§ 3. Химия сабағында сандық есептерді пайдалану әдістемесі
Сандық есептерді мынадай жағдайларда пайдалануға болады:
1. Жаңа сабақты түсіндіргенде, сабақты бекіткенде, үйге тапсырма бергенде, күнделікті білімді тексергенде
2.. Оқылған материалдарды қайталауға және қорытынды сабақтарда, өзіндік жұмыстарда, бақылау жұмысында, факультативтік сабақтарда және сыныптан тыс жұмыстарда (үйірмеде) т.б.
3. Жаңа сабақты өткенде сандық есептерді пайдалану
Жаңа сабақты түсіндіргенде қаралатын сұрақтарды, заңдылықтарды қорытындылау үшін, мәнін ашып көрсету үшін, оқушылар өз бетімен қорытынды жасау үшін есеп шығару әдісі қолданылады.Мысалы: «Альдегид»- тақырыбында мұғалім кіріспе сөзінде өткен сабақта спирттер класын өткендерін, енді бүгін жаңа қосылыстардың класы қарастырылатыны айтылады. Сөйтіп есеп шығартылады. Есептің мазмұны алдын-ала тақтада жазулы тұрады.
Есеп № 1. Белгісіз заттың құрамына 53,3%- О , 40 % -С және 6,7 % -Н кіретін болса, егер оның сутегі бойынша тығыздығы 15 болса, қарапайым қосылыстың молекулалық формуласын анықтаңдар.
Берілгені: Есепті талдау кезінде мынаны анықтайды: формула
dH2=15 арқылы әрбір элемент атомының санын анықтау керек.
W(O)=0.533
W(C)=0.400 W= n · Ar : Mr
W(H)=0.067
Формула-? n = W ∙ Mr : Ar Mr = 2· dH2 орнына қойып мына
формуланы аламыз:
n = W ∙ 2 ∙ dH2 : Ar
Ar (O) =16, Ar(C) =12, Ar(H) = 1
Содан кейін n мәнің табамыз: n(O) = 0.533 ∙ 2 ∙ 15: 16 = 0.99 =1
n(C) = 0.400 ∙ 2 ∙ 15 : 12 = 0.99 =1
n (H) = (0.067 · 2 ∙ 15) : 1= 2
Бұдан келіп мынадай формула шығады: CH2O Бұл формуланың салыстырмалы молекулалық массасы анықталады.
Mr(CH2O) =12+2+16 =30 Mr =2 dH2 , Mr =2 ∙ 15 =30
Осыдан кейін мұғалім жаңа қосылыстың формуласы CH2O дейді. Ал спирттің формуласы CH4O(метил спирті). Екеуін салыстырып ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды.
CH4O -2Н→ CH2O
спирт альдегид
Жаңа сабақты өткенде химиялық заңдылықтар мен теориялық қағидаларды дәлелдеу үшін сандық есептерді пайдаланудың орны ерекше.
Мысалы: Зат массаның сақталу заңын өткенде оқушыларға мынадай есеп беруге болады:
Есеп № 1. 2,17 г HgO ыдырағанда 0,16 г оттегі бөлінеді. Реакция нәтижесінде қанша грамм сынап түзіледі: Мынаны ескеріңдер, бұл реакцияда басқа заттар түзілмейді.
Есеп № 2. 4 г күкірт қалдықсыз 7 г Fe әрекеттеседі. Алынған FeS массасы қандай? Бұл есеперді шығару арқылы, зат массасын сақталу заңына сүйеніп және реакциядан кейінгі заттардың массаларын есептеуге үйренеді.
Авагадро заңы өтілгенде мынадай есеп беруге болады.
Есеп № 1. 14 г азот , 16 г оттегі , 17 г аммиак (қ.ж) қандай көлем алады?
Есеп № 2. Көлемі 1м3 тең (қ.ж) кез келген газдың заттық мөлшері қандай?
Есеп № 3. 1г CaCO3 термиялық ыдырағанда (қ.ж) қандай көлем СО2 бөлінеді?
Есеп № 4. 1 л газ (қ.ж) 1,25 г тең. Газдың салыстырмалы молекулалық массасы қанша?
Есеп № 5. 1моль Н2, О2, СО2 көлемін табыңдар, егер олардың p(H2)=0.089г/л, p(O2)=1,43 г/л, p(CO2)=1,96 г/л болса,
Шешуі: Оқушылар формуланы пайдаланып V = m / р есептейді,
«m» орнына «М» алады, себебі 1моль заттың массасы, моль массаға тең болады: М(Н2) =2г/моль; М(О2) = 32 г/моль; М(СО2) =44 г/моль
Vm(H2) = 2г/моль = 22,4 л/моль
0,089г/л
Vm(О2) = 32г/моль = 22,4 л/моль
1,43г/л
Vm(СО2) = 44г/моль = 22,4 л/моль
1,98г/л
Алынған мәліметтен оқушылар молярлық көлемнің 22,4л тең екендігін біледі, осыдан кейін мұғалім бірдей көлемде әртүрлі газдардың молекула саны бірдей болатындығын айтып, Авогадро заңының анықтамасын айтады. «Моль» деген ұғымды түсіндіру үшін мұғалім алдымен оның анықтамасын айтып есеп шығартады.
Есеп №6. Заттың өлшем бірлігі мольге қанша бөлшек сан кіреді?
Мысалы: 12г С атомында және 32г оттегі молекуласында қанша бөлшек саны болады?
m0 (С) = 0,2·10-24 г m0 (О2) = 53,2·10-24 г
Шешуі: NА (С) = 12г : 0,2·10-24г = 6·1023:
NА (О2) = 32 г : 53,2·10-24г = 6·1023:
Осыдан оқушылар қорытынды жасап, кез-келген заттың 1молі 6·1023тең екендігін анықтайды.
Жаңа сабақты түсіндіргенде, есепке байланысты талқылауды мұғалім өзі жүргізеді, тек кейбір есептеулерге ғана оқушыларды қатыстырады.
Бекітуде жаңа сабақтағы сияқты есептерді беруге болады, тек бұл жағдайда мұғалім оқушылардан өз бетімен есептерді талқылауды талап етеді.Бекітуде егер оқушылар есепті шығарудың жолдарын жақсы меңгерсе онда мұғалім күрделі есептер береді.
Үйге есеп бергенде осы заңдылықтарға байланысты беруге болады. Мысалы: Зат массасының сақталу заңы мен Авагадро заңына мынадай есептер беруге болады:
Есеп № 1. 20г CaCО3 тұрақты массаға дейін қыздырғанда 10,12 г СаО алынған.Бөлінген СО2 массасын табу.
Есеп № 2. 2,7 г суды толық сутегі мен оттегіне ыдыратқанда 0,3 г сутегі алынған. Алынған оттегінің массасы қанша?
Есеп № 3. Егер газдың көлемі 250 мл, массасы 0,715г тең болса (қ.ж). Оның салыстырмалы молекулалық массасы қандай болады?
Есеп № 4. 0,2 моль О2 , 0,2 моль Н2 (қ.ж) қандай көлем алады?
Есеп № 5. 7г N2 ; 5,1 г NH3 ; 6,8 г H2S (қ.ж) қандай көлем алады?
Білімді тексеруде де сандық есептерді пайдалануға болады.
Білімді тексергенде де үйге берген тапсырманы (есепті) шығартуға болады. Біріншіден ол есептің дұрыс шығарғаның тексереді. Мұғалім оқушыны тақтаға шығарып, есеп кітаптан шығаруды ұсынады. Егер оның көшіріп алғаны белгілі болса, онда соған ұқсас есеп беріледі. Бұл кезде ол оқушы есепті талқылап заңдылықтарды түсіндіреді және әртүрлі әдіспен шығаруы керек. Егер есеп қиын болса, онда есепті сыныппен талқылап шығарған жөн.
Қайталауда, қорытынды сабақтарда сандық есептерді пайдалануға болады. Бұл кезде аралас мазмұнды 2-3 заңдылықтарды қамтитындай есеп беріледі. Бұл әдіс жоғарғы сыныпта қолданылады. Мысалы, зат массасының сақталу заңын, Авагадро заңымен байланыстырып формула құрастыруға соған байланысты Авагадро заңына сәйкес есептеулер беру керек.
Есеп № 1. 11,2 л сутегімен Fe3O4 тотықсызданғанда темірге дейін , реакцияға қанша Fe3O4 қатысады?
Fe3O4 + 4H2 → 3Fe + 4H2O
Есеп № 2. Мырыш HCl әрекеттескенде 4,48 л сутегі алынған. Реакцияға қанша мырш қатысқан?
Zn + 2HCl → ZnCl2 + H2
Бұл есепте зат массаның сақталу заңы мен Авагадро заңы қамтылған.
Сабақты бекітуде де есептер беру арқылы оқушылардың түсінгенін білуге болады. Қайталанатын сұрақтарды есеп арқылы пысықтауға болады. Мысалы: Тақырыбы: «Газдардың молярлық көлемін және Авогадро заңына» мынадай есептер беруге болады:
Есеп №1. 16г О2; 1г Н2; 22г СО2 қ.ж. қандай көлем алады?
Есеп №2. 11г СО2; 8г О2 қанша молекула бар?
Есеп №3. Тығыздығы (p=1,25 г/л) тең газдың молярлық массасын табыңдар.
Тақырыбы: «Зат массасының сақталу заңы»
Есеп №1. 8г Ѕ пен 14г Ғе әрекеттескенде шыққан ҒеЅ массасын анықтаңдар
Есеп №2. 56г СаО мен 4г СО2 алу үшін қанша грамм СаСО3 айыру керек.
Оқушылардың ой-өрісін дамыту үшін пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін, олардың оқуға деген белсендігін дамыту үшін, сабақ үстінде ауызша есептер берген жөн. Тәжірибелі мұғалімдер күнделікті сабақтарда өзіндік жұмыстарға есеп бергенде 1-3 материалдарды қамтитындай есептер береді. Бұл олардың өткен материалдарды еске түсіруіне көп көмегін береді. Мысалы: Тақырыбы: «Оксидтер, қасиеттері» сабағында мынадай есептерді беруге болады.
Есеп №1. а) 1,5моль Ғе2О3 массасын анықтау б) Көлемі 1,12л тең ыдыста СО2 бар (қ.ж.) Ыдыстағы заттың массасын, молекула санын, зат мөлшерін анықтаңдар.
Есеп №2. 20г МдО күкірт қышқылымен әрекеттескенде шыққан МдЅО4 массасын табыңдар
Есеп №3. 19,7г ВаСО3 алу үшін Ва(ОН)2 арқылы қанша көлем СО2 жіберуге болады.
Білімді тексеруде де сандық есептерді пайдалануға болады. Білімді тексергенде көбінесе ауызша сұрақтар беріледі. Бұл оқушылардың жаттап келуіне итермелейді. Сөйтіп оқушылардың білімі жаттанды болады, олардың творчествалық іс-әрекеттері дамымайды. Сондықтан есеп арқылы білімді тексеруге болады. Мысалы: «Оттегінің қасиеті» тақырыбында оқушыдан үйге берген тапсырманы есеп шығарту арқылы сұрауға болады.
Есеп №1. 1,08г АI оттегінде жанғанда шыққан АI2О3 массасын табу.
Оқушылар бұл есепті шығаруда оттегіне байланысты реакция теңдеулерін жазып , есептеулер жүргізеді.
Білімді тексеруде сапалық есептердің маңызы өте зор. Мысалы: «Оттегінің қасиеттері» тақырыбында мынадай есептер беруге болады.
Есеп №2 Көмір шала жанғанда иіс газына айналады, ал толық жанғанда көмір қышқыл газына айналады. Иіс газы -улы, суда аз ериді, көк түсті болып жанады. Көмір қышқыл газы –улы емес, суда ериді, жанбайды. Осы оксидтердің формуласын жазып, құрамындағы «С» проценттік мөлшерін анықтаңдар. Оттегі мен көмір қышқыл газын бір-бірінен қалай ажыратуға болады.
Егер мұғалім жаңа сабақтың алдында үйге берген тапсырманы сұраса, немесе есеп шығартса, онда есеп өткен материалмен жаңа материалды жалғастыратындай болу керек. Мысалы: «Молярлық концентрация» тақырыбы алдында мынадай есеп шығартуға болады.
Есеп №3 Ауадағы оттегінің мөлшері О2-23,2%; N2- 75,5% құрайды (массалық үлесі) Егер 1л ауаның салмағы 1,293г болса, ондағы О2: N2 моль саны қанша болады:
ω(О2) = 0,232 ω = m (комп) : m (қоспа); Осыдан:
ω(N2) = 0,755 m = ω· m (қоспа); γ = m (қоспа) : М;
ρ(ауа) =1,293г/л
γ = ω ∙ m (қоспа) : М
γ(О2) ; γ(N2) -? γ (О2) = 1,293· 0,232 : 32г/моль = 0,009моль;
γ (N2) = 1,293· 0,755 : 28г/моль = 0,035моль;
Жауабы: 1 л ауада 0,009 моль 02 және 0,035 моль N2 болады.
4. Химиялық есептерді шығару арқылы оқушылардың білімдерін мен біліктерін пысықтау
Оқушыларды химиядан есеп шығартуға үйреткенде ең негізгі мәселеге көңіл аудару керек. Алған білімдерді бір жүйеге келтіру үшін, жинақталған тапсырмаларды құрастыра білу керек. Сол тапсырмалар арқылы оқушылардың жинақталған ойлау іс-әрекеттерін дамытуға болады. Ойлаудың екі түрі бар(диалектика тұрғысынан) 1. Эмперикалық 2. Теориялық
Оқушылар көбінесе эмперикалық ойлауды көп қолданады. Сөйтіп есеп шығарғанда есептің теориялық мәніне көп көңіл бөлмей, ойына келгені бойынша шығарады. Сондықтан бұл жерде оқушыға теориялық білім керек. Есеп шығару арқылы барлық алған теориялық білімдерді пысықтауға болады.(қайталау) Оқушылардың теориялық ойлау қабілеттерін дамытқанда, алған теориялық ойлаудың мынадай түрлері қалыптасады.
а) Нақты көрнекілік бойынша ойлау.
б) Нақты бейнелік форма арқылы ойлау.
в) Абстрактылы (дерексіздік) ойлау.
г) Жинақталған ойлау іс-әрекет.
Сондықтан есеп шығарғанда схемалар мен формулаларды , жинақталған теңдеулерді пайдаланған жөн. 8класста «алғашқы химиялық ұғымдарды» қайталағанда, алған ұғымдарды жинақтайтындай есептер қарастырған жөн. Мысалы: Известь тастың формуласын жазып, мынадай тапсырманы орындау.
1-тапсырма а) Формуласын жазу: б) күрделі затпа, жай зат па? в) қандай элементтен тұрады
Мг (СаСО)3 = 100
Мг (СаСО)3= n· Ar(Ca)+n1· Ar(C)+n2· Ar(O)
n =1 n1 =1 n2 =3
Осыдан: Мг (СаСО)3 =1· 40 +1· 12 +3· 16 =100
2-тапсырма: Массаларының ара қатынасын табу
m(Ca):m(C):m(O) = n·Ar(Ca) =n1·Ar(C):n2·Ar(O)
m(Ca) : m(C) : m(O) = 40 : 12 : 48 = 10 : 3 : 12
Екеуін салыстырады, ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды. Сосын 3ші тапсырма береді. 3-тапсырма: Известь тастың құрамындағы элементтердің массалық үлесін табу.
Мұғалім әңгімелесу арқылы түсіндіреді. Оқушылар мұнда да алдыңғы екі есепте кездесетін формуланы атап көрсетеді. Сол формула бойынша есептеулер жүргізеді.
ω = n· Ar : Mr
Шешуі:
СаСО3 – известь тас
-----------------------------
ω(Ca)-?ω(C)-?ω(О)-? ω (Ca) =1· 40 :100 = 0,4 = 40%
ω (C) =1·12 :100 = 0,12 = 12% ω (О) =3·18 : 100 = 0,48 = 48%
Мг (СаСО)3 = 100 ; Ar(Ca)= 40; Ar(C)=12; Ar(O)=16.
Жауабы: 40% Ca, 12%С, 48%О
Оқушылар үш есепті салыстырып ұқсастығы мен айырмашылығын табады. Қорытындылағанда заттың химиялық формуласының сандық және сапалық жақтарының бірлігі айтылады. Газ тәрізді заттардың молекулалық формуласын табу оқушыларға қиынырақ болады. Бұл есептер 10 сыныпта шығарылады. Сондықтан 8 сынып материалдары еске түсіріледі. Формуланы жазады. ω = n·Ar / Mr Оны өзгертіп былай жазады:
n = ω · Мr /Аr
Есеп №1. Қаныққан көмірсутектің гологенді туындысының салыстырмалы молекулалық массасы-237 Ондағы Сl- массалық үлесі 0,899, ал С-0,101. Формуланы табу.
Шешімі:
Мг (Сх Х4)= 237 n = ω· Мr /Аґ n (СI) = 0,899· 237 : 35,5 = 6
ω (CI) = 0,899
ω (C) =0,101 n (С) = 0,101· 237 : 35,5 = 2
------------------------
Формула-? Жауабы: С2СI6 немесе ССI3- ССI3
Ar(СI) =35,5
Ar(С) =12
Ерітінділерге есеп шығарғанда да мына формула пайдаланады.
ω = n · Ar : Mr
Мұғалім әңгімелесу арқылы мәліметтерді еске түсіреді. Ерітінділерге тоқталады. Ерітіндінің екі заттан тұратынын айтады.
m (ерт) = m + m1 ω = m (е.з.) : m (ерт); ω = m (е.з.) : m + m1;
Оқушыларға физика курсынан таныс (6кл) ерітіндінің массасын көлем мен тығыздық арқылы да табуға болатыны:
m(ерт) = m + m1 = V· p Осыдан, ω = m : V· p
Есеп №2. 20г ерітіндіні суалтқанда 4г тұз алынады. Ерітіндідегі тұздың массалық үлесін табыңдар.
Шешімі:
m(ерт) = 20г ω = m (тұз) : m (ерт) ω = 4г : 20 г = 0,2
m(тұз) = 4г
ω-?
Жауабы: ω (тұз) - 0,2 = 20 %
Есеп №3 5г тұзды 45суда ерітеді. Ерітіндідегі NaCl массалық үлесін
табыңдар?
Шешімі:
m(NaCl) =5г ω = m / m + m1 ω =5 /5 + 45 = 0,1=10%
m(Н2О) =45г
ω-?
Жауабы: 10% NaCl
Есеп №4 Массасы бойынша тазартылған вино спиртінің құрамында 4% су бар.Егер спирттің p = 0,8г/см3 болса, 1л спирттегі судың массасын табыңдар.
Шешімі:
ω( Н2О) = 0,04 ω = m : V·p m = ω· V· p
V(спирт) =1л
p (спирт) = 0,84г/см3 m(Н2О) = 0,04· 1000см3· 0,8 =32г
--------------------------
m(Н2О)-? Жауабы: 32г су.
Төмендегі ұғымдарды өткеннен кейін: «Зат мөлшері»; «Моль»; «молярлық»; «молярлық масса»; «Авагадро саны»; «молярлық көлем»; «реакцияның жылу эффектісі» т.б. есептер арқылы осы ұғымдарды пысықтап қайталаған жөн. Бұл ұғымдарды пайдалану арқылы есептер шығару керек.
Есеп шығарғанда барлық физикалық өлшем бірліктер арасында байланыс барлығы байқалады. Оны мына схема арқылы көрсетеміз.
m = M· υ m = p· V V = Vm· υ γ = Q : Qm
Осы схеманы пайдаланып, оқушыларға «зат мөлшері» деген ұғымды кең түрде түсіндіруге болады. Мысалы:
γ = m : M; γ = V: Vm ; γ = Nо : NА;
Оқушылардың білімдерін бекіту мақсатында мынадай есептер шығаруға болады.
Есеп №5. Көлемі 11,2 л тең газометр оттегімен толтырылған. Газометрдегі оттегінің молекула санын, массасын және зат мөлшерін анықтаңдар.
Шешімі:
V(О2) =11,2л γ =V/ Vm m = V· p
----------------- m (О2) =11,2л·1,43г/л =16 г
m(О2)- ? γ (О2)- ? Nо(О2)- ? γ (О2) =11,2л :22,4л /моль = 0,5 моль немесе
Vm (О2) =22,4л/моль m = γ· M N 0= γ· NА
p(О2) =1,43г/л m (О2) = 0,5моль·32г/моль =16г
M(О2) =32г/моль N0 (О2) = 0,5· 6·1023моль-1 = 3·1023
Жауабы: 3·1023; 16г; 0,5моль
Мектеп бағдарламасында химиялық реакция теңдеулері арқылы көптеген есептер қарастырылады. Олардың көптігі сондай және әртүрлі болып келеді. Бірақ барлығына ортақ бір нәрсе бар. Ол бәріне бірдей іс-әрекет бар. Міне осыны қарастырайық: Мысалы мынадай теңдеу берілді.
n1А + n2В = n3С + n4Д
А + В = С + Д
Егер осы 4 заттың біреуінің массасы берілсе, ал екінші заттың массасын анықтау керек болса, онда есепті шығарудың 12 варианты бар.
Вариант
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
Зат
|
А
|
m
|
m
|
m
|
х
|
|
|
х
|
|
|
х
|
|
|
m 1
|
m1
|
В
|
х
|
|
|
m
|
m
|
m
|
|
х
|
|
|
х
|
|
m 2
|
m 2
|
С
|
|
х
|
|
|
х
|
|
m
|
m
|
m
|
|
|
Х
|
х
|
|
Д
|
|
|
х
|
|
|
Х
|
|
|
х
|
m
|
m
|
m
|
|
х
|
Бұл есептерді шығарудың принципі бірдей, бір заттың массасы арқылы, екінші заттың массасын анықтауға болады. Мұндай есепті базовой деп атайды.(негізгі) Бұл базовой есептен басқа күрделі есепке көшу өте күрделі. Оған көшу үшін алғашқы базовой есеппен салыстыра отырып сатылап көшу керек. Ол кезде оқушылардың көңілін жалпы әдіске мән бере отырып, жаңа әдістің ерекшелігіне назар аударады. Енді мысал келтірейік:
Есеп №6 (1-вариант) 1,2г Мд алып күкірт қышқылының артық мөлшерімен Н2SО4 қосып тұз алады.Тұздың массасын табу.
Шешімі:
m(Mg) =1,2г Mg + Н2SО4= Mg SО4 + Н2
------------------
m(тұз)- ? Химиялық теңдеу бойынша формуланы қолданамыз. m = γ· M
М(Мg)=24г/моль m (Mg) =1моль· 24г/моль = 24г
М(МgSO4)=120г/моль m (Mg SО4) =1моль·120г/моль =120г
Есепті шығару үшін бір әдісті қолданамыз. Мысалы, заттардың массаларын салыстыру әдісі:
1,2г < 24г 20есе аз, олай болса тұз да 20 есе аз болады.
M (Mg SО4) =120г:20 = 6г
Жауабы: m (тұз) - 6г.
Осындай әдіспен Н2SО4 пен Н2 массасын есептеуге болады.
(2-вариант)
m (Н2SО4) = 98г m (Н2) = 2г
а) 1,2 < 98г 8,2есе m (Н2SО4) = 98г : 8,2 =1,19г
б) 1,2 < 2 1,6есе m (Н2) = 2г:1,6 =1,25г
(3-вариант)
1,2 г магнийдің орнына 0,05моль Мд деп беруге болады. Бұл жағдайда да
есептің шешімі өзгермейді, егер 1,2г Мд массаның орнына 0,05моль Мд өлшем бірлігін алсақ та, сол жауап шығады.
0,05 х
Mg + Н2SО4 = Mg SО4 + Н2
γ(Mg) = 0,05моль; γ (Mg SО4) = 0,05моль
M = γ· M = 0,05·120 = 6 г (Mg SО4)
Қаралған есептерді біріктіріп жазып, негізгі есеп арқылы оқушыларға есептің мәнің түсіндіруге болады. Яғни егер бір заттың массасы белгілі болса, қалған заттардың массасын анықтауға болады. Енді осыған мысал қарастырайық.
m mх
n1А + n2В = n3 С + n4 Д 1 вариант
n1 М(А) n3 М(С)
m mх
n1 А + n2 В = n3 С + n4 Д 2 вариант
n1 М (А) n2 М(В)
m mх
n1 А + n2 В = n3 С + n4 Д 3 вариант
n1 М (А) n4М(Д)
Егер есептің шартын өзгертсек, зат мөлшері берілген болса, сол арқылы екінші заттың массасын табуға болады. Шығару жолы жоғарыдағы әдіске ұқсас:
γ mх
А + В = С + Д 1-вариант
mх γх
А + В = С + Д 2-вариант
γ mх
А + В = С + Д 3-вариант
Оқушылар мұндай қорытындылау есебінен бір заттың массасы арқылы (немесе моль) қалған үш заттың массасын (моль) анықтауға болатының көреді. Авогадро заңына мынадай есептерді шығартуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |