Шебердің бетперде құрудағы мүмкіндіктерін қарастырайық. “Авто” кестесі үшін Конструктор режиміне кіріп, “Шығарылған күні” өрісі үшін осы шеберді шақырайық. 8 суретте сұхбаттасудың бірінші қадамы келтірілген, мұнда мерзімді көрсету үшін формат таңдау қажет, ал 9 суретте сұхбаттасудың 2-ші қадамы келтірілген, мұнда таңдалынған форматқа сәйкес мерзімді енгізу үшін құрылған бет перде көрсетілген.
4. Кестелер шебері режимінде кесте құру
Кестелер шеберін таңдау арқылы үлгі бойынша кесте құру мүмкіндігіне ие боламыз. Бұл жерде кесте үлгісін және осы кестеге арналған өріс үлгілерін көрсету керек. Өріс атауларын қажеттілік туып жатса өзгертуге болады. Ары қарай Шебердің ұсыныстарын жүзеге асыра отырып, сұхбаттасуды аяқтау керек. Бұл режимде кесте құрумысалдары 11-14 суреттерде келтірілген. Сұхбаттасудың бірінші қадамында (10 сурет) барлық кестелерді және олардың өрістерін қарап шығу керек, өйткені құрылып жатқан кестеде осы өрістердің қайсысын қолданылатынымызды біз алдын ала ойластыруымыз керек.
> белгісі бар квадрат курсор тұрған бір өріс жаңа кестеге енгізілетінін білдіреді, ал>> белгісі сол жақтағы барлық өрістердің кестеге енгізілетінін білдіреді, < белгісі өрістің жаңа кестеден алып тасталынатынын, ал<< белгісі барлық өрістің жаңа кестеден жойылып, өз орындарына қалатынын білдіреді. Сонымен қатар мұнда жаңа кестеге әр түрлі кестелерден алынған әр түрлі өрістерді кірістіруге болады.
Егер жаңа кестенің қандай да бір өрісінің атын өзгерту керек болса, курсорды осы өріске орналастырып, Өріс атын өзгерту (Переименовать поле) батырмасын басу қажет. Жаңа кестені құрып біткеннен кейін,Ары қарай (Далее) батырмасын басу керек.
Сұхбаттасудың 2-ші қадамында (14 сурет) жаңа кестеге ат беріп, кілтті анықтау тәсілін таңдау керек. Үшінші қадамда (15 сурет) жаңа кесте алдында құрылған кестелермен байланысы болу керек пе, әлде керек емес пе сол көрсетіледі.Егер байланыс орнату керек болса, Байланыстар (Связи) батырмасын басып сұхбаттасудағы (16 сурет) қажетті іс- әрекеттерді орындау керек.
Сұхбаттасудың 4-ші қадамында кесте құрылып біткеннен кейін тұтынушының кестемен қандай іс-әрекет орындайын деп отырғанын көрсету қажет. Практикада кестенің құрылымын өзгерту іс-әрекетін таңдаған дұрыс. Дайын (Готово) батырмасын басқаннан кейін құрылған кестенің сипаттау терезесі Конструктор режимінде ашылады, мұнда кесте құрылымына қажетті өзгерістер енгізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |