Павлодар облысы индустриялық-инновациялық даму басқармасының 2013-2017 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын іске асыру туралы жедел есеп


-мақсат. Өңірлік инновациялық жүйені дамыту. Инвестициялық ахуалды жақсарту



бет5/5
Дата03.07.2016
өлшемі0.89 Mb.
#174213
1   2   3   4   5

2-мақсат. Өңірлік инновациялық жүйені дамыту. Инвестициялық ахуалды жақсарту.

Өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру.

Инвестицияны, соның ішінде шетелдік инвестиция тарту мақсатында Форумдар мен көрмелер өткізілді:

2013 жылғы қазанда Павлодар қаласында «Инновация-болашақ энергиясы» халықаралық инновациялық форумы өтті. Форум жұмысына 300 адам қатысты.

Форум шеңберінде: пленарлық отырыс, инновациялық жобалар көрмесі, панельдік секция, облыс кәсіпорындарын аралау ұйымдастырылды.

Инновациялық жобалар көрмесіне кәсіпорындардың, облыстың жоғары оқу орындарының және Қазақстанның басқа облыстарының 76 инновациялық жобасы және әзірлемелері, сондай-ақ ресейлік өңірлердің жобалары қатысты.

2013 жылғы желтоқсанда Павлодар қаласында «Жергілікті үлестің өсуі – бизнесті дамытудың негізі» жергілікті үлесті дамыту мәселелері жөніндегі өңіраралық форум өтті.

Форум жұмысына Алматы, Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері, даму институттары, Павлодар облысының 15 жүйе құраушы кәсіпорны және «Самұрық-Қазына» құрамына енетін 7 ұлттық компания қатысты.

Форум шеңберінде облыстардың тауар өндірушілерінің көрмесі өтті, оған 35 кәсіпорын қатысты, соның ішінде Қарағанды облысынан 8 кәсіпорын, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарынан 1 кәсіпорыннан қатысты.

2013 жылғы мамырда облыс кәсіпорындары «MinTech-2013» тау-кен өндіру, металлургия және көмір өнеркәсібінің құрал-жабдықтары мен технологиялары, «KazInterPower-2013» энергетика және электр-техникасы халықаралық көрмесіне қатысты.

Павлодарға «Павлодар» арнайы экономикалық аймағын дамыту шеңберінде ынтымақтастық мәселелері бойынша Жапония делегациясы келді.

АЭА құру инвесторларға неғұрлым тартымды жағдайлар жасауға, үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасымен қарастырылған АЭА қызметінің басымдықты түрлерінде жоғары технологиялық инновациялық жобаларды іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ҚР даму институттарымен, басқа елдердегі Қазақстан Республикасының Елшіліктерімен бірлесіп «Павлодар» АЭА аумағына инвестиция және жаңа технологиялар тарту жұмысы жүргізілуде.

С.А.С «Chemieanlagenbau Chemnitz GmbH» компаниясымен АЭА қатысушыларына жаңа өндірістерді осы заманғы құралдармен технологиялық жарақтандыруда консультациялық қызметтерді көрсету саласында ынтымақтастық мәселесі бойынша келісім жасалды, ал фирманың өкілі В.Шпейзер «Павлодар» АЭА» басқарушы компаниясы» АҚ-тың Директорлар кеңесінің құрамына енгізілді.

Болгарияның «Алкомет» компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандум жасалды - алюминий өңдеу.

ICB Deutschland (International Chemistry Business (ICB) – Халықаралық химия бизнесі) компаниясымен келіссөздер жүргізілді. Компанияның москвалық офисінде 2013 жылғы қаңтарда өткен келіссөздер шеңберінде Павлодар АЭА Басқарушы компаниясымен және немістік компания арасында әлеуетті ынтымақтастық бойынша мәселелердің кең жиегі талқыланды.

Германиядағы ҚР Елшілігінің қолдауымен Басқарушы компания ICB Deutschland (International Chemistry Business) профильді консалтингтік компаниясымен, сондай-ақ Халықаралық Ынтымақтастық жөніндегі Германиялық Қоғаммен (GIZ) келіссөздер жүргізуде.

2013 жылғы қазанда «Павлодар» АЭА-тағы ағымдағы жағдаймен танысу мақсатында Павлодар облысына «Jurong International» компаниясы өкілдерінің сапары болды.

Делегация өкілдерінің «Павлодар» АЭА басқарушы компаниясымен кездесуі өтті, оның барысында АЭА дамытудың ағымдағы мәселелері және алдағы перспективасы талқыланды. «Павлодар» АЭА қатысушыларымен кездесу және АЭА аумағына шығу ұйымдастырылды, «Каустик» АҚ-тың жұмыс істеп тұрған кәсіпорнын және басқа да бірінші кезекті жобаларды аралады («УПНК-ПВ» ЖШС, «Белизна-ПВ» ЖШС, «Промбаза-Ресурс» ЖШС, «Химсбыт-ПВ» ЖШС).

Қазіргі уақытта «KAZNEXINVEST» АҚ «Jurong International» сингапурлық компаниясымен бірлесіп Қазақстан Республикасында АЭА дамыту, жылжыту, басқару жөніндегі стратегиялық жоспар әзірленді, ол ағымдағы жағдайды шолу, үздік әлемдік тәжірибемен салыстырмалы талдау, кемшіліктерге талдау және АЭА дамытудың үздік сценарийі бойынша жұмыс жүргізуді қарастырады.

2013 жылғы қарашада мына жобалар іске қосылды:

- тұрмыстық химия өндірісі, «Белизна» ЖШС. Кәсіпорында ағартқыш, қышқыл және сілті жуу құралдарын шығару жоспарлануда;

- «Каустик» АҚ бекітілген даму бағдарламасы шеңберінде тежегіштелген тұз қышқылы өндірісі бойынша торап монтаждалып, іске қосу-орнату жұмыстары аяқталды.

Жобаларды іске асыру жұмысы басталды, атап айтқанда, қыздырылған мұнай коксын өндіру («УПНК-ПВ» ЖШС), залалсыздандыру құралдары («БО-НА» ЖШС), агрохимия өнімдерін өндіру («АгроХимПрогресс» ЖШС), ПВХ қайта өңдеу, антифриз, минералды тұздар үйінділерінің ингибиторлары және тамыр қалыптастыру жүйесі («Химсбыт-ПВ» ЖШС). 2015 жылы «НПО «Композит» ЖШС-тің полиэфир шайыры өндірісін енгізу жоспарланып отыр, 2016 жылы - «Сернокислотный завод» ЖШС-тің күкірт қышқылы өндірісі.

«Павлодар» АЭА аумағында толыққанды химия кластерін ұйымдастыру мақсатында «Қазатомпром» ҰАК» АҚ-пен ынтымақтастық жүргізілуде.

«Қазатомпром» ҰАК АҚ-тың «Каустик» АҚ акционерлерінің құрамына енуі бойынша жұмыс жүргізілді (40% акциясын сатып алу). 2013 жылғы қазанда «Қазатомпром» ҰАК АҚ және «Каустик» АҚ арасында акцияларды орналастыру туралы шарт жасалды.

«Павлодар» арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылымын салу» бюджеттік инвестициялық жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді.

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне 2013 жылғы қаңтарда «Павлодар» АЭА инфрақұрылымын салуға қаражат бөлу үшін бюджеттік өтінім, барлық келісімдерімен және қорытындыларымен БИЖ ТЭН жолданды.

Бюджеттік өтінім қаралып, мақұлданды. 2014 жылға «Павлодар» АЭА инфрақұрылымының объектілерін салуға 3,5 млрд.теңге бөлінді.

«Павлодар» АЭА дамытуға 2013 жылы облыстық бюджеттен 250,6 млн. теңге бөлінді:

- АЭА объектілері инфрақұрылымының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 210,6 млн. теңге бөлінді, жұмыс 100% орындалды.

«Павлодар» АЭА инфрақұрылымының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу аяқталды.

- «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы қосалқы аймағының инфрақұрылымын салу» бюджеттік инвестициялық жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге 40 млн. теңге бөлінді. БИЖ ТЭН әзірлеу аяқталып, мемлекеттік сараптама жүргізілді.

Тиісті қорытындыларымен БИЖ ТЭН ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне қарап, «Павлодар» АЭА қызмет түрлерін кеңейту бойынша (қосалқы аймақ құру) шешім қабылдау үшін жолданды.

Шикізаттық емес сектордың негізгі капиталына инвестиция ағыны бойынша нысаналы индикаторына қол жеткізуге Индустрияландыру картасының инвестициялық жобаларын іске асыру ықпал етеді:

- «Павлодар облысында бастапқы алюминий өндірісі зауыты» жобасының II кезегі құрамында күйдірілген анодтар өндірісі зауыты», «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, инвестиция көлемі – 44,7 млрд.теңге.

- «Бозшакөл КБК салу», «Қазақмыс Бозшакөл» ЖШС, инвестиция көлемі – 254,6 млрд. теңге.

- «Полимер бұйымдарының өндірісі» («Компания Нефтехим ЛТД» ЖШС), инвестиция көлемі – 1,8 млрд. теңге.

- «Мұнай коксын қыздыру қондырғысын салу» («УПНК-ПВ» ЖШС), инвестиция көлемі – 10,3 млрд.теңге.

- «Бағыттағыш бұрмалар және теміржол доңғалақтарын өндіруді ұйымдастыру» («Проммашкомплект» ЖШС), инвестиция көлемі – 9,5 млрд.теңге.

Қазіргі таңда 45 қатысушы тіркелген.

2013 жылы 2 жоба енгізілді: тұрмыстық химия өндіру («Белизна - ПВ» ЖШС) және тежегіштелген тұз қышқылы өндірісі («Каустик» АҚ).

Алыс шет мемлекеттерімен ықпалдасу

Павлодар облысының шетелдік әріптестермен өңіраралық ықпалдастығын дамыту және нығайтуға жұмыс кездесулері мен іскер кездесулер ұйымдастыру ықпал етеді.

Өңір неғұрлым белсенді өзара іс-қимылды Ресейдің шекаралас өңірлерімен жүргізеді, бұл – Омбы, Новосібір облыстары, Алтай өлкесі, олармен ынтымақтастық туралы келісімдер әрекет етеді. Өткен жылы РФ Томбы облысымен Ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Осы келісімдерді іске асыру мақсатында әртүрлі салаларда ынтымақтастық бойынша іс-шаралар кешені жыл сайын әзірленеді.

2013 жылы аймақаралық қарым-қатынастарды дамыту бойынша жұмыс жүргізілген ресейлік өңірлердің бірі Башқұртстан болды. Шілдеде өткен сапар шеңберінде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік сала мәселелері бойынша кездесу хаттамасына қол қойылды.



Анықтама:

Хаттамаға сәйкес Уфимск мемлекеттік техникалық мұнай университетімен «ПМХЗ» ЖШС-те мамандарды даярлау үшін жұмыс жүргізілуде. «Қазсода» ЖШС «Башкирская химия» ААҚ-ты кальцийлендірілген сода өндірісі бойынша зауыт құрылысына тарту жұмысын жүргізуде.

«ҚазТрансКем» ЖШС кәсіпорнының Башқұртстан Республикасына пестицидтер жеткізу көлемі анықталуда.

2013 жылғы қарашада Екатеринбург қаласында Мемлекет басшылары-ның қатысуымен Қазақстан мен Ресей аймақаралық ынтымақтастығының Х мерейтойлық Форумы өтті. Форум шеңберінде көрме және іскер кеңес өткізілді.

Экспоненттер ретінде көрмеге қатысқандар: «ГРЭС-2» АҚ, «Қазэнергокәбіл» АҚ, «Kazakhstan Project» ЖШС. Облыстың бірқатар кәсіпорындарының басшылары көрмеге қонақ ретінде қатысты. Ынтымақтастық туралы келісім-шарттар мен меморандумдар жасалды.

Анықтама:

Көрме шеңберінде:

«Қазэнергокәбіл» АҚ жалпы 70 млн.руб. сомасына кәбіл-өткізгіш өнімдерін жеткізуге үш келісім-шарт жасады («Делокон» ЖШБ Новосібір қаласы – 35 млн.руб.; «Логан» ЖШБ Омбы қаласы - 20 млн.руб.; «Электротехнологии» ЖШБ Екатеринбург қаласы - 15 млн. руб).

«KSP-Steel» ЖШС ынтымақтастыққа ниет туралы үш меморандум жасады:

- «KSP-Steel» ЖШС қажеттілігі үшін сұйық керамикалық жылу оқшаулағыштарды сатып алу («НПО Фуллерен» ЖШБ);

- түсті және қара құйма, бөлшектер, тораптарды жеткізуге («Приводная техника» компаниясы);

- «KSP-Steel» ЖШС қажеттілігі үшін модификатор сатып алу («Новохим» ЖШБ).

«Свет» ҒӨБ ЖШС Михеевск ГОК-пен светодиодтық шамдарды жеткізуге келіссөздер жүргізді. Омбы облысы губернаторының бірінші орынбасары «Свет» ҒӨБ ЖШС өкілдерін өндірілетін өнімдерінің таныстырылымын өткізу үшін Омбы қаласына шақырды.

Облыс кәсіпорындары ресейлік әріптестермен кооперациялық байланыстарды кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде. Қазіргі таңда Ресей Федерациясында «Павлодар машина жасау зауыты» АҚ, «Format Mach Company - Сибирь» ЖШС, «Сварко» ЖШС өкілдіктері жұмыс істейді.



Анықтама: Екатеринбург қаласында мосылық және көпірлік крандарды, металлқұралымдарын сату бойынша, Омбы қаласында жиынтықтарды жеткізу және өнімдерді өткізу бойынша, Новосібір қаласында балқыту аппаратын сату бойынша.

Өкілдіктер ашу мәселесі пысықталуда: мерзімдері – 2013 жылғы 4-тоқсан – 2014 жылғы 1-тоқсанда Омбы қаласында «Гофротара» ЖШС, «Азимут» ЖШС - Омбы, Новосібір қалаларында, «Ромат» ФК ЖШС – Мәскеу қаласында.

Облыста Беларусь Республикасының Минск облысымен Келісім әрекет етеді.

Беларусь Республикасының Минск қаласына жұмыс сапар ұйымдастыру жұмысы жүргізілді. Минск облысымен 2013-2014 жылдарға арналған өңіраралық іс-шаралар жоспарына қол қойылды.

Өткен сапар қорытындысы бойынша машина жасау және ауыл шаруашылығы саласында бірқатар уағдаластықтар іске асырылуда.

Чехия, Швеция, Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшілерінің Павлодар облысына жұмыс сапарлары өтті.

Сонымен қатар, қонақтар Халықаралық инновациялық форумының жұмысына қатысуға шақырылды, ол 2013 жылғы қазанда Павлодар қаласында өтті. Форум шеңберінде Швеция Өкілдігімен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Облыс кәсіпорындарымен Астана қаласында чехиялық кәсіпкерлермен екіжақты кездесулерге қатысу бойынша жұмыс жүргізілді.

Польша, Венгрия, Қытай, Жапония, Бразилия бизнес өкілдерімен өзара инвестициялық ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесулер өтті.

Польшалық тараптың алюминий бұйымдарының өндірісі бойынша зауыт салу мүмкіндігін қарау туралы ұсынысы қолдау тапты. Польшалық тарап ынтымақтастық туралы ұсыныстар дайындауда. Венгриялық тараппен белгілі жобалар шеңберінде инвестициялық ынтымақтастық туралы ниет хаттамасына қол қойылды («Қазсода» ЖШС. Кәсіпорынның ақпараты бойынша венгриялық инвесторлармен жұмыс «Башкирская химия» кәсіпорнымен мәселе шешілгеннен кейін қаралады). Қытай тарапына экономикалық аймақ шеңберінде ынтымақтастық жасау мүмкіндігін қарау үшін «Павлодар» АЭА туралы ақпарат жолданды.

«Магнезита» бразилия компаниясы (отқа төзімді материалдар өндірісі) өкілдерінің Павлодар қаласына сапары өтті, өнім жеткізуді ұйымдастыру және отқа төзімді материалдардың жаңа өндірісін салу бөлігінде екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Аталған компанияның басшылығы компанияның өнеркәсіп объектілерін аралау туралы шақырту ұсынды. Мәселе облыс кәсіпорындарымен бірлесіп пысықталуда.

Дубай қаласында өткен (БАӘ, 21-23 қазан) Еркін сауда және индустриялық аймақтар мәселелері бойынша халықаралық саммитке қатысты. Қазіргі уақытта Павлодар облысы іскер топтарының БАӘ 2014 жылғы наурызда өтетін сапарға қызығушылығы зерттелуде.

Отандық экспортшыларды қолдау мақсатында шетелдік әріптестермен кездесулер және жұмыс сапарлары олардың қатысуымен ұйымдастырылады.

Үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің экспорт мәселелері бойынша отырысы өткізілді, оның қорытындысы бойынша экспортшылардың түйінді мәселелерін шешуде жәрдем көрсетілді («Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС - бензин экспортына квота, «Қазэнергокәбіл» АҚ - алюминий созбасымы экспортына кедендік бажды алу).

Облыс қалалары және аудандарымен бірлесіп «Экспорт 2020» бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізілді.

2013 жылы осы бағдарламаға облыстың 2 кәсіпорны қатысты: «Павлодар машина жасау зауыты» АҚ, «Нефтехим ЛТД» ЖШС.

Кәсіпорындарға экспорттық шығындардың 50% қайтарылды. Қайтарылған жалпы сома 3,2 млн. теңгені құрады (6,4 млн.теңге көлемінде өтінім берілген сома қаралды). Бағдарламаның әрекет ету кезеңінде облыс кәсіпорындарына барлығы 13,0 млн. теңге өтелді.

2014 жылы «Экспорт 2020» бағдарламасына әлеуетті қатысушы-кәсіпорындардың тізбесі дайындалды.



Инновацияларды одан әрі дамыту және енгізу бойынша.

Облыста Өңірлік инновациялық жүйені құру жұмысы жүргізілуде.

Жұмыс тобы құрылды. Өңірлік инновациялық жүйе құру жөніндегі іс-шаралар жоспары және Павлодар облысында инновацияларды дамыту және енгізу жөніндегі 2012-2014 жылдарға арналған ведомстволық жоспар іске асырылуда.

Ғылыми-техникалық кеңес жұмыс істейді. 2013 жылы Кеңестің 4 отырысы өткізілді.

2013 жылғы қазанда Павлодар қаласында «Инновация-болашақ энергиясы» Халықаралық инновациялық форум өткізілді. Форум жұмысына 300 астам адам қатысты.

Форум шеңберінде: пленарлық отырыс, инновациялық жобалар көрмесі, 4 панельдік секция, облыс кәсіпорындарын аралау ұйымдастырылды.

Инновациялық жобалар көрмесіне кәсіпорындардың, облыстың жоғары оқу орындарының және Қазақстанның басқа облыстарының 76 инновациялық жобасы және әзірлемелері, сондай-ақ ресейлік өңірлердің жобалары қатысты.

Жергілікті қамту үлесін арттыру

Қазақстандық үлесті дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылғы жергілікті үлесті дамыту бойынша жұмыс жүргізілді.

Тауарлар, жұмыстар және қызметтер тізбесімен облыс тауар өндірушілерінің нақтыланған каталогы жасалып, шығарылды.

2013 жылғы бірінші тоқсанда жүйе құраушы кәсіпорындармен және ұлттық компаниялармен Қазақстандық үлеспен толтыру бойынша бірқатар ұйымдастыру іс-шаралары өткізілді, бұл облыс тауар өндірушілеріне тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға 448,1 млрд. теңге сомасына ниет хаттамаларын жасауға мүмкіндік берді, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 1,7 есе артық.

2013 жылғы 884,3 млрд. теңге сомасына келісім-шарттар жасалды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 17,8% артық.

Соның ішінде:

- облыстың жүйе құраушы кәсіпорындары 524,2 млрд. теңгеге келісім-шарттар жасады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 171,6 млрд. теңгеге немесе 148,6% артық.

- ұлттық компаниялар 360,1 млрд. теңгеге келісім-шарттар жасады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 36,9 млрд. теңгеге немесе 90,7% төмен.

2013 жылы облыс кәсіпорындары Республикалық және Аймақаралық форумдарға, көрмелерге, сондай-ақ жергілікті үлесті дамыту мәселелері бойынша семинарларға қатысты.

«MinTech» тау-кен өндіру, металлургия және көмір өнеркәсібінің құрал-жабдықтары мен технологиялары, «KazInterPower» энергетика және электр-техникасы халықаралық көрмесі өткізілді.

2013 жылғы шілдеде Астана қаласында «Қазақстандық үлес -2013» форумы өткізілді, оның жұмысына Павлодар облысынан 6 кәсіпорын қатысты.

Форум шеңберінде даму институттарының көрмесі мен таныстырылымы өткізілді (NADLoC, ТДҰА, ҚИДИ, KAZNEX, ҚДБ, ДАМУ, ҚазАгро).

2013 жылғы шілдеде Павлодар қаласында «Қазақстанның үздік тауары» жыл сайынғы өңірлік көрме-конкурсы өткізілді.

2013 жылғы қазанда Павлодар қаласында «Мұнай мен газ ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамының «Келісім-шарт агенттігі» филиалы Павлодар облысының тауар өндірушілері, жұмыстар мен қызметтер жеткізушілері үшін семинар-тренинг өткізді.

Өңіраралық кооперациялар шеңберінде өзара іс-қимыл кеңеюде. Облыс кәсіпорындары Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Н. Ахметовтің қатысуымен «Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарының ықпалдастығы шеңберіндегі аймақаралық ынтымақтастығы» республикалық форумға (Өскемен қаласы) қатысты.

Облыс кәсіпорындары Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарының кәсіпорындарымен 14,5 млрд. теңге сомасына ниеттер туралы келісімдерге, өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасады.

Форум қорытындысы бойынша 4 облыстың өңіраралық ынтымақтастығы жөніндегі 2013-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.

Бұл әкімдіктердің әртүрлі бағыттар бойынша, соның ішінде жергілікті үлесті дамыту, жаңа өндірістер ашу бойынша іс-қимылын сөзсіз үйлестіруге мүмкіндік береді.

2013 жылғы қазанда Павлодар қаласында «Инновация-болашақ энергиясы» Халықаралық инновациялық форум өткізілді.

Форум шеңберінде: пленарлық отырыс, инновациялық жобалар көрмесі, панельдік секция, облыс кәсіпорындарын аралау ұйымдастырылды.

Инновациялық жобалар көрмесіне облыс кәсіпорындарының, жоғары оқу орындарының, Қазақстанның басқа облыстарының 76 инновациялық жобасы, сондай-ақ ресейлік өңірлердің жобалары ұсынылды.

2013 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кестесіне сәйкес Павлодар қаласында «Жергілікті үлестің өсуі – бизнесті дамытудың негізі» жергілікті үлесті дамыту мәселелері жөніндегі өңіраралық форум өтті.

Форум жұмысына Алматы, Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері, даму институттары, Павлодар облысының 15 жүйе құраушы кәсіпорны және «Самұрық-Қазына» құрамына енетін 7 ұлттық компания қатысты.

Тауар өндірушілерінің ұлттық компаниялардың құрылымдық бөлімшелері мен Павлодар облысының жүйе құраушы кәсіпорындарының өкілдерімен жұмыс кездесулері өтті.

Жаппай алғанда, өткізілген жұмыс кездесулердің қорытындылары бойынша жүйе құраушы кәсіпорындармен және ұлттық компаниялармен 2014 жылы тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға 517,3 млрд. теңге сомасына ниет хаттамалары жасалды немесе 2012 жылғы ниеттердің сомасына қарағанда 115,4%.

Халықаралық стандарттарға сәйкесетін менеджмент жүйесін енгізу.

Менеджмент жүйесін енгізген және сертификаттаған кәсіпорындардың халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігіне мониторинг тұрақты негізде жүргізіледі.

Павлодар облысының 298 кәсіпорны мен ұйымында менеджмент жүйесі енгізілген, соның ішінде сапа менеджменті жүйесі бойынша (ИСО 9001) – 280 кәсіпорын, экологиялық менеджмент жүйесі бойынша (ИСО 14001) – 155 кәсіпорын, еңбек қауіпсіздігі және қорғау жүйесі бойынша (ИСО OHSAS 18001) – 39 кәсіпорын, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті жүйесі бойынша (ИСО 22000) – 6 кәсіпорын, энергия менеджмент жүйесі бойынша (ИСО 50001) – 1, медициналық қондырғылар және тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша (ИСО 13485) – 1.

Облыс кәсіпорындары мен ұйымдары үшін техникалық реттеу және сапа менеджменті жүйесін енгізу мәселелері бойынша оқу семинарлары өткізілді.




Павлодар облысының

индустриялық-инновациялық даму

басқармасының басшысы Н. Дычко




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет