстанның әдемі табиғаты мен сирек кездесетін аңдарын, өсімдіктерін қорғау 
мақсатында 
1976 жылы 
Марқакөл қорығы 
ұйымдастырылған. Қорықта Алтайдың тау 
алды даласы, бал қарағайы, шыршалы ормандары, әсем табиғаты қорғауға алынған. 
Рахман қайнары 
Оңтүстік Алтайдың кішкене тектоникалық ойпатында Арасан курорты 
жағасында теңіз деңгейінен 1750 м биіктікте орналасқан. 
САУЫР-ТАРБАҒАТАЙ 
Географиялық орны. 
Жайсан ойпатының
оңтүстік шекарасы Сауыр мен Тарбағатай тау жүйесіне тіреледі
. Бұл 
жермен Қытай Қазақстан шекарасы өтеді. Сауыр сияқты Тарбағатайдың да Қазақстанға 
батыс бөлігі
ғана кіреді. Таудың жалпы ұзындығы 300 км, ені 30-50 км. Батысында ол 
Шыңғыстаумен жалғасады. 
Тарбағатай
онша биік емес. Оның орташа биіктігі теңіз бетінен 2000- 2100 м ғана. Ең биік 
нүктесі - 
Тастау
(2992 м). 
Онда мұздықтар жоқ. 
Сауыр жотасы
- аталған тау жүйесінің биік бөлігі. Оның ең биік нүктесі - 
Мұзтау 
(3816 м). 
Мұндағы мәңгі қар жататын белдеу 3300 м биіктікте. 
Сауыр-Тарбағатай 
қатпарланған таулы өлке. Оның негізгі құрылымы жоғарғы палеозойда 
герцин катпарлануы 
кезінде қалыптасқан. Бұл жерде жер сілкіну әлі де болып тұрады. 
1990 жылы Зайсандағы жер сілкіну шаруашылыққа бірсыпыра зиян әкелді. Сауыр тауында 
Кендірлік көмір кені 
ашылып жанғыш тақтатастың мол коры табылған. Мұнай 
қабаттарына барлау жасалды. 
Таудан бастау алатын өзендер көп.
Жарма, Қайындысу, Көкпекті
сияқты өзендер кезінде 
Жайсан көліне құяды. Сол сияқты 
Қарабұлақ, Жетіарал, Қарабұға, Базар 
өзендері тау 
арасында ғана ағып, қырға шыққан соң тартылып қалады. Т арбағатайдың оңтүстік 
беткейінде ағатын 
Үржар, Қатынсу, Емел 
өзендері Алакөлге құяды. 
Аягөз өзені 
Балқаш 
көліне жетеді. 
ЖЕТІСУ АЛАТАУЫ 
Географиялық орны. 
Жетісу Алатауы - Жетісу тау жүйесінің 
солтүстік және солтүстік- батыс жалғасы
. Ол 
солтүстік шығысында 
Алакөл қазаншұңқыры 
мен оңтүстік батысында 
Іле өзені аңғары
аралығында созыла орналасқан. Ұзындығы 450 км, ені 100-250 км. Жетісу Алатауын 
батыста 
Көксу
, шығыста 
Боротола
өзендері бөліп жатады. Осы екі бөлік 
Солтүстік және 
Оңтүстік Жетісу Алатауы 
болып, екі үлкен тау жотасын құрайды. 
Жетісу Алатауының қазақстандық бөлігі осы қақпаның батысынан басталады да, батысқа 
қарай Боротола өзеніне дейін 
Қытай - Қазақстан 
шекарасы бойымен созылады. 


Көксу өзенінің екі жағын алып жатқан Жетісу Алатауының 
солтүстік, оңтүстік 
жоталарының 
да өзара ерекшеліктері бар. 
Солтүстік жотаның 
ең биік нүктесі 
Бесбақан
(4622 м), 
оңтүстікк жотаның
ең биік нүктесі 
Мұзтау
(4370 м).
Жетісу қақпасынан 
Ебі желі 
соғады.
Ебі желі жылы 
жел, жылдамдығы 
60-80 м/сек
. Көбіне 
1- 2, кейде 3-7 тәлік 
бойы соғады. Осы қақпа бойымен Сайқан тауы жағынан сәуір, 
қыркүйек айларында 
Сайқан суық 
желі соғады.
Жетісу Алатауында су қоры мол. Оның өзендері сол аймақтағы көлдерге құяды. 
Солтүстіктегі 
Ырғайты өзені 
Жалаңашкөлге, 
Жаманты өзені 
Алакөлге, Тентек өзені 
Сасықкөлге құяды. Жетісу Алатауының Солтүстік және Оңтүстік жоталарының арасынан 
Қаратал өзені 
ағып шығады. Мұздықтардың көбі Солтүстік жотада орналасқан. Онда 
жалпы ауданы 
996 км 2-ге жететін 700 мұздық 
бар. 
ТЯНЬ-ШАНЬ 
Географиялық орны. 
Тянь-Шань таулы өлкесі Қазақстанның 
оңтүстігімен оңтүстік-шығысын алып 
жатыр. 
Республика жеріне 
Орталық Тянь-Шань мен Батыс Тянь-Шаньның бір бөлігі, Солтүстік 
Тянь-Шань
түгел дердік кіреді. Таудың шығыс бөлігі Қытай жерінде. Тянь- Шань сөзі қытай 
тілінде 
«Тәңір шыңы, Аспан тау» 
деген мағынаны білдіреді. 
Жер бедері мен геологиялық құрылымы, пайдалы қазбалары. 
Тянь-Шаньның ең биік нүктесі 
Хантәңірі шыңы
. Орталық Тянь-Шанның үлкен жотасы 
Теріскей Алатаудың 
оңтүстігінде орналасқан. 
Іле Алатауы 
- Тянь-Шаньның солтүстігіндегі ең биік тау жотасы. Ол шығыстан батысқа 
қарай 350 км-ге созылады. Ең биік нүктесі 
Талғар шыңы 
(4973 м). 
Осы жерден бастап Іле 
Алатауы шығысқа қарай аласара береді. Палеозойда 
каледон мен герцин 
қатпарлануына 
ұшырап, кейін 
альпі тау 
түзілу кезінде қайта көтерілгендіктен таудың құрылымы 
қатпарлы- жақпарлы болып келеді. 
Шу-Іле таулары
Іле Алатауынан солтүстік 
батысқа қарай орналасқан
. Шу және Балқаш 
ойыстарын ажыратады. Ол Кіндіктас тауынан басталады. Биік нүктесі 
1506 м
. Солтүстік 
батысқа қарай орналасқан 
Хантау (1052м), Жамбыл (972м)
Қырғыз Алатауы 
Күнгей жән Іле Алатауларының 
батысында жатыр. Ол бұл таулардан Шу өзені ағып өтетін 
Буам шатқалы арқылы бөлінеді. Қазақстанға жотаның батыс бөлігінің солүстік беткейлері 
ғана кіреді. Ең биік нүктесі 
- П.П.Семенов 
шыңы 
(4566 м).
Батыс Тянь-Шань 
Қазақстан жерінде 
Талас Алатауынан 
басталып, одан оңтүстік-батысқа қарай созылып 
жатқан жоталарға ұласады. Аса ірісі 
Өгем, Піскем және Қаратау.
Батыс Тянь-Шаньның батыстағы жалғасы 
Қаратау жотасы
.


Ол Талас Алатауының батыс жағынан басталып, 
Боралдай, Сайрам жоталары 
орқылы 
Ташкент маңы Алатауымен шектеседі. Солтүстік батысқа қарай созылып жатқан таудың 
ұзындығы 400 км, орташа биіктіәгі 1800 м. Ең биік нүктесі 
Мыңжылқы тауы

2176 м. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет