Пәнінен syllabus


Фронталь лабораориялық жұмыстар



Pdf көрінісі
бет29/91
Дата20.05.2022
өлшемі2.12 Mb.
#458428
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   91
SYLLABUS ФОТ

Фронталь лабораориялық жұмыстар қысқа уақытты немесе бір сағаттық болады. 
Ол сабақта барлық оқушылар бір мезгілде бәрі бірдей жұмысты орындайды. Мұның 
бірқатар ұйымдастыру-әдістемелік артықшылықтары бар: а)өтілетін тақырыппен тығыз 
байланысты болады; ә)барлық оқушының бірдей жұмысты орындауы, оны өткізу мен 
тексеру мұғалім үшін жеңілдейді. Мұғалім бұл жұмыстың мынадай өзіндік 
қиыншылықтарын да аңғаруы керек: а)сыныпта барлық оқушыларды бірдей 
приборлармен қамтамасыз етудің мүмкіндігі бола бермейді; ә)бір жұмысты 3-4 оқушы 
бірігіп топ болып жасайтындықтан, олардың біреуі ғана өлшеумен айналысып, 
қалғандары тек бақылауға мәжбүр; б)жұмыстың приборларын тегіс бәріне бір мезгілде 
таратып, жинап алу мұғалімге оңайлыққа соқпайды. 
Физикалық (лабораториялық) практикум оқу жылының аяғында 9-10-11-
сыныптарда, 1-2 сағат бойы өткізіледі (мысалы дененің еркін түсу үдеуін өлшеу, шала 
өткізгіштіктердің вольт-амперлік сипаттамаларын алу, электрорезонансты зерттеу). 
Мұндай лабораториялық практикумдар күрделі аппаратуралармен жасалады, физикалық 
құбылыстар терең зерттеледі, оқушылардың өз бетінше ізденушілікпен істеуін талап етеді, 
оларды ғылымми-зерттеу және өлшеу әдістерімен таныстырады.
Тақырыбы: Өлшеуіш цилиндр (мензурка) бөліктерінің құнын анықтау. Дененің 
көлемін өлшеу 
 
Жұмыстың мақсаты: өлшеуіш цилиндрді мысалға ала отырып, аспаптар 
шкалалары бөліктерінің құнын анықтау; оларды қолдануды үйрену және өлшеуіш 
цилиндрді пайдаланып, денелердің көлемін өлшеу. 
Құрал-жабдықтар: өлшеуіш цилиндр (мензурка), су құйылған тостаған, жіңішке 
жіп, әртүрлі ыдыстар мен денелер (гайка, өшіргіш, т.б.). 
1-тапсырма. Өлшеуіш цилиндр бөліктерініңң құнын анықтау 
Жұмысты орындау. 


1) өлшеуіш цилиндрді мұқият көріп шығыңдар, оның шкаласына зер салыңдар. 
Қолдарыңдаы өлшеуіш цилиндрдің шкаласындағы жазуға қарап, ол арқылы көлемді 
қандай бірлікпен анықтауға болатынын дәптерлеріңе жазып алыңдар; 
2) оқулықтағы 10-параграфты қайталап, қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрдің бөлік 
құныны анықтаңдар; 
3) қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрді пайдаланып, жүргізілген өлшеулердің 
қателігін анықтаңдар. Ол үшін цилиндрге су құйып, құйылған судың көлемін өлшеу 
қателігін ескере отырып анықтаңдар; 
4) анықталған шамаларды дәптерге жазып алыңдар; 
5) өлшеуіш цилиндрдің сипаттамаларын және өлшеген сұйық көлемін мына 
кестеге жазыңдар: 
1-сурет
1-кесте 
Мензурканың 
ең үлкен өлшеу 
көлемі, 
оның 
бірлігі 
Мензурка 
бөлігінің құны 
Өлшеу 
қателігі 
Қателігі 
көрсетілген 
өлшеу 
нәтижесі 
(сұйық 
көлемі) 
Е с к е р т у. Сұйықтың көлемін есептегенде көздің шкаланы көру деңгейіне көңіл 
аударыңдар. Көзді су бетінің жазықтығымен дәл келетін горизонталь деңгейде бағыттау 
керек (1-сурет). 
2-тапсырма. Әр түрлі пішіндегі қатты денелердің көлемін анықтау 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет