«Педагогика психология» институты «Жалпы және әлеуметтік педагогика, өзін-өзі тану» кафедрасы Баймақова Балжан



Дата04.03.2022
өлшемі162.08 Kb.
#455958
Абай қара сөзі



Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
«Педагогика психология» институты
«Жалпы және әлеуметтік педагогика, өзін-өзі тану» кафедрасы
Баймақова Балжан
124-топ


1-СӨЖ
Абай Құнанбаевтың «Қара сөздерін» таңдап талдау жасаңыздар

«Абайдың қара сөздері» - қазақтың ұлы ақыны Абайдың өмірінің соңғы жылдары жазылған пәлсапалық шығармасы. Барлығы 45 сөзден (тараудан) тұрады. Бұған «Бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген тарихи мақаласы да қосылады. «Абайдың қара сөздерінің» соңғы нұсқасы Абай шығармаларын жинақтаушы, көшіріп, насихаттаушы Мүрсейіт Бікеұлының 1905, 1907 және 1910 жылдардағы колжазбалары бойынша жарияланып келеді. Қара сөздердің бірнешеуі алғаш 1918 жылы Семейде шыккан «Абай» журналында жарық көрді. Кейіннен «Абайдың қара сөздері» орыс, кытай, француз, т.б. көптеген шет ел тілдеріне аударылды.
«Қара сөздер» атауының мағынасы өлең сөз дегенді білдірмейді. Өлеңді қазақ қара сөз демеген. Қара сөз проза ұғымында айтылған. Қара сөзді еркін ой білдірудің түрі деп түсінуімізге болады.
Ақын өлеңдерінің кейбір күрделі тұстары қара сөзінде түсіндірілген. Бұл Абайдың бірсыпыра өлеңдерін, алдымен, қара сөздеріндегі кейбір ойларды ұғынып барып қабылдауға мүмкіндік береді. Мысалы, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген өлеңінің мағынасына жету үшін алдымен отыз сегізінші сөзді оқыған жөн. Екеуінің де айтар ойлары бір. Тек бірінде ой поэзия тілімен жеткізілсе, бірінде проза тілінде айтылған.
Абайдың қара сөздерін сыншылдық, ойшылдық, көбіне адамгершілік мәселелеріне арналған өсиет, толғау деуге болады.
«Қара сөздердің» тақырыбы біреу-ақ, ол - адам болмысы. «Қара сөздердегі» әрбір сөз осы тақырыпты кеңірек ашуға мол мүмкіндік береді.
Шығарма тек бір халықтың не ұлттың еншісіне қатысты мәселелерді айтумен ғана шектелмеген. Онда ғұламаларды жылдар бойы толғандырып келген мәселелерге талдау жасалған. Сондықтан да Абайдың қара сөздері - әлемдік өркениетте өзіндік орны бар қайталанбас мәдени мұралардың бірі. Абай Құнанбайұлы қазақ халқының маңдайына біткен жарық жұлдызы. Туған елінің мәңгі үлгі тұтар бірегей тұлғасы. Замана көшін алға сүйреп, өз дәуірінің тамырын басып қалам тербеген арда азаматы.
Абай халықтың жоғын жастанып, кемел жолға бастар жолды іздеді. Сол жолда аянбай тер төгіп, өз заманының сипатын, халқының сол кездегі жағдайы мен психологиясын, жеке адам бойындағы жақсы не жаман ниеттерді, өзінің дүниетанымында бейнеледі. Артына қалдырған мол мұрасы қазақ мәдениеті мен әдеби тілінің дамуына үлкен ықпал жасады.
Сонымен ақынның бірінші қара сөзінен бастайық. Мысалы, бірінші қара сөзінде Абай жазуға қалай кіріскені туралы сөйлейді. Мұнда өмірбаяндық дерек бар және өзінің жалпы шығармалық еңбегіне қатысты ойлы түсінік береді. Бірақ кейін осы тақырыпқа өзге қарасөздерінде оралмайды. Бірінші қарасөзі алда айтатын қара сөздерінің «бастауы» секілді.


Орта жасқа (45-55 жас арасы) келгенше сүрген өмірін айта кетіп, алда не істеп, не жазатыны туралы айтады. «Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын» - деп ойланады. Ойлана келе өз ойларын қара қаламмен ақ парақ бетіне төгілте жазуға шешім қабылдайды. Ел, мал, ғылым, софылық пен бала бағуды ой елегінен өткізіп, ойына келген нәрселерді қағаз бетіне түсіруді жөн деп шешеді. Ал осы ел, мал, ғылым, софылық пен бала бағу туралы ойларын жазғанда «бағу» сөзінің көпмағыналылығын шебер пайдалана білген.
Расында да Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған. Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары түрлі пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың қара сөздерін жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөз ретінде бағалауға болады.
Менің ойымша, егер Абайдың барлық қара сөзін жетік меңгерген адамзат қоғамда ойып тұрып орын алады. Және ол адам жеке тұлға болып қалыптасуына да үлкен сенім білдіре аламын.

Пайдаланған әдебиеттер:
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/mangilik_el/tup_tamyir/asyil_soz/32790/
Абайдың ұлағатты сөздері.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет