Гүлтас сайынқызы



Pdf көрінісі
бет1/47
Дата18.11.2022
өлшемі0.73 Mb.
#465205
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Әке рухымен диалог. 19.02.13.



ГҮЛТАС САЙЫНҚЫЗЫ 
 
 
 
 
 
 
Ей, Өмір, әкем кетіп қалды ғой...
 
Сездің бе? 
Астана 



 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



Әкем Сайын Рахымбайұлы марқұмның 

рухына арнаймын. 
– 
Ей, Өмір, сенен әкем кетіп қалды ғой. Сездің бе? 
– 
Қайда кетті? 
– 
Сенен кеткендер қайда барушы еді? 
– 
Әр жаққа...
– 
Түсінбедім. 
– 
Біреулері жарыққа, нұрға кетеді, енді біреулері тас қараңғыға кетеді. 
– 
А, солай ма? 
– 
Сенің әкең ... 
– 
Иә, менің әкем қайда кетті екен? 
– 
Оны білу оңай. 
– 
Қалайша? 
– 
Әкең жомарт па еді? 
– 
Иә, адамдарға жаны ашығыш болатын, қолы ашық болатын. 
– 
Әкеңді анаң сыйлаушы ма еді? Әкең кеткелі анаң қандай күйде? 
– 
Олар тіршілігінде бір-біріне дауыс көтермеген. Анам әкем кеткелі әр 
бейсенбі сайын шелпек пісіріп, Құран оқытып, әкемнің сыбағасын таратып 
отыр. 
– 
Әкеңнің қазасына шын жылағандар болды ма? Немерелері жылады ма? 
– 
Иә, шын жылағандар көп болды. Немерелері де қимай қатты жылады. 
– 
Сен неге жылап отырсың?
– 
Әкемді сағынып отырмын. 
– 
Әкең Көктен қарап тұр ғой ... Жылама. 
– 
Әке ... әке... әкетайым! 
 
Иә, әр адам өз әкесін өзінше есіне алады. Мен де солай. Әкемді есіме 
аламын. Ол Алатаудай биік, салтанатты болатын. Ол иіліп кеткен жоқ, жүзі 
нұрланып, еш қиналмай, көзін ғана жұма салды. Оның түр келбеті мен ішкі 
жан дүниесінің үндескендігін оның даусынан, адамдармен емен-жарқын 
араласқанынан көруге болатын еді. Ол тап-таза болып жүретін, жүрген жерін 
де таза ұстайтын, сондықтан да таза жандармен ғана дос болатын. Оның 
ежелден әдеті – үйдегі ыдыстарға таза суды толтырып қоятын, әрқашан да 
үйде болса шайы қайнап тұратын еді. Әкем менің қауырсындай жеңіл 
болатын (әрине салмағын айтып тұрған жоқпын), ешкімге қабағымен де, 
мінезімен де, келіп-кетісімен де салмақ салмайтын. Ол соншама жомарт еді, 
алғанды емес, бергенді ұнататын. Ол ешкімге көп ақыл да айтпайтын ... Ол 
қуана да білетін, қайғыра да білетін. Әкем жақсы ойды ойлап, жақсы 
сөйлейтін. Ол айтатын: «кішкентай сәбидің қолынан ұстап, дем беру керек 
өзі жүріп кеткенше ... Ел де солай ... Біз тәуелсіздікті енді ғана алған 
бүлдіршінбіз, сондықтан үлкен Аға елдер біраз көмектесіп жатқаны дұрыс 
деп ойлаймын. Үлкен кісінің саясаты дұрыс, ал кейін қанатымыз бекіп, 



аяғымыздан тұрып алған соң, өз бетімізше самғап ұшып кетеміз» дейтін. Иә, 
өзінің қарапайым сөздерімен үлкен ойды айтатын. Бірақ үлкен ой айтып 
тұрмын деп ойламайтын. Себебі ол қарапайым еді...
Жан әке... Әзірше, жеті ай ...
Жердің үстінен сені іздеп жүргеніме жеті ай. Сағынып жүргеніме жеті ай ... 
Одан кейін қанша күн, қанша ай, қанша жыл? Оны қазір өзім де білмеймін. 
Бір білетінім барлық уақытта, яғни өзім жарық дүниені көріп тұратын 
барлық күнде мен сені сағынамын.
Әке, асқар тауым! Сенен мұра боп дүние қалған жоқ, сенен мұра болып 
тазалық, таза жүректілік, мейірім қалды. Әке, өзіңді білетін бала да, танитын 
үлкен кісілер де сені жақсы көреді екен. Ал ұрпақтарың сені ерекше жақсы 
көреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет