Есназар Асель Жаңабергенқызының
«6D010200-Бастауышта
оқыту педагогикасы мен әдістемесі»
мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін
«Пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен
сөйлеу дағдыларын қалыптастыру» тақырыбындағы диссертациясына
АҢДАТПА
Зерттеу тақырыбы: Пәнаралық байланыста бастауыш сынып
оқушыларының ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Зерттеу
мақсаты:
пәнаралық
байланыста
бастауыш
сынып
оқушыларының ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыруды теориялық-
әдіснамалық тұрғыда негіздеу
және оның әдістемесін жасап, тәжірибеден
өткізу.
Зерттеу міндеттері:
- бастауыш білім беру жүйесінде пәнаралық байланыста бастауыш
сынып оқушыларының ойлау мен сөйлеу
дағдыларын қалыптастырудың
теориялық-әдіснамалық негіздерін анықтау;
- пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен
сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік жүйесін жасау;
- пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен
сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық
моделін
дайындау;
- пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен
сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік кешенін жасап, оның
тиімділігін тәжірибелік-экспериментте сынақтан өткізіп, ұсыныстар беру.
Зерттеу әдістері: теориялық: зерттеу мәселесі бойынша философиялық,
психологиялық, педагогикалық және ғылыми-әдістемелік
әдебиеттерді
талдау, контент-талдау, жинақтау,
құрылымдау, нақтылау, салыстыру,
ғылыми
мәліметтерді талдау, жалпылау және интерпретациялау, моделдеу
әдістері;
эмпирикалық: педагогикалық бақылау; сауалнама жүргізу, сұрау,
тестілеу; эксперимент нәтижелерін математикалық талдау; эксперименттік
мәліметтерді жүйелеу және түсіндіру.