Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы



Pdf көрінісі
бет1/13
Дата13.03.2024
өлшемі1.28 Mb.
#495224
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
хикм адамдық пен мұрать



134
№ 1(142)/2023
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы. 
Филология
 сериясы 
ISSN: 2616-678Х, eISSN: 2663-1288
Кіріспе
Қоғамның басты байлығы Һәм мемлекет-
тің негізгі факторы – Адам мен оның өмірі, 
еңбек мұраттары қай кезең, уақытта да маңы-
зды болғаны анық. Әсіресе, Әділетті мемлекет 
құру бағытындағы батыл бастама, маңызды 
қадам жасар тұста – Адам факторы, оның 
Р.С. Тұрысбек
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан
*Байланыс үшін автор: rst58@mail.ru
ХҒТАР 17.07.29
Қожа Ахмет Ясауи хикметтеріндегі 
адамдық мұрат пен имандылық негіздері*
Аңдатпа. Мақалада түркі жұртының рухани атасына айналған Қожа Ахмет Ясауидің 
өміртарихы мен асыл мұрасы – «Диуани Хикмет» («Даналық сөздер» - «Хикметтер») 
кітабының табиғаты мен тағылымы, ондағы Алланың ақиқат жолы, адамдық мұрат 
пен адамгершілік қағидаттары, қоғам мен заман шындығы, дүние дидары, дін-діл мәні, 
ар-иман иірімі, ақыл-парасат өлшемі, исламдық тәрбие, софылық идея, ел-жер қадірі, 
дәстүр мен дүниетаным арналары, жауапкершілік жүгі, жастық-достық сипаты, 
кісілік пен кішілік, сыйластық сырлары, тәлімдік сипаттар кең түрде сөз етіледі.
Қ.А. Ясауидің данышпандық дидары, ғұламалық ғибраты, кемеңгерлік келбеті – 
«Хикметтер» кітабындағы Отан мен отбасы құндылықтарымен байланыстырылып, 
Жаратушыны тану мен құрмет тұту, Аллаға сиынып, оның қасиет-құдіретін білу, 
адамшылық жолға адалдық таныту ісі төңірегінде жан-жақты қозғалады. Қ.А.Ясауи 
әлемінен анық аңғарылатыны, адамдық мұрат пен игілікті істі ардақтайды. Адамгер-
шілік, әділеттілік, жасампаздық, жауапкершілік, мейірімділік, ізгілік, сыйластық сыры-
на еркін еніп, қоғамдық-әлеуметтік мәні, тарихи-мәдени арналары мен көркемдік-ру-
хани сипаты кең түрде ашылады. Аллаға сыйынып, оның қасиеті мен құдіретіне мән 
береді. Ислам әлемі мен адами мұраттарға ден қойылады.
Қ.А. Ясауи «Хикметтер» арқылы жалпыадамдық мәселелерді қозғап, Ислам жолын 
уағыздап, Алла ісіне адалдық танытады. Ақиқат пен Тарихат жолын, софылық идея 
мен шариғат шарттарын қатаң сақтайды. Елдік мүдде, ұлттық мұрат, руханият 
мәні мен тұғыры, сабақтастығы сақталады.
Түйін сөздер. Адам факторы, ұлт, ислам, дін, иман, дәстүр, дүниетаным, руханият, 
хикмет, софылық идея.
*Мақала «AP14870245 – Ахмет Ясауидың «Диуани хикметіндегі» тілдік-мәдени код-
тар» атты гранттық жоба негізінде жазылды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет