Радио және оның шығу тарихы



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата30.09.2024
өлшемі279.58 Kb.
#504156
  1   2   3   4   5   6   7
реферат



Мазмұны
Кіріспе
3
1
Радио және оның шығу тарихы
4
1.1 Радиобайланысты ұйымдастырудың негізгі әдістері
6
1.2 Антенна. Антенна фидерлі құрылғы
7
1.3 Радиотаратқыш құрылғы
12
2
Телевидение және оның шығу тарихы
14
2.1 Теледидар классификациясы
15
2.2 Телевизиондық таратудың стандарттары
15
3
Сигнал
17
Қорытынды
19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
20


Кіріспе
Кез келген адам үшін әлеуметтік мәні бар ақпаратты ұдайы естіп отыру
қазіргі өмірдің қажеттілігіне айналған, сол арқылы қоғамдық процестерге де
араласады. Сондықтан радиостанциялар жаңалықтар топтамасына баса назар
аударады, олар хабар тарату кестесінде тұрақты уақытқа ие болып, жүйелі
тарап отырады. Бірақ, ішкі ақпарат әр түрлі орналасуы мүмкін. Мысалы, бір
топтамада шетел, екіншісінде ел жаңалықтарына назар аударылса,
таңертеңгісін ауа райына, жұлдыз жорамалға, ақша бағамдарына ықылас
ауады, мәдениет, спорт жаңалықтары да тұрақты сұранысқа ие болады.
Соңғы уақытта жетекші радиостанциялар тәжірибесінде оқиғалар ортасынан
тікелей репортаж жүргізу кең қолданыс табуда. Қазақстанда бұл тәжірибені
жандандыратын уақыт келді. Қазір радиоарналар қаржылық жағынан
аяғынан тұрды, енді шығармашылық өсудің жолдарының бірі ретінде тікелей
репортаждарды жиірек қолдануға болады. Одан радиостанция да, тыңдарман
да ұтады. Радиоақпараттың жеделдігі артады, имиджі жақсарады, тыңдарман
еш боямасыз оқиға ортасынан берілген хабарға құлақ түріп, қиялымен
жаһанды кезеді.
Халықтың ақпаратты еркін алуы, оның мазмұнының әр түрлі көзқарас
тұрғысынан бағалануы, әр түрлі көздердің қамтылуы қоғамның
дамығандығынан, өркениеттілік дәрежесінен хабардар етеді. Әсіресе,
төтенше оқиғалар жағдайында, саяси науқандар кезінде дәл және сенімді
ақпарат берудің маңызы артып отыр. Адамдар табиғатынан күмәншіл, бір
ақпаратты бірнеше көзден естіген соң ғана барып, сенім ұялайды. Мысалы,
жапондықтар жиі болып тұратын жер сілкіністері жағдайында ең алдымен
NНК (Ен-ейч-кей) телерадиокорпорациясының хабарларына назар аударып,
соған байланысты өз іс-әрекеттерін жоспарлап отыратын көрінеді.
Жапондықтарда бұқаралық ақпарат құралдарына деген сенім мықты.
Қазақстан жағдайында оны айтуға ертерек. Мысалы, Алматы қаласы жер
сілкіну мүмкіндігі жоғары аймақта орналасқан және осыған байланысты
түрлі қауесеттер жиі естіліп қалады. Жергілікті БАҚ көп жағдайда кешігіп,
ақпаратты кеш түсіндіреді, көбіне материалдық жағдайы мәз емес болжау
мекемелерімен сұхбат ұйымдастырады. Ал, тұрғындар оған аса сене
қоймайды. Мәселенің екінші қыры, балама ақпарат көздері көп жағдайда
назардан тыс қалады.
3




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет