ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Балық және аралардын инвазиалык аурулары» пәнінен «5В120100» «ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша ПӘннің студенттерге арналған жұмыс бағдарламасы



Дата05.07.2016
өлшемі297.21 Kb.
#179001

ОӘ 042-14.4-02-01.20.46\02-2011

№1 басылым

-ші беттің -сі





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


3 деңгейдегі

СМЖ құжаты



ПОӘК

ПОӘК-042-14-4-02.01.

20.46\02-2011



ПОӘК студенттерге арналған «Балық және бал арасын көбейту биотехнологиясын ұйымдастыру» пәнінің жұмыс бағдарламасы

Басылым №1

Тамыз, 2011 ж.




ПӘННІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Балық және аралардын инвазиалык аурулары» пәнінен

«5В120100» «ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша



ПӘННІҢ СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей, 2011 ж.


Алғысөз

1 ӘЗІРЛЕГЕН

Ветеринариялық медицина кафедрасының доцент міндетін атқарушы,

в.ғ.к. Ахметжанов О. Н. _____________________________

« » 2011 жыл
2 ТАЛҚЫЛАДЫ

2. 1 Ветеринариялық медицина кафедрасының отырысында

Хаттама № « » 2011жыл

Кафедра меңгерушісі,

профессор Ысқақов М.М.
2.2 Аграрлық факультеттің әдістемелік кеңесінде

Хаттама № « » 2011 жыл

Төрайым Нұржанова К.Х.

3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу - әдістемелік кеңесі мақұлдап басып шығаруға ұсынады

Хаттама № « » 2011 жыл

Оқу - әдістемелік кеңестің

төрағасы, бірінші проректор Рскелдиев Б.А.

4 АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ

МАЗМҰНЫ


  1. Жалпы ережелер

  2. Пәнді меңгеру жөніндегі әдістемелік ұсыныстар

  3. Сабақтарды ұйымдастыру және пәнді оқыту саясаты

  4. Студенттердің үлгерімін бағалау саясаты

  5. Пәннің мазмұны мен сабақ түріне байланысты сағаттардың бөлінуі

  6. СОӨЖ мен СӨЖ мазмұны

  7. Пән бойынша оқу үрдісінің күнтізбелік сызбасы


1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 Пәнді оқытушы туралы жалпы деректер

Ветеринариялық медицина кафедрасы

АХМЕТЖАНОВ ОРАЛҒАЗЫ НҰРАНБАСҰЛЫ, в.ғ.к, доцент міндетін атқарушы.

Жұмыс телефоны: 53 – 19 – 20.

Оқу ғимараты – 6

Сабақ өткізілетін аудиториялар: 107,131

Пән бойынша кредит саны – 3.


Кесте 1 – Оқу жоспарынан көшірме


Курс

Семестр

Кредиттер

cаны


Д (сағ)

ТЖ

(сағ)


ЛЖС

(сағ)


ОСӨЖ

(сағ)


СӨЖ

(сағ)


Жиынтық

сағат


Корытынды

тексеріс түрі



1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

4

8

3

15

15

15

22,5

67,5

135

Емтихан

1.1 Пәннің жалпы мазмұны

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алып, экономикамыздың нарықтық қатынастарға көшуіне және халықаралық қатынастардың аса қарқынды жүре бастауына байланысты, еліміздегі ветеринария қызметін де қайта қарау қажеттілігі туындады.

Ветеринария қызметінің негізгі міндеттерінің бірі жануарлар ауруларының алдын алу, олардан алынатын өнімдердің сапасын артыру және молайту екені белгілі. Сонымен қатар бүгінгі таңда балық және бал арасы шаруашылықтарын өркендету де маңызды болып отыр. Халықаралық нарықта бұл сала өнімдеріне деген сұраныс артып келеді.

1.2 Пәнді оқытудың міндеттері:

- Студенттерді балық және бал арасын өсіру, көбейту биотехнологиялары негіздерімен таныстыру,

- Балықтар мен бал арасын көбейту биотехнологияларын үйрету.

1.3 Пәннің пререквизиттері:

Пәнін меңгеру үшін студенттер балық және бал арасы морфологиясын, биологиясын және физиологиясын, балықтар мен бал арасының ауруларын оқытатын ветеринариялық пәндерді меңгерулері қажет.

1.4 Пәннің посреквизиттері:

Пән бойынша алған білімдерін студенттер өндірісте ветеринариялық тәжірибеде қолданады.
2. ПӘНДІ МЕНГЕРУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР. Пәнді толық меңгеру үшін пәнді оқыту жұмыс жоспарында қарастырылған 45 тақырып бойынша аудиториялық сабақтар өткізіледі. Оның 15 тақырыбы бойынша дәріс, 15 тақырыбы бойынша лабораториялық жаттығу сабағы, 15 тақырыбы бойынша тәжірибе сабақтары қарастырылған. Әрбір аудиториялық дәріс сабағына 1 академиялық сағат берілсе, әрбір аудиториялық лабораториялық жаттығу сабағына 1 академиялық сағат беріледі. Әрбір аудиториядан тыс орындалатын СОӨЖ мен СӨЖ – на әдебиеттермен жұмыс істеуге, тақырыпты менгеруге, реферат жазуға және қорғауға сағаттар қарастырылған.

Студенттер пәнді толық меңгеру үшін олар төмендегі талаптарды толық орындаулары қажет:

Сабақ басталғанда пәннің оқу – әдістемелік кешенімен танысу.

Аудиториялық сабақтарды (дәріc және лабораториялық жаттығу сабақтары) босатпау, сабаққа дайындалып келу және сабаққа белсенді қатысу, сөйтіп ең жоғарғы балл жинау.

Пән бойынша орыс тілдерде оқулықтар мен оқу құралдары бар. Студенттер сонымен бірге оқу құралдары ретінде ветеринариялық мерзімді басылымдарды, интернет материалдарын және т.б қосымша оқу құралдарын пайдаланады.

Студенттер пәнді меңгеру барысында 2 қорытынды сабақ тапсырады.

Қорытынды сабақ сұрақтары емтихан сұрақтарының негізін құрайды.

Пәнді игеру барысында студенттер дәріс, лабораториялық жаттығу сабақтары мен қоса СОӨЖ және СӨЖ тақырыптарына көңіл аударулары керек. Олар эмтихан сұрақтарына енеді.

Пәнді игеру барысында студенттерге негізгі және қосымша әдебиеттер ұсынылады. Студенттерді негізгі бағыттаушы материал – ол дәріс материалдары. Пән бойынша мемлекеттік тілде әдебиеттердің тапшылығынан студенттер үшін оны таңдау және табу өте маңызды мәселе. Оқытушымен ұсынылатын әдебиеттердің ішінде біреуі ең негізгі оқулық немесе оқу құралы ретінде ұсынылады. Басқа әдебиеттер қосымша оқу құралы ретінде қажет бола қалған жағдайларда қолданылады. Пән бағдарламада берілген тәртіппен игеріледі.

Студенттердің пәнді игеру деңгейі олар алған теорияларын тәжірибе жүзінде қолдана алғанда ғана толық деп есептеледі. Сондықтан студенттер дәрісте алған теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, лабораториялық жаттығу сабақтарында әр түрлі тапсырмалар орындайды. Оқытушы бақылау сұрақтары арқылы студенттердің пәнді игеру деңгейлерін үнемі тексеріп отырады.


3. САБАҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ПӘНДІ ОҚЫТУ САЯСАТЫ

Пәнді оқытудың барлық сатысында студенттерге қойылатын талап:



  1. Міндетті түрде сабаққа қатысу. Сабақ барысында тәртіпті бұлжытпай орындау. Сабаққа кешікпеу. Әрбір дәріске және тәжірибе сабақтарына қатысуы балмен есептеледі, ал әрбір босатылған сабақ үшін балл кемітіледі. Оқытушы студенттің әр сабаққа қатысу, тапсырманы орындау, жауап беру деңгейін балдық жүйемен бағалайды.

  2. Сабақты себепті түрде босату сізді босатқан тақырыпты меңгеруден босатпайды. Босатқан сабағыңызды өтеу үшін сізге уақыт және тапсырма беріледі. ал себепті босатылған сабақты өтегенде студенттен тақырып бойынша реферат және ауызша жауап сұралады. Босатқан сабақты өтесеңіз тиісті балл аласыз.

  3. Студент тәжірибе және лабораториялық жаттығу сабақтарына силабус бойынша дайындалып келуге және оқу үрдісіне белсенді түрде қатысуы қажет. Уақытында және ұқыпты түрде СОӨЖ және СӨЖ орындауы керек. Міндеттілік пен ұқыптылықты дағдыға айналдырған дұрыс. Осының бәрі сізге қорытындыда жоғарғы баллға қол жеткізуіңізге мүмкіншілік береді.

  4. Сабақ кезінде сіздің ұялы телефоныңыз сөндірулі болуы шарт.

  5. Оқытушымен және өз курстастарыңмен ашық және ақжарқын болу.

  6. Студенттердің қорытынды есеп беруі кафедра шешіміне сай ауызша емтихан немесе компьютерлік тесттілеу бойынша жүргізіледі. Дайындалу үшін студенттерге емтихан немесе тест сұрақтары беріледі.

Пәнді оқыту барысында студенттерге

СӨЖ және СОӨЖ - бойынша тақырыптар берілген. Студенттер СӨЖ бойынша тақыптарға берілген әдебиеттерді және қосымша әдебиеттер іздестіріп рефераттар жазып өткізуге тиіс. СОӨЖ – ауызша сұралады. Әр рефераттың жоспары және қолданылған әдебиеттердің тізімі берілуі міндетті. Көлемі 5- 10 бет. Оны компьютерде теруге немесе қолмен рефераттарға арналған дәптерге жазуға болады. Тексеріліп бағасы қойылған реферат иесіне қайтарылмайды. Кафедрада сақталады.



4. СТУДЕНТТЕРДІҢ ҮЛГЕРІМІН БАҒАЛАУ САЯСАТЫ
Идеаль студент – 600 балл - 100 %-пайыз рейтингі жинаған студент.
Түсініктеме: Студент 8 аптада өткізілетін бірінші аралық бақылауда 300 балл және 15 аптада өткізілетін екінші аралық бақылауда 300 балл жинау мүмкіндігіне ие. Студенттердің семестрлік балын есептегенде 1- ші және 2 – ші аралық бақылауда жинаған балдары қосылады. Ал суденттің емтихан бойынша қорытынды рейтингісін есептегенде жылдық рейтингісінің 60 пайызы, ал емиханда алған рейтингісінің 40 пайызы алынады және бір – біріне қосылады.

Студенттердің семестрлік үлгерімін бағалау.


Балл

Рейтингісі, %

Балдық жүйемен бағасы

540 – 600

90-100

«Өте жақсы»

450 – 539

75-89

«Жақсы»

300 - 449

50-74

«Қанағаттанарлық»

0 - 299

0-49

«Қанағаттанғысыз»



5. ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ МЕН САБАҚ ТҮРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ САҒАТТАРДЫҢ БӨЛІНУІ
Кесте 2 – Пәннің мазмұны. Сабақ түрі бойынша сағаттарды бөлу


Реті

Дәріс тақырыптары

Сағат саны

Жұмыс түрлері

5.1.1

Кіріспе. Балық экологиясы

1

Дәріс

5.1.2

Балық шаруашылықтары туралы түсінік

1

Дәріс

5.1.3

Балықты табиғи жолмен көбейту, өсіру биотехнологиясы

1

Дәріс

5.1.4

Балықты қолдан көбейту, өсіру биотехнологиясы

1

Дәріс

5.1.5

Жылу сүйгіш балық тұқымдарын көбейту, өсіру биотехнологиясы

1

Дәріс

5.1.6

Суық сүйгіш балық тұқымдарын көбейту биотехнологиясы

1

Дәріс

5.1.7

Балық шаруашылығын интенсификациялаудың биотехнологиясы

1

Дәріс

5.1.8

Тауарлы балық шаруашылығының арнайы түрлерінің биотехнологиясы

1

Дәріс

5.1.9

Үй жанындағы балық шаруашылығы биотехнологиясы

1

Дәріс

5.1.10

Табиғи су көздеріндегі балық шаруашылығы биотехнологиясы

1

Дәріс

5.1.11

Кіріспе. Бал арасы, жіктелуі, экологиясы

1

Дәріс

5.1.12

Бал арасынының көбею биологиясы

1

Дәріс

5.1.13

Бал арасын көбейту биотехнологиясы

1

Дәріс

5.1.14

Бал арасы әулетінің көбею биологиясы мен көбейту биотехнологиясы

1

Дәріс

5.1.15

Бал арасы әулетінің пакеттерін өндіру және пайдалану биотехнологиясы

1

Дәріс




Барлығы

15







Лабораториялық жаттығу сабақтарының тақырыбы







5.2.1

Қазақстанның ихтиофаунасымен танысу

1

ЛЖС

5.2.2

Балықтың сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Балықтың жынысын анықтау.

1

ЛЖС

5.2.3

Балықтарды қолдан тоғандық әдіспен көбейту биотехнологиясы.

1

ЛЖС

5.2.4

Балықтарды қолдан заводтық әдіспен көбейту биотехнологиясы. Балық эмбрионымен танысу

1

ЛЖС

5.2.5

Уылдырық пен шоғалдың сапасын анықтау және ұрықтандыру биотехнологиясы

1

ЛЖС

5.2.6

Жылу сүйгіш балықтардың ұрықтанған уылдырығын инкубациялау, құртшабақтарын, шабақтарын өсіру, қыстату биотехнологиясы

1

ЛЖС

5.2.7

Суық сүйгіш балықтардың ұрықтанған уылдырығын инкубациялау, құртшабақтарын, шабақтарын өсіру, қыстату биотехнологиясы

1

ЛЖС

5.2.8

Қорытынды сабақ

1

ЛЖС

5.2.9

Балық шаруашылықтарында ихтиопатологиялық зерттеу жүргізу

1

ЛЖС

5.2.10

Балықтардың инвазиялық аурулары, анықтау, ветеринариялық – санитариялық шаралары

1

ЛЖС

5.2.11

Балықтардың инфекциялық аурулары, анықтау, ветеринариялық – санитариялық шаралары

1

ЛЖС

5.2.12

Бал арасының сыртқа және ішкі құрылысымен, бал арасы әулетінің мүшелерімен, бал арасымен жұмыс істеу ережелерімен танысу

1

ЛЖС

5.2.13

Бал арасы ұясымен танысу. Бал арасының көбею биологиясы

1

ЛЖС

5.2.14

Бал арасын көбейту биотехнологиясы

1

ЛЖС

5.2.15

Қорытынды сабақ

1

ЛЖС




Барлығы

15







Реті

Тәжірибе сабағы тақырыптары

Сағат саны

Жұмыс түрлері

5.3.1

Балықтың биологиясы

1

ТС

5.3.2

Балық шаруашылығындағы биотехнология мен аквакультура

1

ТС

5.3.3

Тоғандарда балық өсіру биотехнологиясы

1

ТС

5.3.4

Балықтан уылдырық және шоғал алу. Балық уылдырығы мен шоғалын алу және шабақтарды өсіру биотехнологиясы

1

ТС

5.3.5

Жылу сүйгіш балық тұқымдарын өсіру биотехнологиясы

1

ТС

5.3.6

Суық сүйгіш балық тұқымдарынның құртшабақтарын, шабақтарын өсіру, инкубақиялау биотехнологиясы

1

ТС

5.3.7

Балықты поликультурадка өсіру биотехнологиясы

1

ТС

5.3.8

Қорытынды сабақ

1

ҚС

5.3.9

Күріш алқабында балық өсіру биотехнологиясы

1

ТС

5.3.10

Үй маңындағы балық шаруашылығы биотехнологиясы

1

ТС

5.3.11

Табиғи су көздеріндегі балық шаруашылығы биотехнологиясы

1

ТС

5.3.12

Бал арасы, жіктелуі, экологиясы

1

ТС

5.3.13

Бал арасынын көбейту биотехнологиясы

1

ТС

5.3.14

Бал арасы әулетін көбейту биотехнологиясы

1

ТС

5.3.15

Қорытынды сабақ

1

ҚС




Барлығы

15





6. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ


Рет саны

СӨЖ-ның тақырыптары

Сағат саны

Жұмыс түрі

6.1.1

Балық шаруашылықтарында қолданылатын азықтар және балықты азықтандыру

6,75

Реферат, ЕС

6.1.2

Мұхит суында балық өсіру биотехнологиясы

6,75

Реферат, ЕС

6.1.3

Шаяндарды өсіру биотехнологиясы

6,75

Реферат, ЕС

6.1.4

Ұлуларды өсіру биотехнологиясы

6,75

Реферат, ЕС

6.1.5

Балықтың инвазиялық аурулары

6,75

Реферат, ЕС

6.1.6

Балықтың инфекциялық аурулары

6,75

Реферат, ЕС

6.1.7

Қазақстандағы омарта шаруашылықтары

6,75

Реферат, ЕС

6.1.8

Бал арасы тұқымын асылдандыру жұмыстары

6,75

Реферат, ЕС

6.1.9

Бал арасының инвазиялық аурулары

6,75

Реферат, ЕС

6.1.10

Бал арасының инфекциялық аурулары

6,75

Реферат, ЕС




Барлығы

67,5






СОӨЖ-ның тақырыптары







6.2.1

Қазақстанның ихтиофаунасы

2,25

АС, ЕС

6.2.2

Қазақстанның балық ауланатын табиғи су көздері

2,25

АС , ЕС

6.2.3

Қазақстанның балық ауланатын бөгендері

2,25

АС, ЕС

6.2.4

Балық шаруашылықтарында балықты тасымалдау технологиясы

2,25

АС, ЕС

6.2.5

Балықты ветеринариялық – санитариялық сараптау

2,25

АС, ЕС

6.2.6

Балық ауруларына қарсы ветерианриялық – санитариялық шаралар

2,25

АС, ЕС

6.2.7

Бал және оның адам өміріндегі маңызы. Балдың жіктелуі

2,25

АС, ЕС

6.2.8

Қазақстанның бал жиналатын аймақтары

2,25

АС, ЕС

6.2.9

Бал арасының тұқымдары

2,25

АС, ЕС

6.2.10

Омарта шаруашылықтарын ұйымдастыру

2,25

АС, ЕС




Барлығы

22,5

АС-ауызша сұрау; ЕС – емтихан сұрағы



  1. «Балық және аралардын инвазиалык аурулары»

ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ ҮРДІСІНІҢ КҮНТІЗБЕЛІК СЫЗБАСЫ

Кесте 4 – «Балық және аралардын инвазиалык аурулары» ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ ҮРДІСІНІҢ КҮНТІЗБЕЛІК СЫЗБАСЫ



Апта

1

2

3

4

Жұмыс түрі

Т

С


Л

Ж

С



С

О

Ө



Ж

Т

С


Л

Ж

С



С

О

Ө




С

Ө

Ж



Т

С


Л

Ж

С



С

О

Ө



Ж

С

Ө

Ж



Т

С


Л

Ж

С



С

О

Ө



Ж

С

Ө

Ж



Балл

7

8

0

7

8

0

0

7

8

6

15

7

8

6

15



5

6

7

8

Т

С


Л

Ж

С



С

О

Ө



Ж

С

Ө

Ж



Т

С


Л

Ж

С



С

О

Ө



Ж

С

Ө

Ж



Т

С


Л

Ж

С



С

О

Ө



Ж

С

Ө

Ж



МБ-1

Р1

7

8

6

15

7

8

6

15

7

8

6

15

60

270+30 =300


Апта

9

10

11

12

Жұмыс түрі

Т

С


Л

Ж

С



С

О

Ө



Ж

С

О

Ө



Ж

Т

С


Л

Ж

С



С

О

Ө



Ж

С

Ө

Ж



Т

С


Л

Ж

С



С

О

Ө



Ж

С

Ө

Ж



Т

С


Л

Ж

С



С

О

Ө



Ж

С

Ө

Ж



Балл

7

10

0

0

7

10

6

15

7

10

6

15

7

11

6

15


13

14

15

Т

С


Л

Ж

С



С

О

Ө



Ж

С

Ө

Ж



Т

С


Л

Ж

С



С

О

Ө



Ж

С

Ө

Ж



МБ-2

Р2

7

11

6

15

7

11

6

15

60

270+30

=300


8. ӘДЕБИЕТТЕР

НЕГІЗГІ:
1. Козлов В.И., Никифоров – Никишин А.Л., Бородин А.Л. АКВАКУЛЬТУРА. (учебник) «Колос», Москва, 2006 г.
2. Кривцов Н.И., Лебедев В.И., Туников Г.М. Пчеловодство. (учебник) Москва. «Колос». 1999 г.
ҚОСЫМША:
3. Микитюк П.В. Вет – санэкспертиза пресноводных рыб. Москва. 1989 г.
4. Булекбаева Л.Т., Искаков М.М. Балық аурулары. Астана. 2009
5. Прокопов К.П., Федотова Л.А., куликов Е.В., Кириченко О.И. Ихтиофауна Восточного Казахстана. Усть – каменогорск. 2006.
6. Иванова З.А., Мерузи И.В., Пищенко Е.В. Алтайский зеркальный карп – новая высокопродуктивная порода прудовых рыб. Новосибирск. 2002 г.
7. Нуждин А.С., Виноградов В.П. Основа пчеловодства. (Уч. Пособия). Москва. «Колос». 1982 г.
8. Аветисян Г.А. Пчеловодства. Москва. «Колос». 1982 г.

9. Пчеловодство. Журнал. Мерзімді басылым.


10. Интернет материалдары
11. Современная ветеринарная медицина. Журнал. 2010 г.
12. ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы ХАБАРШЫСЫ. Аграрлық ғылым сериясы. №5. 2011 жыл.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет