ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Гендерлік психология»


Гендрлік айырмашылық және әлеуметтену



бет3/4
Дата16.06.2016
өлшемі406 Kb.
#139684
1   2   3   4

8 Гендрлік айырмашылық және әлеуметтену.


  1. Әлеуметтік норма және гендерлік айырмашылықтар.

  2. Нормативті қысым рөлі.

  3. Гомосексуалдылық гендрлік нормаларды бұзу ретінде.

4. Ақпараттық қысым рөлі.
Адамдардың көпшілігі әрекет-қылықтағы гендрлік айырмашылық және әлеуметтік рөл жыныстар арасындағы биологиялық айырмашылықтан туындайды деп есептейді. Орта адам гендрлік айырмашылық тәрбиелеудің емес,табиғи күш жұмысының нәтиежесі деп есептейді. Әлеуметтік психологтар ер және әйел адамның арасындағы биологиялық айырмашылық жеткіліксіз, мұнымен гендрлік айырмашылықты түсіндіруге болмайды. Олардың биологиялық айырмашылығы әрекет қылыққа әлсіз әсер етеді. Бұл бөлімнің мақсаты- ер немесе әйел адам арасындағы тума айырмашылықтан қарағанда, гендрлік айырмашылықты мәдениет тұрғысынан және әлеуметтенужағынан қарастырамыз.

Әлеуметтік норма және гендрлік айырмашылық.

Әлеуметтік норма- адамның қоғамдағы әрекет-қылығын анықтайтын негізгі ережелер жиынтығы. Әлеуметтік психологтардың ойынша гендрлік айырмашылықты гормон және хромосомадан іздеу дұрыс емес, мұны бізге тән түрлі әрекет-қылықтың әлеуметтік нормасынан, аттитюдтан қарастыру керек. Әр жынысқа дарыған қасиеттер жайлы жалпы ақпараттардың мазмұны бар нормалар жиынтығы жыныстық немесе гендрлік рөл деп аталады. Бұл нормалардың бір бөлігін санаға теледидар арқылы, әдебиет арқылы енгіземіз, келесі бөлігін қоіам тарапынан қабылдаймыз.

Игли бойынша, гендрлік стериотип бұл әлеуметтік норма болып табылады дегнді айтып өткен. Яғни, әр адам бойында ер және әйел адамға тән қасиеттер, саплар және әрекет-қылық моделі жайлы белгілі бір түсініктер қалыптасқан. Соған сәйкес өзінің жынысына тән әрекет-қылық ережелерін ұстанады. Әлеуметтік психологтар бойынша, екі негізгі себеп әсерінен біз гендрлік күтілімге(ожидание) сәйкес келуге тырысамыз. Ол- нормативті және ақпараттық қысым (Бұл терминді Дойч және Жерар 1955ж. енгізді ).
Нормативті қысым рөлі.

«Нормативті қысым» термині адамның қоғам немесе топ күтіліміне (ожидание) сәйкес өзін соларға сай етіп, оны қоғамнан бөліп тастамау үшін әрекет ету механизімін білдіреді. Бірқатар зерттеулер көрсеткендей, әрекет-қылықтағы гендрлік ролге сәйкессіздік негізінен ер балалар арасында жиі байқалады және ата-аналар қарама-қарсы жыныстыға тән өзінің балаларының осындай ойындарына негативті қарайды.

Өкінішке орай, нормативті қысым рөлі ересек адамдарда аз зерттелінген. Адамның кез келген бір немесе бірнеше норманы өзгерту,

мысалы, ер адамның тырнағын қызыл түске бояуы, юбка киуі қоғамда үлкен қарсылық тудырады. Көптеген әйел адамдар агрессивті болып көрінуге қорқады. Гендрлік рөлге бағынбау үшін жаза өте қатал болады. Мысалы, 1979-1980 жылдары басшылық еткен Иран басшысы А.Хомейни әйелдерге қандайда бір еркіндік беретін барлық ережелерді алып тастап, бағынбаған әйелді өлім жазасына кескен.



Гомосексуалдылық гендрлік нормаларды бұзу ретінде.

Гендрлік норманы бұзудың бір факторы- бұл гомосексуалдылық. Мысалы Америкада қасиетті Патрикке арналган (Бостонда 1994 ж.) шеуді мүлдем алып тастауды шешті, мұның себебі сот шешімі бойынша онда гейлердің де қатысуына мүмкіндіктері болған. Халық бұған наразылығын көрсеткеннен кейін бұл шеруді өткізу толығымен тоқтатылды. Ерте жастан социум адамдарды жанұя құруда қарама- қарсы жыныстымен түсуге, одан балалы болуға үйреткен. Ал жанұя құрмай, бір жынысты қатынас әрдайым социумде негативті әсер етіп, қабылданбаған. Гомосексуалдылық бұл әлеуметтік, гендрлік норманы бұзудың максималды шегі. Кайт және Дойкс (1987) және Тейлор (1983) «сексуалды инверсия теориясын» негіздеген, яғни гомосексуалдар қарама-қарсы жынысты гомосексуалга ұқсас. Бірақ мұндай зерттеулер реалдылықтан алыс. Мысалы, гомосексуалды қатынасқа қатысты жалпы қабылданған стериотип бойынша бір партнер әйел рөлінде, келесісі ер адамның рөлінде болады. Бірақ, зерттеулер нәтиежесі бойынша екі партнер бірдей табыс тауып, бірдей үй шаруасының жұмысын атқаратынын көрсеткен. Гомосексуалдардың жұмысқа тұруында дикриминация, күлкі, мазақ, қоғамның қабылдамауы үнемі болатын құбылыс. 1974 жылы Америкалық психиатриялық ассоциация гомосексуалдылықты психикалық аурулар тізімінен алып тастады. Адам өзін гей деп танып, оның қоғаммен қақтығысу салдары жиі фрустрацияға әкеледі. Мұның өзі стресске, жақын туыстарымен конфликтілі жағдайға әкеклді.



Ақпараттық қысым рөлі.

Біз қоғамның сынаунан қорқамыз деп ойлаймыз, ол олай емес, басқалардың бағыттаушы әсерінсіз біз не ойлауды, не сезінуді білмейміз.

Әлеуметтік тексеріс(проверка)- адам референтті топ мүшелерінің әрекет-қылығын бақылай отыра өзінің әрекетін дұрыс бағалауы.

Арсон бойынша, нормативті қысымға бағыну біздің басқаларға ұнауымыздан туындайды, ал ақпараттық қысымға бағыну- біздің дұрыстығымызды тілеу деп түсіндіреді.

Конформдылық- ой үйлесімділігі. Әлеуметтік нормаға бағын тенденциясы уақытты үнемдейді.

9 Гендірлі қатынас


  1. Балалар тобындығы гендерлік сегрегация.

  2. Іскерлік әлемдегі ерлер мен әйелдер.

  3. Достық және сексуалдық гендерлік қарым-қатынастар.

  4. Ерлі-зайыптылар қарым-қатынасы.

  5. Отбасындағы ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынасы.

  6. Девиантты қарым-қатынастыр.

Гендірлі қатынасты балалар топтарында, іскерлік топтарында, интимдік топтарда (достықты және сексуалды), жұбайларарасында, отбасында (ата-ана – бала), конфликті және девиантты жағдайларда қарастырамыз. Бұл топтар үшін балалық шақта да, ересектік шақта екі тенденцияның болуы тән: а) жыныстық немесе сегрегациялық (өзінің жынысындағы өкілдерімен қатынас) және б) жыныстардың конвергенциясы (басқа жыныстың өкілдерімен қатынас).



Гендерлі сегрегация көбінесе мынаған тән:

  1. Достық балалық топтар;

  2. Мектеп жастағы балалардың өзара еркін араласуы (ата-аналардың болмаған жағдайда, серіктесті еркін таңдау шарттарында);

  3. Ересектердің іскерлік әлемі – формалсіз қарым-қатынас жағдайларында;

  4. Ересектіктегі достық (көбінесе бір жыныстылардың арасында);

  5. Сексуалды гомогендірлі байланыстар (гомосексуалдар, лесбиянкалар).

Бұл сегрегацияның болуы, біріншіден, екі түрлі субмәдениетінің құрылуы – еркектік және әйелдік, екіншіден жыныстар арасында кофронтацияның болуы, бұл қыздар мен ұлдардың арасында, еркектер мен әйелдердің арасындағы күрделі немесе қирғи қабақ қатынастарда көрінеді.

Қарама-қарсы тенденция –жыныстардың ковергенциясы – көбінесе көрінеді:



  1. Балалар ойындарында (1 жастан басталады, кейін ересектікте әртүрлі кезеңдерде болады);

  2. Кіші мектеп жасында қарама-қарсы жынысқа қызығушылықтың пайда бола бастауында;

  3. Жеткіншектік, жасөспірімдік шақтағы бір-біріне «махаббаттық қарым-қатынастарының» (ғашықтық, романтикалық махаббат) қалыптаса бастауында;

  4. Жастықтағы, ересектіктегі махаббаттық және сексуалдық қатынастарында;

  5. Жұбайлық қатынастарында;

  6. Ата-аналық рольдерді орындауда – «ата-ана – бала» қатынастарында;

  7. Ересектердің іскерлік қатынастарында.

Бұл тізімді жалғастыра түсуге болады. Екінші тенденцияның пайда болу себебі жыныстар арасында жақсы, гармониялық қарым-қатынастың орнауы.

Балалық топтардағы гендірлі сегрегация

Маккоби бойынша, балалықта 2 тенденция бар: жыныстық немесе гендерлі, сегрегация және конвергенция. Бұл тенденциялардың жастық спецификалары бар. Бірақ сегрегация – көп тараған құбылыс. Ол қыздарда үш жаста, ал ұлдарда төрт жаста көрінеді және мектептік кезеңде өте айқын көрінеді.

Мектептегі оқу басталғаннан кейін гендерлі сегрегацияның деңгейіне мәдениетүлкен ықпал етеді. Маккоби мен Жаклин анықтағандары, қарама-қарсы жыныстағылармен партада отыру, және де екіден тұрып, бір-бірінің қолдарынан ұстау талаптар балаларға ұнамайды, бұл үлкен әйгілілікпен танылмайды.

Қыздардың ұлдарға қатысты қауіптілікті және абайлау сезімдерін сезіну

Э. Маккоби және К. Жаклин зерттеулері бойынша, қыздар 3 жас шамасы кезінде ұлдармен бәсекелестікке түсуге қорқақтайды. әдемі ойыншықты бірінші боп тап беру керек болған кезде, қыздар бір жынысты диадада өздерін сенімді ұстады, бірақ ұл және қыз бар жұпта, көбінесе қыздар қолдарын тартып, ұлдарға ойыншықты алуғ құқығын қалдырып, анасына баратын немесе ұл барда өзін пассивті ұстады. Бұл қыздардың ұлдарға қатысты қауіптілікті және абайлау сезімдерін сезіну ойын дәлелдейді.



Басқа жыныстың өкілінің ойнау стиліне реакциялар

Жыныстардың конфронтациясының бірден-бір себебі олардың сегрегациясы болып табылады. Олар өседі және бір-бірін байқамай тұрғандай күй танытады.. басқа жыныстағы өкілдерді білмейді, сонымен қатар оларға сенбейді. Және де бұл жағдайда каузальді атрибуция бар: өзінің жынысындағы жоқ қасиеттерді басқа жынысқа жапсыру. Қыздар ұлдарды адал емес, қатты, шулы, ал ұлдар - қыздарды жылауық деп есептейді. Басқа жыныцстағының қылық-әрекеті ұнамсыздықты тудырады.

Б. ифэгот бойынша, қыздар екі жыныстағылардың ықпалына түсе алады, ал ұлдар тек өзінің жынысындағылардың ықпалына түседі.

Жыныстардың конфронтациясы әртүрлі факторларға байланысты.



Қатынастың таңдау еркіндігі және басқа жыныстағылармен қылық-әрекетіндегі шектеулер

Ұлдар басқа ұлдардың арасында өздерін дөрекі ұстайды, бұл әрекеттермен ойын ережелеріне адал екендігін көрсететіндей. Сондай-ақ көптеген дене дамуы жақсы дамыған қыздар ұлдар сияқты атлетикалық ойындарды ойнағанды ұнатады. Б. Сорни бір афроамерикандық қызды сипттады, олұлдардың да, қыздардың да ойындарын ойнады, дене дамуы және вербалды жағынан ассертивті болды. Ол қыздармен де ұлдармен де дос болды және өзінің ықпалын пайдаланып бірнеше қыздарды ұлдардың компаниясына қабылдатты. Бұл мысал қыздарға тән қатынасудағы үлкен таңдаудың бар екенін көрсетеді. Басқа да мысал бар: ұл бала – лидердің қыздармен олардың ойынын ойнаған, мұнда да ол лидер болған. Бұл сирек ерекше жағдай, ол ұлдың үлкен статусымен түсіндіріледі. Көбінесе ұлдар қыздармен ойнайтындардан теріс бұрылып кетеді. Мұнда лидерлік психологиясында танымал құбылыс байқалады: лидер емеске істеуге болмай қылық-әрекеттер лидерге рұқсат етілген (бірақ белгілі бір шегі болады).



Жыныстар арасындағы қатынастардың сексуализациясы және ондағы қылық-әрекеттер ережелері

Кіші мектеп жасындағы балалар ұл мен қыздың араындағы байланыстарды романтикалық және сексуалды ретінде түсіндіре бастайды.

Ұл-қыздар кейбір ойындарды романтикалық және сексуалдық ретінде түсіне бастайды – мысалы, ұл бала қызды қуып жетіп, итеріп қалса. Шоуфилд бұл қылық-әрекет формасын «итеру арқылы ұнатқанды білдіру» деп атады.

Шроуф және әріптестері 8 – 10 жастағы балалар үшін жыныс аралық қатынастар ережелерін анықтады:



  • Қатынас еріксіз жасалу қажет (мысалы, бұл оқыс қақтығысу болуы мүмкін);

  • Қатынас кездейсоқ болуы керек (мысалы, ұл бала екі қыздан кейін лимонадқа өз кезегін күтіп тұр);

  • Қатынас бір қажеттілікпен жасырынылуы тиіс (мысалы, басқа үстелде отырғанға лимонадты беріп жіберуді сұрау, бұл міндетті түрде сезімді білдірмей істеу керек);

  • Бұл қатынасқа үлкендер итермелегенде тиімді (мұғалім ұлды қыздан бірденені алып келуге жібергенде);

  • Баланың қасында өзінің жынысындағы біреу болған кезде тиімді (екі қыз екі ұлмен әңгімелесіп тұруы мүмкін);

  • Байланыс объектісі нәтижесінде дезавурланады (оның сүйкімсіздігі туралы айту керек, кемсіту, итеруге дейін бару);

Сонымен балалық шақта жыныстар арасындағы өзара қатынаста екі қарама-қайшы тенденциялар бар: сегрегацияны (бөлек қатынас) және конфронтацияны сақтау, жыныстар арасындағы қырғи қабақтылық және керісінше бұл сегрегацияны бұзу.

Іскерлік әлеміндегі ер адамдар мен әйелдер

Мұнда да қарама-қайшы тенденциялар бар: айқын немесе жасырын сегрегация және конвергенция. Соңғысы - қоғамда болған күрделі өзгерістердің нәтижесі (өйткені ер адам мен әйелдің бірге жұмыс істеуге тұра келгендіктен).

Осы мәселеге байланысты көптеген зерттеулер жүргізілді, олар үш негізгі гипотизаны ұсынды. Дж. Маршлдың гипотизасы бойынша, әйелдер мұнда – келімсек, «басқа ғаламнан келгендер», олар бұл ортаға сәй келмейді. Одан арғы зерттеулер бұл гипотизаны дәлелдей түспеді, өйткені әйелдер ер адамдарға жақсы бәсекес бола бастады.

Кең таралған гипотиза – «шыны төбе», мұнда әйелдердің жұмыста сәттілікке жету жолында көрінбейтін, бірақ шынайы бөгетті айтады. Ер адамдар үшін мұндай бөгет жоқ. Әйелдерді лидер ретінде топ мойындамайды, ал еркектер оларға бөгет болуға тырысады.

Үшінші гипотиза Г. Штайстікі «жұлдыздың ауруы» деп аталады. Әйел-менеджердің басқада әйел үміткерлерге көмектеспеуі. Қазір мұндай жағдайды «реверсивті гендерлі стериотип» деп атайды: күткендей болмады, әйелдер туралы ойларды ер адамдар емес, көбінесе әйелдер білдіреді.

Көбінесе топ құрамы бойыша екіге бөлінеді: көпшілігі – доминантты, ал саны азы - токендер (ағыл. тілінен token– белгі). Ерлер тобындағы бір-екі әйел, әйел өкілінің бар екнінің белгісі ғана. Соған ұқсас жағдай, ақ нәсілді адамдар тобындағы бір-екі қара нәсілді адамдардың болуы.

Кентер формалсіз әйелдер-токендердің 4ролін анықтады:


  1. «ана» (одан іскерлі белсенділікті емес, эмоционалды қолдауды күтеді);

  2. «қызықтырушы»: мұнда ол сол ұйымдағы жоғарғы жұмыс орнында отырған ер адам үшін сексуалды объект қана, ал әріптес-ер адамдарда алаңдаушылықты тудырады;

  3. «бой тұмар» - сүйкімді, бірақ іскер емес, сәттілікті әкелетін;

  4. «темірдей ханым» - оларға әйелге тән емес қатты мінезді жапсырады және олар топтан ерекше бөлектенген.

Достық және сексуалдық гендірлі қатынастар

Достық интимдік қатынастар

Достық интимділікпен байланысты. Балалық шақта сенушілікпен, бір сырды айтумен сипатталады. Есейген шақта өз-өзін және өзі туралы серігіне жеке ақппараттарды ашуды меңзейді.

Мұндай өз-өзін ашудың екі түрін ерекше көрсетеді:


  1. «сипаттау»: өзі туралы әңгімелеп беру, брақ фактілерді ғана айтады;

  2. «бағалау»: серіктес өзінің ойлары, сезімдері, көзқарастары, бағалаулары туралы хабарлауы.

Ерлерге көбінесе біріншісі, ал әйелдерге екіншісі тән.

Балалардың және жасөспірімдердің сексуалды бағдарлары

Дж. Хелстед және С. Вейт зерттеулері кіші мектеп жасындағыларда әртүрлі екі сексуалды субмәдениетін көрсетті, олар әртүрлі жыныстағыларға жатады.


9-10 жастағы ағылшын балалардың сексуалды бағдарлардың жыныстық ерекшеліктері

Мінездеме

Қыздар

Ұлдар

Сексуалды сөйлеу

Детальдард санының көптігі, шынайы рефлексия

Қысқа сөйлемдер, қалжындар, сексуалды сленгтер

Сексуалды ақппараттардың көзі

Жанұя

Дос-ұлдар, бұқаралық ақпарат көздері

Қызығушылық

Адамдардың сексуалды өзара қатынастарға

Контрацепцияға, абортқа, жыныстық ұрықтанудың механизмдеріне, балалардың тууына

Қорқыныштары

Мүмкін болатын бала жоғалтудан, ерте жүктіліктен болатын жан күйзелістерін бастан шегу

Қорқыныштың жоқтығын көрсетті

Анаша, алкоголь, зорлық-зомбылық қауіптеріне қатынастары

Шынайы түсіну

Қалжынды

Қыз-ұлдардың ересектік шаққа өтер кезде, оларда секс және сексуалды қатынастар туралы бағдарлары болады. Бұл тұрғыдан көп конфликтер пайда болады.

Ересек ер адамдар мен әйелдер махаббат стилдерін көрсетіп білдіреді.

Бүгінгі күні махаббат стилдерінің әйгілілері К. және С. Хендрик 1986 жылы жасаған типологиясы. Онда 6 махаббат түрін көрсетті.


  1. Эрос – сезімге толы махаббат:

  2. Людос – ойын-махаббат:

  3. Мания – серіктесіне ауру тәрізді тәуелді болу, оны ешкіммен бөліспей иелену құлшынысы;

  4. Прагма – серіктесті твңдаудағы ақылға негізделген махаббат;

  5. Агапэ – альтуристтік, құрбандық махаббат;

  6. Сторге – мықты достыққа және серігін силауға негізделген махаббат.

Сексуалды өзара қатынаста маңызды элемнті көзге шөп салу және айырылысу қаупі түріндегі экстремалды жағдайлар болып табылады. Мұнда ерлерді де, әйелдерді де қосымша қиыншылықтар күтеді, өйткені олар бұл жағдайға әртүрлі қарауы, ұстауы мүмкін.

Көзге шөп салу және айырылысуға әйелдердің және ерлердің реакциялары

Американдық психологтар В. Абрахам, Р. Креймер және оның әріптестері бұл бойынша бірнеше зерттеулер жүргізді. Көзге шөп салушылықта көбінесе ерлерде дистресс болады, ал әйелдер үшін күтпеген жағдай (олардікі де дистресске дейін баруы мүмкін). Сонымен қатар көзге шөп салудан кейінгі қылық-әрекеттерде де айырмашылықтар бар. Ерлер өздерін күтпеді, әдемі болуға тырыспады. Ал әйелдер көпке дейін жұмыс істегілері келмеді. Басқа жақтың басымдылығы оның осал жері болады, яғни әдемілік - әйелдердің, ерлердің – жұмысы басымдылық болып табылады.

Айырылысуға көбінесе ерлер барады, бірақ үлкен дистресстіде олар сезінеді. Айырылысудан кейін тасталып кеткен адам өзін өте осал сезінеді. Ерлер айырылысудан кейін тез өз-өзін жұбатады, яғни ажырасудан кейін жиі екінші рет үйленеді. Бұл ерлердің үлкен мүмкіншілігі тұралы айтады.

Сексуалды қылық-әрекеттегі жыныстық айырмашылықтар

Р. Бауместер және К. Соммер бойынша, ерлер кең әлеуеметтік топтарға бағдарланған, мұның себептерінің бірі – бұл сексуалды серіктес ретінде әйелдерге көп қол жеткізе алады. Ерлер промискуиттерге бейім (бейбірекет сексуалды байланыстар). Әйелдердің басымдылығы – әдемілік, бұл әлеуеметтік статусын жоғарлатуға көмектеседі, ал бұл арқылы оларды жоғары статустағы ерлер таңдайды. Билік әйелді сексуалды қылмайды.



Гомогенді сексуалды қатынастар

Нидерландта гомосексуалдарға деген толеранттылықтың ең жоғарғы көрсеткішті көрсетті.

Әйел мен ерлер еркектер арасындағы гомосексуалдылыққа негативті реакцияны көрсетті.

П. Блумштейн және П. Шварцтың байқағаны бойынша, көбінесе лесбиянкалардың жұптары берік емес және ұзаққа бармайды.



Жұбайлық қатынастар

Неке түрлері

Көбінесе кездесетін неке түрлері:



  1. Бір мезгілдегі полигиния – бір ер адамда бірнеше әйелдің болуы;

  2. Бірмезгілдегі полиандрия – бір әйелде бірнеше күйеудің болуы;

  3. Бірмезгілдегі многамия – бір ер адамда бір әйелдің болуы;

Көп таралмаған неке түрлері бар, кейбірлеулерін атап өтейік:

  1. Топтық неке – бірнеше әйел мен бірнеше ерлер заң бойынша некені тіркейді, ортақ балалары болады;

  2. Некені көру (азаматтық неке депте аталады): заңды тіркелмеген.

  3. «қонақтық» неке (басқа атауы «уик-эндтік): жұбайлар екі түрлі үйде, тіптім екі түрлі қалада тұруы мүмкін, ғашықтық сезімдерін сақтап қалу үшін жасайды, ортақ шаруаны жүргізбейді.

Европада неке түрлерінің ерекшеліктері: кеш тұрмыс құру (24 жастан кейін), көпшіліктің неке құрмауы (көбінесе әйелдер).

Азияда: керісінше ерте тұрмыс құру, тұрмысқұмағандар санының өте аз болуы.



Иерархиялық құрылымдағы қоғамдағы сексуалды қатынастардың байланыстары

Қаз рулық қоғамында жұбайы өзінің статусына сай болуы керек. Кедейлер мен байлардың әйелдер саны әртүрлі болды.

Австралия абригендерінде ересек жастағы ең жақсы аңшыларға, жауынгерлерге үшінші немесе төртінші әйел ретінде ең әдемісі берілетін. Жеңілдергендердің әйелдері жеңгендердің әйелдері болатын.

Кәзіргі заманның отбасының ерекшелігі тең құқылық . 1960 ж.ж. батыста басталған сексуалдық ревалюция әйел мен ерлердің сексуалды бағдар мен қылық-әрекеттердің өзгеруіне әкеп соқты.



Жұмыс істеуші немесе үйшаруасындағы әйел

С. Парасураман және әріптестерінің зерттеулері бойынша, жұмыс істеп жүрген әйелдің күйеуінің үйшаруасындағы әйелдің күйеуімен салыстырғанда өз жұмысымен, некемен, өмірмен балаларды тәрбиелеуде қанағаттанбаушылықты сезінеді. Бірақта зерттеудің авторлардың қорытындысында бойынша жұмыс істеп жүрген әйелдің ықпал факторы ерлердің психологиясына әсері сондай үлкен емес делінген



Отбасындағы лидерлік

Біз моногамді отбасылардың жағдайын ғана қарастырамыз. Лидерлікті бөлісу бойынша үш түрін ажыратамыз: 1)дәстүрлі (ерлер – лидерлер, әйелдер – еруші – патриархалды стиль); 2) дәстүрлі емес (матриархалды); 3) эгалитарлы(екеуі де – лидер).

Т. Парсонс қылық-әрекеттің екі стиліне сәйкес отбасындағы лидерліктің екі стилін ерекшелеп көрсетті: а) «құралды» (ортақ тапсырмаларды ұйымдастыру) және б)»экспрессивті» (эмоционалды бірауыздылықты сақтау). Ерлерге біріншісі, ал әйелдерге екіншісі тән.

Лидерлік басқв адамда да болуы мүмкін: балаларының біреуінде, ата-енесінде, әке-шешесінде т.с.с.



Отбасылық лидерліктің кросс-мәдени зерттелуі

К. Атанасиади өзінің зерттеулерінде анықтағаны, Грецияда әйелдер құндылықтар конфликтерін сезінеді. Қоғам оларға қарама-қайшы талаптарды қояды. Бір жағынан – бұл аналық.екінші жағынан, акдемиялық сәттіліктер бағаланады. Нәтижесінде аспирант-әйелдеғр карьера мен отбасы арасында қаққа жарылуда болды.

Нидерландыда дәстүрлі стериотип таралған, ол бойынша ерлер отбасында да, одан тыс та лидер болу керек. Мұндай мемлекеттерде көпке дейін күйеуге шыққан әйелдерге жұмыс істеу тыйм салынған, бірақ қазірдің өзіндеде қоғам жұмыс істеп жүрген әйелдерді мақұлдамайды., әсіресе басқару орындарында ал Польшада керісінше бұл іс үшін мақтан тұтады.

Қазақ жұптарында лидерлік қылық-әрекет мәдени нормалармен байланысты болды (ерлердің басымдылығы).

Сонда да кәзіргі күнде эгалитті лидерліктің моделі көп тарала бастады.

Отбасындағы ата-ана мен балалардың өзара қатынасы

Э. Маккобимәліметтері бойыншы, балаларға деген қатынастағы әке және шешенің гендірлі рольдерінің ерекше айырмашылықтар келесі аспектілерде:



  1. Балалар үшін жауаптылықты бөлісу түрлері;

  2. әке және шеше қылық-әрекетінің стильдері;

  3. қылық-әрекетте өзінің жынысына тән гендірлі жақтарын көрсету;

  4. ұлына және қызына деген қатынасы бойынша қылық-әрекет стильдеріндегі айырмашылық;

  5. жыныстық сегрегацияны күшейту немесе балаларға деген қатынасындағы конвергенция тілектері.

Бұл барлық ерекшеліктер әке мен шешенің балалармен қатынасындағы өзара қатынасқа әсер етеді. Олар сонымен қатар жұбайлық қатынастарға әсер етеді.

Әке және шеше қылық-әрекеттерінің стилдері

Ерлер мен әйелдер арасындағы айырмашылықтар мынадан көрінеді:



  1. құралды немесе экспрессивті лидерлік стилін қолдануда;

  2. қатты күшпен өзара әрекеттесу деңгейінде;

  3. балаларда эмоционаларының көрінулеріне әртүрлі сенситивтілігінде;

  4. өзара түсінушілікте немесе талаптарды қойған кезде мықты ассертивтіліктің көрінуінде;

  5. конфронтацияда және дисциплинада;

  6. балаларды ақпараттандыруда және оқытуда.

Конфронтацияны күшейту немесе отбасындағы өзара қатынастағы жыныстық гормонияға құлшыныс

Эмпирикалық түрде балаларды тәрбиелеуде жұбайлардың әртүрлі стратегиялары байқалды. Маккоби бірнешеуін келтіреді:



  1. ата-аналардың күштерді біріктіруі;

  2. әке шешенің көмекшісі ретінде;

  3. әке әйелден басым екнін, билігін көрсету үшін баланы қолданады;

  4. ана жасырын түрде әкенің балаға ықпалын бұзады;

  5. ана әке мен баланың арасындағы байланыстырушы;

  6. ата-ананың балаға әсер етуде әртүрлі мақсаттары болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет