Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а



бет46/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

Агиографиялық шығармаларда да сол замаңдағы қоғам жөнінде көп­­­теген мәліметтер алуға болады. Бұл шығармаларда тек қана әулие дә­реже­сі­не дейін көтерілген жеке тұлғалардың өмірі туралы ғана емес, оның өмір сүрген уақыты, ортасы, мекені туралы мағлұматтар кез­дес­тіруге болады.
Европа жұртында жыл сайын өмірден өткен ата – бабаларын еске алу­ға арналған кездесулер, жиындар жиі болып тұрған. Осындай литургия­лық іс–шарада ұрпақтар сабақтастығы, өткен мен бүгінгінің арасындағы бай­ланыс ту­ралы ой – пікірлер айттылған. Міне осылардың барлығы әлеу­меттік есті қалып­тастырады. Әрине, бұл шығармаларды шынайы тарихи зерттеулер қатарына жатқызу дұрыс болмас еді.
Орта ғасырлық тарихшылар жаңа пайда болған христиан дінінің ық­па­лынан шыға алмады. Адамзат тарихының даму заңдылығы діни көз­қарас тұр­ғысынан түсіндірді. Кесарийлық Евсевий христиан хрон­о­ло­гия­­сы­ның негізін қалады. ІІІ ғасырдың 60–жылдарында дүниеге келген. Хрис­­тиан дінінің тарату­шыларын қуғынға ұшыратқан кезде Евсевий Па­­лес­­тина, Египет, Финикия жерлерінде қашып жүріп, ақырында түр­ме­ге тү­се­ді. Өмірінің соңында Тир қа­ла­сында қоныстанып, 331-жы­лы 80 жасқа қараған шағында қайтыс болады.
Өте білімді адам болған. Ол жай ғана архивариус қызметін атқара жүріп, сол замандағы христиан әдебиетін жинастырған. Үлкен кітап­хана жасайды. Сөй­тіп ІҮ ғасырдың басында өзінің атақты «Хроногра­фия­сын» жазып шығар­ды. Бұл еңбектің латын және армян тілдеріндегі нұсқалары сақталған.
Бірінші бөлімінде көптеген көне халықтардың тарихы, оларды биле­ген патшалардың тізімі және билік құрған уақыты қысқаша түрде баян­да­ла­ды. «Хронологиялық конондар» деп аталатын екінші бөлімінде Ав­рам ту­ғанан 325 жылға дейінгі тарихи оқиғалардың синхронды таб­ли­ца­сы бе­ріл­ген. Неге ол тарихты Аврамнан бастайды десек, Биб­лия­ның ев­рей ті­лін­дегі нұсқасында тір­ші­лік сол туғанан кейін басталды деп есеп­тейді екен.
Еңбектің сипаты универсиалды, ол әрі тарихи әрі теологиялық болып сана­л­­ады. Автор тарихи фактілерге сүйене отырып «Көне шарт» кітабы­ның тарихилылығын дәлелдейді. Әлем тарихының шытырман оқиғаларын уақыт жағынан бір арнаға түсіруі Евсевийдің үлкен жаңа­лығы. Бұған де­йін­гі грек тарихнамасында оқиғаларды баяндағанда хро­нология мәселе­ле­рі­не көңіл аударыла қоймайтын. Өйткені ертедегі Гре­кида ортақ күнтізбе болмады. Әрбір қала өз календарын пайдаланатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет