В.В. Бартольд пен француз зерттеушісі М. Бувье–Ажам Ибн Халдунды әлеуметтанудың негізін салушы деп есептеді. Ибн Халдунның концепциясы «күштеу теориясының» авторы Л. Гумпловичтің көзқарастарына ықпал жасады. А. Тойнби Ибн Халдунның концепциясын өзінің «Вызов–и–Ответ» деп аталатын теориясына кіргізді.
Соңғы уақытта Ибн Халдунның теориясын П. Турчин өз жұмыстарында пайдаланды. П. Турчин оның кейбір қазіргі концепцияларымен, Дюркгеймнің әлеуметтік бірігу теориясымен, «әлеуметтік капитал» теориясымен, «индивидуализм–коллективизмнің» әлеуметтік–психологиялық теорияларымен ұқсастығын анықтады.
Мұсылман тарихнамасы тек араб елдерінде ғана сақталған жоқ. Сонымен қатар бұл дәстүр Осман елінде, Иранда Индияда тағы да басқа мұсылман елдерінде кеңінен дамыды.
ХҮ–ХҮІ ғасырларда мұсылман тарихнамасы Мысыр елінде өз жалғасын тапты. ан–Нувайри, (1279–1332) мәмүліктер тарихы, тарихи энциклопедия авторы (Ибн аль–Фурат, 1334–1405) жалпы хроникалар, алъ–Макризи(1364–1442), аль–Айни (1361–1451), Абу–ль–Махасин Ибн Тагриберди (1409 немесе 1410–1470) және ас–Суюти (1445–1505), сияқты полигистор (көп білетін, жан–жақты білімі бар адам) – тарихшылар – Мысыр елінің саяси–экономикалық, әлеуметтік және мәдени тарихы жөнінде көп томдық шығармалар жазып кейінгі ұрпаққа мұраға қалдырып кетті.
3. ІХ–ХII ғасырлардағы араб авторларының еңбектеріндегі қазақ даласы.
Орта ғасырдағы қазақ тарихын зарттеу үшін сол кездегі араб тілінде жазылған әртүрлі мазмұнда, әрқилы жанрдағы шығармалардың орыны ерекше. Араб халифтерінің басқыншылық саясаты оларды алыс–жақын елдерді саяси,экономикалық және гографиялық жағынан зерттеуге мәжбүрледі. Бұл мақсатта жер–жерлерге жіберілген елшілер, саяхатшылар және жансыздар басқыншыларды қызықтыратын алуан–алуан ақпараттар жинады.
Ислам синкретті мәдениетінің көрші елдерге таралуы, араб елдерінің сауда керуендері Европа мен Азияның, көрші Африканың елдерін аралауы араб авторларының көзқарасын кеңейтті, білімін толықтырды. Олардың болашақта жазатын шығармаларына мол материал жиналды.
ҮІІІ ғасырдың басында араб әскері Орталық Азия және Қазақ еліне де жетті. Жарты ғасырға созылған қарулы қақтығыстан кейін еліміздің біраз бөлігі араб билігін мойындауға мәжбүр болды. Жаулап алынған жерлерді өз қол астында ұстап тұру үшін, елді мекен еткен тұрғындарды мұқият зерттеу қажеттігі туындады. Міне осы мақсатта Орталық Азия халықтары бойынша едәуір ғылыми, әдеби шығармалар жинақталды. Біз оларды мақсатына, мазмұнына және маңыздылығына қарай классикалық, географиялық, өмірбаяндық, діни шығармалар деп бөлеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |