Пән бағдарламасының (SYLLABUS) титул беті
|
|
Нысан
Н ҰС ПМУ 7.18.4/19
|
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
5В020500-«Филология: қазақ филологиясы» мамандығына «Түркі филологиясына кіріспе» пәні бойынша
Пән бағдарламасы (Syllabus)
Павлодар, 2013 ж.
Пән бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы
|
|
Нысан
Н ҰС ПМУ 7.18.4/19
|
БЕКІТЕМІН
ГПФ деканы
___________ Сарбалаев Ж.Т.
(қолы)
«___»_____________20__ж.
Құрастырушы: ____________ ф.ғ.к., доцент Кәріпжанова А.О.
5В020500- «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының күндізгі оқу нысанының студенттеріне арналған
«Түркі филологиясына кіріспе» пәні бойынша
Пән бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама 20__ ж. «___» _________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.
Кафедра отырысында ұсынылды 20_ж. «___»____________№_____ Хаттама
Кафедра меңгерушісі __________ Жүсіпов Н.Қ. 20__ж. «____» ________
Гуманитарлық-педагогикалық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 20_ ж. «_____»____________ №____ Хаттама
ОӘК төрағасы _____________ Ксембаева С.К. 20_ж. «_____»___________
-
Пән паспорты
Пән атауы Түркі филологиясына кіріспе
Таңдау компоненті бойынша пән
Оқу мерзімі және кредит саны
Барлығы – 3 кредит
Курс: 2
Семестр: 3
Жалпы аудиторияда оқу сағаты – 45 сағат
Дәрістер - 30 сағат
Тәжірибелік /семинарлық оқу сағаттары – 15 сағат
Зертханалық – жоқ
СӨЖ – 90 сағат
Оның құрамында СОӨЖ – 15 сағат
Жалпы көлемі - 135 сағат
Бақылау формасы
емтихан – 3 семестрде
Пререквизиттер
Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет: тіл біліміне кіріспе, қазақ тілінің фонетикасы, қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы.
Постреквизиттер
Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеруі үшін қажет: қазіргі қазақ тілінің жай сөйлемі; қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі; стилистика және тіл мәдениеті; қазақ тілінің тарихи грамматикасы, жалпы тіл білімі.
-
Оқытушы туралы мәлімет және байланысу ақпараттары
Аты-жөні: Кәріпжанова Айнұр Оралқызы
Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Кафедра «Қазақ филологиясы», аудитория 356
телефон: 8-7011842854,
Е-mail: ainurok1974@mail.ru
-
Пән, мақсаттары мен міндеттері
Пән нысаны: «Түркі филологиясына кіріспе» курсы түркі халықтарының тарихи-филологиялық, мәдени- идеологиялық проблемаларын зерттеуге ерекше көңіл бөледі. Түркі халықтарының үлесі дүниежүзі мекенін сүюге, халықаралық ынтымақ пен бірлікке тәрбиелейді.
Пән мақсаты: Студенттерге түркі тілдері мен халықтарының зерттелу тарихынан, түркі тілдерінің топтастырылуы мен өзіндік ерекшеліктерінен, сондай-ақ, түркі жазуы мен тіл мәдениеті тарихының кезеңдерінен мағлұмат беру.
Студенттерге ертедегі және қазіргі түркі тілдерін, жазба мәтіндерін зерттеу жұмысымен таныстырып, болашақ мамандыққа дағдыландыру.
Пән міндеттері:
- негізгі арнайы ұғымдар мен түсініктемелердің мазмұнын ашу;
- түркі филологиясына кіріспе негіздері бойынша білімдерін қалыптастыру;
- түркі жазба мәтіндері лингвистикалық, әдебиеттану және тарихи-мәдени зерттеу тұрғысынан қарастыру;
- түркі халықтарының тарихи-филологиялық, мәдени- идеологиялық проблемаларын зерттеуге арналған еңбектермен танысу;
- түркологиялық ғылымның негізгі даму кезеңдеріне байланысты мәселелерді тұжырымдау.
4. Білім, біліктілікке және құзыреттілікке койылатын талаптар:
білу керек:
- түркі филологиясының негізгі проблемаларынан жақсы бағдарда болып, оның мәнді- маңызды жетістіктерін біліп, ертедегі және қазіргі түркі мәтіндерін ажырата білуі тиіс;
машықтану қажет:
- ертедегі және қазіргі түркі мәтіндеріне ғылыми талдау принциптерін қолдана білуге машықтануы тиіс.
игеру керек:
- түркі филологиясындағы лингвистикалық теориялық және әдіснамалық қағидаларды, басты ұғымдарды;
- тілтанымдық ғылыми концепцияларды ажыратуды игеру керек.
5 Пәнді оқытудағы тақырыптық жоспар
Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлу
№
|
Тақырыптар атауы
|
Аудиторияда оқитын сабақ сандары мен түрлері
|
СӨЖ
|
дәрістер
|
тәж(семинар) сабақтар
|
Зертханалық және дербес сабақтар
|
Барлығы
|
Оның құрамындағы СОӨЖ
|
1
|
1-тақырып. «Түркі филологиясына кіріспе» пәні, оның мазмұны, қарастыратын мәселелері.
|
2
|
1
|
|
6
|
1
|
2
|
2-тақырып. Түркі филологиясының танымдық, тәрбиелік мәні.
|
2
|
1
|
|
6
|
1
|
3
|
3-тақырып. Тіл және этнос.
|
2
|
1
|
|
6
|
1
|
4
|
4-тақырып. Қазіргі түркі халықтары. Түркі тілдері және олардың классификасы.
|
2
|
1
|
|
6
|
1
|
5
|
5-тақырып. Түркі жазуы мен тіл мәдениеті тарихының кезеңдері.
|
2
|
1
|
|
6
|
1
|
6
|
6-тақырып. Көне түркі руникалық жазу ескерткіштері.
|
2
|
1
|
|
6
|
1
|
7
|
7-тақырып. Графикалық жүйе болып қалыптасқан көне түркі руникалық алфавиті.
|
2
|
1
|
|
6
|
1
|
8
|
8-тақырып. Көне түркі алфавитінің генезисі.
|
2
|
1
|
|
6
|
1
|
9
|
9-тақырып. Манихей жазуындағы көне түрік ескерткіштері.
|
2
|
1
|
|
6
|
1
|
10
|
10-тақырып. Ұйғыр жазуындағы көне, орта түркі ескерткіштері.
|
2
|
1
|
|
6
|
1
|
11
|
11-тақырып. Ұйғыр алфавитінің құрамы.
|
2
|
1
|
|
6
|
1
|
12
|
12-тақырып. Араб жазуындағы ХІ-ХҮІ ғ.түркі тілдес ескерткіштері,олардың тіл ерекшеліктері.
|
2
|
1
|
|
6
|
1
|
13
|
13-тақырып. Араб алфавитінің құрамы мен оның түркі тілдерінде қолданылу тарихы.
|
2
|
1
|
|
6
|
1
|
14
|
14-тақырып. Араб графикасына негізделген қазақ алфавитінің даму кезеңдері.
|
2
|
1
|
|
6
|
1
|
15
|
15-тақырып. Латын және орыс графикасына негізделіп жасалған түркі жазуы.
|
2
|
1
|
|
6
|
1
|
|
Жалпы:135 сағат (3 кредит)
|
30
|
15
|
-
|
90
|
15
|