Пән туралы мәлімет: Атауы: «Бүгін бала, ертең-ата-ана»



бет1/19
Дата15.12.2023
өлшемі71.76 Kb.
#486739
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
f60a2252fc459d


Пән туралы мәлімет: Атауы: «Бүгін бала, ертең-ата-ана»
Студент жастар мен жоғары сынып оқушыларын отбасы-некелік өмірге даярлаудың психологиялық-педагогикалық негіздері

(аптасына 1 сағат, барлығы 21сағат)


Бағдарлама педагогика, психология бірлестігінің отырысында қаралды.


Хаттама № ______________ 2014ж

Бірлестік төрағасы


______________ Асқарова А.Қ.

Бекітілген:


Қ.Дүтбаева атындағы колледж оқу-әдістемелік кеңесі.
Хаттама № _____________ 2014 ж

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары ______________ Ізғалиқызы А..


Келісілді:


Колледж әдіскері ______________ Каментаева Г.Б.

Ғылыми жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары______________ Есказиева С.Т.


Құрастырған оқытушы, отбасылық психолог Сұлтанова Ғ.Т.




Отбасында адам бойындағы асыл
қасиеттер жарқырай көрініп,қалыптасады.
Отанға деген ыстық сезім – жақындарына,
туған-туысқандарына деген
сүйіспеншіліктен басталады.
Н.Ә.Назарбаев
Түсінік хат
ҚР Президенті Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі күні Отбасы күні мерекесі тойланатын болды. Оның мақсаты – жанұялық құндылықтарды нығайту.
«Отбасы – Қазақстан қоғамының діңгегі, экономикадағы, мәдениеттегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі. Табандылық, еңбексүйгіштік, туған жерді қастерлеу, үлкенге құрмет және қонақжайлылық сияқты халқымыздың ең жақсы рухани-адамгершілік құндылықтары берік отбасылық дәстүрлер арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді». Бұл – айтулы мереке күні ел президентінің қазақстандықтарды мерейлі мереке күнімен құттықтауында айтылған мәні терең сөздер. Бұл мереке қазақстандық отбасылардың берекесін арттыру үшін қазақтың отбасылық дәстүрлерін жаңғырту күні ғана емес, ажырасқандарды қайта табыстырар жарасым мерекесі болса дейміз.
Қазіргі уақытта отбасы үлкен қиындықтарды басынан өткеріп жатыр: Моральдық құндылықтардың материалдық құндылықтарынан кемшін бола бастауы, жастардың отбасылық-некелік өмір туралы педагогикалық даярлығының төмен болуы, ата-ананың бала тәрбиесіне психологиялық-педагогикалық білімінің жетіспеуі. Сәбидің дүниеге келуінің төмендеуімен, ажырасу санының көбеюімен және осыған байланысты баланың панасыздығының, қараусыздығының өсуімен қатар, жалпы айтқанда, отбасына әлеуметтік
құлдырау қаупі барынша төнуде. Некеге тұру мерзімі 28—30 жасқа дейін созылды. 18 жасқа дейінгі балалардың тек төрттен бір бөлігін ғана сау деп есептеуге болады. Ата-аналардың көбісінің, басқасын айтпағанда, балалардың жатсынуынан, дарашылдық пиғылдың етек алуынан, бетімен кетудің өсуінен байқалған дағдарыстан шығудың жолы туралы түсінігі аз.
Одан басқа, ақыл-ой және мүше дамуының кемшілігі бар балалар саны көбейді.
Сондай-ақ, соңғы кезде бірнеше психологиялық және әлеуметтік феномен пайда болды. Біріншіден, мектепте қыздардың сыныптас ер балалардан 2-2,5жылға ерте дамып, жетілуі, ер балаларды қорғаушы азамат ретінде қабылдамауы, үстемдік көрсетіп, қыздарға тән емес күшті болып дағдылануы, жыныстық рольдерінің ауысып, болашақта жұбайларына да өктем келуіне әкелуде. Нәтижесінде отбасылық кикілжіңдер, айрылысу,отбасылық құндылықтардың азаюы, т.б. Екіншіден, жалғызбастылық көбеюде,өйткені, қазіргі кезде отбасын құра алмай жүрген жастар көп...
Баланың психикасы, мінез-құлық үлгісі, адамгершілік және әлеуметтік қағидалары отбасында қалыптасатыны белгілі. Ал ізгі, үйлесімді, мәдениетті болашақ отбасы иелерін тек отбасы мен оқу орындары біріккенде ғана тәрбиелей аламыз. Л. Ибраимованың “Қазақ халқының отбасылық тәрбиесі”атты оқу-әдістемелік құралында: “Бүгінгі таңда қазақ мектептері алдындағы ең басты міндет — қазақ этнопедагогикасы материалдарын үздіксіз білім беру жүйесіне ендіру, әсіресе сынып жетекшілері мен ата-аналарды отбасылық тәрбие беругедаярлауда оны пайдалану ерекше көкейкесті мәселе болыр отыр.Осы мақсатта оларды сол проблеманы шешуге және оны жүзегеасыруға дайындау қажет. Ол үшін қазақ отбасылық тәрбиесі бойынша бағдарлама құру мәселесін қарастыру керек”,— атап көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет