ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)» мамандығы бойынша «Халықаралық стандарттау және сертификаттау» пәнінен ОҚУ-Әдістемелік материалдар


Халықаралық стандарттардың елімізде қолданылуы



бет4/4
Дата12.06.2016
өлшемі1.76 Mb.
#129776
1   2   3   4

Халықаралық стандарттардың елімізде қолданылуы

Халықаралық стандарттау жөніндегі жұмыстарға еліміздің тиімді қатысуының маңызды бағыттарының бірі – халық шаруашылығы салаларында халықаралық стандарттарды мезгілінде және өте толық пайдалану болып табылады.

Қазақстан Республикасы халықаралық, аймақтық, басқа елдер ұлттық стандарттарын – халықаралық құжатты пайдалану дәрежесі мен оны ұсыну формасына байланысты, пайдаланудың төмендегідей варианттары қолданылады: 1)халықаралық(аймақтық) стандарттың аутенттік мәтінің мемлекеттік құжат ретінде ешқандай толықтырулар мен өзгеріссіз қабылдау. Өзгерту тек қана мұқабаны рәсімдеуге қатысты болады. Сондықтан бұл әдісті «мұқабалық әдіс» деп атайды. Бұндай стандарттың белгіленуі: индекс (ҚР СТ); сәйкес халықаралық стандарттың белгіленуі(оны қабылдаған жылды көрсетпей); сызықпен бөлінген ҚР СТ бекіткен жалдың соңғы екі цифры. Мысалы, ҚР СТ 9591 ИСО – 02

2)халықаралық(аймақтық) стандарттың аутенттік мәтінін қабылдау, бірақ онда стандарттау нысаны талаптары отандық ерекшеліктерімен толықтырылады. Демек, стандарттың мазмұнында да түп нұсқадан айырмашылық болады. Бұндай стандарттың белгіленуінде мемлекеттік стандарт белгісінің астына, жақшамен сәйкес халықаралық стандарттың белгіленуі келтіріледі. Мысалы 4.1-00 ҚР СТ (8402-94ИСО)

Бірқатар жағдайларда, Қазақстанның ұлттық ерекшелігін ескертетін талаптарды стандарттын мәтінінде бөліп көрсетеді (шрифтпен немесе басқа тәсілмен).

Басқа варианттар да қолданылуы мүмкін: халықаралық стандарттың жеке қағидаларын (нормаларын) пайдалану және оларды мемлекеттік нормативтік құжатқа енгізу. Бұл ҚР Мемлекеттік стандарттау жүйесі ережелерімен толық жіберіледі, бірақ осындай жағдайларда халықаралық стандарт тек отандық стандарт әзірлегенде ескерілетін ақпарат көзі болып қаралыды. Отандық стандарт халықаралық стандарттың қабылданған формасы болып есептелмейді. Осындай мағына халықаралық стандартқа сілтеме жасалынған Қр стандарттарына да қатысты.

ИСО/МЭК 2 нұсқауы сондай-ақ халықаралық стандарттың тікелей және жанама қолданылуын да қарайды.

Тікелей қолдану – басқа кез келген нормативтік құжатта оның қабылданғанына қарамай халықаралық стандартты қолдану.

Жанама қолдану – сол стандарт қабылданған басқа нормативтік құжат арқылы халықаралық стандартты қолдану.

Сонымен, терминология бойынша жоғарыда келтірілген екі вариант халықаралық стандарттың ұлттық стандарттау жүйесінде жанама қолданылуы.

Қазақстанның БСҰ тез арада қосылу қажеттілігі әлемдік нарыққа отандық тауарларды ұсыну – отандық стандарттар талаптарын халықаралықпен үйлестіру қарқынын жеделдетуді талап етеді.

2 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР
№1 Тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Америка ұлттық стандарттар мен технологиялар



институты ( НИСТ)
Сабақтың мақсаты: АҚШ-тың ұлттық стандарттау ұйымымен, сонымен қатар ұйымның құрылуы мақсаты мен және атқаратын қызметімен танысу.

Сабақтың мазмұны: Бақылау сұрақтарына ауызша және жазбаша жауап беру.
Бақылау сұрактары:

1. НИСТ қандай ұйым болып табылады?

2. НИСТ-тің қандай мақсаттары бар?

3. Институтты басқару негізі қалай жүзеге асырылады?

4. НИСТ қандай қызметтерді атқарады?
№2 Тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Британия стандарттар институты (БСИ)


Сабақтың мақсаты: Британияның стандарттар институты, БСИ құрылу тарихы, атқаратын негізгі қызметтерімен танысып, оқып меңгеру.

Сабақтың мазмұны: Бақылау сұрақтарына ауызша және жазбаша жауап беру.
Бақылау сұрактары:

1. Британдық стандарттар институты қашан құрылды?

2. БСИ-дің құрамына кімдер кіреді?

3. Бас конференция қандай қызмет атқарады?

4. Британиядағы стандарттары қандай негіздерге сүйене отырып әзірленіп, қабылданады?
№3 Тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Францияның стандарттау жөніндегі ассоциациясы (АФНОР)


Сабақтың мақсаты: Францияның стандарттау ұйымы, АФНОР-дың атқаратын функциялары, АФНОР тарихымен танысу .

Сабақтың мазмұны: Бақылау сұрақтарына ауызша және жазбаша жауап беру.
Бақылау сұрактары:

1. Францияның ұлттық стандарттауының тарихы қалай дамыды?

2. Франция стандарттау жөніндегі ассоциациясы (АФНОР) қандай қызметтерді атқарады?

3. АФНОРдың жанынан кеңес беретін және ақпарат таратумен айналысатын қандай орталық бар?

4. АФНОР экологиялық мәселелерге байланысты қандай халықаралық комитеттер жұмыстарына қатысушы болып келеді?
№4 Тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Неміс стандарттар институты (ДИН)


Сабақтың мақсаты: Германияның ұлттық стандарттау ұйымы, неміс стандарттар институтының даму кезеңдері мен тарихымен танысу, неміс стандарттар институтының атқаратын қызметтері, Неміс ұлттық ұйымының қызметтерінің принциптерімен танысу.

Сабақтың мазмұны: Бақылау сұрақтарына ауызша және жазбаша жауап беру.
Бақылау сұрактары:

1. Неміс стандарттар институты қашан құрылды?

2. ДИН негізгі ұйымын және еншілес бөлімшелерін атаңыз?

3. Германияда ұлттық стандарттау қай салаларды қамтиды?


№5 Тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Жапон өнеркәсіп стандарттары комитеті (ЖИСК)


Сабақтың мақсаты: Жапон өнеркәсіп стандарттары комитеті (ЖИСК), жапон өнеркәсіп стандарттары комитетінің даму кезеңдері мен тарихымен танысу, жапон өнеркәсіп стандарттарын қолдану, Жапонияның халықаралық стандарттау ұйымдарына қатысуы.

Сабақтың мазмұны: Бақылау сұрақтарына ауызша және жазбаша жауап беру.
Бақылау сұрактары:

1. Жапония стандарттау жөніндегі ұлттық ұйым қашан құрылды?

2. Жапон өнеркәсіп стандарттары комитетінің даму кезеңдері мен тарихы?

3. Жапонияда стандарттарды қолдану және әзірлеу жұмыстары қалай жүзеге асырылады?

4. Жапонияның ұлттық, фирмалық өнеркәсіп стандарттары?

5. Жапонияның халықаралық стандарттау ұйымдарына қатысуы?


№6 Тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: ИСО - Халықаралық стандарттау ұйымы


Сабақтың мақсаты: ИСО - Халықаралық стандарттау ұйымы, ИСО-ның жалпы техникалық және салааралық техникалық комитеттер қызметтері, ИСО Кеңесіне жеті комитетмен танысу және Халықаралық стандарт дайындау схемасын меңгеру.

Сабақтың мазмұны: Бақылау сұрақтарына ауызша және жазбаша жауап беру.
Бақылау сұрактары:

1. ИСО - Халықаралық стандарттау ұйымы қашан құрылды?

2. ИСО Кеңесіне жеті комитетін атаңыз?

3. Техникалық комитетерді атаңыз?

4. ДЕВКО-ның басты функциясы?
№7 Тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Халықаралық электртехникалық комиссия (ХЭК)


Сабақтың мақсаты: МЭК - электртехника, радиоэлектроника, байланыс салалары стандарттарын әзірлейді. Ол қатысқан халықаралық конференцияда бұдан бір ғасыр бұрын құрылуы және МЭК - тің негізгі стандарттау нысандарымен танысу

Сабақтың мазмұны: Бақылау сұрақтарына ауызша және жазбаша жауап беру.
Бақылау сұрактары:

1. МЭК - тің жоғары басқару органы?

2. МЭК - тің негізгі стандарттау нысандары?

3. МЭК құрылым схемасы?

4.МЭК қай салалар бойынша стндарттар әзірлейді?
№8 Тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы (БҰҰ ЕЭК)


Сабақтың мақсаты: Стандарттау төңірегінде БҰҰ ЕЭК басты міндеті, бағыттары және стандарттар әзірлеуі. ЕЭК негізгі жұмыс органымен танысу.

Сабақтың мазмұны: Бақылау сұрақтарына ауызша және жазбаша жауап беру.
Бақылау сұрактары:

1. БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы?

2 Стандарттау төңірегінде БҰҰ ЕЭК басты міндеті?

3. ЕЭК негізгі жұмыс органы?

4. БҰҰ ЕЭК қай салалар бойынша стндарттар әзірлейді?

5. БҰҰ ЕЭК қашан құрылды?


№9 Тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: БҰҰ азық - түлік және ауыл шаруашылығы мекемесі (ФАО)


Сабақтың мақсаты: ФАО - БҰҰ үкіметаралық арнайы мекемесі ретінде құрылуы. Мекеменің Жарғыға сәйкес мақсатымен және халықтардың ЕЭК негізгі жұмыстарымен Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ), «Кодекс Алиментариус» Комиссиясы және басқаларымен танысу.

Сабақтың мазмұны: Бақылау сұрақтарына ауызша және жазбаша жауап беру.
Бақылау сұрактары:

1. БҰҰ үкіметаралық арнайы мекемесі ретінде қашан құрылды?

2 Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ) басты міндеті?

3. Кодекс Алиментариус» Комиссиясы қандай қызмет атқарады?

4. «Кодекс Алиментариус» мақсаттары?

5. Халықаралық сауда палатасы (МТП)?


№10 Тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: ТМД Мемлекетаралық Кеңесі (ТМД МК)


Сабақтың мақсаты: Мемлекетаралық Кеңес ұйымындағы стандарттау ТМД елдері құрылуы. Мемлекетаралық Кеңесте ТМД елдеріне тікелей еуропалық стандарттарды мемлекетаралық стандартт ретінде қолдану тәртібі және Метрология төңірегінде жұмыстармен басқаларымен танысу.

Сабақтың мазмұны: Бақылау сұрақтарына ауызша және жазбаша жауап беру.
Бақылау сұрактары:

1. ТМД Мемлекетаралық Кеңесі (ТМД МК) қашан құрылды?

2 Мемлекетаралық Кеңесте ТМД елдеріне тікелей еуропалық стандарттарды мемлекетаралық стандартт ретінде қолдану тәртібі?

3. МЭК пен СЕН қандай келісімдерге қол қойылды?

4. Метрология төңірегінде жұмыстар?

5. Мемлекетаралық Кеңес пен СЕН шеңберіндегі келісімдер?


№11 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Жалпы еуропалық стандарттау жөніндегі ұйымдар



Стандарттау жөніндегі еуропалық комитет (СЕК)
Сабақтың мақсаты: Стандарттау жөніндегі еуропалық комитет жайлы жалпы мағлұмат беру. Стандарттау жөніндегі еуропалық комитет қызметінен хабардар ету.

Сабақтың мазмұны: Бақылау сұрақтарына ауызша және жазбаша жауап беру.

Бақылау сұрақтары:

1 Стандарттау жөніндегі еуропалық комитет қандай ұйым?

2 Стандарттау жөніндегі еуропалық комитетне мүше елдерді атаңыз

3 Стандарттау жөніндегі еуропалық комитетінің негізгі мақсаты

4 СЕН ұйымдастырылу құрылымы қандай?

5 СЕН нормативтік құжаттарынан не білесіз?


№12 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Электртехникаларды стандарттау жөніндегі еуропалық комитет ( СЕНЭЛЕК)


Сабақтың мақсаты: Электртехникаларды стандарттау жөніндегі еуропалық комитет (СЕНЭЛЕК) жайлы жалпы мағлұмат беру. Мақсаты, және қызметі туралы ақпарат.

Сабақтың мазмұны: Бақылау сұрақтарына ауызша және жазбаша жауап беру.

Бақылау сұрақтары:

  1. СЕНЭЛЕК қандай комитеттердің біріктірілуі негізінде құрылған?

  2. СЕНЭЛЕК негізгі мақсаты

  3. СЕНЭЛЕК жұмыстарының бағытының мәні

  4. СЕНЭЛЕК-тің негізгі стандарттау нысандары қандай?

  5. СЕНЭЛЕК пен СЕН айырмашылықтары мен ұқсастықтары қандай?

№13 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Еуропалық электрбайланысы саласындағы

стандарттау институты (ЕТСИ).

Скандинавияаралық стандарттау ұйымы(ИНСТА)
Сабақтың мақсаты: Еуропалық электрбайланысы саласындағы стандарттау институты (ЕТСИ) және Скандинавияаралық стандарттау ұйымы(ИНСТА) құрылуы мен мақсатын, қызметтері мен ұйымдастырушылық құрылымы туралы ақпарат беру.

Сабақтың мазмұны: Бақылау сұрақтарына ауызша және жазбаша жауап беру.

Бақылау сұрақтары:


  1. ЕТСИ қызметінің негізгі бағыты

  2. Ұйымдастырылу құрылымы

  3. Ұйымға мүшелік туралы не білесіз?

  4. Қазақстан және еуроодақ

  5. Еуроодақтың техникалық заңнамасы

  6. үйлестірілген еуропалық стандарт

  7. Скандинавияаралық стандарттау ұйымының (ИНСТА) басқалардан ерекшелігі қандай?

  8. Скандинавияаралық стандарттау ұйымы(ИНСТА) қызметінің басты бағыты қандай?

№14 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Оңтүстік-шығыс Азия елдері халықаралық ассоциациясы (АСЕАН)



Сабақтың мақсаты: Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің стандарттау жөніндегі ұйымдарының қызметі мен ерекшеліктері туралы ақпарат. Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі келісімдер туралы.

Сабақтың мазмұны: Бақылау сұрақтарына ауызша және жазбаша жауап беру.

Бақылау сұрақтары:

  1. АСЕАН мүше елдерді атаңыз

  2. Малайзияда стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымның ерекшеліктері қандай?

  3. Таиландтың стандарттау және сертификаттау жөніндегі ұлттық органы қалай аталады?

  4. Индонезияда стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымының негізгі міндеттерін атаңыз

  5. Панамерикандық стандарттар комитеті (КОПАНТ) басты мақсаты қандай?

  6. Техникалық кедергілер туралы келісімдер ережелері қандай?

№15 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Халықаралық стандарттау тәжірибелеріндегі

маңызды мәселелер

Сабақтың мақсаты: Халықаралық стандарттау басымдықтарын айқындау. Стандарттарды орналастыру. Халықаралық стандарттардың елімізде қолданылуы.

Сабақтың мазмұны: Бақылау сұрақтарына ауызша және жазбаша жауап беру.

Бақылау сұрақтары:


  1. Стандарттау ауқымындағы саясат мәселелері жөніндегі Жұмыс тобы (ЖТ) қашан және қалай құрылды?

  2. ЕЭК Тізімі деген не?

  3. ЕЭК Тізімінде стандарттауды қажет ететін секторларды атаңыз

  4. Стандарттарды үйлестіру, үйлестірілген стандарт, унификатталған стандарттар деген не?

  5. Қазақстан Республикасы халықаралық, аймақтық, басқа елдер ұлттық стандарттарын қалай қолданады?


4 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

4.1 Курс бойынша өзіндік жұмысты келесі тәртіпте жүргізіп тұруы қажет. Курстың әрбір тақырыбы бойынша ұсынылатын әдебиетті оқып, теориясына көп тоқталмай, оқылатын сұрақтардың мәніне ғана тоқталып, түсініксіз жерлерін белгілеу керек.

Содан кейін материалды мұқиятты түрде игеру қажет, яғни теориялық ережелерді, керекті негізгі мәліметтерді арнайы дәптерге жазып тұрады.

Курсты оқу барысында студент СӨЖО мен СӨЖ реферат немесе үй тапсырмасы түрінде орындайды, оның басты мақсаты өткен тақырыпты толық меңгеру үшін.

Студенттердің өзіндік жұмысы тақырыптарының тізімі:

1 Еуропалық экономикалық одақтың метрологиялық ұйымы (Евромет)

2 Өлшемдер мен таразылардың халықаралық ұйымы (МОМВ)

3 Заңнамалық метрологияның халықаралық ұйымы (МОЗМ)

4 Еуропалық экономикалық одақтың қызметінің негізгі бағыттары

5 Стандарттау жөніндегі халықаралық ИСО ұйымының құрылымы

6 Сынау және сертификаттау жөніндегі Еуропалық ұйымның функциялары

7 Сапа жөніндегі Еуропалық ұйымның ұйымдастырушылық құрылымы

8 Тарифтар мен сауда жөніндегі Бас келісімнің функциялары мен мақсаттары (ГАТТ)

9 Сапа жөніндегі Еуропалық ұйымның (ЕОК) қызметінің негізгі бағыттары

10 Дүниежүзілік денсаулық ұйымының қызметі

11 Тұтынушылық одақтардың халықаралық ұйымы

12 Стандарттау жөніндегі Еуропалық комитеттің құрылымы

13 Сынақ зертханаларын аккредиттеу жөніндегі халықаралық конференцияның қызметінің бағыттары

14 Стандарттау жөніндегі скандинавияаралық ұйымның негізгі функциялары

15 Халықаралық электротехникалық комиссияның ұйымдастырушылық құрылымы

16 Стандарттау және метрология жөніндегі арабтық ұйымы

17 Стандарттау жөніндегі африкалық өңірлік ұйымының өзіндік ерекшеліктері

18 Еуропалық еркін сауда ассоциациясы

19 БҰҰ еуропалық экономикалық комиссиясы

20 БҰҰ азық - түлік және ауыл шаруашылығы мекемесі (ФАО)
4.2 Студенттердің білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары:

1 ИСО - Халықаралық стандарттау ұйымы қай жылдан бастап жұмыс атқарады?

А)1948 жыл

В) 1956 жыл

С)1958 жыл

D) 1968 жыл

Е)1947жыл

2 ИСО жұмысына қанша елдер қатысады?

А) 120-дан аса

В) 130


С) 100

D) 160


Е) 200

3 ИСО-ның қаражат қоры:

А) жарнама, стендтер, басқада шаралар ұйым қоры

В) ұйымның жұмысына стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдардың өкілдері

С) мүше-елдер жарнасы, стандарттар мен басқа басылымдар сату, сондай-ақ қайырымдылықтардан құралады

D) Техникалық комитеттер және Орталық хатшылық

Е) барлық жауап дұрыс

4 ИСО-ның жоғары органы:

А) ИСО Кеңесі

В) Техникалық комитеттер және Орталық хатшылық

С) Кеңес комитеттері

D) Бас ассамблея

Е) барлық жауап дұрыс

5 Техникалық комитетер (ТК) қандай комитеттерге бөлінеді?

А) техникалық комитет бөлімдер мен жұмысшы топтары

В) Техникалық комитеттер және Орталық хатшылық

С) жалпы техникалық комитет және техниканың нақты саласында

D) жалпы техникалық және салааралық міндеттер

Е) барлық жауап дұрыс

6 Жалпы техникалық комитет қандай мәселелер атқарады?

А) техникалық комитет бөлімдер мен жұмысшы топтары қызметтерін атқарады

В) Техникалық комитеттер және Орталық хатшылық қызметтер мәселелерін атқарады

С) жалпы техникалық комитет және техниканың нақты саласында жұмыстарды шешеді

D) жалпы техникалық және өнірлік жұмыстарды

Е) жалпы техникалық және салааралық міндеттерді шешеді.

7 ИСО халықаралық стандарттарының 75% қандай стандарттар?

А) сынау әдістерінің стандарттары немесе ұлттық стандарттар

В) негіз қалаушы стандарттар немесе сынау әдістерінің стандарттары

С) жалпы техникалық комитет және техниканың нақты саласы үшін стандарттар

D) негіз қалаушы стандарттар және өнірлік жұмыстарды

Е) жалпы техникалық және негіз қалаушы стандарттар

8 Кәсіпорындардағы өнім сапасы мәселелерін шешудің бірыңғай жолына бағытталған 9000 сериялы ИСО-ның төрт стандартының бірінші ұқсамы қай жылы жарияланды?

А)1987 жыл

В) 1956 жыл

С)1994 жыл

D) 1990 жыл

Е) 1947жыл

9 Кәсіпорындардағы өнім сапасы мәселелерін шешудің бірыңғай жолына бағытталған 9000 серия-лы ИСО-ның төрт стандарты 1994 жылы өзгерту-лер енгізуден кейінгі ұқсамы?

А) төртінші және үшінші

В) екінші

С) төртінші

D) соңғы ұқсамы

Е) бірінші

10 ИСО Кеңесіне неше комитет кіреді?

А) он алты

В) екі жүз

С) төрт

D) жеті


Е) тоғыз

11 Терминология мен сауданы дамыту үшін халықаралық стандарттар пайдалану жөнінде семинарлар ұйымдастырумен айналысатын комитет:

А) ИНФКО

В) КАСКО


С) СТАКО

D) ДЕВКО


Е) ПЛАКО

12 Жұмыстың техникалық жақтарын ұйымдастыру мен үйлестіру бойынша ИСО жұмыстарын жоспарлау жөнінде ұсыныстар дайындайтын комитет:

А) ИНФКО

В) КАСКО


С) СТАКО

D) ДЕВКО


Е) ПЛАКО

13 Өнім, көрсетілетін қызмет, процестер және сапа жүйелерінің стандарттар талаптарына сәйкестігін мақұлдау мәселелерімен айналысады осы іс- әрекеттердің тәжірибесін зерттейді және ақпаратты талдайтын комитет:

А) ИНФКО

В) КАСКО


С) СТАКО

D) ДЕВКО


Е) ПЛАКО

14 Дамып келе жатқан елдердің стандарттау төңірегіндегі сұраныстарын зерттейді және сол елдердің осы саласына ықпал етуге ұсынымдар әзірлейтін комитет?

А) ИНФКО

В) КАСКО


С) СТАКО

D) ДЕВКО


Е) ПЛАКО

15 ДЕВКО-ның басты функциясы:

А) дамып келе жатқан елдерде стандарттаудың барлық аспектілерін кең көлемде талқылаулар ұйымдастыру, дамыған елдердің тәжірибелерін алмасуға жағдайлар жасау

В) дамыған елдердің түрлі оқып – үйрету орталықтары базасында стандарттау жөнінде мамандар даярлау

С) дамып келе жатқан елдердегі стандарттаумен айналысатын ұйымдар мамандарын тәжірибе жинақтауға жіберуге ықпал ету

D) дамып келе жатқан елдер үшін стандарттау жөнінде оқу құралдар дайындау

Е) барлық жауаптар дұрыс

16 КОПОЛКО міндеттеріне жататындар:

А) өнімді стандарттаудан өте жоғары әсер алатын, сондай-ақ ұлттық және халықаралық стандарттауға тұтынушылардың өте кеңінен қатысулары үшін қарастырылуы қажет шараларды анықтау

В) тұтынушыларды ақпараттармен қамтамасыз етуге, олардың мүдделерін қорғауға бағытталған ұсыныстарды және де стандарттау мәселелері бойынша оларды оқытып – үйрету бағдарламасын стандарттау позиция-сында жасап шығару

С) стандарттау, тұтыну тауарларына стандарттарды қолдану (пайдалану) және тұтынушылар мүдделеріне қажетті басқа да стандарттау мәселелері бойынша жұмыстарға тұтынушылардың қатысу тәжірибелерін жинақтау.

D) дамып келе жатқан елдер үшін стандарттау жөнінде оқу құралдар дайындау

Е) А,С, D дұрыс жауаптары

17 ИНФКО құзіретіне қайсысы жатады:

А) ақпараттық қызмет көрсетулер , деректер базалары, маркетинг, стандарттар мен техникалық регламенттер сату төңіректерінде ИСО мен мүшелерінің іс-әрекеттерін үйлестіру

В) стандарттарды үйлестіру мен басқа жоғарыда аталған мәселелер бойынша саясат әзірлеу жөнінде ИСО Бас ассамблеясына кеңес беру;

С) А, В, Е дұрыс жауаптары

D) барлығы дұрыс

Е) ИСО ақпарат желісі (ИСОНЕТ) жұмыстарын бақылау және басшылық жасау

18 ИСО-ның ресми тілдері:

А) француз және ағылшын, шотландық тілдер

В) орыс, ағылшын, итальяндық тілдер

С) А, В, Е дұрыс жауаптары

D) барлығы дұрыс

Е) ағылшын, француз және орыс

19 Электртехника, радиоэлектроника, байланыс салалары қандай стандарттарды әзірлейді?

А) МЭК

В) ИСО


С) БҰҰ ЕЭК

D) ФАО


Е) ЕЭК

20 МЭК 13 ел қатысқан халықаралық конференцияда...... яғни ИСО - дан бұрын қүрылды

А) 1909 жылы

В) 1955 жылы

С) 1906 жылы

D) 1966 жылы

Е) 1905 жылы
4.3 Оқу - әдістемелік әдебиеттердің тізімі:

1 Е.М. Лифиц Основы стандартизации, метрологии и сертификации. М.: Юрайт, 2000г. 465 с.

2 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов. Под ред. Проф. В.А. Швандера.- М.: ЮНИТИ-ДАНА,2000. 487с

3 Международные и региональные организации по стандартизации и качеству продукции. – М.: Издательство стандартов, 1990. – 216 с.

4 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. – 224 б.

5 ИСО/ХЭК сериялы халықаралық стандарттар






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет