1
Қазақстан Республикасының білім және ғылым
министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Дене мәдениеті және спорт факультеті
Бастапқы әскери дайындық және жеке
сайыс кафедрасы
Омаров Онгарсын Салсерович-п.ғ.м., аға оқытушы
Кайырбеков Ерболат Дидарович-п.ғ.м., аға оқытушы
Дәрістер курсы
БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚТА ҒЫЛЫМИ
ЗЕРТТЕУ – ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ ПӘНІ БОЙЫНША
(8 дәріс)
Қарағанды 2021
Дәрістер кешені
№1 тақырып
. Ғылыми зерттеудің мәні.
Жоспары:
1. Ғылым туралы жалпы түсінік.
2. Ғылыми білімнің ұйымдастырылу формалары.
1.
Ғылым туралы жалпы түнік.
Ғылым - қоғамның және табиғаттың объективті заңдарын
алуға
және оларды теориялық қорытуға; ашылған заңдар
негізінде қоршаған шындықтағы құбылыстар мен процестерді
сипаттауға, түсіндіруге
және алдын-ала болжауға; әлемнің
ғылыми бейнесін қалыптастыратын жаңа білімдер алуға
бағытталған адамзат іс-әрекет сферасы. Ғылым туралы айтқанда
оның кемінде үш аспектісін көруге
болады және әр жағдайда
олардың нақты ерекшеліктері байқалады:
Ғылым - әлеуметтік институт (ғалымдар қауымдастығы,
ғылыми мекемелер және оларға қызмет етуші құрылымдар
жиынтығы);
ғылым нәтиже ретінде (ғылыми білімдер);
ғылым процесс ретінде (ғылыми іс-әрекет).
Ғылым нәтиже ретінде
білімдер жиынтығы ретінде
қарастырылады. Олардың күнделікті тұрмыстық білімдерден
айырмашылығы олардың ақиқаттығында. (Мысалы, қарбыз).
Ғылыми
білімдер
-
шындықтың
адам
санасында
бейнеленуінің ерекше формасы ретінде философия, өнер және дін
сияяқты үш ерекше формада да көрінеді
(ғылым – түсініктер,
өнер – образдар; ғылым – білімдер, дін – сенім (вера); ғылым –
білімдер, философия әлемге деген жалпы көзқарастар).
Ғылымның нәтиже ретіндегі қасиеттері:
Ғылыми білімдер дамуының
кумулятивтік сипаты. Жаңа
ғылыми білімдер бұрынғы білімдерді
жоққа шығармай олармен
интеграцияланады, толықтырылады.
Ғылымның
даралануы және
интеграциясы. Ғылыми
білімдердің жиналуы ғылымның даралануына,
бөлінуіне әкеледі
(биофизика).Сонымен қатар ғылымды интеграциялық процестер
де жүріп жатыр, яғни бірнеше фактілерді,
құбылыстарды