1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары
Авилхан Ақмамық - Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының аға оқытушысы (дәріс, тәжірибелік және СОӨЖ сабақтар)
Кафедра Ломов көшесі 64 мекен-жайы бойынша 417 аудиторияда орналасқан, байланыс телефоны 67-36-85, қосымша 168.
Пәннің мақсаты және тапсырмасы
Пәннің мақсаттары
Құқық және мемлекет теориясы барлық заңдық ғылымдардың әдістемелік және ғылыми теоретикалық негізі ретінде көрінеді. Ол құқық пен мемлекетті динамикалық және статистикалық көзқарас тұрғысынан, өзара байланысы мен өзара бағыныштылығын анықтай отырып ашады. Құқық және мемлекет теориясы негіздерін зерттеуге арналған оқу пәні мемлекет және құқықтың экономикалық, саяси, әлеуметтік, гуманитарлық білімдер мен заңдық пәндер жүйесіндегі ролі мен маңызын көрсетуге арналған.
Пәнді зерттеу барысында оқытудың кредиттік жүйесімен көрсетілген оқытудың және бақылаудың барлық нысандарын пайдалану қажет. Қарастырылатын тақырыптарға оқу - әдістемелік кешенді пайдалану, семинар және СОӨЖ сабақтарына баяндамалар бөлу, аралық бақылау жұмыстарын өткізу және оқытушылардың кеңес беруі, студенттер білімін тексеру үшін тестілеуді қолдану тәлімгерлерге құқық және мемлекет теориясының негізгі түсініктері мен категорияларын оқытуға, қазіргі жағдайда олардың ролі мен өзара әрекеттестігін көрсетуге мүмкіндік береді.
Пәннің тапсырмасы: Мемлекет және құқық териясын оқытудың мақсаты және міндеті ретінде тәжірибелік дағды негізінде болуға тиісті кешенді теоретикалық білімдерді қалыптастыру қажеттілігін ажыратып көрсету керек.
5 Білімге, икемділікке және машықтарға қойылатын талаптар
Пәннің міндеттері
- тәлімгерлерде заңдық дүниетанымды, кәсіби құқықтық сананы дамыту, құқықтық психология және құқықтық идеологияның жоғары деңгейін қалыптастыру;
- тәлімгерлерде Қазақстан Республикасының қоғамдық өмірінің саяси және заңдық жағдайларында бағыт алу қабілетін қалптастыру;
- нормативті - құқықтық актілердің мазмұнын түсіну және түсіндіру, негізгі және туынды актілерді қажетті әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып талқылау дағдысын қалыптастыру;
- тәлімгерлерде мемлекеттің құқықтық актілеріне құрметпен қарау және оларды бұзуға жол бермеу, азаматтылық қағидалары, қоғамдық парызды сезіну және құқықтық мемлекет қағидалары мен құндылықтарын жүзеге асыруға сенімді тәрбиелеу.
Мемлекет және құқық теориясын оқып үйренген соң тәлімгерлердің алатын шамалы білімі, қабілеті және дағдысы.
Студент пәнді оқығаннан кейін студент білуге:
-
мемлекет, бұқаралық (жариялық) билік;
-
егемендік;
-
басқару нысаны;
-
мемлекеттің ішкі және сыртқы функциялары;
-
унитарлық және федералдық мемлекеттер;
-
мемлекет механизмі;
-
құқықтық мемлекет;
-
объективтік құқық және субъективтік құқық;
-
құқықтық норма;
-
құқықшығармашылық;
-
құқыққа сай мінез-құлық;
-
құқық бұзушылық;
-
құқықтық сана және құқықтық мәдениет, заңдылық және т.б.
Пәнді оқу барысында үйренуге:
- мемлекеттік-құқықтық оқиғаларға дұрыс бағдар беруді және оны бағалауды;
- заң нормаларын талқылауды;
- құқықтық ұйғарымға сәйкестік (сәйкес емес) тұрғысынан әрекеттер мен қимылдарын талдауды.
Пәнді оқығаннан кейін студент дағдылануға:
- мемлекеттің кейбір нормативтік актілерінің жобаларын жағымды жақтары мен жетіспеушіліктерін көрсете отырып, оны жою туралы ұсыныстарын енгізе отырып құру;
- студенттердің ғылыми конференциялары мен үйірмелеріне рефераттар мен ғылыми конференциялары мен үйірмелеріне рефераттар мен баяндамалар әзірлеуді;
- курстық және бітірушілік жұмыстар жазып, оларды оқытушылар мен комиссия алдында жариялы түрде қорғай білу.
6 Пререквизиттер
Мемлекет және құқық теориясын оқып үйретуге дейін оқытылатын пәндер тізімі:
-
Жалпы тарих;
-
Қазақстан тарихы;
-
Қазақстан Республикасы мемлекеті мен құқығының тарихы;
-
Құқық негіздері;
-
Қоғамтану;
-
Философия;
-
Әлеуметтану;
-
Саясаттану.
7 Постреквизиттер
Аралас пәндер тізімі және олардың мемлекет және құқық теориясымен өзара байланысы:
Шетелдердің мемлекеті мен құқығының тарихы. Тақырыптары: "Мемлекет және құқықтың тарихи типтері және нысандары". "Тарихи құқықтық ескерткіштер"."Ежелгі дүние, орта ғасыр,жаңа және қазіргі заман мемлекеті және құқығы".
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы. Тақырыптары: "Қазақ мемлекеттілігінің пайда болуының тарихи алғы шарттары". "Егеменділіктің қалыптасу кезеңдері және қазақстандық мемлекеттіліктің даму болашағы". "Жеті Жарғы" және басқа да бұрынғы құқықтық ескерткіштер.
Конституциялық құқық. Тақырыптары: "Мемлекеттік билік, оның ерекшеліктері". "Тікелей және өкілді демократия". "Адамның құқықтары мен бостандықтары". "Мемлекет, тұлға, қоғам. Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің ,Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың конституциялық мәртебесі".
Құқық негіздері. Тақырыптар: "Мемлекет және мемлекеттік құрылым туралы негізгі түсініктер", "Құқық және құқықтық құбылыстар туралы негізгі түсініктер".
Заңдық пәндерді оқыту үрдісінде тәлімгерлерді ғылыми - теоретикалық ұғымдарды дұрыс түсінуді негіздейтін түсініктер мазмұнымен таныстыру қажет. Ол философияның, саясаттанудың, әлеуметтанудың және өзге қоғамдық ғылымдардың тиісті бөлімдерінде берілетін мынандай түсініктер мен анықтамалар: ұлт, халық, қоғамдық пікір, саясат, мораль және адамгершілік, дін, партия,жеке тұлға, адам. Мемлекет және құқық теориясының негізгі және әдістемелік сипатын ескере отырып, пән бойынша білімдер барлық салалық заңдық пәндерді оқытуға қажет.
Пәннің тақырыптық жоспары Ф СО ПМУ 7.18.2/07
8 Тақырыптық жоспар
№ р/с
|
Тақырыптың аталуы
|
Сабақтардың түрлері бойынша сағаттар саны
|
Дәріс
|
Пр. (сем)
|
Зерт.
|
Студ.
|
Жеке
|
СӨЖ
|
1
|
Мемлекет және құқық теориясының пәні.
|
1
|
|
|
|
|
5
|
2
|
Мемлекет және құқық теориясының әдістемесі.
|
|
1
|
|
|
|
5
|
3
|
Гуманитарлық білім жүйесіндегі және заң тәртіптері жүйесіндегі мемлекет және құқық теориясы.
|
|
1
|
|
|
|
5
|
4
|
Мемлекет және құқық теориясының пайда болуы және түрлері.
|
1
|
|
|
|
|
5
|
5
|
Мемлекет және құқықтың дамуының негізгі кезеңдері. (типологиясы).
|
|
1
|
|
|
|
5
|
6
|
Мемлекеттің мәні.
|
|
|
|
|
|
5
|
7
|
Мемлекеттің түрлері.
|
1
|
|
|
|
|
5
|
8
|
Мемлекет маханизмі аппарат).
|
|
1
|
|
|
|
5
|
9
|
Мемлекеттің қызметі (функциясы).
|
|
1
|
|
|
|
5
|
10
|
Қоғамның саяси жүйесі.
|
1
|
|
|
|
|
5
|
11
|
Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам.
|
|
1
|
|
|
|
5
|
12
|
Қоғамдық қатынастарды нормативтік реттеу.
|
|
|
|
|
|
5
|
13
|
Құқықтың түсінігі және мәні.
|
1
|
|
|
|
|
5
|
14
|
Құқық нормалары.
|
|
1
|
|
|
|
5
|
15
|
Құқықтың (қайнар көздері) формалары.
|
|
|
|
|
|
5
|
16
|
Нормативтік құқықтық акт.
|
1
|
|
|
|
|
6
|
17
|
Құқықшығармашылық және нормативтік құқытық актілердің жүйелілігі.
|
|
1
|
|
|
|
5
|
18
|
Құқық жүйесі және заңдар жүйесі.
|
|
|
|
|
|
6
|
19
|
Құқықтық қатынастар.
|
|
1
|
|
|
|
6
|
20
|
Құқықты жүзеге асыру және оның түрлері.
|
1
|
|
|
|
|
5
|
21
|
Құқық нормаларын қолдану.
|
|
|
|
|
|
5
|
22
|
Нормативтік құқықтық актілерді талқылау.
|
|
1
|
|
|
|
6
|
23
|
Құқықтық сана.
|
1
|
|
|
|
|
5
|
24
|
Құқықтық мәдениет және құқықтық нигизизм.
|
1
|
|
|
|
|
5
|
25
|
Құқықтағы кемтік және оларды толтыру әдістері.
|
|
1
|
|
|
|
6
|
26
|
Заңдық мінезқұлық.
|
1
|
|
|
|
|
6
|
27
|
Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік.
|
|
1
|
|
|
|
5
|
28
|
Заңдылық, құқықтық тәртіп, тәртіп.
|
|
|
|
|
|
5
|
29
|
Құқық, жеке тұлға, қоғам.
|
1
|
|
|
|
|
5
|
30
|
Құқық саласы.
|
1
|
|
|
|
|
5
|
Семестр бойынша барлығы:
|
30
|
30
|
|
|
|
156
|
Пән бойынша барлығы
|
180
|
9 Пәннің қысқаша сипаттамасы
Мемлекет және құқық теориясы тәлімгерлердің дүниетанымын қалыптастыратын, құқық және мемлекет туралы негізгі түсініктер мен анықтамаларды беретін басты әдістемелік пән болып табылады.
5В 0503100 "Юриспруденция" мамандығы бойынша білім алатын тәлімгерлер Қазақстандық мемлекеттілік пен құқықтық жүйені жетілдіру және оның әрекет етуіне байланысты мемлекеттік - құқықтық мәселелерді қарастыруға тиісті.
Аталмыш оқу пәні мемлекеттік - биліктік қатынастарды жүзеге асыруда мемлекеттік, құқықтық, саяси тәжірибені кешенді және диалектикалық түсінуді қамтамасыз етеді. Мемлекет теориясы негіздері мемлекеттік билік органдарының пайда болу, даму және қызмет етуінің негізгі заңдылықтарын, олардың қазіргі кезеңдегі ролі мен маңызын анықтайды. Құқық теориясы негіздері жалпыға міндетті тәртіп ережелерінің пайда болу, даму және жүзеге асырылуының барынша жалпы заңдылықтарын ашуға мүмкіндік береді. Оқытудың қазіргі жағдайында, білім берудің кредиттік технологиясы негізінде тәлімгерлердің міндетті компонент пәндерінің мазмұнын дербес, интерактивті игеру қажеттілігі туындайды.
Мемлекет және құқық теориясы заңдық ғылымдар және пәндер жүйесінде ерекше орынға ие. Аталмыш оқу пәні жалпы теоретикалық және әдістемелік қызмет атқара отырып, барлық заңдық ғылымдар мен оқу пәндерінің теоретикалық негізін құрайды. Мемлекеттік - құқықтық дамудың заңдылықтарын және бағыттарын, барлық заңдық құбылыстарды кешенді қарауға мүмкіндік береді. Барлық заңдық ғылымдар өздерінің зерттеу әрекетінде мемлекет және құқық теориясының ұғымдық және түсініктік аппаратын кеңінен қолданады, олар мемлекеттік - құқықтық аймақты қамтиды. Мемлекет және құқық теориясында дамытылатын түбегейлі түсініктер барлық заңды ғылымдар үшін негізгі болып табылады. Бұл құқықтық мәртебе, құқық қабілеттілік, әрекет қабілеттілік, мемлекет, құқық, құқықтық жүйе, егеменділік, қылмыс, жаза, құқықтық мәдениет, заңдылық және өзгелер, олар қазіргі кезеңде юриспруденцияның жалпы құндылығы болып табылады.
Юриспруденцияда мемлекет және құқық теориясы үйлестіруші ролін атқарады, оның барлық квинтэссенциясын жинақтайды. Мемлекет және құқық теориясын зерттеуге басты назар аудару қажеттілігін ерекше атап өткен жөн. Мемлекет және құқық теориясын нақты және жан - жақты зерттеу өзге құқық салаларының ұғымдық аппаратын түсінуге және олардың диалекетикалық өзара байланысын көруге мүмкіндік береді.
Мемлекет және құқық теориясының дамуы құқықтық мемлекеттілік және оны негіздейтін құқықтық құбылыстар туралы ғылыми негізделген көзқарас қалыптастыруға шақырады. Қазіргі кезде кеңестік мұрасын еңсеру және мемлекет және құқық теориясын қазіргі құқық пен мемлекеттің дамуын сипаттайтын ережелермен байыту қажеттілігі бар. Бұл ғылыми зерттеу мазмұнына, олардың әдістемесіне, методикасына, өмірлік қажеттіліктер мен мүддесіне, ғылыми - теоретикалық зерттеу нәтижелері мен қорытындыларына байланысты.
Мемлекет және құқық теориясының дамуы қазақстандық ғалымдардың, профессорлық - оқытушылық құрамның, практикалық қызметкерлердің және тәлімгерлердің зерттеулеріне негізделуге тиісті.
Мемлекет және құқық теориясын жаңарту мен сауықтыруда қолданылып жатқан шараларға тәлімгер қауымын кеңінен қатыстырған жөн, оларды жетістіктерге сыңи тұрғыдан қарауға жетелеу және дағдарысты жылдам жою жолдарын табуға бағыттау керек. Тәлімгерлерді заңдық білімге баулу процесінде белгілі.
Тәлімгерлерді заңдық білімге баулу барысында мемлкеттік стандартпен, типтік және жұмыстық оқу жоспарында анықталған кезектілікті сақтау қажет: бастапқы құқықтық ұғымдар мен түсініктерді меңгергеннен кейін, күрделі кешенді түсініктер мен ұғымдарды анықтау, кейін ғылым салалары бойынша концепциялар мен теорияларды зерттеуге көшкен жөн. Өзге заңдық және жалпы ғылымдық пәндерді қатар және кезектілікпен зерттеу де осы тәріздес болуы керек, ол студенттерде заңдық дүниетаным, құқықтық сана, құқықтық мәдениет, азаматтылық және отансүйгіштік қалыптастыру күшейте түседі
10 Курс компоненттері
І тарау. Мемлекет және құқық теориясы ғылым ретінде.
1-тақырып. Мемлекет және құқық теориясының пәні.
Мемлекет және құқық теориясы ғылыми пәнінің түсінігі. Жалпы мемлекет және құқық теориясының пәні-негізгі заңдылықтардың пайда болу, мемлекет және құқықтың фуннкцияларымен дамуы. Мемлекет және құқық теориясының пәні оқу тәртібі ретінде.
Құқық теориясы және мемлекет теориясы дербестык қатынастағы ғылыми тәртіптер ретінде.
Мәдениет тарихындағы мемлекет және құқық танымына түрлі әдістер: догматикалық, діни, табиғи-құқықтық, сыныптық. Құқық мектебі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Алексеев С.С. Философия прав. М., 1997.
2 Баймаханов М.Т. О необходимости переосмысления некоторых научно-методологических вопросов теории государства и права // Науч. Труды «Әділет». 1999. № 1(5)7
3 Гегель Г.В.Ф. Философия права. М., 1990.
4 Зиманов С.З. Место общей теории права в советском правоведении // Сов. Государство и право. 1984. № 47
5 Зиманов С.З. Правовая наука: сфера и предмет // Сов. Государство и право. 1982. № 10
6 Ибраев А.С., Культелеева Т.Т. Вопросы изучения государство и права // Вестник КазГУ. 1988. № 9.
7 Историческое и логическое в познании государства и права / А.И. Королев, Л.С. Явич. Л., 1988.
8 Карбонье Ж. Юридическая социология. М.: Прогресс,1986.
9 Керимов Д.А. Методология права: Предмет, функции, проблемы философии права. М., 2000.
10 Козлов В.А. Проблемы предмета и методологии общей теории права. Л., 1989.
11 Лапаева В.В. Конкретго-социологические исследования в праве. М., 1988.
12 Лукич Р. Методология права. М., 1981.
13 Марача В., Матюхин А. Социокультурный анализ политико-правового пространства // Науч. тр. «Әділет». 1999. № 1(5)7
14 Мартышин О.В. Совместимы ли основные типы понимания права // Государство и право. 2003. № 6.
15 Нерсесянц В.С. Философия права: Учеб. М., 1997.
2-тақырып. Мемлекет және құқық теориясының әдістемесі.
Мемлекет және құқық теориясы пәні мен объектісінің ұғымы.
Мемлекеттік –құқық құбылыстардың қазіргі ғылыми әдістері. Құқық пен мемлекетті зерттеудегі жалпы ғылыми және жеке ғылыми әдістерінің арақатынасы. Құқық пен мемлекетті оқудағы диалектикалық әдістеме. Мемлекеттік-құқық құбылыс зерттеуіндегі тарихи пікірлер.
Ғылыми олау тәсілдері. Анализ, синтез, индукция, дедукция, гипотеза, ойша пайымдау.
Құқық пен мемлекет оқудағы жеке ғылыми әдіс-тәсілдер: формальды-логикалық (заңды), салыстырмалы, статистикалық, кибернетикалық жүйелі-құрылыстық, синергетикалық және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |