Пән бойынша бағдарламасының



Дата23.02.2016
өлшемі334.68 Kb.
#3615

Пән бойынша бағдарламасының (SYLLABUS) титул парағы





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті




Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау кафедрасы


MF-HIM 6203 Материалдарды физика – химиялық зерттеу әдістері

пӘнІ бойынша бағдарламасы

(SYLLABUS)

Павлодар, 2013

Пән бойынша бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы

Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19

БЕКІТЕМІН


Сәулет-құрылыс

факультетінің деканы

_________ Күдерин М.Қ.

20___ ж. «___»_________

Құрастырушы: т.ғ.к., доцент Б.Ч. Кудрышова __________

Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау кафедрасы


6М073000 «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандығының магистранттарына арналған


MF-HIM 6203 Материалдарды физика – химиялық зерттеу әдістері

пӘнІ бойынша БАҒДАРЛАМАсы (Syllabus)

Бағдарлама 20___ ж. «____»__________ бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.


20___ ж. «___»___________ кафедра отырысында ұсынылған.

Хаттама № _____


Кафедра меңгерушісі _____________ В.Т. Станевич «___»_________20___ ж.

Сәулет-құрылыс факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

20___ ж. «___»_____________ хаттама №_____.

ОӘК төрайымы _______________ Г.А. Жукенова «___»___________20___ ж.



1. Оқу пәнінің төлқұжаты

Материалдарды физика – химиялық зерттеу әдістері пәні

Кредит саны және оқу мерзімі

Барлығы – 2 кредит

Курс: 2

Семестр: 3



Барлық аудиториялық сағат саны – 30 сағат

Дәріс – 15 сағат

Практикалық сабақ – 15 сағат

МӨЖ – 120 сағат

соның ішінде МОӨЖ – 30 сағат

Жалпы еңбек сыйымдылығы – 150 сағат



Бақылау түрі:

Қорытынды бақылау түрі: емтихан – 3 семестр.


Пререквизиттер

Пәннің бағдарламасы мына пәндерге негізделген: гидрооқшаулағыш және шатырлы материалдар, жылуоқшаулағыш материалдар мен бұйымдардың технологиясы, сазбалшық және сазбалшықты минералдың негізіндегі материалдар мен бұйымдар.



Постреквизиттер

Мамандықтын оқу жоспарымен қарастырылған барлық пәндерді оқу кезінде, алынған білім, зейін мен дағды білім алуға жауапты қарауға мүмкіндік береді.


2 Оқытушы туралы мәлімет және байланысу ақпараттары:

Кудрышова Баян Чакеновна «Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау.» кафедрасының т.ғ.к., доценті.

«Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау» кафедрасы С.Торайғыров атындағы ПМУ Д-302 корпусында орналасқан, тел. 8(7182)67-, e-mail bkudryshova@mail.ru.


Сабақтарды өткізу орны мен уақыты – аудиториялық сабақтар, межелік бақылау және емтихандық сессия бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.
3 Нысан, мақсат пен міндет

Пән нысаны:

«Материалдарды физика – химиялық зерттеу әдістері» пәні «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандығы бойынша магистранттарды оқыту жоспарының арнайы мамандық үшін таңдау бойынша компонентіне жатады.



Пәннің мақсаты

«Материалдарды физика-химиялық зерттеу әдістері» пәнінің мақсаты – материалдар қасиеттерінің нақты көрсеткіштерін алу әдістерімен магистранттарды таныстыру және әр түрлі аспаптардың метрологиялық қамтамасыз етілуін қолданып олардың құрылымдық сипаттамаларды зерттеу.



Пәннің міндеттері

Мамандар дайындағанда келесі талаптар қойылады:

Білім стандартының талабына сәйкес пәнді оқып меңгеудің нәтижесінде магистрантар білу керек:


  • құрылымды анықтайтын ішкі байланыс күштер туралы;

  • бастапқы материалдар (байланыстырғыш, инертті материалдар, қоспалар) туралы. Осы материалдар негізінде конгломераттық материалдар жобаланады;

  • құрылыс материалдар туралы.

Берілген пәнді оқу нәтижесінде магистранттар білу керек:

Істей білу керек:



  • бастапқы материалдардың сапасын анықтаудың қазіргі әдістемелерін қолдану. Конгломераттық жүйелердің құрамын әр түрлі әдістемелер бойынша анықтау;

  • қасиеттердің талап етілетін көрсеткіштермен материалдың қалыптау процесін және қоспалардың қасиеттерін анықтай отырып, бетон қоспасына әсер ету құралдармен және әдістермен баға беру.

Тәжірибелік дағдыландыру:

  • қиратушы және қиратпайтын бақылау әдістерін қолданып бетонның беріктігін анықтау;

  • қазіргі әдістерді қолданып өндірістің барлық кезеңдерінде жүйеде болатын макро және микропроцестерді оқу;

  • зерттелетін қасиеттер бойынша нақты мәліметтерді анықтау кезінде математикалық статистика әдістерін қолдану.

Бұл магистранттарды ақпаратты өздігінен жинақтауға, құрылыс материалдарын алу процесіндегі бақылау әдістер мен құралдары және дайын өнімдердің сапасы туралы өзінің ой-өрісін кеңейтуге және тоолықтыруға итермелейді.
4 Білім, іскерлік, дағды мен құзыреттілікке қойылатын талаптар

Осы пәнді игеру нәтижесінде магистранттар:

- әр түрлі материалдарды физика – химиялық зерттеу әдістері және ғылыми зерттеу негіздері бойынша түсінігі болу керек;

- физика – химиялық зерттеудің жалпы және жеке әдістерін білу керек.



білу керек:

  • бастапқы материалдардың сапасын анықтаудың қазіргі әдістемелерін қолдану. Конгломераттық жүйелердің құрамын әртүрлі әдістемелер бойынша анықтау;

- табиғи-климаттық, экологиялық, экономикалық факторлардың әсерін;

- қасиеттердің талап етілетін көрсеткіштермен материалдың қалыптау процесін және қоспалардың қасиеттерін анықтай отырып, бетон қоспасына әсер ету құралдармен және әдістермен баға беру.



орындай алуы керек:

  • бастапқы материалдардың сапасын анықтаудың қазіргі әдістемелерін қолдану. Конгломераттық жүйелердің құрамын әртүрлі әдістемелер бойынша анықтау;

  • қасиеттердің талап етілетін көрсеткіштермен материалдың қалыптау процесін және қоспалардың қасиеттерін анықтай отырып, қоспасына әсер ету құралдармен және әдістермен баға беру.

тәжірибелік дағдылану:

  • құрылыс материалдар мен бұйымдар өндірісіндегі технологиясындағы физика-химиялық зерттеу қызметті ұйымдастыру негіздері;

  • әртүрлі құрылыс материалдар мен бұйымдардың қасиеттерін бағалау әдістемесі.

білікті болу керек:

  • әртүрлі материалдар мен бұйымдарын өндірісінде жұмсалатын материалдардың физикалық және химиялық қасиеттерін және олардың талаптарына сәйкестігін; дайындау әдістерін, тасымалдау және шикізат материалдары мен алынған өнемді сақтаудың экономикалық жағдайдарын; бетон мен темірбетон және конструкцияларды өндіру технологиясына байланысты әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды меңгеруі қажет;

  • физика – химиялық зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-техникалық есептерді дайындау, зерттеу тақырыбы бойынша ақпаратты жүйелеуде, талдауда және жинақтауда.



5. Пәнді оқытудың пәндік жоспары

Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлу


р/с

Тақырыптардың

атауы

Аудитория-лық сабақтар

МӨЖ

дәріс

тәж.


бар-лығы

МОӨЖ

1

2

3

4

5

6

1

Кіріспе. Әр түрлі материалдарды физика – химиялық зерттеу әдістері. Қолдану жағдайына байланысты бұйымдардың классификациясы

1

1

10

2

2

Құрылымдық сипаттамаларды және құрылыс материалдарының негізгі қасиеттерін анықтау

2

2

10

3

3

«Сулы ерітінді – су» шекарасында беттік керілу дәрежесінің шамасына беттік белсенді заттардың әсер етуін анықтау және байланыстырғыш заттардың қасиеттерін анықтау әдістері мен метрологиялық негіздері

2

2

10

3

4

Бетондарға және басқа құрылыс материалдарына арналған толтырғыштар туралы мәліметтерді алу әдістері. Ерітінді және бетон қоспаларының қасиеттерін анықтаудың реологиялық әдістері

2

2

10

4

5

Конгломераттық жүйелердің құрамын жобалау әдістері. Бос деформациялардың шамасын өлшеу. Бетон қасиеттерінің, ұсақ материалдардың механикалық және құрылымдық көрсеткіштерін анықтау

2

2

20

6

6

Термиялық талдау. Материалдар қасиеттерінің жылутехникалық көрсеткіштері және материалдың құрылымы мен олардың байланысы.

2

2

20

4

7

Құрылыс материалдардың және конструкциялардың механикалық қасиеттерін қиратпайтын әдістермен бақылау және анықтау

2

2

20

4

8

Құрылыс материалдардың кеуекті құрылымын және бетін зерттеу әдістері

2

2

20

4
Барлығы: 150, (2 кредит)

15

15

120

30



6. Дәріс сабақтарының мазмұны

1 Тақырып Кіріспе. Әр түрлі материалдардың физика-химиялық зерттеу әдістері. Қолдану жағдайына байланысты бұйымдардың классификациясы

Жоспар

1 Әр түрлі материалдардың физика – химиялық зерттеу әдістері.

2 Қолдану жағдайына байланысты бұйымдардың классификациясы

1 Физикалық қасиеттер.

а) Нағыз тығыздық (ρ) – абсолютті тығыз қалпындағы материалдардың бірлік көлеміндегі масса, г/см3, кг/м3

б) Орташа тығыздық – табиғи қалпындағы материалдың кеуегі, жарығы, қуысы қосылып есептелінген бір өлшем көлеміндегі материалдың массасы, кг/м3, г/см3

Орташа тығыздықты дұрыс немесе дұрыс емес пішінді материал үлгісі арқылы анықтайды (куб, призма немесе материалдың түйіршік, кесек сынығы).



в) Сусымалы материалдың салулық тығыздығы (ρс) – салынған қалпындағы материалдың массаның оның көлеміне қатынасы, кг/м3

Материалдың кеуектігі (К) – оның көлемінің кеуекпен толтырылған дәрежесі, пайызбен %:

Кеуектер деп сумен немесе ауамен толтырылған ұя тәрізді майда қуыстар торын айтады. (мрамор, базальт К=0,2-0,8%; керамзит, газдыбетон, минералдық мақта К=60-98%.



а) Ашық кеуектілік – су сіңіретін кеуектер (қуыстар) көлемдерінің қосындысының материалдардың жалпы көлеміне қатынасы (Ка)

б) Жабық кеуектер – (закрытая пористость характеризует объем закрытых пор в объеме материала)

Материалдардың химиялық қасиеттері

Материалдың химиялық қасиеті оның айналадағы заттармен химиялық әрекеттесу қабілетін немесе оны қоршап тұрған ортадағы заттар инертті болған жағдайда, өзінің қасиетін және структурасын сақтай алу қабілетін сипаттайды.



Ерігіштік – заттардың белгілі бір ортада молекулалық және иондық дисперсиялар құру қабілеті. Минералдық заттар үшін – су, бензин, спирт, скипидар және т.б. заттардың ерігіштік өлшемі ретінде олардың қаныққан ерітіндідегі граммлитрмен өлшенетін концентрациясы.

Адгезия – бір материалдың басқа материал бетіне жабысу қасиеті. Екі түрлі материалдың адгезиясы олардың табиғатына, түйіршіктерінің пішініне және бетінің қалпына, бір-біріне тиісу жағдайына және т.б. факторларға байланысты болады.

Сорбция – екі фазаның аралық жиегінде заттың концентрациясының өзгеруін сипаттайды.

Адсорбция – көмірдің және басқа өатты немесе сұйық заттардың өз беттеріне буды, газды және еріген заттарды ұстау қабілетін айтады.

Ұсынылатын әдебиет: [1-7].



2 Тақырып Құрылымдық сипаттамаларды және құрылыс материалдардың негізгі қасиеттерін анықтау

Жоспар

1 Құрылымдық сипаттамалары

2 Құрылыс материалдарының негізгі қасиеттері

Бетонды араласпа деп қатаймаған кездегі су қосқан, бетонтану деп бетондардың құрылымы мен қасиеттері жөніндегі қолданбалы ғылымды айтады. Бетондардың құрамы, құрылымы мен қасиеттері арасындағы байланысты тану материалдық, химиялық құрылымды үйлестіру мен құрылымға ықпал ететін сыртқы әсерлер арқылы белгілі бетонның сапасын жақсартуға емес керісінше ерекше қасиеті бар принципті жаңа бетон жасауға мүмкіншілік туғызады.

Ц + Су = цемент қамыры;

Ц + Су + Қ = ерітінді;

Ц + Су + Қ + Т = бетон.

Бетон түрлері жеңіл бетон, аса жеңіл бетон, ауыр бетон, аса ауыр бетон.

Бетон құрамы ондағы толтырғыш түйіршіктерінің арасындағы қуыстарды цементпен және таспен толтырып дәрежесіне байланысты 3 түрге бөлінеді.


  1. құрамда толтырғыш қуыстары арасында цемент қамыры, ал қатайғаннан соң, цемент тасы көп.

  2. Құрамда керісінше цемент аз. Яғни толтырғыш түйіршіктері бәрі бірдей цемент тасымен қоршалынбайды. Бұл жағдайда бетон берік болмайды. Өйткені ол күш түскенде толтырғыш түйіршіктерінің цемент тасымен қоршалынбайды, яғни біріктірілмеген жерінен оңай-ақ қирайды. Бетонның ең тиімді құрылымы цемент тасы толтырғыш түйіршіктен жұқа қабатпен жауып, өзара тең аз ғана алшақтатқанда түзіледі.

Осы жағдайда, яғни тек үшінші құрылымда бетонның қажетті беріктігі цементті ең аз салыстырмалы мөлшерде қосқанда қамтамасыз етіледі. Бетон құрамындағы ең қымбат бөлімінің цементтің шығынын қысқарту мақсатымен толтырғыштар арасындағы қуыстарды азайту қажет. Ол үшін толтырғыштардың ірі түйіршіктері арасындағы қуыстарға, оған қарағанда майда түйіршіктерді орналастыру қажет. Бұл жағдайда бетон тығыз құрылымды болып беріктігі артады. Қасиеттеріне сай бетондардың қолданылатын орындары ұтымды таңдауда, оларды құрылыста пайдаланудың тиімділігін арттырады.

Ұсынылатын әдебиет: [1,2].



3 Тақырып «Сулы ерітінді – су» шекарасында беттік керілу дәрежесінің шамасына беттік белсенді заттардың әсер етуін анықтау және байланыстырғыш заттардың қасиеттерін анықтау әдістері мен метрологиялық негіздері

Жоспар

1 «Сулы ерітінді – су» шекарасында беттік керілу дәрежесінің шамасына беттік белсенді заттардың әсер етуін анықтау

2 Байланыстырғыш заттардың қасиеттерін анықтау әдістері мен метрологиялық негіздері

Цементті еріту кезінде қосылған бірнеше органикалық заттар, оның негізгі қасиеттері уақыт ұстамдылығъмен қатаюы ұзақ уақыт бойы бұзған немесе беріктілігін төмендеткен. Мұндай әсерді көбінесе құрамында спирті бар карбонил немесе карбонил тобындағы органикалық қосылыстар көрсетеді. Ребиндер Д.А. және онын қызметкерлерінің зерттеулері органикалық материалдарға қатысты заттарды түбегейлі өзгертті. Олар теория және тәжірибе жүзінде бұл қосылыстар жеткілікті дәрежеде суда еритіндігін дәлелдеді, қатты заттың бетінде адсорбциялық қабық пайда болады, бұл цементтің қатаюымен қасиетіне әсерін тигізеді.

Адсорбция процесінде пайда болатын беттік кұбылыстың негізі және адсорбциялық қабықтың қасиеті мынада. Процесс кезінде екі түйісетін фаза қатысады, бұл беттік бөлу қасиетіне үлкен әсерін тигізеді. Бір фазадан екінші фазаны бөліп тұратын дененің беттік қабатындағы молекула саны дененің жалпы көлеміндегі молекула санымен салыстырғанда өте аз мөлшерде, сондықтан мұндай жағдайда беттік құбылыс үлкен кызмет атқарады, Дененің беттік қабығында дисперсиялық бөлшек еседі. Беттік қабаттағы дисперсия дәрежесінің өсуі ішкіге қарағанда манызы үлкен.

Бұнымен мынаны түсіндіреді. Беттік құбылыстың кең дәрежеде коллоидты- дисперсиялық жүйеде пайда болуы, оның ерекше қасиетін береді.

Бір фаза жүйесінің екінші фазадан бөліп тұратын беттік бөлім деп аталады және онда үлкен беттік энергия қоры бар екі фазанын ішкі бөлімінде физико-химиялық қасиетгерінен ерешелінеді. Беттегі энергиянын пайда болуын мынаумен түсіндіреді. Ішкі фазанын әр молекуласы қоршалған, сондықтан мұндай молекулада күш өрісі қаныққан. Ал беттегі молекулада күш өрісінің бөлігі фазадан тыс болады, сонын салдарынан ол қанықпаған болады, бұл молекулалардын бір-бірімен байланысы ассиметриялы болып келеді.

Екінші термодинамиканың заңынан белгілі, әртүрлі туынды изотермиялық процесс бос энергияның төмеңдеуіне әкеліп соқтырады. Сондықтан, беттік кернеудін төмендеуіне байланысгы болатын немесе беттік бос энергиядағы процесс өздігінен туындайды. Мұндай процестерге адсорбция жатады. Мысалы, екі фазалық жүйеге «су- ауа» зат енгізсе, ауамен шекараластағы беттік кернеуі аз сумен салыстырғанда, онда судың беттік қабығына қосылған жоғарғы концентрациялы заттың салдарынан, ауамен шекаралас беттік кернеу азаяды. Бұл процесс оңды адсорбция деп аталады. Сонымен қатар теріс адсорбция да белгілі, ерітіндінің беттік қабығында концентрацияны төмендетеді.

Молекулалардың табиғаты мұндай жағдайда жұғуға жақсы бейім келеді. Дененің гидрофилмен гидрофобтардын бөлінуіне байланысты сумен жұғуына немесе жұқпауына. байланысты болады. Гидрофилдерге негізінен сульфитті-спиртті бардалар, гидрофобтарға-мылонафт; асидол-мылонафт, олеин қышқылы және т.б. жатады. Цементке арнаулы қосылатын органикалық заттар кейбір құрылыстық техникалық қасиеттерді жақсартады. Осы көрсетілген беттік активті заттарды (БАЗ) пайдалану арқылы жаңа цементтің түрін- пластафицирленген және гидрофобты алуға болады.

Ұсынылатын әдебиет: [3-5].



4 Тақырып Бетондарға және басқа құрылыс материалдарына арналған толтырғыштар туралы мәліметтерді алу әдістері. Ерітінді және бетон қоспаларының қасиеттерін анықтаудың реологиялық әдістері

Жоспар

1 Бетондарға және басқа құрылыс материалдарына арналған толтырғыштар туралы мәліметтерді алу әдістері

2 Ерітінді және бетон қоспаларының қасиеттерін анықтаудың реологиялық әдістері

Бетонға ұсақ және ірі толықтырғыштар пайдалылады. Ірі толықтырғыштардың түйіршіктерінің мөлшері 5 мм жоғары, ал ұсақ толықтырғыштардың түйіршіктерінің мөлшері 0,14-тен 5 мм дейін болып келеді.

Толықтырғыштар бетонның 80 % дейін көлемін алады және де бетонның қасиетіне, өзіндік құнына айтарлықтай әсерін тигізеді. Бетонға толықтырғыштарды қосу, бетонның құрамындағы ең қымбат және жетіспейтін цементтің шығынын азайтады. Сонымен қатар толықтырғыштар бетонның техникалық қасиетін жақсартады. Толықтырғыштар бетонның шөгуін төмендетіп, ұзақ тұратын материал алуға жағдай жасайды, өйткені цемент тасы қатайғанда 1-2 мм/м шөгеді. Шөгу деформациясының біркелкі болмауынан майда жарылыстар болуы мүмкін. Сондықтан толықтырғыштар бетонның шөгуін цемент тасына қарағанда бірнеше рет қысқартады.

Бетонға керек толықтырғыштарды дұрыс тандай білу, бетон технологиясының негізгі тапсырмасы. Бетонға керек толықтырғыштарға, бетонның ерекішелік қасиеттерін ескере отыра, талаптар қойылады. Бетонның қасиетіне толықтырғыштардың түйіршіктік кұрамы, беріктілігі және таза болуы айтарлықтай әсерін тигізеді.



Ірі толықтырғыштар. Ірі толықтырғыштарды тексеру үшін әр келген партиядан 500 т (350 м3) әр жерінен 10-15 жеке нүктеден алып араластырып орташа сынаққа үлгі алады. Ашық қоймадан сынаққа үлгі алу үшін әр нүктеден әр түрлі жоғарылықтан төменге қарай алады. Бақылауға алынатын сынақ үлгінің салмағы, тәжірибеге алынатын үлгінің салмағынан көп болу керек. Алынған жеке үлгілер мұкият араластырылып, квартования тәсілімен азайтылып немесе арнаулы бөлгіш арқылы орташа салмақтың мөлшеріне дейін, тәжірибе жүргізуге керек аз салмақтан екі есе асып түсетіндей болу керек. Тәжірибені жүргізер алдында үлгіні (20±5)°С бөлме температурасында, тәжірибеге керек ірі толықтырғыштардың және қондырғылардың, аспабтардың, судың температураларында айырмашылық болмау мақсатында ұстайды. Тәжірибеге керек салмақ мөлшерін 0,1 % дейінгі дәлдікпен анықтап алып, (110±5)°С температурада кептіру шкафында тұрақты салмағына дейін кептіреді. Бір тұтас бетон және темір бетон өнімдерін дайындау үшін тек қана ірілігі 20 мм дейінгі ірі толықтырғыштар пайдалынады. Ірі толықтырғыштардың әр фракциясы түйіршіктік құрамымен сипаттаналуы керек.

Ұсынылатын әдебиет: [ 3-7].



5 Тақырып Конгломераттық жүйелердің құрамын жобалау әдістері. Бос деформациялардың шамасын өлшеу. Бетон қасиеттерінің, ұсақ материалдардың механикалық және құрылымдық көрсеткіштерін анықтау

Жоспар

1 Конгломераттық жүйелердің құрамын жобалау әдістері

2 Бос деформациялардың шамасын өлшеу

3 Бетон қасиеттерінің, ұсақ материалдардың механикалық және құрылымдық көрсеткіштерін анықтау

Бетонның құрамын анықтауға материалдарды тандау және 1 м3 кететін шығынды есептеу болып табылады. Есептелген бетон қоспасының берілген жайлымдылығы қажет беріктілікті және бетонның басқа қасиеттерін қамтамасыз етеді.

Бетонның құрамын есептеу-тәжірибелік тәсілімен табады Бірінші кезенде судың цементке қатынасын табады. Сосын формула, кесте немесе график бойынша тексеруге алынатын құрамды тауып, тәжірибелік тексерудің нәтижесінде бетонның тиімді құрамын белгілейді. Өндірістік жағдайда бетонның құрамындағы материалдардың ылғалдылығы есепке алынады.

Судың цементке қатынасын анықтау. Бұл шаманы бетонның қажет беріктілігіне байланысты, алдын-ала тәжірибе жүргізу арқылы немесе шамамен формула бойынша анықтайды.

Тез қатаятын және химиялық қоспа қосылған бетондар, сонымен қатар байланыстырғыштардың маркасы бетонның маркасына жақын бетондар үшін, судың цементке қатынасын, сол зауытта пайдалынатын материалдардың қасиеттерін ескере отыра және қалыптау тәсілімен жылумен өңдеуі бойынша таңдайды.

Сол зауытта өніммен бір жағдайда қалыпқа салынған және буландырылған 3 кубиктің және қалыпты жағдайда 28 тәулік қатайған қалған 3 кубиктің нәтижелері бойынша, бетонның берікгілігінің С/Ц қатынасына байланыстылығының графигін тұрғызады. Алынған байланыстылық сол зауытта пайдалынған цементпен толықтырғыштардың бетонның қандайда болмасын маркасына судың цементке қатынасын анықтау үшін қажет болады.

Ұсынылатын әдебиет: [5-7].



6 Тақырып Термиялық талдау. Материалдар қасиеттерінің жылутехникалық көрсеткіштері және материалдың құрылымы мен олардың байланысы.

Жоспар

1 Термиялық талдау

2 Материалдар қасиеттерінің жылутехникалық көрсеткіштері және материалдың құрылымы мен олардың байланысы.

Жылу өткізгіштігі – материалдың өзінің қалыңдығы арқылы жылу жіберу қабілеті. Жылу өткізгіштік қасиет бүкіл жылу қоршаушы материалдар мен бұйымдар тобы үшін де, үйлердің қабырғасын көтеруге және төбесін жабуға жұмсалатын бұйымдар мен конструкциялар үшін де негізгі көрсеткіштердің бірі.

Жоғары температурада бетонның қатаюы. Темір бетон құрамаларын өндіргеңде бетонның қатаюын тездету үшін әр түрлі тәсілдер пайдаланады: механикалық - цементтің меншіктік беттігін арттыру немесе бетон немесе бетон қоспасын активтілеңдіру; химиялық - қатаюды тездететін қоспалар қосу (СаСІ2, ННК және т.б.); жылу арқылы - буландыру және электрмен қыздыру. Жылумен қатайту тәсілі бетонның қатаю уақытын 10-20 есе қысқартуға мүмкіншілік жасайды. Бұл тәсіл темір бетон құрамаларын шығаратын зауыттарда кеңінен тараған.

Қыздыру химиялық реакцияны тездетеді, яғни бетонның температурасын көтеру цементпен судың байланысуын активтілеңдіреді және бетонның қатаюын тездетеді. Мұндай жағдайда әр түрлі температурада қатаятын цемент гидратациясының фазалық құрамы іс жүзінде бірдей. Қыздырғандағы бетонның берікгілігінің өсуі қалыпты жағдайда қатайғанмен бірдей болуы мүмкін, логарифмдік байланыстылықпен өрнектелінеді, бірақта өзінің коэффициентімен

R = A (lgt – lgt0)

мұндағы А - буландырғандағы сол цементті сипатгайтын шама, МПа; t - изотермиялық ұстау кезеңі t1 кіретін жылумен өндеу уақыты және үлгілердің температурасы 60°С асатын қыздырумен салқындату уақытының бөлімі, с; орташа t = t1 + 3; t0 - қатаю кезеңінің индукциялық кезеңі, с



Төменгі температурада бетонның қатаюы. Төменгі температурада бетонның беріктілігі қалыпты жағдайға қарағанда баяу өседі. Бетонның температурасы 0°С-тан төмен болғанда қатаю тоқталады, егерде бетонға аязға карсы судың қатаюын төмендететін химиялық қоспа қосылмаса, беріктіліктің үдемелі өсуі ортаның температурасына байланысты болады. Температураның өсуі бетонның қатаюын тездетеді, әсіресе ылғал ортада.

Қыста құйылған бетон қалыптан шығарылу үшін жеткілікті беріктілік алу керек. Бастапқы кезеңдегі бетонның үсіп кетуі ерігеннен кейін және одан әрі қатаю процесі кезінде де қалыпты жағдайда қатаятын бетонмен салыстырғанда айтарлықтай беріктілігі төмен болады Мұны былай түсіндіруге болады жаңа дайындалған бетон сумен қаныққан, яғни үсігенде ұлғаяды және де толықтырғыштармен әлсіз цемент тасының беттерімен байланысты үседі. Бетонның беріктілігі қалыптыға жақын болған сайын, ол кештеу үсінеді. Сонымен қатар, ерте үсетін болса темір бетондағы шегенмен бетонның байланысы айтарлықтай төмендейді.

Ұсынылатын әдебиет: [3,5,7].

7 Тақырып Құрылыс материалдардың және конструкциялардың механикалық қасиеттерін қиратпайтын әдістермен бақылау және анықтау

Жоспар

1 Құрылыс материалдардың және конструкциялардың механикалық қасиеттері

2 Механикалық қасиеттерді қиратпайтын әдістермен бақылау және анықтау

Қиратусыз айқындау үшін механикалық және электронно-акустикалық тәсілдері қолданады. Механикалық тәсілдерде бұйымдар бетіне белгілі түрде механикалық күш әсерін тигізеді, мысалы шариктік балғамен, гидравликалық пресс пружинасының қысымымен және т.б., ал мықтылығын осы механикалық күш әсеріне кедергілік қабілеті бойынша жориды.

Электрондық-акустикалық аспаппен (УК-14 ПМ) бұйымдар беріктігін және беріктілігін анықтау әмбебап тәсілі болып табылады. Бұл тәсілді қолдана материалды бүкіл қалыңдығы бойынша зерттеп, ондағы ішкі ақауларын айқындауға болады. Бұл тәсілдің мәнісі – бетондағы ультрадыбыстық импульстың тарау жылдамдығын өлшеуде. Электрондық ультрадыбыстық аспап дыбыстан асқан тербеліс жиілігін қоздырады және импульстің өту уақытын микросекундпен өлшейді.

Ұсынылатын әдебиет: [1, 3-7 б.].



8 Тақырып Құрылыс материалдардың кеуекті құрылымын және бетін зерттеу әдістері

Жоспар

1 Құрылыс материалдардың құрылымы

2 Құрылыс материалдардың кеуекті құрылымын және бетін зерттеу әдістері

Саңылаулы толтырғыштардағы жеңіл бетондар. Жеңіл бетон дайындау үшін материалдар: жеңіл бетон үішін тез қатаятын және қарапайым портландцемент сондай-ақ қожды портландцементқолданылады. Бейорганикалық саңылаулы толтырғыштар түрінің көптігімен ерекшеленеді, оларды табиғи және жасанды деп бөледі. Олар арнайы дайындалған және өндірістің қосалқы өнімдері деп бөлінеді (отын қожы мен күлі, металдық қождар және басқалар):

1) Керамзитті шағылтасты, көбіктенетін саз балшықты, грануланы күйдіру жолымен алынған өнім, ол жеңіл және берік толтырғыш, төгілмелі тығыздығы 250-800 кг/м3 керамзит грануласының сынығы, көпіршіктің қатып қалған құрылымына ұқсайды. Ол саңлаулы толтырғыштың негізгі түрі.

2) Керамзитті құм (түйіршігі 5 мм-ге дейін) керамзит шағыл тасын өндіру кзінде алады, сондай-ақ қайнау қабаты тәсіліме ауалы күйде грануланы күйдіру арқылы да жасайды. Сонымен бірге оны 40 мм-ден жоғары керамзит тасын ұсақтау арқылы да дайындауға болады.

3) Қожды пемза. Металургия қождары тез арада салқындату арқылы оның көпіршіктенуіне алып келетін процесс нәтижесінде жасайды. Қожды пемзаның бөлшектерін ұсақтайды және илейді. Қожды пемза өндірісі металургия дамыған аудандарда көп өндіріледі. Мұнда қожды пемзаның өз құны керамзитке қарағанда арзан.

4) Түйіршектелген металлургиялық қож.

Саңылаулы түйіршіктердің өлшемі 5–7 мм, кейде 10 мм дейінгі болатын ірі құм түрінде болады.

Көбіктелген перлит. Шыны тәрізді вулканды жыныстардың су мөлшері көп, перлит обсидиандарда күйдіру жолымен дайындалады. 950–1200 оС-та су ұшып, перлит көлемі 10–20 есе көбейеді.Көбіктенген перлитті жеңіл бетон және жылуоқшаулағыш бұйымдар өндірісі үшін қолданады.

Көбіктелген вермикулит. Ол саңылаулы көбіктелген материал. Оны су құрамды слюда жынысын күйдіру арқылы алады. Бұл толтырғышты жылуоқшаулағыш жеңіл бетондар дайындау үшін қолданады.

Отынды қалдықтар(отынды қож және күл). Бүлар антрацит, тасты көмір және оның түрлері, сондай-ақ басқа қатты отындарды жағу кезінде алынатын қосалқы өнім. Күл негізінде күлді шағылтас жасайды. Отынды қождар – көмір құрамындағы бейорганикалық қосылыстардың(саз балшық) пісу және көбіктенуі нәтижесінде қазандықтарда алынатын саңылаулы бөлшекті материал. Қожда біршама ұсақталады, еленеді және қосалқы материалдардан ажыратылады.

Аглопорит. Агломерациялық машина торында саз балшық құрамында шикізат (8-10 % отын қосады) шикізатты күйдіру арқылы алады. Ол үшін жергілікті шикізат қолданады. Саз балшықты және лессты жыныстар, сондай-ақ құм, шағыл тас, қиыршық тас түрінде шығарылады.

Шунгизит. Оны шунгизитті сланс жыныстарды күйдіру арқылы жасайды. Саңылаулы толтырғыштар нығыз толтырғыштар сияқты тас 5 – 40 мм және құм 5 мм төмен болып ірілігі бойынша бөлінеді. Саңылаулы құмды 2 фракцияға 1,2 мм дейін (ұсақ құм) және 1,2 – 5 мм ірі құм болып елейді. Саңылаулы қиыршық тас (шағыл тас) мын фракцияларға бөлінеді: 5 – 10; 10 – 20; 20 – 40 мм.

Құрғақ күйіндегі төгілмелі тығыздығы бойынша саңылаулы толтырғыштар мына маркаларға бөлінелі (кг/м3): 100, 150, 200, 250, 300, 350, 400, 500, 600 ... 1200-ге дейін, бірақ 1100 жоқ.

Саңылайлы толтырғыштың беріктігі стандартты әдіспен болатты цилиндрде түйіршіктерді сығу арқылы анықтайды.

Бұл бетондар тығыздығына, т.б. қасиеттеріне сәйкес қолданылуына байланысты үш түрлі: 1) бір текше метрінің орташа тығыздығы 1400-1800 кг үлкен күштерге кедергі көрсете алатын конструктивтік бетон; 2) тығыздығы 500-1400 кг/м3 конструктивтік –жылу өткізбейтін бетон; 3) тығыздығы 500 кг/м3 дейін жылу өткізбейтін бетон болып бөлінеді.

Жеңіл (кеуек) толтырғыштардың табиғи түріне ұсатылған пемзалар, туфтар, т.б. жанар таудың атқылауы (атылуы) арқылы тез суыну әсерінен пайда болған, құрылымы аморфты кеуек заттар жатады; жасанды түрі – керамзит, аглопорит, шлакты пемза, отын шлактары, вермикулит, перлит, т.б. Соңғы екеуі ерекше жеңіл болғандықтан, жылу өткізбейтін бетон бұйымдарын өндіру үшін пайдаланылады. Мөлшері 0,14-5 мм уақ жеңіл толтырғыштардың бір текше метрінің орташа тығыздығы – 1200 кг-нан, ал мөлшері 5-40 мм ірі (малта тас түрлі) жеңіл толтырғыштарды бір текше метрінің орташа тығыздығы 1000 кг-нан аспауы керек. Мысалы, малта тас түрлі керамзиттің тығыздығы 250-800 кг/м3 аралығында, ал вермикулит пен перлит тығыздығының төменгі шегі 100 кг/м3. Құрғақ күйінде үйілген жеңіл толтырғыштар орташа тығыздығы бойынша 15 маркаға бөлінеді: 100, 150, 200, 250, 300, 350, 400, 500, 600, 700, 800, 900, 1000, 1100 және 1200.

Ұсынылатын әдебиет: [1-5].

7 Практикалық сабақтардың мазмұны – 15 сағат

Практикалық сабақтар 1

1 Тақырып Әр түрлі материалдарды физика-химиялық зерттеу әдістері. Қолдану жағдайына байланысты бұйымдардың классификациясы

Жоспар

1 Материалдардың құрамын анықтау

2 Әр түрлі материалдардың физика-химиялық қасиеттерін анықтау

Тапсырмалар:

1 Әртүрлі материалдардың негізгі химиялық және минералогиялық құрамын білу

2 Физика-химиялық қасиеттерін анықтауда қолданылатын аспаптардың жұмыс істеу принципін білу

Практикалық сабақтар 2,3

2 Тақырып Құрылымдық сипаттамаларды және құрылыс материалдардың негізгі қасиеттерін анықтау

Жоспар

1 Әртүрлі материалдардың құрамы бойынша сипатталуы

2 Құрылыс материалдардың негізгі қасиеттерін анықтауда әртүрлі әдістерді меңгеру

Тапсырмалар:

1 Физика-химиялық қасиеттерін анықтай білу



Практикалық сабақтар 4,5

3 Тақырып «Сулы ерітінді – су» шекарасында беттік керілу дәрежесінің шамасына беттік белсенді заттардың әсер етуін анықтау және байланыстырғыш заттардың қасиеттерін анықтау әдістері мен метрологиялық негіздері

Жоспар

1 Керамикалық материалдарды дайындау кезінде «Сулы ерітінді – су» жүйесінің заңдары

2 Бетон және темірбетон материалдарды дайындау кезінде «Сулы ерітінді – су» жүйесінің заңдары

Тапсырмалар

1 Негізгі материалдар мен қоспалардың жайылу, байланысу принциптерін және жүйелерін білу және түсіну



Практикалық сабақтар 6,7

4 Тақырып Бетондарға және басқа құрылыс материалдарына арналған толтырғыштар туралы мәліметтерді алу әдістері. Ерітінді және бетон қоспаларының қасиеттерін анықтаудың реологиялық әдістері

Жоспар

1 Бетонға қажетті майда толтырғыштар.

2 Бетонға қажетті ірі және кеуекті толтырғыштар.

Тапсырмалар

1 Толтырғыштың сеуіп салғандағы тығыздығын, кеуектілігін, ылғалдылығын анықтау әдістері мен аспаптарын білу



Практикалық сабақтар 8,9

5 Тақырып Конгломераттық жүйелердің құрамын жобалау әдістері. Бос деформациялардың шамасын өлшеу. Бетон қасиеттерінің, ұсақ материалдардың механикалық және құрылымдық көрсеткіштерін анықтау

Жоспар

1 Әртүрлі конгломератты жүйелерді жобалау



Тапсырмалар

1 Конгломераттық жүйелердің құрылымдық көрсеткішінің механикалық қасиеттерге әсері



Практикалық сабақтар 10,11

6 Тақырып Термиялық талдау. Материалдар қасиеттерінің жылутехникалық көрсеткіштері және материалдың құрылымы мен олардың байланысы.

Жоспар

1 Әртүрлі конгломератты жүйелердің жылутехникалық көрсеткіштері



Тапсырмалар

1 Конгломераттық жүйелердің құрылымдық көрсеткішінің жылутехникалық қасиеттерге әсері



Практикалық сабақтар 12,13

7 Тақырып Құрылыс материалдардың және конструкциялардың механикалық қасиеттерін қиратпайтын әдістермен бақылау және анықтау

Жоспар

1 Әртүрлі конгломератты жүйелердің механикалық көрсеткіштері



Тапсырмалар

1 Конгломераттық жүйелердің құрылымдық көрсеткішінің механикалық қасиеттерге әсері



Практикалық сабақтар 14,15

8 Тақырып Құрылыс материалдардың кеуекті құрылымын және бетін зерттеу әдістері

Жоспар

1 Құрылыс материалдардың кеуекті құрылымын зерттеу



Тапсырмалар

1 Құрылыс материалдардың кеуекті құрылымын анықтау әдістері


8 Өздік жұмысының тапсырмалары

Тақырып 1 Әр түрлі материалдарды физика-химиялық зерттеу әдістері. Қолдану жағдайына байланысты бұйымдардың классификациясы

1 Келесі сұрақтарды дайындау:

1 Әрлеу материалдарын физика-химиялық зерттеу әдістері.

2 Гидрооқшаулағыш материалдарын физика-химиялық зерттеу әдістері.

2 Сұрақтарға жауап беру

Тақырып 2 Құрылымдық сипаттамаларды және құрылыс материалдардың негізгі қасиеттерін анықтау

1 Келесі сұрақтарды дайындау:

1 Әрлеу және гидрооқшаулағыш материалдарының қасиеттері мен сипаттамалары



2 Сұрақтарға жауап беру

Тақырып 3 «Сулы ерітінді – су» шекарасында беттік керілу дәрежесінің шамасына беттік белсенді заттардың әсер етуін анықтау және байланыстырғыш заттардың қасиеттерін анықтау әдістері мен метрологиялық негіздері

1 Келесі сұрақтарды дайындау:

1 Органикалық шикізаттар негізіндегі өндеу материалдарының қасиеттерін анықтау



2 Сұрақтарға жауап беру

Тақырып 4 Бетондарға және басқа құрылыс материалдарына арналған толтырғыштар туралы мәліметтерді алу әдістері. Ерітінді және бетон қоспаларының қасиеттерін анықтаудың реологиялық әдістері

1 Келесі сұрақтарды дайындау:

1 Толтығыштар өндірісінің ерекшеліктері



2 Сұрақтарға жауап беру

Тақырып 5 Конгломераттық жүйелердің құрамын жобалау әдістері. Бос деформациялардың шамасын өлшеу. Бетон қасиеттерінің, ұсақ материалдардың механикалық және құрылымдық көрсеткіштерін анықтау

1 Келесі сұрақтарды дайындау:

1 Асбестцемент, полимербетон т.б. материалдардың құрылымдық көрсеткіштерінің ерекшеліктері



2 Сұрақтарға жауап беру

Тақырып 6 Термиялық талдау. Материалдар қасиеттерінің жылутехникалық көрсеткіштері және материалдың құрылымы мен олардың байланысы.

1 Келесі сұрақтарды дайындау:

1 Көпқабатты материалдардың жылутехникалық көрсеткішінің ерекшеліктері



2 Сұрақтарға жауап беру

Тақырып 7 Құрылыс материалдардың және конструкциялардың механикалық қасиеттерін қиратпайтын әдістермен бақылау және анықтау

1 Келесі сұрақтарды дайындау:

1 Ультрадыбыс әдісімен материалдардың қасиеттерін анықтау



2 Сұрақтарға жауап беру

Тақырып 8 Құрылыс материалдардың кеуекті құрылымын және бетін зерттеу әдістері

1 Келесі сұрақтарды дайындау:

1 Жылуоқшаулағыш материалдардың кеуекті құрылымын қиратпайтын әдіспен анықтау



2 Сұрақтарға жауап беру
10 МОӨЖ бойынша кеңес беру графигі (МОӨЖ 25% МӨЖ-дан құрастырылады)

МӨЖ орындалу мерзімі сабақ кестесіне сәйкес өзгеруі мүмкін.


Жаңа оқу семестр бойынша МОӨЖ кестесіне сәйкес




Сабақтын түрлері

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

1

Дәріс бойынша

сұрақтарға

кеңес беру











13:40-14:30







2

Тәжірибе сабақтар

бойынша сұрақтарға кеңес беру









16:55-17:45










3

СӨЖ бойынша

сұрақтарға кеңес

беру








12:35-13:45












11. Оқушылардың білімінің тексеріс кестесі

Практика және дәріс сабағына қатысуы (семинарлық, зертханалық, жеке, студиялық сабақтар) 0-100 балмен бағаланады.

Сабақ кестесіне сәйкес тапсырмалардың орындалуын тексеру.

12. Магистранттардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі

Семестрдің ортасында және соңында 100 балдық шкаламен пәннің оқылған модулі бойынша ағымдағы үлгерімнің (АҮ) бағасы анықталады. Ағымдағы үлгерімнің бағасы келесі балдардың жиынтығынан тұрады:



  • сабақтарға дайындық, топта белсенді жұмыс жасау, бақылау шараларға қатысу;

  • өздік және зертханалық жұмыстарды уақытында, сапалы орындау және қорғау;

  • курстық жұмыстың/жобаның бөлімдерін уақытында, сапалы орындау;

  • сабаққа қатысу және басқа.

Межелік бақылаудың (МБ) бағасы да 100 балдық шкала бойынша анықталады.

АҮ және МБ бағаларының қорытындысы негізінде пән бойынша магистранттың рейтингі (Р1 және Р2) анықталады:



Р1(2) = АҮ1(2)*0,7 + МБ1(2)*0,3.

Семестрде пән бойынша магистранттың жіберу рейтингінің бағасы тең:



ЖР= (Р1+Р2)/2

Әр пән бойынша (пәннің қорытынды бақылау түрі мемлекеттік емтихан болса да) студенттердің оқу жетістіктері қорытынды бағамен (Қ) анықталады. Қорытынды баға ЖР және ҚБ (емтихан, дифференциалды сынақ немесе курстық жұмыс (жоба)) салмақтық үлестер негізінде есептеледі (СҮжр және СҮқб):



Қ = ЖР*СҮжр + ҚБ*СҮқб

Жіберу рейтингтің және қорытынды бақылаудың салмақтық үлестері 0,6 және 0,4 сәйкес тең болады.

Пән бойынша жіберу рейтингі де, емтихан бағасы да оң бағаланған жағдайда ғана қорытынды баға есептеледіДәлелсіз себеппен қорытынды бақылауға келмеген жағдайда, «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға теңеріледі. Пәннен емтихан және аралық аттестаттау нәтижелері студенттерге сол күні айтылады, егер емтихан жазбаша түрде түстен кейін жүргізілсе, онда келесі күні айтылады.

Оқу жетістіктері, яғни білім, магистранттардың «Материалдарды физика – химиялық зерттеу әдістері» пәні бойынша дағдылары балды-рейтингті жүйесі бойынша бағаланады:





Балмен есептегендегі қорытынды баға (Қ)

Балдың цифрлық баламасы (Ц)

Әріптік жүйедегі баға (Ә)

Дәстүрлі жүйедегі баға (Д)

95-100

4,0

A

Өте жақсы

90-94

3,67

A-




85-89

3,33

B+




80-84

3,0

B

Жақсы

75-79

2,67

B-




70-74

2,33

C+




65-69

2,0

C

Қанағаттанарлық

60-64

1,67

C-




55-59

1,33

D+




50-54

1,0

D




0-49

0

F

Қанағаттанарлықсыз


13 Оқытушының талаптары, саясаты мен тәртібі

«Материалдарды физика – химиялық зерттеу әдістері» пәнін оқу кезінде мына ережелерді ұстануды сұраймын:

1 Сабаққа кешікпеу.

2 Себепсіз сабақты босатпау, ауырып қалған жағдайда анықтама әкелу.

3 Магистранттың міндетіне сабақтың барлық түріне қатысу кіреді.

4 Оқу үрдісінің күнтізбелік кесте бойынша барлық бақылау түрлерін тапсыру.

5 Босатқан тәжірибелік сабақтарды оқытушының айтқан уақытында өтеу.

6 Кафедраның аудиториялық қорына шығын келтірмеу.

7 Жоғарғы оқу орнының талаптарын бұлжытпай орындау.

8 Курстастарыңа және оқытушыға сабырлық, ашықтық және игілікпен қарау.

9 Сабақ барысында ұялы телефондар сөндірілулі болуы тиіс.

10 Оқытушы сабақ түсіндіріп жатқанда дауыстап сөйлеуге болмайды. Екінші ескертуден кейін магистрант аудиториядан шығарылады. Сабақ барысында сабақтан тыс тақырыптар рұқсат етілмейді.

Тапсырманы маңызды себеппен кешігіп тапсырса, айыптық санкциялар болмайды.

Егер сіз белгілі бір маңызды себептермен бақылау шараларды босатсаңыз, сізге оны оқытушының айтқан уақытында (МБ мен ҚБ деканның рұқсатымен ) қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі. Тапсырмаған жағдайда сіз «0» балл аласыз.

Жұмысты уақытында тапсыру керек. Барлық тапсырмалар ең кеш дегенде емтихан сессия басталуға 3 күн қалғанға дейін тапсырылу қажет.

Барлық тапсырмалар мен ЕГЖ-ді тапсырмаған магистранттар, емтиханға жіберілмейді.

Өткен сабақтағы материалды қайталау мен өңдеу әрбір сабақта болуы міндетті. Магистранттың материалды қаншалықты түсінгені тестілеу мен жазбаша түрде тексеріледі. Тестілеу алдын-ала ескертусіз жүргізілуі мүмкін.

Сіздердің міндеттеріңіз сабаққа дайындалып келу. Бар әдебиетті қолданыңыз және оны кітапханадан алыңыз.

Басқаның жұмысын көшіру мен әдебиет материалдарды өңдеусіз қолдануға тыйым салынады.

Дәріс конспектілерін жүргізу міндетті. Дәріс бойынша конспект 8-ші және 15-ші апталарда тексеріледі.


14 Әдебиет тізімі

Негізгі

  1. Аскаров Е.С. Стандартизация, метрология и сертификация. Учеб. пособие – Алматы,2005 – 276 с.

  2. Акмалаев К.А. Құрылыс алаңында бетонды тексеруге арналған: Оқу құралы. – Алматы: 2007. – 147 б.

  3. Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс материалдары мен бұйымдары.: Тараз: Сеним, -2007, 1 том-576-бет. 2 том -472-бет.

  4. Горбунов Г.И. Основы строительного материаловедения. Учеб. пособие – М.: АСВ, - 2002 – 167 с.

  5. Мчедлов-Петросян О.П. Химия неорганических строительных материалов. - М.: Стройиздат, 1988 – 304 с.

  6. Попов К.Н., Каддо М.Б., Кульков О.В. Оценка качества строительных материалов. (Физико-механические испытания строительных материалов). – М.: Издательство Ассоциация строительных вузов, 2001 –238с.

  7. Хигерович М.И., Меркин А.П. Физико-химические и физические методы исследования строительных материалов. -М.: «Высшая школа»,1968 – 191 с.


Қосымша

  1. Акмалаев К.А. Бетонтану негіздері. Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТУ, 2012. – 241 б.

  2. Жақыпбеков Ш.Қ., Ибраимбаева Г.Б. Әрлеу материалдарының технологиясы. Оқу құралы. – Алматы: ҚазБСҚА, 2012. – 188 б.

  3. Акмалаев К.А. Цемент және одан жасалынатын құрылыс материалдары: Оқу құралы. – Алматы: ҚазККА, 2007. – 174 б.

  4. Аскаров Е.С. О научной работе. Руководство для аспирантов, соискателей и магистрантов. - Алматы, 2002. - 186 с.

  5. Баженов Ю.М., Вознесенский В.А. Перспективы применения математических методов в технологии сборного железобетона. - М.: Стройиздат, 1974 – 200 с.

  6. Горчаков Г.И., Баженов Ю.М. Строительные материалы - М.: Стройиздат, 1986. – 556 с.

  7. Горчаков Г.И., Мурадов Э.Г. Основы стандартизации и контроля качества продукции - М.: Высшая школа, 1977. -335 с.

  8. Домокеев А.Г. Строительные материалы М.: Высшая школа, 1989. - 495 с.

  9. Закин Я.Х., Рашидов Н.Р. Основы научного исследования. - Ташкент, 1981. - 207 с.

  10. Основы научных исследований. Под редакцией Крутова, Попова В.В. -М.: «Высшая школа», 1989. – 400 с.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет