Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/37
|
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Гуманитарлық-педагогикалық факультет
Қазақ филологиясы кафедрасы
6М020500 «Филология» мамандығының магистранттарына арналған
«Тіл білімінің /әдебиеттанудың/ қазақ тіл білімінің /қазақ әдебиеттануының жаңа бағыттары» пәнінен
ПӘНІН МЕҢГЕРУ ЖӨНІНДЕГІ ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
Павлодар
Пән бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/38
|
|
БЕКІТЕМІН
ГП факультетінің деканы
_______ Ж.Т.Сарбалаев
20__ж. «___»____________
|
Құрастырушы: ___________ ф.ғ.к., доцент М.Н.Баратова
Қазақ филологиясы кафедрасы
6М020500 «Филология» мамандығының магистранттарына арналған «Тіл білімінің /әдебиеттанудың/ қазақ тіл білімінің /қазақ әдебиеттануының жаңа бағыттары» пәнінен
пәнін меңгеру жөніндегі оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама 20__ж. «___» _________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.
Кафедра отырысында ұсынылды 20_ж. «___»____________№_____ Хаттама
Кафедра меңгерушісі __________ Н.Қ. Жүсіпов 20__ж. «____» ________
Гуманитарлық-педагогикалық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен
мақұлданды 20_ж. «_____»____________ №____ Хаттама
ОӘК төрайымы _____________ С.К. Кісембаева 20_ж. «_____»___________
1. Оқу пәнінің паспорты
Пәннің атауы «Әдебиет теориясы»
Кредит саны мен оқу мерзімі
Барлығы – 4 кредит
Курс: 2
Семестр: 3
Аудиториялық сабақтар – 60 сағат
Дәрістер – 30 сағат
Тәжірибелік – 30 сағат
МӨЖ – 120
Соның ішінде МӨЖМ - 15
Еңбек сыйымдылығы барлығы – 180 сағат
Қорытынды бақылау формасы
Емтихан – 3 семестр
Пререквезиттер:
- Қазақ халық ауыз әдебиеті;
- Қазақ әдебиетінің тарихы;
- Көне дәуірдегі әдебиет;
- Шетел әдебиетінің тарихы;
- Әдебиеттануға кіріспе.
Постреквизиттер:
- Әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері;
- Әдебиеттің ғылыми-философиялық негіздері;
- Әдебиеттану ғылымындағы жаңа бағыттар.
2. Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары:
Аты-жөні: Баратова Мұхаббат Нұржауқызы
Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: ф.ғ.к., доцент, «Қазақ филологиясы» кафедрасында «А» корпусында (Ломов к-сі, 64) 324 аудиторияда орналасқан.
Байланысу телефоны: Тел. (12-55) 324 кабинет
Қабылдау уақыты: бейсенбі сағ. 16. 45
3. Пәні, мақсаты мен міндеттері
Пәні: әдебиеттану
Пәнді оқытудың мақсаты:
Әдебиет теориясы ауқымындағы поэтика, стиль, жанр тәрізді негізгі мәселелермен шектелмей, әдебиеттанудың өзге салалары: әдебиет тарихын зерттеу аялары мен жолдары, историография, библиография пәндерінің мән, сыры, текстология мен әдебиет сынының теориялық, практикалық ерекшеліктерін ашып беру.
Пәнді оқытудың міндеттері:
-
ұғымдар мен категорияларды эстетика қағидаларымен тамырлас алып, жан-жақты терең қамту;
-
әдебиет туралы теориялық ой-пікірлердің қалыптасу кезеңдерін қазіргі дәуірге дейінгі аралықта толымды жүйелеп, саралау;
-
әлемдік эстетика тұғырнамалары, әдеби тәжірибелер ұлттық әдебиеттану, көркемдік өнер мысалдарымен өзара ұштастырыла негіздеу.
4. Білімге, икемділік, дағды-машықтар мен құзіреттілікке қойылатын талаптар:
Осы пәнді меңгерген магистранттар білуі тиіс:
- Әдебиет теориясы мәселелерінің теориялық аспектілерін, қаламгерлердің шығармаларын.
істей білуі тиіс:
- мәтінді кешенді түрде зерттеу, теория тұрғысынан талдау машықтарын.
Келесі тәжірибелік дағды-машықтарды алуға тиіс:
- курсты оқу барысында жинаған білімдерін алдағы кәсіби қызметінде, ғылыми-зерттеу жұмысында пайдалануды.
5. Пәнді оқудың тақырыптық жоспары
Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлу
№
р/с
|
Тақырыптардың атауы
|
Сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының
саны
|
Дәрістер
|
Практи-
Калық
(сем)
|
Зертха-
налық
|
Студия-
лық
|
жеке
|
МӨЖМ
|
1
|
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
Өнер. Әдебиеттің эстетикалық негіздері. Эстетикалық көзқарастар. Көркем ойлау жүйесі.
|
3
|
3
|
|
|
|
12
|
2
|
Көркем шығармашылық және дүниетаным. Көркемдік әдіс. Әдебиет ағымы.
|
3
|
3
|
|
|
|
12
|
3
|
Әдеби дәстүр. Әдеби байланыс. Синкретизм.
|
3
|
3
|
|
|
|
12
|
4
|
Сюжет. Композиция. Сөйлеудің түрлері.
|
3
|
3
|
|
|
|
12
|
5
|
Әдеби шығарма, құрылысы. Әдебиет салалары. Мазмұн мен формаға жаңаша көзқарас.
|
3
|
3
|
|
|
|
12
|
6
|
Жанр мен стиль байланысы. Стиль және әдебиеттік әсер. Тақырып және идея.
|
3
|
3
|
|
|
|
12
|
7
|
Шығармашылық тұлға категориясының эстетикалық мәні және теориялық негіздері.
|
3
|
3
|
|
|
|
12
|
8
|
Шығармашылық процесті ойлау табиғаты мен «бейсаналық».
|
3
|
3
|
|
|
|
12
|
9
|
Эстетикалық әлемдегі авторлық позиция. Әдеби тұлға.
|
3
|
3
|
|
|
|
12
|
10
|
Әдеби қозғалыс. Прозадағы драматизм.
|
3
|
3
|
|
|
|
12
|
Барлығы: 180 (4 кредит)
|
30
|
30
|
|
|
|
120
|
6. Дәріс сабақтарының мазмұны
1-тақырып. Өнер. Әдебиеттің эстетикалық негіздері. Эстетикалық көзқарастар. Көркем ойлау жүйесі.
Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі):
1. Өнер түрлері.
2. Сөз өнері.
3. Сөз өнері мен эстетика.
4. Әр заманғы көркем ойлау жүйесі мен көркемдік идеалдар.
Әр сұрақтың қысқаша мазмұны.
1. Өнердің тектері бар, сондықтан олардың көптеген түрлері бар. Өнердің әр алуан түрі туралы сөз болғанда міндетті түрде өнер түрлерінің әрқайсысының тілі, олардың әр біріне тән образдылық сипаты туралы мәселе шығады. Музыка, сәулет өнері, кескін өнері, театр және кино, би, көркем әдебиет. Өнер түрлерінің өзіндік ерекшеліктері.
2. Әдебиет – сөз өнері. Өрісті, жанды, бейнелі, сөздегі сұлулық арқылы берілетін, жасалатын – көркем әдебиет. Әдебиет – қоғамдық құбылыс, сөз образы арқылы берілген қоғамдық сананың және шындықты танудың айрықша бір түрі.
3. Эстетикалық категориялардың әдебиетте берілуі. Эстетикалық категориялар көп, бірақ ең бастылары төртеу: әсемдік, асқақтық, трагикалық және комикалық.
4. Мәселе шығармаларда еркін де үйлесімді иедалға айналған адам бейнесін жасап қою емес, сонымен қатар мына өмірдің күрделі де қайшылықты екенін, оның терең драматизмін барынша көркем жинақтап көрсете білу.
Пайдаланатын әдебиет: [3],[5], [8], [9].
2-тақырып. Көркем шығармашылық және дүниетаным. Көркемдік әдіс. Әдебиет ағымы.
Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі):
-
Суреткер дүниетанымы.
-
Әдістің сан алуандығы
-
Ағым – көркем әдіс жасаудың алғашқысы.
-
Импрессионизм, символизм, футуризм.
Әр сұрақтың қысқаша мазмұны.
1. Дүниетаным – суреткердің ақиқат шындық туралы, қоғамдық өмір мен оның мәні туралы, жеке адам туралы, оның бұл өмірдегі орны мен рөлі туралы пайым-түсінігі, көзқарастар жиынтығы.
2. Әдебиетте әдіс екі түрлі кездеседі: бірі – әдебиетті зерттеу әдісі, екіншісі – көркем әдіс. Көркем әдіс – өмір шындығын жинақтап, түйіп көрсететін дүниені, көркемдік жолмен танудың принципі. Классицизм, романтизм, реализм, социалистік реализм, модернизм, постмодернзм.
3. Белгілі бір көркемдік принципті қаламгерлер қабылдаса әдіс те, қабылдамаса ағым болып саналады. Өзінің жолын, бағытын таңдаған жазушылардың платформасы іспеттес.
4. Импрессионизм дегеніміз – жазушының шындықы өмірде болған күйінде алып суреттемей, өзіндік жеке ойы, сезімі арқылы жазудың көркемдік формасы.
Символизм 19 ғ. 80-жылдарында Батыс Еуропада, 90-жылдары Ресейде символизм ағымдары шықты. Түпкі тамыры шындықтан безу, қорқу, басқа дүниені іздеумн байланысты.
Футуризм – империализм дәуіріндегі буржуазия мәдениетінің іріп-шіріуімен байланысты шыққан көркемдік ағымның бірі. Империализмнің сезімін, адам санасын машинаға, техникаға құрбан етушілік, талаушылық, соғысқұмарлық тілегінен туған.
Пайдаланатын әдебиет: [3],[5], [7], [9].
3-тақырып. Әдеби дәстүр. Әдеби байланыс. Синкретизм.
Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі):
1. Әдеби дәстүрдің өзгеріп отыруы.
2. Әдебиеттің халықтығы.
3. Фольклордағы ортақ тұстар.
4. Халықтардың тағдырластығының әдебиетке әсері.
5. Өзге өнерлердің сөз өнеріндегі көрінісі.
Әр сұрақтың қысқаша мазмұны.
1. Көркемдік ойлаудың ұлттық еркшеліктері негізінде қалыптасқан әр халықтың әдеби дәстүрі бір кезең, бір дәуір емес, ұзақ ғасырлар тудырған ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, үнемі өзгеріп, түлеп, байып, дамып отыратын рухани игілік.
2. Әдебиеттің халықтық сипатын анықтағанда, бөліп айтатын бір арна – елдің өз ішінен шыққан перзенттер қолынан туған, халықтық идеологияны күйттейтін ұжымдық өнер туындылары.
3. Фольклордағы ұсақ сюжеттер, ортақ сарындар, әдеби дамудағы процестердің ыңғайластығын ұғу қиын емес.
4. Заман, тағдыр ұқсастығы, үндестігі қаламгерлердің ортақ туынды шығаруларына жол ашқан.
5. Сөз өнері мен театрдың, музыканың байланысы әркезде көрініп отырған, әсіресе қазақ халқының өнері әр кезде де синкреттік сипатта болған.
Пайдаланатын әдебиет: [1],[3], [5], [16.
4-тақырып. Сюжет. Композиция. Сөйлеудің түрлері
Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі):
1. Пейзажды суреттеу.
2. Сюжет пен дүниетаным.
3. Фабула.
4. Драмалық шығарма композициясының ерекшелігі.
5. Сөйлеудің түрлері.
Әр сұрақтың қысқаша мазмұны.
1. Шығармаларда табиғат сипаты, оның құбылыстарының сипаты үлкен орын алады. Адам тіршілігі, әрекеті өмір бойы табиғат құрсағында өтеді, табиғатпен қарым-қатынассыз жерде адам өмірі жоқ. Солай болғаннан кейін жазушылардың шығармаларындағы оқиғаның төсегі образдар әрекетінің белгілі бір кезеңді жағдайы есебінде табиғат көрінісі сипатталып отырады.
2. Әрбір сюжеттің құрылысы жазушының өмір тануы мен әдебиеттің стилімен байланысты. Реалист жазущылар өмірдің шындығын дұрыс беруде өмір сүретін күнгірттендіретін сюжет құрылысын пайдаланбаған.
3. Оқиғаның қарым-қатынас ты байланысының жиынын фабцла деп атайды. Фабулада оқиға белгілі бір уақытта бірінің артынан бірі келіп, уақытпен, есеппен алынуы керек.
4. Драмалық шығарма сахнада ойнауға арналған. Сондықтан драма нағыз көркем шығармалық қасиетін сахнада көрсетеді. Сахнада қаһарман болып тірі әртістер ойнайды. Декорация қатысады.
5. Жазушы роман, новелла жазғанда бірнеше түрменен сөйлейді, кейде өз аузынан, кейде екінші адамның, кейде хат есебінде сөйлеп отырады.
Пайдаланатын әдебиет: [1],[3], [5], [16.
5-тақырып. Әдеби шығарма, құрылысы. Әдебиет салалары. Мазмұн мен формаға жаңаша көзқарас.
Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі):
1. Нормативті және жалпы поэтика.
2. Теориялық поэтиканың міндеттері.
3. Өлең дестелері (цикл).
4. Шығарманың көркемдік әлемі қамтитын аялар: предметтік бейнелеу жүйесі, кейіпкер іс-әрекеті, кейіптемесі, психика құбылыстары, қоршаған болмыс фактілері (заттар, интерьер, табиғат суреттері т.б).
Әлем және шығарма: уақыт пен кеңістік. Сөз бейнелілігінің уақытпен сабақтасуы. Физикалық уақыт, перцептуалдық уақыт, концептуалдық уақыт. Фольклор мен әдебиеттегі уақыт пен кеңістік. Автор уақыты, кейіпкер уақыты, сюжеттік уақыты. Сюжет пен тартыс. Сюжет туралы А.Веселовскиий, В.Шкловский, Б.Томашевский пікірлері. Фабула ұғымы. Сюжеттің XIX ғасырдағы анықтамасы. Сюжет оқиғаларының өмір құбылыстарымен байланысы. Сюжет табу жолдары. Сюжет түрлері. Композиция. Композицияның шығармадағы реттілік үйлесім тудырушы қызметі. Эстетикалық әсері. Айшықтылығы. Қайталаулар. Өзгерте қайталау. Сарын ұғымының сюжеттік жүйедегі ролі. Сөздік сарындар. Бейнелеудің детальдық түрі. Жасыру тәсілі. Тану тәсілі. Ой астары. Ишара. Монтаж немесе ой арқылы алыстан қиыстыру. Қосымша әңгіме, лирикалық шегініс, уақыт барысындағы алмастырулар.
Пайдаланатын әдебиет: [1],[3], [5], [16
6-тақырып. Жанр мен стиль байланысы. Стиль және әдебиеттік әсер. Тақырып және идея.
1. Жанр жіктемесінің күрделі сипаты.
2. Жанрды анықтайтын сапалардың неғұрлым тұрақтылығы. Жанрлық канондар.
3. Жанрлық дәстүрлер және уақыт. Жанр мен композицияның төркіндестігі.
4. Суреткер талантының даралығына хас белгілер. Стиль – көркем форманың қасиеті.
5. Стильдік принциптер.
Алғашқы өнер туындыларындағы шынайылықтың өзгеше бітімі. Гуманистік реализм. Көне дәуір өнеріндегі мифологияның басым қызметі. Антикалық реализм. Орта ғасыр. Қоғам мен салт-санадағы шектелушілік. Қасіретті адам. Бойкүйездік. Орта ғасырлық символизм. Ояну дәуірінде әлеуметтік және рухани өмірдегі батыл серпілістердің ізгілік мұраттарын қалыптастырудағы мәні. Дара тұлға. Мінез бен әрекет. Тарихи көзқарас. Қайта өрлеу дәуірінің реализмі. Баракко, ояну дәуірінің дағдарысын жинақтау. XII ғ. абсолюттік монархия тәртіптері. Классицизм қағидалары: әсіре асқақтық, үш бірлік ұстанымдары. Шынайы өмірден алшақтау. XVIII ғасырда іргесі қалана бастаған ағартушылық реализм. Білім, парасатты дәріптеу. Тәрбиелік рухтағы романдар. Сентиментализмнің осы бағытпен байланысы. Романтизм -әрі әдеби бағыт, әрі көркемдік әдіс. Феодалдық дүниетанымға қарсылық. Айрықша жағдай, мінездер. Сезімшілдік. Сыншыл реализмнің өмір шындығын қамтудағы мүмкіндіктері. Талдау рухы. Әлеуметтік ұстанымдарының беріктігі. «Кішкене адам» мәселесі. Бейнелеу объектісінің кеңдігі. Ұлттық әдебиетіміздің даму, қалыптасу ерекшеліктері. Батыс Еуропа әдебиеті мен қазақ әдебиеті тарихындағы ортақ жағдаяттар мен өзгешеліктер. Социалистік реализм аталатын тұтас әдеби дәуірге шынайы көзқарас.
Пайдаланатын әдебиет: [1],[3], [5], [16.
7-тақырып. Шығармашылық тұлға категориясының эстетикалық мәні және теориялық негіздері.
-
Автор – көркем шығармадағы авторитет тұлға.
-
Көркем шығарманы тудырудағы автордың бірегей болмысы.
Автор мәртебесі: 1) реалды тұлға; 2) автор образы; көркемдік қызмет субъектісі. Шығармашылық субъективтілік көріністері. Дара авторлық бастау және дәстүршілдік сана. Өнердегі артистизм, ойын элементтері. Ойынның нәтижесі, рахат сезімі. Автордың жоғалуы – немесе Автор және Скриптор. (Р. Барт). Оқырман белсенділігі. Коммуникативтік поэтиканың маңызы. Герменевтика- гумантитарлық ғылымдардың методологиялық негізі. Түсіну ұғымы. Сөз, өнер сөзі. Түсінудің кісіаралық сипаты. Интуитивті тану және интерпретация. Түсінудің шарттылығы. Интерпретацияның (зерделу) таңдамалы және шығармашылық қуаты. Оқырман және автор. Шығарманы зерделеу. Оқырманның дербестігі мен авторға тәуелділігі. Рецептивті эстетика. Оқырманның шығарма болмысына қатыстылығы. Оқырман бейнесі. Қиялдағы оқырман, адресат тұжырымдамасы. Әдеби сынның ролі. Бұқаралық оқырман. Әдеби классика. Бұқаралық әдебиеттің мағыналары.
Пайдаланатын әдебиет: [1],[3], [5], [16.
8-тақырып. Шығармашылық процесті ойлау табиғаты мен «бейсаналық».
-
Суреткер санасындағы эстетикалық дарашылық.
-
Авторлық субъективизм және қаһарман болмысы.
-
Тип және әлеуметтік характердің ашылуы.
Нормативті және жалпы поэтика. Теориялық поэтиканың міндеттері. Тарихи поэтика. Көркем шығармашылық әлемінің дискреттілігі (үзілмелігі). Өлең дестелері (цикл). Прозадағы іліктес туындылар. Фрагмент немесе бөліктің дербес сипаты. Музыкадағы сөз мәтіндері, поэма, өлең, әдеби сындағы эпизодтар. Жарияланымдар, ішінара өзгерістер. Форманың үш қыры. Антикалық риторика мен формалистер көзқарасындағы үндестік. Көркем мазмұнға лайық жаңа терминдер, оның синтездік қасиеті. Шығарманың көркемдік әлемі қамтитын аялар: предметтік бейнелеу жүйесі, кейіпкер іс-әрекеті, кейіптемесі, психика құбылыстары, қоршаған болмыс фактілері (заттар, интерьер, табиғат суреттері т.б). Психологизм. Адамның ішкі өмірін кестелеу. Қаһарман пішіндемесінің көркемдік қызметі. Тұрақты кескін белгілері. Дәріптей кестелеу. Жанр сипатымен сабақтастық.
Пайдаланатын әдебиет: [2],[5], [15], [20.
9-тақырып. Эстетикалық әлемдегі авторлық позиция. Әдеби тұлға
-
Астарлы позиция және оның жүзеге асу жолдары
-
Көпқырлы позицияның көркем мазмұнға ықпалы.
Қаламгердің еңбек тәртібіне тән еркіндік. Белгілі бір схема, ереженінің болмауы. Шығармашылық процестегі ой өзегінің ролі. Оның пайда болу, қызмет ету түрлері. Кездейсоқтық факторы. Мақсатты ізденіс. Шығармашылқ үшін жазушы өмірбаянның елеулі маңызы. Өмір материалын іздеу, табу, қоршаған ортаны, адамдарды зерттеу. Жоспар құру. Қосымша деректер жинастыру, фактілерді анықтау. Түптұлғаны таңдау, іріктеу. Әр суреткердің күй таңдау, жұмысты жүргізу, аяқтау ерекшеліктері.
Пайдаланатын әдебиет: [1],[3], [9], [18.
10-тақырып. Әдеби қозғалыс. Прозадағы драматизм
1. Әдеби процесс.
2. Бұл ұғымның әлемдік ауқымы.
3.Көркемдік даму заңдылықтары.
4. Дүние жүзі әдебиеттеріне тән ортақ мезеттер.
5.Салыстырмалы әдебиеттану ұстанымдары.
6. Халықаралық әдеби байланыстар. Көркемдік бағыт.
Әдіс пен бағытты тудыратын объективті және субъективті факторлар. Көркемдік бағыттардың уақыт жағынан еркіндігі, әртүрлі деңгейде қайталанып отыруы. Көркемдік әдіс. Көркемдік әдісті анықтаудағы өмір шындығы, жазушы дүниетанымы, көркемдік ойлау жүйесінің маңызы. Негізгі шарт- идеялық-эстетикалық мәселелер бірлігі. Көркемдік әдістің ойлау типі тұрғысынан жіктелісі: реализм және романтизм. Алғашқы өнер туындыларындағы шынайылықтың өзгеше бітімі. Гуманистік реализм. Көне дәуір өнеріндегі мифологияның басым қызметі. Антикалық реализм. Орта ғасыр. Қоғам мен салт-санадағы шектелушілік. Қасіретті адам. Бойкүйездік. Орта ғасырлық символизм. Ояну дәуірінде әлеуметтік және рухани өмірдегі батыл серпілістердің ізгілік мұраттарын қалыптастырудағы мәні. Дара тұлға. Мінез бен әрекет. Тарихи көзқарас
Пайдаланатын әдебиет: [6],[9], [15], [25.
4.3 Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны, сағат көлемі
1-тақырып. Өнер. Әдебиеттің эстетикалық негіздері. Эстетикалық көзқарастар. Көркем ойлау жүйесі.
1. Әдебиет теориясының пәнінің ерекшелігі.
2. Әдебеит теориясының пәнаралық байланысы.
3. Әдебиеттану теориясы жне өнертану мен тіл. Эстетикалық ойдың даму кезеңдері.
4. Әдебиет теориясы мен эстетикалық ерте кезеңі. Орта дәуір және қайта өрлеу дәуірінің эстетикасы.
Тапсырма: Әдебиет теориясының зерттеу аялары мен проблемаларын анықтау. Мына салалармен байланысын көрсетіңіз:
Әдебиет теориясы және фольклортану.
Әдебиет теориясы және эстетика.
Әдебиет ғылымының салалары.
Әдебиет теориясы және мәдениеттану.
Әдебиет теориясы және тарих.
Әдебиеттану мен өнертану ұстанымдары.
Тіл білімі және әдебиеттану.
Әдебиеттану және стилистика.
Әдебиет теориясы жайлы алғашқы ұғымдарды тізіп көріңіз: Көне үнді, шумер елдерінің мәдени ескерткіштері. Пифогоршылардың эстетикасы. Гераклит және қарама-қарсылықтардың бірлігі. Демокрит мәңгілік қозғалыс туралы. Сократ сұлулық пен сана туралы. Платонның эстетикасы. Аристотель және табиғатқа еліктеу ілімі. Гораций Флакк эстетикасының ерекшелігі. Аврелий Августин және абсолюттік сұлулық. Фома Аквинский және әсемдіктің объективті сипаты. Ұлттық эстетиканың көне дәуірдегі және орта ғасырдағы белгілер. әл-Фараби және өнер түрлері. Ояну дәуірінің эстетикалық мұраты. Ояну дәуіріндегі поэтика ұғымы.
2-тақырып. Көркем шығармашылық және дүниетаным. Көркемдік әдіс. Әдебиет ағымы.
1. Әдебиет теориясының ғылым ретінде қалыптасуы.
2. Халықшылдық эстетикасы.
3. Әдебиеттану ғылымындағы методологиялық мектептер.
4. Классицизм эстетикасы.
Тапсырма:
Келесі идеялардың қайсысымен келісесіз?
Дидро мен Лессингтің идеялары. И.Гердердің эстетикасындағы бағалау өлшемдері. Дауыл мен қысым эстетикасы. И.Кант эстетикалық талғам туралы Романтиктер және ағартушылық идея. Г.В.Гегельдің диалектикасы. Г.В.Гегель және абсолюттік идея. Г.В.Гегель және өнердің даму кезеңдері. А.Шопенгауэрдің өмір философиясы. С.Къеркегор және эстетикалық экзистенция. Ф.Нище және құдіретке еріктілік эстетикасы. Материалистік эстетика ұстанымдары. Орыс ойшыл-демократтарының эстетикалық көзқарасы. В.Плеханов пен А.Луначарскийдің өнер, әдебиеттің мәні туралы.
3-тақырып. Әдеби дәстүр. Әдеби байланыс. Синкретизм.
1. Қазіргі әдебиет теориясындағы ғылыми ағымдар.
2. Қазақ әдебиеттануы ғылымындағы эстетика мен теория мәселесі.
3. Формализмнің теориялық ұстанымы.
4. Тұрпайы социологизм ағымы.
Тапсырма: Келесі материал жайында пікір жазып көріңіз:
- Структурализм эстетикасы: М.Бахтин еңбектерінің ғылыми маңызы.
- К.Юнгтың еңбектері.
- Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, Абайдың эстетикалық көзқарасы.
4-тақырып. Сюжет. Композиция. Сөйлеудің түрлері
1. Көркем әдебиеттің табиғаты.
2. Әдебиет және өнер түрлерінің шығу тегі.
3. Әдебиет және эстетикалық категориялар.
4. Көркем әдебиеттің ерекшелігі.
5. Көркем әдебиеттің әлеуметтік сипаты.
6. Әдебиет пен өнердің танымдық мәні.
Тапсырма: Төменде берілген тақырыптардың біріне эссе жазу.
Әсемдік пен ажарлылық.
Асқақтық сезім сипаты.
Трагедиялық сезім мазмұны.
Күлкі және сұрқайлық
Сөздің бейнелік қасиеті.
Шығармадағы көркемдік кеңістіктің композициялық амал-тәсілдер арқылы берілу ерекшелігі.
Әдебиет пен өнердің халықтығы мәселесінің тарихи, эстетикалық ролі.
Ұлттық психика ерекшеліктері мен көркем шығармадағы ұлттық сипат.
Қаламгер тұлғасы
5-тақырып. Әдеби шығарма, құрылысы. Әдебиет салалары. Мазмұн мен формаға жаңаша көзқарас.
1. Кейіпкер және көркем образ.
2. Шығарма және орта.
3. Әдеби туынды.
4. Шығарма әлемі
Тапсырма: М.Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі», М.Әуезовтың «Қаралы сұлу» әңгімесіндегі автор позициясы, кейіпкер мен көркем образға талдау жасау. Шығарманың көркемдік әлемі, композиция, сюжетін анықтау.
6-тақырып. Жанр мен стиль байланысы. Стиль және әдебиеттік әсер. Тақырып және идея.
1. Көркем сөз бен мәтін.
2. Лингвистикалық поэтика мен стилистика.
3. Мәтін және диалогтық қатынас.
4. Мәтін құрамы.
Тапсырма: Б. Майлиннің «Шұғаның белгісі», М.Әуезовтың «Қорғансыздың күні» әңгімесінің поэтика мен стилистикасына талдау жасау.
7-тақырып. Шығармашылық тұлға категориясының эстетикалық мәні және теориялық негіздері.
1. Әдеби текпен жанр
2. Эпос, лирика, драма
3. Әдеби тек түрлері.
4. Жанрлық канондар және жанрлық дәстүрлер.
Тапсырма: Шәкәрім мен Мәшһүр-Жүсіп өлеңдерін жанрлық тұрғыда саралап, талдау, ұқсастықтарын анықтау.
8-тақырып. Шығармашылық процесті ойлау табиғаты мен «бейсаналық».
1. Әдеби процесс (үдеріс).
2. Көркемдік бағыт.
3. Көркемдік әдіс.
4. Стиль.
5. Дәстүр және жаңашылдық.
Тапсырма.
1. Ж.Аймауытов, М.Әуезов стилін анықта.
2. Жергілікті ақын-жазушылардың өзіндік стилін, олардағы дәстүр сабақтастығын анықтап, өлеңдерін талдау.
9-тақырып. Эстетикалық әлемдегі авторлық позиция. Әдеби тұлға
-
Астарлы позиция және оның жүзеге асу жолдары
-
Көпқырлы позицияның көркем мазмұнға ықпалы.
Тапсырма.
1. «Шығармашылық үшін жазушы өмірбаянның елеулі маңызы» деген тұжырымдаманы мысалдармен дәлелдеңіз.
2. Жоспар құру. Қосымша деректер жинастыру, фактілерді анықтау. Түптұлғаны таңдау, іріктеу. Әр суреткердің күй таңдау, жұмысты жүргізу, аяқтау ерекшеліктері.
3. Кеңестік ортақ позиция орын алған шығармаларға талдау жасаңыз.
Пайдаланатын әдебиет: [1],[3], [9], [18.
10-тақырып. Әдеби қозғалыс. Прозадағы драматизм
1. Әдеби процесс.
2. Бұл ұғымның әлемдік ауқымы.
3.Көркемдік даму заңдылықтары.
4. Дүние жүзі әдебиеттеріне тән ортақ мезеттер.
5.Салыстырмалы әдебиеттану ұстанымдары.
6. Халықаралық әдеби байланыстар. Көркемдік бағыт.
Тапсырма:
1.Башқұрт ақыны Салауат Юлаев пен қазақ ақыны Махамбеттің өлеңдерін салыстырып көріңіз.
2. Ғ. Ибраһимов пен С. Торайғыров өлеңдерін салыстыра талдап көріңіз.
3. Абайдың «Масғұт» поэмасы мен И. Тургеневтің «Шығыс аңызы» әңгімелерін салыстырыңыз.
Пайдаланатын әдебиет: [6],[9], [15], [25.
8. Өздік жұмыс тапсырмалары
1-тақырып. Әдебиет теориясының өзекті мәселесі.
МӨЖ тапсырмалары:
1. Сұрақтарға жауап беру:
1) Әдебиеттану мәселелерін тарихи-диалектикалық методология негізінде зерттеу тәсілдерін ата.
2) Хроникалы талдау және диахронды зерттеу қырлары жүйелі кешенді зерттеулер және синхронды факторлар қандай?
2. Хабарлама жасау. Тақырыбы: әдебиеттану ғылымында қалыптасқан салыстырмалы-зерттеу әдістері
3. Картотека. Әдебиеттанудың келелі мәселелерін тізіп шығу.
2-тақырып. Сөз бостандығының көркем шығармашылықтағы көріністері.
1. Сұрақтарға жауап беру:
1) Көркем шығарма талдаудың психологиялық әдіс-тәсілдері, басты бағыттары қандай?
2) Әдебиет психологиясы дегенді қалай түсінесіз?
3) Психологиялық талдау және қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымы арасындағы байланыста неден көресіз?
2. Шығарманы талдау. М.Әуезов шығармаларындағы цензура.
3. Картотека жинау.
3-тақырып. Қазіргі әдебиет пен басқа өнер салаларының байланысы .
1. Сұрақтарға жауап беру:
1) Фольклор – поэтикалық жүйе деген шындыққа жанаса ма?
2) Көркем жүйе динамикасын сипаттап бере аласыз ба?
3) Онтологиялық поэтика, мағыналық кеңістіктің құрылу механизмі қандай?
2. Сахнада қойылған шығармалардың тізімін жасап, талдап көріңіз.
4-тақырып. Әдеби шығармашылық және ғылым.
1. Сұрақтарға жауап беру.
1) Жанрлық түрлердің пайда болу, даму, өзгеру жолдары қандай?
2) Қазіргі жанрлық түрлердің өзіндік ерекшеліктері бар ма? Қалай ойлайсыз?
3) Роман жанры және оның тоқырау себептері неде деп ойлайсыз?
2. Хабарлама жасау. Тақырыбы: Әдеби жанрлардың әлемдік байланыстары.
Жанрдағы ұлттық болмыстың сақталуы.
3. Еуропалық пен шығыстық жанр үлгілерін әдеби материал негізінде талдау.
5-тақырып. Мәдени дамудың әдеби дамуға ықпалы.
1. Сұрақтарға жауап беру:
1) Әдебиеттану мәселелерін тарихи-диалектикалық методология негізінде зерттеу тәсілдерін атаңыз.
2) Хроникалы талдау және диахронды зерттеу қырлары жүйелі кешенді зерттеулер және синхронды факторлар қандай?
2. Картотека жинау. Тарихи-диалектикалық, тарихи-генетикалық методология негізінде талдау, хроникалы, синхронды талдаумен айналысқан ғалымдардың еңбектерінің картотекасын құрастыру.
6-тақырып. XІX–XX ғғ. басындағы қазақ зиялыларының әдебиетінің теориялық толғамдары.
1. Сұрақтарға жауап беру:
1) Қазақ әдебиеттану ғылымы алдында тұрған келелі міндеттерді атаңыз.
2) Қазақ әдебиеті тарихын зерттеудің қазіргі жай-күйі қандай?
2. «Қазақ әдебиеті тарихын зерттеудің қазіргі жай-күйі қандай?» атты тақырыпта пікірталасқа дайындық жасау.
7-тақырып. Әдебиеттанудағы жаңа терминдер қалыптастыруы.
1. Сұрақтарға жауап беру:
1) Метамәтін және көркемдік инвариант арасаындағы қатынас қандай?
2) Нарратология және дискурсивтік талдау туралы не айта аласыз?
2. Хабарлама жасау. Тақырыбы: Автор түсінігінің құрылымы, оның формаларының диалогтылығы, автор және кейіпкер.
3. Онтологиялық поэтика төңірегінде картотека жинау.
8-тақырып. Қазіргі қазақ повесі.
1. Сұрақтарға жауап беру:
1) Проза шеберлерінің поэтикалық принциптері қандай?
2) Идиостиль деген не?
2. Шығармаларды талдау. «Қала прозасы», «ауыл прозасы» жазылған шығармаларға талдау жүргізіңіз.
3. Пікірталас. Тақырыбы: «Қазіргі прозаның қандай артықшылықтары мен кемшіліктері»
9-тақырып. Қазіргі қазақ драматургиясы.
1. Сұрақтарға жауап беру:
1) Көркем жүйе динамикасындағы драматургияның алатын орны бар ма?
2) Қазіргі драматургияның жайы қандай?
2. Зерттеу. (Студенттермен). Сахналанған шығармаларды көрермендер көп көре ме?
3. Пікіралмасу. Тақырыбы: «Театр рөлінің кему себептері».
10-тақырып. Қазіргі қазақ лирикасы.
1. Сұрақтарға жауап беру:
1) Қазақ поэзиясында Абай дәстүрі және ақын салған соны соқпақ туралы не айта аласыз?
2) Өлең өріміне қатысты жаңа көзқарастар бар ма? Қандай?
2. Зерттеу. Жергілікті БАҚ материалдарынан ақындардың өлеңдеріне талдау жасаған пікірлерді табу.
3. Талдау. «Жылауық», «күнтізбелік» лирика дегенді қалай түсінесіз? Нақты мысалдармен дәлелдеу.
11-тақырып. Қазіргі лирикадағы біртектілік, біртүстіліктің пайда болу себептері.
1. Сұрақтарға жауап беру:
1) Лирика мен поэманың арақатынасы бар ма?
2) Қазіргі қазақ лирикасындағы жаңашылдық мәселесі жайлы не айтар едіңіз?
2. Хабарлама жасау. Тақырыбы: «Лирикадағы ұлттық мінез бен көркемдік мәселесі».
3. Картотека жинау. «Ырғақ мәселесіне байланысты соңғы ғылыми тұжырымдар».
12-тақырып. Қазіргі қазақ поэмасы.
1. Сұрақтарға жауап беру:
1) Қазіргі қазақ поэмасының ішкі әлемі туралы түсінік қандай?
2) Көркем шығармадағы уақыт пен кеңістік мәселесі жайыл не айтар едіңіз?
2. Шығарманы талдау. Казіргі кейіпкерлер табиғаты қандай? Кеңес дәурінімен салыстырғандағы айырмашылықтар мен ұқсастықтар.
3. Ой-толғау. Кез-келген қазір жазылған поэмаға қатысты пікір білдіру.
13-тақырып. Қазақ әдебиетіндегі әдеби-эстетикалық пайымдаулар.
1. Сұрақтарға жауап беру:
1) Ақын-жазушылардың әсемдік әлемі, талант және шеберлік деген не?
2) Дәстүрге айналған жаңалық және дәстүрді бұзған жаңалық қатынастары қандай?
Тапсырма:
2. Зерттеу. Ж. Мәмбетовтың «Әдебиеттің эстетикалық негіздері» атты еңбегінде көрсетілген эстетикалық категриялардың шығармаларда көрініс табуы.
3. Картотека жинау. Эстетикалық категриялардың шығармаларда кездесуі.
14-тақырып. Әдебиеттану ғылымының өзге ғылым салаларымен байланысы .
1. Сұрақтарға жауап беру:
1) Қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің жеке адам мен қоғамдық санаға ықпал-әсері қандай?
2. Ой-толғау. Технократтық индустрия негізінде жоғары дамыған елдердің мәдениеті мен өнеріндегі, әдебиетіндегі интеграциялық процестердің көрінісі және оған қарсы интеллектуалдық ағымдар күресі жайлы не айтар едіңіз?
15-тақырып. Қазіргі қазақ әдебиетінің идеологиялық қызметі .
1. Сұрақтарға жауап беру:
1) Әдеби шығарманың идеялық мазмұны, оның көркемдік компоненттерінің қызметі жайлы не айта аласыз?
2) Шығарманы туғызған тарихи кезең және автор дүниетанымы арасында байланыс бар ма?
2. Зерттеу. Қазіргі жазылған шығармалардағы идеологиялық қызмет (Мәтін ерікті).
3. Картотека жинау. Көркем шығарма, әдеби туынды мәтінінің мазмұндық-пішіндік бірлігі туралы жаңа әдебиеттер.
9. МӨЖМ кеңестерінің кестесі
№
|
Сабақ түрлері
|
дүйсенбі
|
сейсенбі
|
сәрсенбі
|
бейсенбі
|
жұма
|
сенбі
|
1.
|
Дәріс бойынша кеңестер
|
|
|
10.00
11.00
|
|
|
|
2.
|
Тәжірибелік сабақтар бойынша кеңестер
|
|
|
|
|
12.00
13.00
|
|
3.
|
МӨЖ бойынша кеңестер
|
11.00
12.00
|
|
|
|
|
|
4.
|
Талдау бойынша кеңестер
|
|
|
|
|
|
10.00
11.00
|
5.
|
Тест сұрақтары бойынша кеңестер
|
|
|
|
|
|
11.00
12.00
|
10. Магистранттардың білімдерін тексеру кестесі
Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсыру кестесі
№
|
Жұмыс түрі
|
Тапсырманың тақырыбы, мақсаты мен мазмұны
|
Ұсыныл
атын әдебиет
|
Орын
дау ұзақтығы
|
Бақы
лау
түрі
|
Тапсыру мерзімі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
Зерттеу
|
Автордың жазу ерекшелігі
|
Мұқажанова Р. Шетел әдебиетінің тарихы (19-20ғасыр).
|
3 апта
|
|
4 апта
|
2
|
Шығармаларды талдау
|
Стиль, жанр
|
|
3 апта
|
|
5 апта
|
3
|
Ағымдық бақылау
|
1-7 тәжірибелік сабақтар
|
|
|
коллоквиум
|
8 апта
|
4
|
Хабарлама
|
Идея, тақырып
|
Мұқажанова Р. Шетел әдебиетінің тарихы (19-20ғасыр).
|
3 апта
|
|
11 апта
|
5
|
Шығармаларды талдау
|
Стиль, жанр, авторлық процесс
|
|
4 апта
|
|
14 апта
|
6
|
Ағымдық бақылау
|
8-15 тәжірибелік сабақтар
|
|
|
коллоквиум
|
15 апта
|
11. Оқытушының талаптары, саясаты мен шаралары
Білім алушылардың сабаққа кешігусіз келуі міндетті түрде талап етіледі. Олай болмаған жағдайда мәселе деканат арқылы шешіледі. Максималды түрде екі босату ғана рұқсат етіледі. Екі кешігіп келу бір босатуға тең келеді. Екіден көп босату болған жағдайда білім алушымәселе әкімшілік тарапынан шешілмегенше сабаққа кіргізілмейді. Сабақта білім алушылардан бөгде адамның келуіне рұқсат етілмейді.
Жұмыстар уақытында тапсырылуы қажет. Тапсырмаларды тапсырудың ең соңғы мерзімі – емтиханға 3 күн қалғанға дейінгі уақыт.
Барлық тапсырмаларды өткізбеген білім алушы емтиханға жіберілмейді.
Меңгерілген материалдар үнемі тексеріліп отырылады, сондықтан әркез қайталап отыру шарт.
Магистранттар білімін аралық бақылау тест немесе жазбаша бақылау жұмысы түрінде жүргізіледі.
Осы көрсеткіштер орындалмаған жағдайда жеткіліксіз немесе айып санкциялары қолданылады:
-
сабақты босату (себепсіз);
-
тапсырмаларды уақытымен орындамау;
-
тапсырмаларды орындау барысында қателіктер жіберу, яғни,студент материалды толық меңгермеген жағдайда.
Егер магистрант сабаққа себепті жағдаймен келе алмаса, келесі аптада сол сабаққа өтеу (отработка) жасайды. Бірақ ұпай азайтылады.
Магистранттардың білімін анықтау көрсеткіші
Балл түріндегі қорытынды баға
|
Балдың сандық баламасы
|
Әріп жүйесі бойынша бағалау
|
Дәстүрлі жүйе бойынша қойылатын баға
|
Емтихан, дифф. сынақ
|
сынақ
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
95-100
|
4
|
А
|
өте жақсы
|
Есептелді
|
90-94
|
3,67
|
А-
|
85-89
|
3,33
|
В+
|
Жақсы
|
80-84
|
3,0
|
В
|
Жақсы
|
75-79
|
2,67
|
В-
|
Жақсы
|
70-74
|
2,33
|
С+
|
қанағаттанарлық
|
65-69
|
2,0
|
С
|
60-64
|
1,67
|
С-
|
55-59
|
1,33
|
Д+
|
50-54
|
1,0
|
Д
|
0-49
|
0
|
F
|
қанағаттанарлықсыз
|
есептелмеді
|
12. Қолданылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі
-
Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік шешім. –А.,1991.
-
Дүйсенов М. Әдебиеттегі мазмұн мен форманың бірлігі. –А., 1997.
-
Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. – А, 2003.
-
Жұмалиев Қ. Стиль- өнер ерекшелігі. –А., 1996.
-
Ысмайлов Е. Әдебиет теориясының мәселелері –А.,2011
-
Ысқақов Д. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. –А.,2012
-
Кенжебаев Б. Шындық пен шеберлік. –А.,1986.
-
Қабдолов З. Сөз өнері. –А., 1992.
-
Мәмбетов Ж. Әдебиеттің эстетикалық негіздері. – А., 2011
-
Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. –А.,1984.
-
Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. –А.,1996.
-
Мәшһүр-Жүсіп Қ. Өлең-сөздің патшасы. –А.,1992.
-
Мәшһүр-Жүсіп Қ. Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік.
-
Оразбек М. Автор және шығармашылық процесс. – А., 2006.
-
Нұрқатов А. Идея және образ. –А.,1962.
-
Нұртазин Т. Шеберлік туралы ойлар.- А.,1968.
-
Негімов С. Өлең өрімі. –А.,1981.
-
Сыдықов Т. Қазақ тарихи романы. –А.,1996.
Қосымша:
-
Ахметов З. Казахское стихосложение. –А.,1969.
-
Бахтин М. Вопросы литературы и эстетики. –М.,1975.
-
Барт Р. Избранные работы. Семиотика. Поэтика. –М.,1989.
-
Гегель В.Г. Эстетика. В.4 т. –М.,1968.
-
Жирмунский В. Теория литературы. Поэтика. Стилистика. –М.,1977.
-
Мақпал Оразбек. Автор және шығармашылық процесс. –А.,2006.
-
Нұрғалиев Р. Сөз өнерінің эстетикасы. –А.,2003.
-
Поспелов Г. Теория литературы. – М.,1978.
-
Соколов А.Теория стиля. – М.,1968.
-
Тимофеев Л. Основы теории литературы. – М.,1976.
Достарыңызбен бөлісу: |