Пән оет 1109 «Экономикалық теория негіздері» Мамандықтар: 5В140100-Ақпаратық жүйе, 5В030100- зангерлік, 5В090200-Туризм, 5В072700 – Азық-түлік өнмдерінің технологиясы



бет4/5
Дата01.07.2016
өлшемі0.55 Mb.
#171264
1   2   3   4   5

Тапсырмалар:

1. Кестеде көрсетілген анықтамалардың қайсысы натуралды шаруашылықты, қайсысы тауар шаруашылығына түсінік беретінін табыңыз.






Анықтамалар

Ұйымдастыру формалары

1

Тұйықталған экономикалық шеңберде дайын өнімді өндіру және тұтыну жүреді




2

Жеке сала щеңберінде шаруашылық байланыстармен дәстүрлік салтта еңбек процесі жүзеге асырылады.




3

Өндіріс меншіктің дара еңбегіне негізделе отырып, жалдамалы жұмыс күшін де қолданады.




4

Дайын өнім меншік иегерінің иелігінде болады және рынокта еркін сатуға белгіленген.



2. Бос төртбұрыштарға сәйкес келетін анықтаманы қойыңыз.




Натуралды шаруашылық

3. Төменде келтірілген анықтамалардың қайсысы марксистік экономикалық ілімге, қайсысы –неоклассикалық теорияға дұрыс келеді?




Анықтама

Теория

Тауар – сату-сатып алу жолымен айырбасқа арналған еңбек өнімі




Тауар – төлемқабілетті сұранымға ие айырбасқа арналған шектелген экономикалық игіліктер.



4. Келесі тезистер ақшаның қай теориясына сай келеді?






Тезистер

Ақша теориясы

1

Бұл теорияның өкілдері ақша табиғатының құнын теріске шығарып, ақша мәнін айырбастың техникалық құралы ретінде қарастырады.




2

Бұл теорияға сай ақша құны номиналмен анықталады



5. Кестені толтырыңыз.






Ақшаның мазмұнды қызметі

Ақша қызметтерінің атауы

1

Келешекте қоғамда тауарлар мен қызметтерді тұтынуды жақындастырудың мүмкіншіліктері мен қабілеттерін қамтамасыз ету.




2

Тауарлар мен қызметтердің құнын өлшеу қабілеті




3

Тауарлар мен қызметтерді сатып алу, сондай-ақ салықтарды төлеу қабілеті



6. Төмендегі ситуацияның қайсысы ақша қызметінің мәнін толық көрсетеді:






ситуациялар

Ақша қызметтері

1

Көлік сатып алу үшін сізге ақша керек, ол үшін қала шетіндегі үйіңізді сатпақ ойыңыз бар.




2

Сіз үнемделген ақшаны жинақ банкісінен шот ашып салып қойдыңыз.




3

Ақша жетпегендіктен, Сіз тоңазытқышты несиеге сатып алдыңыз.





Тестілік сұрақтар:

1. Төменде көрсетілген анықтамалардың қайсысы натуралды шаруашылықты теріс сипаттайды:

а) натуралды шаруашылықта адам өзіне қажетті заттарды өзі өндіріп алады;

ә) натуралды шаруашылықта өндірілген өнім айырбасқа түспейді;

б) натуралды шаруашылықта өндірушілердің бір – біріне тәуелділігі күшейеді;

в) натуралды шаруашылықта өндіріс тиімділігі төмен (өндірілген өнім өндірушінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға әрең жетеді).

2. Тауар шаруашылығы мәнін қай анықтама теріс бұрмалайды:

а) тауар шаруашылығы еңбек бөлінісі болғанда ғана өмір сүреді;

ә) тауар шаруашылығында өндірушінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өнім өндіріледі;

б) тауар шаруашылығы айырбассыз мүмкін емес;

в) тауар шаруашылығында тұтынушыларға қажет өнім өндірісі жүзеге асады.

3. Несиелік ақшалар қандай қызметтерді орындайды:

а) айналым құралы;

ә) төлем құралы;

б) жинақ құралы;

в) дұрыс жауап жоқ.

4. Ақшаның номиналды құны өзгермесе, ал тауарлар мен қызметтердің бағасы екі есеге артса, ақшаның төлем қабілеттілігі:

а) екі есеге артады;

ә) екі есеге азаяды;

б) төрт есеге азаяды;

в) өзгермейді;

г) 1,5 есеге артады.


Әдістемелік ұсыныстар. Дайындықты ұсынылатын әдебиеттерді оқудан бастап, «натуралды шаруашылық», «тауарлы шаруашылық» түсініктеріне анықтама беріңіз, құнның жалпы эквивалент ретінде ақшаның пайда болу процесі мен айырбас қатынастарының мәнін анықтаңыз. Әрі қарай «тауар» категориясы, оның қасиеттері, «ақша» экономикалық категориясын, ақша қызметтерін зерттеуге көңіл бөліңіз.
6 тақырып. Нарық: түрлері, құрылымы, үлгілері.

СӨЖ тапсырмалары:

  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындық.

  2. Өзіндік бақылау сұрақтарына жауап беру.

  3. Берілген тапсырмаларды орындау.

  4. Тестілік сұрақтарға жауап беру.

  5. Төмендегі тақырыптарға рефераттар дайындау: «Бұрыңғы кеңестік елдер кеңістігіндегі нарықтық қайта құрулар», «Қазақстан Республикасы жедел экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында».


Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Нарықтың мәні мен атқаратын қызметтері қандай?

  2. Нарық қатынастарының субъектлерін атаңыздар

  3. Нарық инфрақұрылымы неден құралады?

  4. Нарық түрлері қандай?

  5. Нарықтың жіктемесін келтіріңіздер.


Әдістемелік ұсыныстар. Дайындықты ұсынылатын әдебиеттерді оқудан бастап, нарық, нарықтық инфрақұрылымы, нрықтық экономиканың үлгілеріне тоқталып, нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау.
7 тақырып. Сұраныс пен Ұсыныс. Бәсеке және монополия.

СӨЖ тапсырмалары:

  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындық.

  2. Өзіндік бақылау сұрақтарына жауап беру.

  3. Берілген тапсырмаларды орындау.

  4. Тестілік сұрақтарға жауап беру.

  1. «Тұтынушы талғамының теориясы» және «Пайдалылықты тұтушы максимизациялауының кардиналисттік және ординалисттік пайымдаулары» сұрақтары презентация түрінде талқыланады

  2. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.


Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Тұтынушының тауарға сұранымының негізі не?

  2. Сұранымға қандай факторлар және қалай әсер етеді?

  3. Сұраным қисығы нені көрсетеді? Баға мен сұраным көлемі арасындағы тәуелділік сипаты қандай?

  4. Сұраным заңының негізін қандай факторлар құрайды?

  5. Қандай факторлардың әсерімен график бойынша сұраным қисығы жылжуы мүмкін?

  6. Не себептен ұсыным көлемі тауарға баға көтерілгенде ұлғаяды және керісінше?

  7. Егер бензиннің бағасы көтерілсе, көліктің ұсыным қисығы өзгере ме?

  8. Ұсыным қисығының төмен жылжуының экономикалық мәні қандай?

  9. Нарық ұзақ мерзім бойы теңсіздік күйінде тұра ала ма?


Тапсырмалар:

  1. Тауар- субституттың бағасы өзгерсе, тауарға сұраным өзгере ме?

  2. Келесі тауарлар өзара алмасушы және өзаратолықтырушы болып санала ма?




Тауар түрлері

Тауарға сұраным көлемі, Х

Тауар бағасы Y тенге

айран

Q1=15

Q2=25

Y – ряженка

P1=40



P2=55

Сүт

Q1=125

Q2=100

Y-кофе

P1=120



P2=180

Коньяк

Q1=32

Q2=28

Y- шарап

P1=500



P2=340

Балмұздақ

Q1=38

Q2=30

Y-сироп

P1=80



P2=100

Апельсин шырыны

Q1=100

Q2=100

Y- ірімшік

P1=60



P2=100

3. Айталық, тұтынушы А тауарының әр түрлі көлемін тұтынғаннан кейін онық жалпы пайдалылығын шартты белгіде бағалай алады. Бағалану келесі кестеде көрсетілген:




А тауарының саны

1

2

3

4

5

6

TU

15

29

42

53

62

70

MU


















Тұтынушының А тауарын тұтынғаннан шекті пайдалылығын анықтаңыз. Сіз есептеген шекті пайдалылық шекті пайдалылықтың азаю заңына сәйкес келе ме?


4. Көп нүктенің орнына сәйкес келетін түсініктер мен анықтамаларды қойыңыз.

А. Арзан тауарлар..............

Ә. Гиффен тауары.............................

Б. Қымбат тауарлар..........................


1. .................... тұтыну сапасы төмен, жалпы тұтынушылық шығындарда алатын орны үлкен емес, бағаның төмендеуі ол тауарға сұранымды ұлғайтады немесе мүлдем рыноктан ығыстырады.

2. ................. сатып алушының әлеуметтік жоғары мәртебесін көрсететін айрықша сұранымға байланысты, бағаның төмендеуі «Веблен тиімділігі» тартымдылығын кемітуге алып келуі мүмкін.

3. ................. тұтыну құрылымында орын алады. Бағаның көтерілуі сұранымның өсуіне, бағаның төмендеуі сұранымның азаюына алып келеді.
Тестілік сұрақтар:

1. Сұраным заңы - бұл:

а) ұсынымның сұранымнан артуы, бағаны төмендетеді;

ә) егер тұтынушылардың кірісі ұлғайса, сатып алатын тауар көлемі де өседі;

б) сұраным қисығының төмен жылжуы жағымды жағдаймен байланысты болады;

в) тауар бағасы төмендесе, сатып алу көлемі ұлғаяды.

2. Х тауарының сұраным қисығының өзгеруі неге байланысты болуы мүмкін?

а) кейбір себептерге байланысты, Х тауарының ұсынымы азайды;

ә) Х тауарының бағасы көтерілді, осымен байланысты ол тауарға сұраным азайды;

б) Х тауарына сұраным күрт өсті, сондықтан стаып алу көлеміне оның бағасының жоғарлауы әсер етпейді;

в) Х тауарының бағасы төмендеді, оған деген сұраным ұлғайды.

3. Басқа шарттар өзгерген жоқ, бірақ тауар бағасы өссе, ұсыным заңы келесі жайдан көрінеді:

а) ұсынымның өсуі;

ә) ұсынымның азаюы;

б) ұсыным көлемінің өсуі;

в) ұсыным көлемінің азаюы.

4. Тауар нарығы тепе- тең жағдайда болады, егер:

а) тауарға деген сұраным оған деген ұсыныммен тең болса;

ә) нарықта тауар тапшылығы, молшылығы болмайды;

б) берілген баға бойынша тұтынушы тауардың нақты санын сатып алуға, ал сатушының тауардың дәл сондай нақты санын сату ойы бар;

в) сұраным көлемі тауарға деген ұсыным көлемінен төмен.

5. Егер сұранымның икемділік коэффициенті кіріс бойынша 0-ден жоғары, 1-ден аз болса, онда мұндай тауар:

а) аса керемет тауар;

ә) күнделікті қажет тауар;

б) сапасы төмен тауар;

в) сапасы жоғары тауар.


Әдістемелік ұсыныстар. Дайындықты ұсынылатын әдебиеттерді оқудан бастап, сұраным және ұсыным заңдарына түсінік беріп, сұраным және ұсыным қисығын салыңыз, сонымен бірге, сұраным мен ұсынымға әсер ететін факторларды анықтаңыз. Нарық тепе- теңдігін зерттеңіз. «Икемділік» оны баға және кіріс бойынша меңгеріңіз. «Тұтынушылық таңдау теориясы», «Монополияға қарсы заңдар мен монополияға қарсы саясат» сұрақтарын презентация формасында талқылаған дұрыс.

8 тақырып. Капитал (қорлар). Ауыспалы айналым мен айналым

СӨЖ тапсырмалары:

  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындау.

  2. Өзін-өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

  3. Тақырыпта берілген тапсырманы орындау

  4. Тақырыптағы претензияға дайындалу. «Тозу түрлері» негізгі капиталдың амортизациясы

  5. Тақырыптағы рефератты жазу «Инвестиция және оның түрлері», «ҚР инвестициялық саясат».


Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Өндіріс және ұдайы өндіріс деген не?

  2. Қандай ұдайы өндірісті білесіз?

  3. Маркстің «капитал» туралы түйіндісінің басқа теорияға қарағандағы түбегейлі айырмашылығы

  4. «Адам капиталын» қалай түсінесіз?

  5. Маркстік емес капитал анықтамасының жалпылығы неде?

  6. Капитал өзінің қозғалысында капиталдың негізгі функционалдық формалары қандай?

  7. «Капитал айналымы» дегеніміз не?

  8. Өндіруші капиталдың қандай бөлімі негізгі және айналыс капиталы болып есептеледі?

  9. Моральдық тозудың І-түріне әсер ететін себептері қандай?

  10. Амортизацияны түзетуді қалай түсінесіз.


Тапсырма:

  1. Жіберілген элементтерді толтырыңдар:

..... Т - ӨҚ, ЖК ... Ө...Т' - ....

  1. Кестедегі жіберілген ұяларды толтырыңыз:

Негізгі және айналым капиталының негізгі айырмашылығы қандай?




Негізгі капитал

Айналыс капиталы

Нені қосады?

Еңбек құралдарын (станоктар, машиналар, өндірістік ғимараттар, құрылыстар)




Қалай қатысады?

Бірнеше рет



3. Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларының орташа жылдық құны 40-тан 45 млн. теңгеге дейін ұлғайды, ал осы уақыттағы өнім шығару 42-ден 50 млн. теңгеге дейін өсті. Қор қайтарымдылығы мен қор сыйымдылығының көрсеткіштері қалай өзгерді?


Тестілік сұрақтар:

1. Белгілі игілікті не капитал қылады:

а) сыртқы бейнесі, осы игіліктің физикалық табиғаты;

б) осы игілік құндылығына деген біздің субъективті қатынасымыз;

в) осы игіліктің объективті нарықтық құны;

г) осы игілікті пайдалану тәсілі.

2. Негізгі капитал түсінігіне не кіреді:

а) станок, машиналар, құрал – жабдықтар; ғимарат, құрылыстар;

б) дайын өнім;

в) еңбекақы, құнды қағаздар;

г) шикізат, материалдар.

3. Негізгі капитал элементтерінің тұтыну құнын жоғалтуы – бұл:

а) материалдық тозу;

б) 1-тектегі моралдық тозу;

в) 2-тектегі моралдық тозу;

г) жауаптардың барлығы дұрыс.

4. Өндірістік капитал функциясы мынадан тұрады:

а) фирма үшін пайда табу;

б) тауар өткізу және пайда алу;

в) фирма іс - әрекетін болжамдау;

г) пайда табу үшін жағдай жасау.
Әдістемелік ұсыныстар. Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиетті талдаудан бастау керек. Дайындалу барысында ең алдымен, «өндіріс», «ұдайы өндіріс» түсініктеріне назар аударып, ұдайы өндіріс модельдерін талдау керек. Содан кейін экономикалық категория ретіндегі капиталды қарастырып, капитал айналымын, негізгі және айналым капиталын зерттеу керек. «Тозу түрлері. Негізгі капитал амортизациясы» сұрақтарын презентация түрінде қарастыру.Әдебиетті талқылаудан бастау керек. Тозу турлері
9 тақырып. Өндіріс шығындары. Өндіріс факторларынан түсетін табыстар.

СӨЖ тапсырмалары:


  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

  2. Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

  3. Есептерді шығару

  4. Тапсырмаларды орындау

  5. Тест сұрақтарына жауап беру

  6. «Еңбек өндіріс факторы ретінде және еңбекақы еңбек бағасы ретінде», «Капитал өндіріс факторы ретінде және пайыз капитал меншік иесінің факторлық табысы ретінде», «Пайда кәсіпкердің факторлық табысы ретінде, оның мәні, түрлері және функциялары» тақырыптарына шағын презентациялар дайындау

7. «Жер және ҚР-ғы жер қатынастары» тақырыбына реферат дайындау

8. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру


Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Фирмаға орташа шығындарды не үшін есептеу керек?

  2. Экономикалық және бухгалтерлік шығындардың айырмашылықтарын көрсету керек. Қандай шығындар көп? Неге?

  3. Сатудан түскен табыс пен шығындар арасындағы және шығындар мен пайда арасындағы өзара байланысты сипаттаңдар.

  4. Еңбекақының негізгі формаларын атаңдар. Олардың қайсысы сіздің ойыңызша неғұрлым прогрессивті болып табылады?

  5. Өндіріс факторы ретіндегі жердің ерекше қасиеттерін анықтаңдар. Дифференциалды, абсолютті, монопольді ренталардың мәні неде?

  6. Жер бағасына қандай факторлар ықпал етеді? Жер учаскесін бағалау неден тұрады?


Тапсырмалар:

  1. Дұрыс формуланы жазыңыз: жалпы табыс, орта табыс, шектеулі табыс.

  2. формуланың дұрыс вариантын көрсетіңдер:

Бухгалтерлік пайда = жалпы түсім + бухгалтерлік шығын

Бухгалтерлік пайда = жалпы түсім - бу хгалтерлік шығын

Бухгалтерлік пайда = экономикалық түсім + бухгалтерлік шығын

Экономикалық пайда = жалпы түсім (сырты – ішкі шығын)

Экономикалық пайда = жалпы түсім (сырты ішкі шығын)

Экономикалық пайда = жалпы түсім + (сырты + ішкі шығын)

Экономикалық пайда = жалпы түсім - (сырты +ішкі шығын)

3.Шолпанның иелігіндегі кішкентай ательесі тері киімдер тігеді. Онымен бірге бұл ательеде Мақпал жұмыс істейді. Шолпан оған айына 8000 теңге төлейді, сонымен қатар жылына 200000 теңге үйді жалға алуға байланысты аренда төлейді. Сонымен бірге құрал-жабдықтар үшін 40000 төлейді. Егер өзінің ақшасын басқа жағдайға жұмсамаса 80000 мың теңге табыс алар еді. Шолпан бизнеспен шұғылдану үшін өзінің жақсы жұмыс орнынан бас тартқан жалақысы 12000 теңге. Анықтаңыздар: бухгалтерлік және экономикалық шығынның деңгейін, көрсетілген шығындардан басқа Шолпан әр түрлі салықтар төлейді, оның мөлшері 40% жылдық жиынтық шығынның.




Атауы

Бухгалтерлік шығындар

Экономикалық шығын

Мақпалдың жылдық жалақысы

96000

96000

Арендалық төлем

20000

20000

Құрал-жабдықтың құны

40000

40000

Альтернативтік табыс

-

80000

Жұмысты жоғалтуға байланысты табыс

-

144000

Салық

134400

134400

Барлығы

470400

694400


Есептер:

  1. Студент каникул кезінде 300 мың теңге табыс табуы мүмкін, не ағылшын тілі курсына баруға болады. Ағылшын тілі курсын таңдап барса, оның шығыны мына жүйені құрайды:

Оқу үшін төлем – 200 теңге

Курс үшін оқулық – 30 теңге

Жол шығыны – 40 теңге

Тамақ үшін шығын – 300 теңге

Альтернативтік шығын неге тең болады?


  1. Кәсіпорынның жиынтық табысы 600 мың ақша бірлігін құрайды. Сонымен бірге шикізат және материалдарға 150 мың ақша бірлігі. Кәсіпорынның бухгалтерлік және таза экономикалық пайдасын анықтаңдар?

  2. Жер учаскесінің бағасы қандай болады, егер жер иесі жыл сайын 50 мың ақша бірлігінде жер рентасын алады, банк салымшыға 10 % жылдығына төлейді.


Тестілік сұрақтар:

  1. Ұзақ уақыт мерзімінде барлық шығындар болып табылады

а) тұрақты

б) тұрақты, өзгермелі және барлығы

в) өзгермелі

г) бухгалтерлік және экономикалық



  1. Жалпы ақша түсімінің суммасын, фирманың өндірілген өнімді сату кезінде алғаны аталады?

а) орташа табыс

б) барлық табыс

в) шектеулі табыс

г) кәсіпкерлік табыс



  1. Өндірістің ерекше факторы, ынталандыруды пайдалану, тапқырлық және тәуекелге бару өндірісті ұйымдастыру – бұл:

а) еңбек

б) жер


в) капитал

г) кәсіпкерліктің іскерлігі



  1. Мерзімдік жалақының ерекшелігі мына жағдайда болады.

а) ол өндірістегі жұмыс уақытының мөлшерімен анықталады, себебі ол еңбектің күндік ақысы бойынша анықталады.

б) жұмысшының жалақысы өндірілген өнімнің көлемі арқылы анықталады.

в) Еңбектің саны мен сапасы өндірілген өнім арқылы анықталады

г) ол ынталандырады, еңбектің өнімділігімен және интенсивтігімен, жұмысшылар арасындағы айырмашылыққа тереңдетеді еңбекақыны төлеуде



  1. Төменде көрсетілгеннің қайсысы ерекше қажетті өндірістік фактор негізінде дұрыс емес:

а) жер қабілеті табиғи және жасанды құнарлығы жағынан

б) Жер учаскелерінің құнарлығы жағынан айырмашылығы

в) Жер - өндіріс құралы, еркін өндіруге болады

г) адамдардың әсері жер құнарлығына шексіз емес



  1. Рентаның пайда болуы жер ресурстарының қандай шектеу түрімен байланысты? Сонымен бірге жер учаскесінің тұрған орнымен ауылшаруашылық айналымына кіргізу тек қана жақсы, не орташа және нашарлығына байланысты ма?

а) дифференциалдық рента І

б) дифференциалдық рента ІІ

в) абсолюттік ренталар

г) монополиялық ренталар



  1. Жалпы түсіммен, анық және жүктелген шығындардың аралығындағы айырмашылықты құрайды

а) экономикалық пайда

б) Бухгалтерлік пайда

в) монополиялық пайда

г) қарапайымдық пайда


Әдістемелік ұсыныстар. Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиетті талдаудан бастау керек. Аталмыш тақырыпты талдау көп көлемде өзіндік жұмысжасауды білдіреді. Ең алдымен, «шығындар», шығын түрлері экономикалық категорияларды зерттеңдер. Содан кейін, фирма табысы, табыс түрлерін қарастырыңдар. Өндіріс факторлары мен факторлық табыстарды талдауға ерекше назар аударыңдар. Сабақтың жекелеген сұрақтарын шағын – презентация түрінде өткізу керек.
10 тақырып. Жүйе ретіндегі ұлттық экономика.

СӨЖ тапсырмалары:

  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

  2. Өзін - өзі бақылау сұрақтарына дайындалу

  3. Тапсырмаларды орындау

  4. Тест сұрақтарына жауап беру

  5. «Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер», «ЖҰӨ есептеуәдістері» тақырыптарына шолу жасау

  6. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру


Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Макроэкономиканың негізгі мәселелерін атаңдар.

  2. ЖҰӨ-нің ЖІӨ-нен айырмашылығы қандай?

  3. Шығындар, табыстар және өндіріс бойынша ЖІӨ немесе ЖҰӨ қалай есептеледі?

  4. Номиналды ЖҰӨнақты ЖҰӨ-нен немен айрықшаланады?

  5. ЖҰӨ дефляторына анықтама беріңдер.


Тапсырмалар:

  1. ЖҰӨ шығын әдісі бойынша анықтаңдар




Шығындар

Млрд. ақша бірлігі

Таза жеке ішкі инвестиция

80

Қызмет және импорттық тауарлар

40

Қызмет деңгейі және мемлекеттік тауарларды сатып алу

75

Халықтың тұтыну шығыны

30

Қызмет пен тауарлар экспорты

25

Амортизациялық аударымдар

30



  1. Кестеде көрсетілген деректер бойынша иемденетін табысты анықтаңдар:




Табыс статьялары

Көлемі млрд, теңге

ЖІӨ

150

Амортизациялық төлемдер

2000

Бизнеске жанама салық

240

Әлеуметтік қамсыздандыру жарнамасы

102

Пайдаға салық

384

Карпорацияның бөлінбейтін пайдасы

505

Трансферттік төлемдер

281

Даралық салықтар

174



  1. ЖІӨ шығын әдісімен анықтаңдар:




Шығындар

Көлемі, млрд. Теңге

1. Қызмет және мемлекеттік тауарларды сатып алу

286

2. Амортизациялық төлемдер

46

3. Қызмет пен тауардың экспорты

54

4. Таза жеке ішкі инвестиция

89

5. Қызмет пен тауар импорты

21

6. Халықтың тұтыну шығыны

480

4. Жағдайлық есепті шығарыңдар, келтірген тапсырмаға анықтама беріңдер.




Шоттар

Ақша бірлігі, млрд.

Несие пайыздық

12

Жиынтық жеке инвестиция

55

Жұмысақы және жалақы

218

Корпарацияның пайдасы

113

Жанама салық, салық емес транжеттік міндеттеме




Жеке кәсіпкерге төленетін төлемдер

22

Арендалық мүлікке төленетін ренталық төлемдер

20

Корпарацияның пайдасына төленетін салық

50

Қызмет пен тауардың таза экспорты

9

Мемлекеттің тауарлар мен қызметті сатып алу

90

Таза жеке инвестиция

45

Меншіктен алынатын табыс

21

Мемлекеттік кәсіпорынның таза субсидиясы

2

Халыққа төленетін трансферттік төлемдер

23

Тұтыну шығыны

26

Есептеу керек:

1. ЖҰӨ табыс толқын көлемі

2. ЖҰӨ шығын толқын көлемі

3. ТҰӨ көлемі

4. ҰТ көлемі


5.Кестеде көрсетілген деректерге байланысты қосымша құнның деңгейін анықтаңдар және қосымша қатарды толтырыңдар:


Өндіріс кезеңдері

Өнімді сатуға байланысты түсім

Қосымша құн

1. Қой шаруашылық кәсіпорны

50




2. жүн өнімін өндіретін кәсіпорын

100




3. жүннен жасалатын киімді тігетін кәсіпорын

200




4. Киімді көтерме саудада сататын кәсіпорын

250




5. Киімді бөлшек сауда орны арқылы сататын кәсіпорын

300




6. Жалпы сату құны

910





Тестілік сұрақтар:

1. Жалпы ұлттық өнім – бұл көрсеткіш:

а) сатылған тауарлар мен қызметтер бағаларының деңгейі;

б) үкімет пен муниципалды органдардың жалпы шығындары;

в) жеке бизнеспен өндірілген тауарлар мен қызметтер көлемі;

г) соңғы тауарлар мен қызметтерді жалпы ұлттық шығарудың нарықтық құны;

д) жауаптардың барлығы дұрыс.

2. Жылына елдің жалпы ұлттық өнімінің максималды көлемі шектеледі:

а) тұтынушылар табысымен;

б) фирмалардың капитал салымдарымен;

в) өндірістік ресурстармен;

г) тауарлар мен қызметтерге сұраныспен;

д) жауаптардың барлығы дұрыс.

3. Жалпы ішкі өнім ұлттық өнімнен мынамен айрықаланады:

а) аталмыш ел резиденттерінің шетелде алған табыстары және аталмыш ел территориясында шетел резиденттерінің алған табыстары арасындағы қалдық шамасымен;

б) ЖҰӨ тек аталмыш ел территориясында орналасқан ұлттық резиденттермен өндірілген, өткізілген, соңғы тауарлар мен қызметтердіқамтиды;

в) ЖІӨ - бұл барлық өткізілген тауарлар мен қызметтер сомасын білдіретін ЖҰӨ-ге қарағанда барлық өндірілген тауарлар мен қызметтердің сомасы;

г) ЖҰӨ ЖІӨ-ден аталмыш ел заңды және жеке тұлғалаының шетелде алған табыстары арасындағы қалдық шамасына;

д) жауаптардың барлығы дұрыс емес.

4.Шығындар ағыны бойынша есептелген ЖҰӨ мен кірістер ағыны бойынша есептелген ЖҰӨ ара – қатынасы қандай?

а) табыс бойынша ЖҰӨ шығын бойынша ЖҰӨ-ге тең;

б) табыс бойынша ЖҰӨ экономикалық өсім жағдайында шығын бойынша ЖҰӨ-нен жоғары;

в) табыс бойынша ЖҰӨ мен шығын бойынша ЖҰӨ арасындағы ара – қатынас қарастырылып отырған кезеңдегі инфляция қарқынынан тәуелді;

г) жауаптардың барлығы дұрыс;

д) жауаптардың барлығы дұрыс емес.
Әдістемелік ұсыныстар. Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиетті талдаудан бастау керек. «Макроэкономика», макроэкономикалық талдау», «кірістер мен шығындар айналымының макроэкономикалық моделі» түсініктеріне анықтама беріңдер. Ұлтық шоттар жүйесін, ҰШЖ-нің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерін қарастырыңдар.
11 тақырып. Экономикалық тепе – теңдік және экономикалық өсу

СӨЖ тапсырмалары:


  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

  2. Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

  3. Тапсырмаларды орындау

  4. Тест сұрақтарына жауап беру


Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс түсініктерінің ара-қатынасын көрсету

  2. Экономикалық өсудің мәні, көрсеткіштері мен факторлары қандай?

  3. Адами капиталды арттыру дегенді қалай түсінесіз?

  4. «Қазақстан-2030» Стратегиясының басты нәтижелері қандай?


Тестілік сұрақтар:

1. Дамыған елдердегі экономикалық өсімнің неғұрлым маңызды себебі – бұл:

а) жұмыс уақыты көлемінің көбеюі;

б) өндірістегі технологиялық өзгерістер;

в) қолданылатын капитал көлемінің ұлғаюы;

г) экономикалық өсімге ықпал ететін ақша – несие және фискалдық саясатты жүзеге асыру;

д) жұмыс күші біліктілігінң артуы.

2. Төмендегі көрсеткіштердің қайсысы мемлекеттің әскери потенциалын өлшеу үшін қолданылады:

а) ЖҰӨ номиналды көлемі;

б) ЖҰӨ нақты көлемі;

в) халықтың жан басына шаққандағы ЖҰӨ номиналды көлемі;

г) халықтың жан басына шаққандағы ЖҰӨ нақты көлемі;

д) жанұяның орташа жан басына шаққандағы табысы.

3. Халықтың жан басына шаққандағы ЖҰӨ нақты көлемі мен ЖҰӨ номиналды көлемінің өсімі жайлы мәліметтер:

а) халықтың жан басына шаққандағы ЖҰӨ нақты көлемі ЖҰӨ сомалық нақты көлеміне қарағанда жылдамырақ өседі;

б) экономикалық өсімді азайтады, себебі олар қоршаған ортаны ластау факторын ескермейді;

в) экономикалық өсімді азайтады, себебі орын алған жұмыс уақытының қысқаруын ескермейді;

г) экономикалық өсімді арттырады, себебі олар өмір сапасының жақсаруын ескермейді;

д) ЖҰӨ нақты көлемі ЖҰӨ номиналды көлеміне қарағанда жылдамырақ өсетінін көрсетеді.

4. Төмендегілердің қайсысы еңбек өнімділігінің өсіміне ықпал етпейді:

а) технологиялық өзгерістер;

б) жұмысшылар санының артуы;

в) жұмысшылар білімі мен біліктілігінің деңгейі;

г) өндіріс ауқымының әсері;

д) өндірісті ұйымдастыру деңгейі.

5. Төмендегі теңдіктердің қайсысы дұрыс:

а) өнім көлемі-еңбек өнімділігі/жұмыс уақытының саны;

б) еңбек өнімділігі-жұмыс уақытының саны/өнім көлемі;

в) өнім көлемі= жұмыс уақытының саны*еңбек өнімділігі;

г) жұмыс уақытының саны=еңбек өнімділігі*өнім көлемі;

д) еңбек өнімділігі= жұмыс уақытының саны*өнім көлемі.

6. Экономикалық өсім теориясының жақтаушылары мыналардан басқа, төмендегі дәлелдердің концепцияларын қорғайды:

а) экономикалық өсім өмір деңгейінің артуына әкеледі;

б) экономика табысты дамығанда қайыршылықпен күресу оңай;

в) ЖҰӨ нақты көлемінің ұлғаюы мен қоршаған ортаны сауықтыру арасында тікелей байланыс бар;

г) экономикалық өсім білім мен біліктілік деңгейі жоғарылауының алғышарттарын құрайды;



д) экономикалық өсім елдің қауіпсіздікті қорғау қабілеттілігінің артуына әкеледі.
Әдістемелік ұсыныстар. Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиетті талдаудан бастау керек. Тақырыпты талқылау барысында жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, экономикалық өсу, оның типтеріне шолу жасау.
12 тақырып. Экономикалық циклдар. Инфляция және жұмыссыздық.

СӨЖ тапсырмалары:

  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

  2. Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

  3. Тапсырмаларды орындау

  4. Тест сұрақтарына жауап беру

  5. Есептерді шығару

  6. «Қазақстан экономикасындағы жұмыссыздық мәселелері», «Өтпелі экономикадағы жұмыссыздықты мемлекеттік реттеу» тақырыптарына рефераттар дайындау

  7. «Экономиканы антиинфляциялық ретеу» тақырыбына презентация жасау

  8. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру


Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Қазіргі уақытта қазақстандық экономикада жиынтық ұсыныс пен жиынтық сұранысқа қандай бағалық емес детерминанттар айтарлықтай ықпал етеді?

  2. Американ газеттерінде Оңтүстік Американың бірқатар елдері американ бантерінен алынған займдары бойынша өз міндеттемелерін орындай алмайды деген хабарлама пайда болды. Осы жағдай американ экономикасындағы жиынтық сұраныс көлеміне қалайша ықпал етуі мүмкін?

  3. Жұмыс күшінің қазіргі таңдағы салалық және кәсіби – біліктілік құрылымы қандай?

  4. Сұрақты негіздеңдер: неге циклдық өрлеу кезеңінде циклдық жұмыссыздық болмайды?

  5. Шығындар инфляциясы мен сұраныс инфляциясы арасындағы айырмашылықты түсіндіріңдер.

  6. Экономикалық цикл деген не?

  7. Экономикалық циклдердің себептері қандай?

  8. Н.Д. Кондратьевтің «Ұзың толқындары» деген не?

  9. Қазіргі таңдағы экономикалық дағдарыстардың ерекшелігі қандай?


Тапсырмалар:

  1. Таблицаны толтырыңыз, белгілі инфляция түрлерін



Инфляцияның түрлері

Баға деңгейінің өсу қарқыны

1




5-10%

2




5-50%

3




100%




  1. Баға индексі осы жылғы 125%, ал базалық 110% . Есептеңдер инфляция қарқынын және оның түрін көрсетіңдер.

  2. Жұмыссыздық деңгейін анықтаңдар, егер жиынтық жұмыс күші белгілі болса 73 млн, ал жұмыссыздық – 8 млн.

4. Әрбір терминге өзінің анықтамасын беріңдер:


1. Еңбектеу инфляциясы

А. Инфляцияның әр түрлі қарқыны: бағаның максималдық ұлғаюы бірінші қажеттілік тауарларға және аздап көбеюі ұзақ мерзімдік пайдалану тауарларға

2. Жасырынды инфляция

Б. Көп уақытқа созылған инфляция жоғары қарқынмен бағаның өсуі, өндірістің өсу қарқынының төмендеуі, тоқтауы

3. Стагфляция

В. тән «спиралдық инфляция» бағаның өсуіне байланысты жұмысақының өсуін қалайды, көбею бағаның өсуіне әкеледі.

4. баланстанбаған инфляция

Г. инфляция бағаның секіруі арқылы, инфляцияны тосуға байланысты «бағаны шешуге» байланысты инфляция

5. сұраныс инфляциясы

Д. мұндай инфляцияның негізгі факторы, импорттық тауарларды пайдалану, импорттық бағаны ҰӨ бағасының шығынының өсуіне , шет ел займының, валютаның кетуіне итермелейді

6. Гиперинфляция

Е. инфляция орта жылдық өсу қарқыны баға бойынша 5-10%, дамушы елдернге тән, экономикалық әдетті дамуы деп есептейді.

7. импорттық инфляция

Ж. Төмен айналымда ақша массасының артық болуы, шектеулі ұсыныс тауарларынан баға өсуі болады және ақша құнсызданады.

8. Секіріс жасаушы

З. Белгілі инфляция формасында ақшаның саны арифметикалық пропорциямен, ал баға геометриялық өседі.

9. Шығын инфляция

И. инфляция, сұраныс және ұсыныс инфляциясының элементтерін байланыстырады. Оның негізгі процесі сұраныс құрылымының өзгеруіне байланысты

10. тоспаған инфляция

К. Жылдық бағаның өсу қарқыны 10-15 % құрайды. Бұл негізінен дамушы елдерге тән.

11. Құрылымдық инфляция

Л. Инфляцияның мұндай түрі дифициттік экономикаға сипатты, товардың сапасы төмендейді және аздап баға деңгейі өседі.

5.Қалпына келтіру керек жіберілген элементтерді логикалық тізбек арқылы, циклдік фазалық ізділігімен:

Құлдырауы → …. → …. Жандануы ….
6. Анықтаңдар, екі экономикалық фазалық қайсысы регрессивтік (Р) серпіліс (С) көрсетілгендердің қайсысы процеске жатады:

а) жеке сектордың инвестицияның өсуі

б) пайданың қысқаруы

в) салықтың түсуінің өсуі

г) еңбңкке сұраныстың көбеюі

д) акция курсының төмендеуі


Есептер:

  1. Ел халқының саны 100 млн адам. Жұмыссыздар шамамен 50% барлық халықтың құрайды. Тіркелген жұмыссыздық жұмыс істеушінің 8% құрайды. Жұмыссыздар және өндірістен қол үзгендер – 36 млн адам, жұмыс істемейтіндер және жұмыс іздеушілер 4 млн адам. Халықаралық еңбекті ұйымдастыру бойынша елдегі жұмыссыздар деңгейін анықтаңдар.

  2. Қалада 5,5 мың адам жұмыссыз, олар жұмыссыздық туралы жәрдем ақы алуға құқылы. Жәрдемақы мөлшері орташа 75% еңбекақыдан, ол қала бойынша 670 теңге. Жәрдемақы төлеудің орташа уақыты 2 ай, одан кейін жұмыссыз жұмысқа орналасады не мамандық алуға оқу оқиды. Әрбір қызметкерден орташа бар жұмыс істемейтіндерге 10 % ұстайды, бұған жәрдемақыны көбейтеді. Жұмыспен қамтылу фондының қандай суммасы жәрдемақыны төлеуге қажет, анықтаңдар.


Тестілік сұрақтар:

1. Төмендегі көрсеткіштердің қайсысының сандық мәні өрлеу фазасы болғанға дейін қысқармайды және құлдырау фазасы болғанға дейін артпайы?

а) ұзақ мерзім пайдаланатын заттарға жаңа тапсырыстар көлемі;

б) бөлшек сауда көлемі;

в) құнды қағаздар курсы;

г) жұмыс аптасының орташа ұзақтығы;

д) жауаптардың барлығы.

2. Төмендегі көрсеткіштердің қайсысының сандық мәні өрлеу фазасынан кейін төмендеп, құлдырау фазасынан кейін артады?

а) өңдеуші өнеркәсіптегі тауар қорларының көлемі;

б) ЖҰӨ көлемі;

в) жұмыс аптасының орташа ұзақтығы;

г) құнды қығыздар курсы;

д) өнеркәсіптік өндіріс көлемі.

3. Экономикалық цикл мыналармен байланысты:

а) тек сыртқы факторлар әрекетімен;

б) тек ішкі факторлар әрекетімен;

в) жиынтық сұраныс динамикасына ықпал ететін факторлармен;

г) ұсыныс динамикасына ықпал ететін факторлармен;

д) кездейсоқ саяси факторлармен.

4. Аталған құбылыстардың қайсысы экономикалық дағдарыс кезеңіне сәйкес келмейді?

а) ұзақ мерзім пайдаланылатын құрал – жабдықтарға инвестициялардың төмендеуі;

б) акция курсының төмендеуі, еңбекке сұраныстың төмен болуы;

в) салық түсімдерінің қысқаруы;

г) корпорация пайдаларының төмендеуі;

д) жұмыссыздық бойынша жәрдемақы көлемінің азаюы.

5. Экономикалық циклдың дамуы саяси факторлар әрекетінің ықпалымен болатын теория мынадан шығады:

а) инфляцияға қарсы шаралар үкімет деңгейінде шешіледі;

б) мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының сайлауынан кейінгі жыл қатаң экономикалық шараларды өткізумен байланысты;

в) сайлау өткізу жылдары жоғары экономикалыө өсім жиі байқалады;

г) сайлаулардың кезеңділігі экономикалық цикл кезеңділігіне ықпал етеді;

д) жауаптардың барлығы дұрыс.

6. Толық жұмысбастылық жағдайындағы жұмыссыздық деңгейі:

а) циклдық жұмыссыздықты есепке алады;

б) фрикционды және құрылымдық жұмыссыздықты есепке алады;

в) нөлге тең;

г) институционалды жұмыссыздықты есепке алады;

д) жауаптардың барлығы дұрыс емес.

7. Экономикада толық жұмысбастылық пен жоғары инфляция байқалуда. Мемлекеттік саясаттың қандай жиыны инфляция қарқынын жылдамырақ төмендетуге әкеледі:

а) мемлекеттік шығындарды арттыру және мемлекеттік облигацияларды сатуф;

б) мемлекеттік шығындарды қысқарту және ашық нарықта мемлекеттік облигацияларды сату;

в) салықтарды төмендету және ашық нарықта мемлекеттік облигацияларды сатып алу;

г) салықтарды арттыру және ашық нарықта мемлекеттік облигацияларды сатып алу;

д) жауаптардың барлығы дұрыс емес.

8. Кез – келген ел экономикасындағы инфляция түрлерінің қандай үйлесімі неғұрлым ауыр әлеуметтік – экономикалық зардаптарға ие болады:

а) баланстанған, бірқалыпты, күтілетін;

б) баланстанбаған, галопирленген, күтілетін;

в) баланстанбаған, галопирленген, күтілмейтін;

г) гиперинфляция, баланстанбаған, күтілмейтін;

д) жауаптардың барлығы дұрыс емес.

9. Бір – біріне қатысты тауарлар бағасы қатты өзгеретін инфляция түрі:

а) баланстанған;

б) баланстанбаған;

в) күтілетін;

г) күтілмейтін;

д) дұрыс жауабы жоқ.
Әдістемелік ұсыныстар. Семинарға дайындықты ұсынылаын әдебиетті талдаудан бастау керек. Ең алдымен, макроэкономикалық тепе – теңдікті орнату үшін қандай күш жұмсап, және қандай жағдайларда одан ауытқу болатынын түсіндіріңдер. Жұмысбастылық пен жұмыссыздыққа анықтама беріңдер. «Инфляция» категориясын, түрлері мен себептерін қарастырыңдар. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік салдарларын қарастырыңдар. Инфляцияны антиинфляциялық реттеуді шолу түрінде қарастыру ұсынылады.
13 тақырып. мемлекеттік реттеу: мАҢЫЗЫ, мақсаттары, құралдары

СӨЖ тапсырмалары:


  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

  2. Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

  3. Тапсырмаларды орындау

  4. Тест сұрақтарына жауап беру

  5. «ҚР монетарлық саясат», «ҚР салық – бюджет саясаты», «ҚР әлеуметтік саясат» тақырыптарын презентация формасында өткізу

  6. «Табыстарды бөлудегі теңсіздік» тақырыбына акдемиялық эссе жазу

  7. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.


Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Нарықтық экономикадағы мемлекеттік реттеу қажеттілігі немен түсіндіріледі? Ол нарық «фиаскосымен» қалай байланысқан?

  2. Мемлекеттің неғұрлым маңызды экономикалық қызметтерін атаңдар.

  3. Коммерциялық банктер мемлекеттік облигацияларды сатса, ақш ұсынысымен не болады?

  4. Қандай экономикалық құралдардың көмегімен мемлекет ақша ұсынысына ықпал етеді?

  5. «Ашық нарықтағы операциялар» термині нені білдіреді?

  6. Дискрециондық фискалды саясаттың дискреционды емес фискалды саясаттан айырмашылығы қандай?

  7. Табыстарды бөлудегі нарықтық экономикадағы мемлекеттің рөлі қандай?

  8. Сіздің ойыңызша табыстарды бөлудегі теңсіздіктің неғұрлым маңызды себептері қандай?

Тапсырмалар:

1.Айталғанды жалғастыр, кестенің принциптерін көрсетіңдер.Банктік несие қандай жағдайда беріледі: 1)....2)....3)....

2.Анықтаңдар, төменгі көрсетілгендердің қайсысымен екінші деңгейдегі банк жұмыс есептемейді, не кейбір қызмет түрі шектелген.


1

Маманданған бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз ету, банк қызметін автоматтандыру

2

Белгіленген заңмен іске асыру үшін, мүмкіндіктерді кепілдікке қою

3

Банк қызметінде аудитті іске асыру

4

Қамсыздандыру іске асыру қамсыздандыру ұйымы атынан – шет елдік қамсыздандыру компаниялары

5

Төлем қабілетсізі жоқ борыштар банкроттық қызметті басқару арқылы

6

Нормативтік- құқықтық актілерді шығару арқылы

7

Өз мүлігін сату арқылы

8

Заңды тұлғалардың облигацияларын мәмле арқылы іске асыру

9

Кеңестік қызмет етуге байланысты

10

Банктың меншік капиталы арқылы қатысу, мемлекеттік емес зейнетақы активіне,зейнетақы қорына, инвестиция қорына

3.Жіберілген элементтерді толықтырыңдар:




Ақша-несие саясатының құралдары


















Тестілік тапсырмалар:

1. Ақша жүйесінің маңызды құраушыларына мыналар жатады:

а) ұлттық ақша бірлігі;

б) қол ақша айналымында заңды төлем құралдары болып табылатын несиелік және қағаз ақша жүйесі;

в) ақша эмиссисының жүйесі;

г) ақша айналысын реттеу сұрақтарымен айналысатын мемлекеттік органдар;

д) жауаптардың барлығы дұрыс.

2. Ақша – несие саясаты қай органмен жүргізіледі:

а) ел үкіметі;

б) елдің барлық қаржы-несие институттарымен;

в) елдің орталық банкімен;

г) қаржы министрігімен;

д) жауаптардың барлығы дұрыс.

3. Ақша – несие саясатының негізгі мәселелері:

а) төлемдер мен есеп – айрысулардытиімді жүзеге асыру мақсатында ұлттық валюта тұрақтылығын қастамасыз ету;

б) ақша айналысы ережелерін өңдеу;

в) айналыстағы ақшаны өзгерту жолымен экономикалық конъюнктураға ықпал ету;

г) жауаптардың барлығы дұрыс;

д) дұрыс жауабы жоқ.

4. Төмендегі операциялардың қайсысы айналыстағы ақша массасын қысқартады?

а) Орталық банк міндетті резервтер нормасын қысқартады;

б) Орталық банк халық пен коммерциялық банктерден құнды қағаздарды сатып алады;

в) Орталық банк есептік ставканы төмендетеді;

г) Орталық банк коммерциялық банктерге мемлекеттік облигацияларды сатады;

д) б және в жауаптары дұрыс.

5. Қаржы жүйесі – бұл:

а) мемлекет пен шаруашылық субъектілердің ақша қорларын құру, бөлу және пайдалану формалыр мен әдістерінің жиынтығы;

б) түрлі нарық субъектілеріні бос ақша қаражаттарын шоғырландыратын несие – қаржы институттарының жиынтығы;

в) қаржылық қатынастардың барлық басты субъектілерін байланыстыратын қаржылық ресурстар ағының жиынтығы;

г) қаржылық қатынастар жиынтығы;

д) дұрыс жауабы жоқ.

6. Джини коффициенті мыналарды анықтау үшін қолданылады:

а) табыстарды бөлу дәрежесін;

б) табыстар мен салық арасындағы тәуелділік дәрежесін;

в) салықтар мен тұтынушылық шығындар арасындағы тәуелділік дәрежесін;

г) инфляция дегейлерін;

д) халықтың кірістері мен шығындар ара – қатынасын.

7. Лоренц қисығы:

а) табысты жеке бөлу теңсіздігінің дәрежесін сипаттайды;

б) жиынтық табыста халықтың әрбір тобы қандай үлеске ие болатынын көрсетеді;

в)уақыт бойынша табысты бірқалыпты бөлмеу дәрежелеріндегі айырмашылықты талдауға мүмкіндік береді;

г) а және б дұрыс;

д) жауаптардың барлығы дұрыс.
Әдістемелік ұсыныстар. Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиетті талдаудан бастау керек. Нарықтық экономикадағы мемлекеттің рөлін түсіндіріп, мемлекеттің экономикалық қызметтерін көрсеті. Ақша жүйесі мен оның элементтерін талдаңдар. Ақша – несие саясатын мемлекеттің бір экономикалық қызметі ретінде қарастырыңдар. Фискалдық саясаттың рөлін түсіндіріңдер. «Табыстарды бөлудегі теңсіздік» түсінігіне ерекше назар аударыңдар. Мемлекеттің әлеуметтік және табыстарды бөлу саясатын арастырыңдар.
14 тақырып. Мемлекеттің әлеуметтік және аймақтық саясаты

СӨЖ тапсырмалары:


  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

  2. Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

  3. Тапсырмаларды орындау

  4. Тест сұрақтарына жауап беру

  5. «Әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономика», «Депрессивті аймақтарды қалпына клетіру мәселелері», «ҚР әлеуметтік саясат» тақырыптарын презентация формасында өткізу

  6. «Табыстарды бөлудегі теңсіздік» тақырыбына акдемиялық эссе жазу

  7. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.


Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:

1. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты: қажеттілігі, мәні және мақсаттары қандай?

2. Табыстардың құрылымы. Қоғамдағы табыстарды бөлу, теңсіздік мәселесі.

3. ҚР-дағы халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі бағыттары. Қазақстанның жедел әлеуметтік жаңаруы.

4. Аймақтық саясат. Аймақтық саясатты жүзеге асырудың әдістері мен құралдары. ҚР аймақтық дамуының жағдайы мен болашағы.
Тест сұрақтары:

1. Өнімді енгізу мен шығару сомасының аймақтағы өндіріс көлеміне қатынасы қалай аталады:

A) тауар айырбас коэффициенті
B) енгізу коэффициенті
C) шығару коэффициенті
D) өндірісті локализациялау коэффициенті
E) өндірістің мамандану коэффициенті

2.Шығарылатын өнім көлемінің аймақтағы өндірістің жалпы көлеміне қатынасы аталады:

A) шығару коэффициенті
B)тауар айырба коэффициенті
C) енгізу коэффициенті
D) өндірісті локализациялау коэффициенті
E) өндірістің мамандану коэффициенті

3. Өндірісті локализациялау коэффициентінің мәні өндірісті мамандандыру коэффициентіне тең:

A) үнемі
B) ешқашан

C) қандай да болсын жағдайда


D) егер аймақ өндірісіндегі зерттелетін сала үлесі ел бойынша орташа үлестен аспаса
E) егер аймақ өндірісіндегі зерттелетін сала үлесі ел бойынша орташа үлестен асса

4.Аймақ экономикасы ашықтығының көрсеткіштері болып табылмайтын коэффициенттер:

A) өндірістің локализациясы мен мамандануы
B) енгізу мен шығару коэффициенттері
C) тауар айырбас пен енгізу
Д) тауар айырбас пен шығару
E) тауар айырбас пен өндірістің локализациясы

5.Аймақтардың типологизациясы төмендегілер үшін қажет:

A) мемлекеттік аймақтық саясаттың мәселелерін жүзеге асыру
B) аймақ дамуының индикаторларын құрастыру үшін
C) аймақтық статистиканы құрылымдау үшін и
D) аймақ ашықтығының дәрежесін анықтау үшін
E)аймақаралық байланыстарды жүйелеу әдістерін айқындау үшін



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет