ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
СМЖ 3-деңгейдегі құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-18-7.1.39/03-2014
|
«Наубайхана және ашыту өндірістеріндегі биотехнологиялық процестерді жетілдіру» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
|
№ 1 басылым
11.09.2014 ж
|
«Наубайхана және ашыту өндірістеріндегі биотехнологиялық процестерді жетілдіру»
ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
6М072800– «Өңдеу өндірістерінің технологиясы» магистранттарына арналған білім бағдарламасы
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей 2014
Мазмұны
1
2
|
Глоссарий
Дәріс сабақтарының материалдары
|
4
4
|
3
|
МӨЖ тақырыптарының тізімі
|
50
|
|
|
|
-
ГЛОССАРИЙ
Сақтау режимдері — астық массаларын сақтау үшін жасалатын жағдайлар.
Ассортимент- қандай да бір белгілері бойынша біріктірілген тауарлардың түрлері немесе жиынтығы.
Дисперсті фаза- біртекті емес жүйенің ішкі, ұсақ бөлшектелген фазасы.
Температура – астықтың демалу қарқындылығына әсер ететін маңызды фактор.
Ұнның тығыздалуы – ұнның өзінің массасының әсерінен болатын табиғи құбылыс.
Айлақтық қойма - астықты су көліктеріне тиеуге арналған қоймалар
Қорлық қойма - мемлекеттік астық қорларын сақтауға арналған
Радиобиология - иондаушы сәулелердің тірі организмдерге, олардың қауымдастығына және жалпы биосфераға әсерін зерттейтін ғылым.
Астықтың сақталу қабілеттілігі - оның белгіленген сақталу мерзімінен кейін құрамы мен қасиеттерінің сақтар алдындағы көрсеткіштерінен өзгермеуін қарастыруға болады.
Астық ылғалдылығы – астықтағы ылғалдылықтың оның жалпы салмағына байланысты пайыздық көрсеткіш.
2 ДӘРІСТІК МАТЕРИАЛ
1,2 – дәріс.
Биотехнология және оның салалары
Биотехнология (bios - тіршілік; thechne-өнер, шеберлік;logos-ғылым) - тірі ағзалар мен биологиялық үрдістерді өндірісте пайдалану; экономикалық құнды заттарды алу үшін ген және жасуша деңгейінде өзгертілген биологиялық объектілерді құрастыру технологиялары мен пайдалану жөніндегі ғылым және өндіріс саласы.
Биотехнологияның негізгі объектісі - тірі жасушалар, атап айтқанда жануар, өсімдік текті жасушалар және микробтар немесе олардың биологиялық белсенді метаболиттері.
Алғаш рет «биотехнология» термині 1917 жылы Карл Эреки шошқаларды қант қызылшасымен қоректендіру кезінде олардың өнімдерінің жоғарылауы жасалған жұмыстарының нәтижесінде берілген.
Биотехнологияның пайда болуы мен даму тарихында ғылыми пән ретінде голланд ғалымы Е.Хаувинк 5 кезеңді ажыратты.
- Пастер ғасырына дейінгі кезең (1865 жылы). Сыра, шарап, нан өнімдері және сыра ашытқыларын, ірімшік алғандағы спирттік және сүт қышқылды ашытуды қолдану. Сірке қышқылын және ферментативті өнімдерді алу.
- Пастер ғасырлық кезеңі (1866-1940 жж) - этанол, бутанол, ацетон, глицерин, органикалық қышқылдарды, вакциналарды өндіру. Канализациялық суды аэробты тазалау. Көмірсулардан азықтық ашытқыларды өндіру.
- Антибиотиктер кезеңі (1940-1960жж) - тереңдетілген ферментация жолымен пенициллин және басқа антибиотиктерді алу. Өсімдік жасушаларын дақылдау және вирустық вакциналарды алу. Стероидтардың микробиологиялық биотрансформациясы.
- Меңгерілетін биосинтез кезеңі (1961-1975) - микробты мутанттар көмегімен амин қышқылдарын өндіру. Тазартылған ферменттік препараттар алу. Иммобилизацияланған ферменттерді және жасушаларды өндірістік қолдану. Канализациялық суларды анаэробты тазалау және биогаз алу. Бактериалды полисахаридтерді өндіру.
- Жаңа биотехнология кезеңі (1973 жылдан бастап) - биосинтез агенттерін алу мақсатында жасушалық және генетикалық инженерияны қолдану. Моноклоналды антиденелерді өндіретін будандарды, протопласттарды және меристемді дақылдарды будандастырып алу. Эмбриондарды трансплантациялау.
Биотехнология салалары
Биотехнология ғылыми пән және өндірістік технология есебінде тірі жасушаның биоөндіргіштік белсенділігін зерттеуге, сапалы өндірушілік қабілеті бар және әртүрлі салаларда: ауыл шаруашылығында; фармацевтикада; тағам өнеркәсібінде; биоэнергетикада; қоршаған орта ремедиациясында; биоэлектроникада; тағы басқаларда қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |