Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері



бет1/8
Дата15.10.2022
өлшемі1.9 Mb.
#462788
  1   2   3   4   5   6   7   8
1-5 сож тапсырмалар


1.1 Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері
Пәннің мақсаты - қоғамдағы еңбектік құқықтық қатынастарды реттейтін құқық нормаларының маңызын, еңбек құқығы теориясын, еңбек туралы зандары мен еңбек құқығы нормаларын қолдану тәжірибесін студенттермен игеру болып табылады.
Міндеттері:
Пәннің міндеті – студенттерді, осы саланың концептуалды мәселелерімен және қажетті құқық бастамаларымен таныстыру, сондай-ақ, халықаралық еңбек стандартына негізделген заң актілерін, халықаралық шарттарын және конвенцияларды игеру болып табылады.
Пәнді оқу барысында білім алушылар:

  • оқу процесінде студенттер жалпы бөлімнің теориялық мәселелерін, ерекше бөлімнің негізгі құқықтық институттарын бiлуi керек,

  • тәжiрибелiк қызмет процесiнде еңбек құқық нормаларын игеруі

керек,

  • еңбек қатынастарын соттарда, прокуратурада және өзге де мемлекеттiк органдарда қолдану тәжiрибесiнде, Қазақстанның құқық органдарында алдағы уақытта дамуының негiзгi бағыттарын және перспективасынмен танысу дағдысы болуы керек,

  • болашақта алған білімдері бойынша құқық қорғау органдарында жұмыс істеуге құзыретті болуы керек.

1 Еңбек құқығының түсінігі және пәні, әдісі
Еңбектік қызмет және еңбектік катынастар. Еңбектік және өндірістік қатынастар. Қазақстан Республикасының Конституциясындағы еңбек мәселелері.
Қазақстан Республикасының еңбек құқығының түсінігі және ұлттық құқық жалпы жүйесінде алатын орны. Еңбек құқығының пәні: еңбек заңдылығымен, әлеуметтік әріптестік туралы келісімдер, жеке және ұжымдық шарттармен бекітілген жұмыскер мен жұмыс беруші арасында келісімдер негізінде туындайтын құқықтық қатынастар; еңбектік қатынастармен тығыз байланысты қатынастар.
Еңбекті құқықтык реттеу механизімінің түсінігі және құрылымы. Еңбек құқығы әдісінің түсінігі, оның белгілері. Құқықтық реттеу әдісінің және еңбек құқығы пәнінің арақатынасы, еңбек құқығын құқық саласы ретінде анықтауда олардың мәні.
Еңбек қатынастарын мемлекеттік-құқықтық ұжымдык-шарттық, жекешарттық реттеу. Еңбек құқығының функциялары.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет