Жоба әдісінің мақсаттары:
-
шығармашылық ойлауын дамыту;
-
тәжірибе жинақтау үшін жағдай жасау;
-
жеке қасиеттерін қалыптастыру;
-
бірлесіп жұмыс жасау;
-
таңдау мен нәтижеге деген жауапкершілік;
-
талдай білу қабілеті;
-
тұлғаны бағыттау.
Жобалау әдісі оқушыларға тақырып таңдауда, мәліметтердің дерек көздерін жинауда және презентация жасауда өз бетінше жұмыс істеуге жағдай жасайды. Жобалау оқушының өз бетінше ойластырып, жүзеге асыруға арналған жұмысы.
Жобалау әдісін қолдануда оқушының бойында жұмысына қажетті төмендегідей біліктер қалыптасады:
-
өзінің қабілеті мен қызығушылығына қарай тақырыпты еркін таңдай алады.
-
алдына қойған міндетіне қарай жұмыстың мазмұнына өз бетінше талдау жасай алады.
-
өз бетінше алдына қойған мақсатына жету және жүзеге асыру жолдарын іздестіреді.
-
мүмкіндіктері мен мүмкіндіктер шегін тексеруге және дамытуға жағдай жасайды.
-
мәліметтерді жинап, жүйелеп және сыни ойлауға үйренеді.
-
әдістерді талдау, салыстыру арқылы жұмысына тиімді әдісті таңдай алады.
-
аудиторияның алдында сөйлеуге, ойын дәлелді және логикалық жүйелікпен жеткізуге, аудиторияны өзіне қарата білуге дағдыланады.
-
өзгелерді тыңдап, айтқандарын ой елегінен өткізуге дағдыланады.
-
шешімі қиын сұрақтарды өз бетінше шеше біледі.
-
өз көзқарасын дәлелдеп, шешімінің дұрыстығына тыңдаушылардың көзін жеткізуге тырысады.
Жобалау жұмыстарын жүзеге асыру мынадай кезеңдерден тұрады:
І. Мақсат қою;
ІІ. Жоспарлау;
ІІІ. Бағдарламаны жүзеге асырудың әдісін таңдау
ІV. Орындау;
V. Бағдарламаны қорғау.
Жобалау жұмысының міндеті:
І кезең. Бір немесе бірнеше мәселенің тақырыбын анықтау, жұмыс тобын құру;
ІІ кезең. Мәселені талдау, жоспар құру;
ІІІ кезең. Қабылдаған жобаны талдау.Ақпаратты қайдан алуға болатынын талқылау.
ІVкезең. Қажетті ақпараттарды іздеу. Жобаны жүзеге асыру.
Vкезең. Жобаның қорытындысын ұсыну. Қорытындыны бағалау.
Жоба бойынша оқушылардың әрекеті:
І кезең– ақпаратты нақтылайды; тапсырманы талқылайды; мәселелерді табады.
ІІ кезең -тапсырманы жүйелейді.
ІІІ кезең- жұмыс істеу әдісін талқылайды; тиімді жолды таңдайды; ақпаратты қайдан алуға болатынын талқылайды.
ІV кезең- ақпаратпен жұмыс істейді; ұсыныстарды талдайды; зерттеу жүргізеді; жобаны рәсімдейді.
V кезең– жобасын қорғайды; әрекетке ұжымдық баға берудің қорытындысына қатысады.
Жобалау жұмысындағы оқытушының әрекеті:
І кезең- жоспарлау жұмысының мақсатын түсіндіреді; әрекеттерін мақұлдайды; бақылайды.
ІІ кезең- талқылауға көмектеседі; бақылайды.
ІІІ кезең- бақылайды; кеңес береді (өтініш бойынша).
ІV кезең- бақылайды;талдау процесіне бағыт беріп отырады (қажет болған жағдайда).
V кезең- жоспарлардың қорытындысын ұжымдық талдаумен бағалауға қатысады.
Жобалау іс-әрекетінің көрсетілу түрлері төмендегідей болуы мүмкін:
-
Баяндама;
-
Слайд-презентация;
-
Ғылыми мақала;
-
Көрме;
-
Макет;
-
Модель;
-
Ғылыми конференция;
-
Рөлдік ойындар және т.б.
Жобалап оқыту технологиясының белгілері:
-
өз бетінше ойланып, жұмыс істей білу;
-
өз білімі мен біліктілігін практикада қолдану;
-
керекті ақпаратты жинау, іздеу іскерлігі;
-
жан-жақты болу;
-
оқушының табиғи қызығушылығы арқылы белсенділігінің артуы.
Жобалау әдісін алғашқы кезеңде жіктеуді түрлі негіздемелер бойынша жүргізеді: қатысушылардың санына қарай; орындаудың түрне қарай; қызметіне қарай және т.б. мұғалімнің жобаны орындауы мектеп оқушыларының кезіндегі атқаратын қызметін ұғынуға байланысты. Дәстүрлі оқыту түріндегі мұғалімнің жобаны орындау қызметінің салыстырмалы сипаттамасы 1-кестеде көрініс тапқан.
Кесте 1.
Дәстүрлі оқыту түрі
|
Жобалық оқыту
|
Мұғалім жұмыс мақсатының тұжырымын барлық оқушыларға береді.
|
Мақсат пен оған жетудің жолдарын әрбір оқушының өзі анықтайды.
|
Мұғалім ақпарат көзін көрсетеді.
|
Ақпарат көзін оқушылардың өздері табады.
|
Мұғалім жұмыс жоспарын құрайды.
|
Оқушының өздері құрайды.
|
Мұғалім оқушылардың жұмысын басқарады және әрбір кезеңде бақылау жасайды, кейбір оқушылардың және тұтас топтың жұмысына талдау мен қорытынды жасайды.
|
Мұғалім тек ақыл береді, жекелеген оқушыларға көмек көрсетеді, жұмыс ахуалын қолдайды, оқушы еңбегін талдайды, оқушылардың жұмысын бағалайды.
|
Сабақтан тыс уақытта физиканы оқытудағы жобалау әдісі төмендегідей бағыттар бойынша жүзеге асады:
-
ақпараттық технологиялар;
-
ғылыми-жаратылыстану;
-
электротехникалық;
-
нанотехнологиялық.
Сурет 1. Жобалау әдісі.
Физиканы оқытуда жобалау әдісін қолданған кезде мұғалімдер компьютерлік презентациялар мен электрондық ақпарат көздерін пайдалана алады. Компьютерлік презентацияларды қолданғанда алдын ала сабақтың құрылымы, сабаққа байланысты слайд жасалып, сабақтың сценарийі құрылады.
Слайдтарды мүмкіндігінше мәтінмен емес, қысқа тезистер мен терминдермен толтырған дұрыс. Компьютерлік презентациялау – сабақты ашық және нақты қылып өткізуге мүмкіндік береді, бірақ бұл әдісті күнделікті сабақта қолдануға келмейді. Презентация физика кабинетінде мұғалімнің басшылығымен, компьютерге қосылған мультемедиялық проектор арқылы жүзеге асады. Сабақ көрнекі, слайд арқылы, тез және оңай қабылданады, оқу сапасы артады. Презентация жаңа материалды түсіндіруде, өткен тақырыпты қайталағанда қолданады. Жобалап оқытуға мысал келтірейік.
Жоба тақырыбы: Атом энергиясының адамзатқа, қоршаған ортаға тигізетін әсері.
Зерттелетін тақырыпқа жақын ғылымдар, оқу пәндері: экология, медицина, биология, физика, химия.
Оқушылардың жасы: 15-16 жас (11 сынып).
Жабдықтар: полигон карталары, медициналық мәліметтер, газет материалдары, қасіреттен зардап шеккен балалардың фотосуреттері, диафильмдер.
Жоба мақсаты:
-
Атом энергиясының адамзатқа тигізетін зардаптары жайлы.
-
Көтерілген проблемаға ел назарын аудару, оны шешуде көмек алу.
Жоба мақсаттары:
-
Қажет ақпараттарды, түрлі ақпарат көздерін пайдалана отырып өз бетінше іздеуге, оқушыларды үйрету;
-
Медициналық сұраулар жүргізу;
-
Экологиялық талдаулар жүргізу;
-
Апатты аймақтардың картасын жасау және дайын карталарды пайдалану;
-
Жобаның тақырыбы бойынша экологиялық проблемаларға талдау жасау;
-
Оқушыларға өз тақырыптарының желісінен ауытқымауға, өз тақырыбы бойынша баяндауға, көзқарасын жеткізуге, оны негізді қорғауға үйрету;
-
Жоба тақырыбы бойынша оқушыларды жеке, топтық, жұптық жұмыс істеуге үйрету;
-
Болжау әдісін меңгеру;
-
Қоршаған ортаға, туған өлкеге қамқорлықпен қарау;
-
Тапсырылған іске жауапкершілікпен қарау;
-
Өздерінің шығармашылық, іскерлік мүмкіндіктерін таңдауға және бағалауға үйрету.
Бұл жоба тақырыбына тек мектеп оқушылары ғана емес, экологтар, ғалымдар және т.б. қатыса алады. Бұл жоба адамзат үшін де маңызды болып табылады. Оқушылардың талқылауларына тақырып ретінде «Атом энергиясының адамзатқа, қоршаған ортаға тигізетін әсері» проблемасы ұсынылады. Соңғы кездегі атомды сынау мақсатындағы жүргізілген жарылыстар табиғаттың экологиялық апатқа ұшырылуына, адам өмірінің қысқаруына, әр түрлі аурулардың көбеюіне әкеліп соқтырды. Жобаға келесі бағыттарда жұмыс істейтін 6-эксперт тобын құруы қарастырылды.
1-топ «Физик-зерттеушілер» тобы. (Олардың мақсаттары: атомның пайда болуын, оны ғылымға енгізген ғалымдардың еңбектері жайлы деректерді жинау).
2-топ «Экологтар» тобы. (Олар сынақтың қоршаған ортаға тигізетін зардаптарын анықтайды, пікірлерін ортаға салады).
3-топ «Медиктер» тобы. (Жарылыстан бөлінген радиоактивті сәулелердің адам өміріне тигізетін залалын анықтап, зерттеу жұмыстарын ортаға салады).
4-топ «Топографтар» тобы. (Олардың жұмыс мақсаттары сынақ алаңдарының орналасуы, картасы жайлы мәліметтерін ортаға салады).
5-топ «Биологтар» тобы. (Атмосфераға тараған радиоактивті сәулелердің адам организміне әсерін зерттеген материалдарын өорғайды).
6-топ «Тілшілер» тобы. (Олар көтерілген мәселелер бойынша газет бетіне мақалалар жариялауға ат салысады). Жоба бойынша жұмыс барысында оқушылар эксперттер ретінде проблеманы ашады және зерттеу әдістерін қолданады.
Нәтиже: Сынақ аймақтарын жою. Апатты аймақтардың экологиясын қалыпқа келтіру.
Табиғатты қорғау шараларын жүргізу.
Рейтингілік бағалау картасын толтыру.
Рефлексия: Жоба туралы газетке мақала беру.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Жобалап оқыту дегенді қалай түсінесің?
2. Сабақтан тыс уақытта жобалау әдісі қандай бағыттар бойынша жүзеге асады?
3. Жобалап оқыту технологиясының белгілері қандай?
4. Жобалау жұмысындағы оқытушының әрекеті қандай?
5. Жоба бойынша оқушылардың әрекеті қандай?
Тақырыбы: Оқытудың белсенді әдістері
Дәріс жоспары:
1.Оқытудың белсенді әдістеріне шолу жасау
2. Электромагниттік индукция заңын оқыту
Дәрістің қысқаша мазмұны
Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Жаңа заман мұғалімі өз білімін қолданумен қатар, шәкірттерінде зерттеушілік, ізденушілік әрекетін ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін меңгеру керек. Жаңа технологияларды жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына, пәніне деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.
Оқытудың белсенді әдістері: Оқушының іс-әрекеті өнімді, шығармашылық, ізденіс сипат таситын окыту әдістері; оқушының танымдық іс-әрекетін ынталандырушы және қандай да болсын мәселенің шешу жолдары жөнінде еркін пікір алмасуды көздейтін диалогқа құрылған әдістер. Оларға әңгіме, диспут, тақырыптық семинар, іс ойын, тренинг, проблемалық оқытуды жатқызуға болады.
Пәнді оқыту барысында мәселелік жағдай тудырудың маңызы зор. Дәстүрлі оқытуға қарағанда проблемалық оқыту арқылы оқушылардағы білімді берік қалыптастыруға көп мүмкіндік бар. Өйткені мұғалім проблема тудырып, оны шешуді оқушылардың өздеріне ұсынады. Өздері шешкен мәселенің жауабы оқушылардың есінде қалады. Материалды терең меңгеріп, оны нақты мәселелерді шешуде сенімді қолдана алады, мәселені талдау логикасына үйренеді.
Проблемалық оқыту сондай-ақ, оқушылардың барлығын сабаққа жұмылдырып, сабаққа белсенді қатыспайтындардың шығармашылық жұмысқа қызығушылығын арттырады, оқушы мен мұғалім арасында өзара байланысты қалыптастырады.
10 кластағы «Электромагниттік индукция» заңын проблемалық оқытуды қарастырайық.
Сабақ басында мұғалім электромагнитік индукция құбылысының ашылу тарихы мен оның маңызы туралы қысқаша баяндайды. Фарадейдің индукциялық катушкасының көмегімен «классикалық» тәжірибелерді көрсетеді: гальванометр мен тұйықталған катушка ішіне тұрақты магнитті немесе электромагнитті енгізгенде және шығарғанда индукциялық токтың пайда болуы. Осы кезде мұғалім негізгі ұғымдарды енгізеді: өткізгіш контурда магнит өрісі көмегімен байқалған токтың өзгеру құбылысы – электромагнитік индукция құбылысы, ал пайда болған ток – индукциялық ток, осы токты тудырушы – индукцияның ЭҚК деп аталды.
Келесі материалды баяндау 3 бөлімнен тұрады:
I. Мұғалім мынандай проблема ұсынады: «Менің тәжірибемді бақылай отырып, тұйық контурда индукцияның ЭҚК-нің пайда болу шартын анықтаңдар».
Тұрақты магнитті Фарадей катушкасының ішінде алдымен төмен, сонан кейін жоғары қозғайды. Магниттің катушкаға қатысты түрлі орналасуы кезінде оның қозғалысын бірнеше рет тоқтатады. Магнитті электромагнитпен ауыстырып, тәжірибені тағы қайталайды. Магнитті қозғалыссыз қалдырып, енді катушканы қозғайды. Оқушылар қозғалыс тоқтағанда ток жоғалатынын байқайды да, мынандай қортынды жасайды: катушкада индукцияның ЭҚК-нің пайда болу шарты магнит пен катушканың бір-біріне қатысты қозғалысы болып табылады.
Мұғалім келесі мынандай тәжірибе жасайды:
|
1. Түзу сызықты магнитті үстелге тиіп тұратындай етіп, катушка ішіне орналастырады да, магнитті өз өсінен айналдырғанда, гальванометр тілі қозғалыссыз қалады.
2. Магнитті көтермей, оны катушка ішінде ілгерілемелі қозғалтқанда, ток пайда болмайды.
Оқушылар катушка мен магниттің бірі-біріне қатысты қозғалысы индукцияның ЭҚК-н тудырады деген болжамдарын осы тәжірибе жоққа шығарады деген қортындыға келеді.
|
II. Мұғалім: «Тәжірибені суреттер көрсете отырып жасасам, іс сәтті болар»,-дейді. Келесі тәжірибелер мыс сымның 30 орамынан тұратын қолдан жасалған тіктөртбұрышты катушка көмегімен жасалады.
| -
Гальванометрмен тұйықталған катушканы магнит ұштарына кезек-кезек жақындатып, одан алыстатады. Катушканы қозғағанда ток пайда болады, тоқтатқанда ток болмайды
2. Катушканы доға тәрізді магнит ішінде қозғағанда тізбекте ток пайда болмайды.
3. Катушка жазықтығын магнит өрісінде суретте көрсетілгендей бұрғанда, ток пайда болады. Дәл осы кезде оқушылар дұрыс болжам айтады: индукцияның ЭҚК контурды тесіп өтетін магниттік индукция сызықтарының санының өзгеруінен пайда болады.
|
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
-
Оқытудың белсенгді әдістері дегенді қалай түсінесің?
-
Оның қандай түрлері бар?
-
Проблемалық оқыту деген не?
Тақырыбы: Білім беру процесіндегі зерттеу іскерлігінің элементтері
Мақсаты: Студенттерге зерттеу жұмысы деген не, зерттеу жұмысын қалай ұйымдастыруға болатыны жөнінде мағұлымат беру.
Дәріс жоспары:
-
Оқушылар іскерлігінің мотивациясы.
-
Жоба жүргізудің алгоритмі
Дәрістің қысқаша мазмұны
Мемлекетіміз елімізді ғылыми көркейтер деген үмітпен жас (дарындарға) ғалымдарға үлкен назар аударуда. Оларға түрлі конкурстар, білім сайыстарын ұйымдастыруда. Мектептегі оқушылардың ғылыми қоғамдарының негізгі міндетті сыныптан тыс және үйірмелік жұмыс жүйесін оқу-тәрбие процестерімен байланыстырып, ғылыми деңгейге көтеру. Оқушылардың өз бетінше ізденіп білім игеруі, мұнда мұғалім оқытпайды, ізденіс-іс-әрекетіне бағыттайды. Оқушылар шығармашылық қабілетіне, ғылыми ойлау дәрежесіне, зерттеу жұмысына икемділігі, шешендік шеберлігіне қарай іріктеп алады.
Оқушылардың жобаны зерттеу іс-әрекеті – білім көтерудің бір құралы.
Өзектілігі – бұл білімді қоғамдық жағынан көтеруді жүргізудің бір құралы.
Жоба әдісі – оқушылардың зерттеу іс-әрекетінің элементтерінен тұратын технология, мұнда:
-мұғалім оқытпайды, ізденіс іс-әрекетіне бағыттайды;
- білімді пайдалану және жаңа білімді игеру құралы;
-таным қызметі белсенділігінің оқыту құралы.
Жоба әдісінің мақсаттары:
-
шығармашылық ойлауын дамыту;
-
тәжірибе жинақтау үшін жағдай жасау;
-
жеке қасиеттерін қалыптастыру;
-
бірлесіп жұмыс жасау;
-
таңдау мен нәтижеге деген жауапкершілік;
-
талдай білу қабілеті;
-
тұлғаны бағыттау.
Жоба – техникалық термин, нысанды жаңарту.
Жоба жүргізудің алгоритмі (көрсеткіші):
Дайындық кезеңі.
-
Жоспар жасағанда тақырыпты, бөлімді немесе бірнеше тақырыпты таңдап алу.
-
Жеке немесе топтық тақырып анықталады.
-
Нақты мақсат қою, болжаған нәтижені атау.
-
Әдістемелік ұсыныстар.
-
Мұғалімнің жобаның сапасына деген талабы қойылады.
-
Нәтиже бағасының әдістері мен түрлері анықталады (рейтинг, баллдық, алдын-ала келісіліп, кесте құрастырылады).
-
Жобаның көрсеткішін құру.
Мектеп жағдайында нысанның нақты тақырыбы болады немесе пәннен; интерактивтік (байланыс) (тарихи-әдебиет); факультатив тақырыбы.
Әр кезде оқушы мен мұғалімнің (орны) рөлі әртүрлі.
-
Дайындық кезеңі.
-
Жоспарлау (талдау, міндеттерін қою, хабарларды тексеру, идеяларды жинақтау, жоспарлар).
-
Шешім қабылдау (альтернативаларды талқылау, қажет нұсқауды таңдау).
Жаңа ақпараттарды қабылдау. Қиындығы:
-
әр жолдың мақсаты мен міндеті белгілі;
-
шешу жолдарын іздеу;
-
қажеттісін таңдау.
-
Жобаны орындаудағы алдағы жұмыстар: проблемалық семинарлар, консультациялар.
-
Нәтижені тексеру және бағалау.
Бағалау нәтижесі бойыншаөзіне жазба қалдырады, оқушының жеке тұлғасын ескеруге тиіс.
Жобаның орындалу нәтижесін, мақсатқа жетуін талдау.
-
Қорғау. Нәтижесі қорғау түрі, жұмыстың безендірілуі бағаланады.
Жеке қатысуы мен жобаның үлгеріміне қатысты бағаланады.
Жоба жұмысының бірізділігі
Жұмыс кезеңдері
|
Жұмыс кезеңдерінің мазмұны
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Дайындық
|
Тақырыбы мен мақсатын анықтау
|
Мұғаліммен кеңеседі және қосымша ақпарат алады, мақсат қояды
|
Жобаның мәнімен таныстырады, оқушыларға дәлелдеу. Мақсатын құруға көмектеседі.
|
Жоспарлау
|
а) ақпаратты іздестіру жолдарын анықтау
ә) ақпаратты талдау және жинақтау тәсілдерін анықтау
б) нәтижені көтеру тәсілдерін анықтау (есеп беру үлгісі)
г) топ мүшелерінің міндеттерін бөліп беру
|
Ісіне жоспар құрады
|
Өз ұсынысын айтады, идеялар ұсынады.
|
Зерттеу
|
Мәлімет жинау, кездескен міндеттерді шешу. Негізгі құралдар: интервью, бақылау, тәжіирбе, сауалнама
|
Кездескен міндеттерді шешу арқылы зерттеу жұмысын орындау
|
Бақылайды, кеңес береді, жұмысты сырттан басқарды.
|
Нәтижесі және қорытындысы
|
Мәліметтерді талдау (ақпарат)
|
Ақпаратты талдау
|
Бақылайды және кеңес береді
|
Жұмысты қорғау немесе есеп беру
|
Нәтижені көрсету түрлері: ауызша есеп беру, көрнекілікпен ауызша есеп беру, жазбаша есеп
|
Есеп береді, талқылайды
|
Көрермен ретінде тыңдайды, сұрақтар қояды.
|
Нәтижені және үрдісті бағалау
|
|
Өзін-өзі бағалау мен ұжымдық талқылау жолымен бағлауға қатысады.
|
Оқушылардың еңбегін, шығармашылық ойлауын, есеп берудің сапасын, ақпараттарды дұрыс пайдалану сапасын, жалғастыру сұранысын бағалайды.
|
Зерттеу жұмыстарын қорғау нұсқаулары.
І.Жұмысқа қойылатын талаптар:
1.Жұмыстың сыртқы бетін безендіру.
2.Жұмыс ауқымы 15-20 мин аспауы тиіс.
3.Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
4.Көрнекіліктері.
5.Зерттеу элементтерінің болуы.
6.Жұмыстың 1 данасын өткізу.
ІІ.Қорғауға қойылатын талаптар:
1.Шешендік шеберлігі.
2.Өзінің жұмысын жақсы білуі (тақырыбы бойынша комиссия сұрақтрына жауап бере алу).
3.Ғылыми ойлау дәрежесі.
4.Зерттеу жұмыстарына икемділігі.
5.Шығармашылық қасиеті.
Бақылау сұрақтары:
1.Ғылыми зертеу деген не?
2.Жоба әдісінің мақсаттары қандай?
3. Жоба жүргізудің алгоритмін атаңыз.
4. Зерттеу жұмысының негізгі кезеңдерін атаңыз.
Тақырыбы: Физиканы оқытудағы моделдеу әдісі.
Мақсаты: Физикалық эксперименттерге динамикалық
компьютерлік модельдерді (ДКМ) пайдалануды
қарастыру
Соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқан, әлемді танудың маңызды құралына айналған компьютерлік модельдеу технологиясының болашағы зор. Сондықтан-физикалық процестер мен құбылыстарды модельдеу-оқыту процесін дамыту мен жетілдірудің болашағы. Әсіресе оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттырудағы және зерттеу жұмыстарын дамытудағы орны ерекше. Физикалық эксперименттерді модельдеу-мұғалімге сабақта физикалық ұғымдардың мағынасын тереңірек ашуға, оқушыларды физиканың қазіргі эксперименттік базасымен таныстыруға, физикалық құбылыстар мен процестерді зерттеу әдістерін толық түсіндіруге мүмкіндік береді.
Жалпы физиканы оқыту үрдісіне қолданылатын компьютерлік технологиялар қатарына:
- компьютерлік демонстрациялар;
- компьютерлік-зертханалық практикум;
- физика-информатика кіріктірілген курсы;
- компьютерлік тестілеу;
- программалық оқу орталарын пайдалану жатады.
Ядролық физика мен энергетика, қатты денелер мен жартылай өткізгішті микроэлектроника, кванттық және лазерлік техника аймағындағы физикалық зерттеулер нәтижесі ғылыми-техникалық прогрестің бүгінгі жетістігі. Сондықтан да электроника мен есептеу техникасы физиканы оқыту мазмұнының компонентіне және оқу процесінің тиімділігін арттыратын құралға айналуымен қатар,дамыта оқытудың көптеген принциптерін жүзеге асыруға әсер етуде.
Негізгі базасы физика ғылымы болып табылатын есептеу техникасы соңғы жылдары физикалық процестер мен құбылыстардың математикалық моделін жасаушы құрал болумен қатар, көрнекілік құралы, демонстрациялық эксперимент пен зертханалық жұмыстар нәтижесін математикалық өңдеу құралы және оқушы білімін бақылау, тексеру құралы ретінде де кеңінен қолданылуда.
Есептеу техникасын физика сабақтарына қолдану:
-
әр оқушының білім деңгейіне сәйкес тапсырмаларды пайдалануға;
-
оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға;
-
оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға;
-
қазіргі ғылым мен техника жаңалықтарымен үнемі танысуға;
-
көптеген ақпараттармен тез арада танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, компьютер оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне әсер етеді.
Физика-эксперименттік ғылым. Ал бүгінгі таңда мектептерде физикалық құрал-жабдықтар жетіспейді, күрделі экспериментті жасауға қажетті қондырғылар өте қымбат тұрады, соның салдарынан кейбір құбылыстар мен тәжірибелерді мектеп зертханасының көлемінде жасау және оны түсіндіру мүмкін емес. Осындай қиындықтардан шығудың нақты жолдарының бірі-сабақ үрдісінде динамикалық компьютерлік модельдерді (ДКМ) пайдалану. Оның көмегімен өте күрделі де көп параметрлі процестерді көруге болады. Сонымен қатар тәжірибені жарыққа шығаруға, дамытуға және әр түрлі гипотезаларды дұрыстығына тезірек көз жеткізуге мүмкіндік береді.
Кезінде әйгілі физик Л.Д.Ландау “Бүгінгі күні теориялық физиканың даму деңгейінің жоғарылығы соншалық, көптеген ұғымдарды түсінуге болғанымен көз алдыңа елестету мүмкін емес’’,-деген. Әйтсе де, ғылым мен техника жетістіктерін оқушының өз көзімен мүмкіндік беретін модельдеу программаларының орны ерекше. Модельдеу программалары арқылы атомның, атом ядросының ішінде болып жатқан процестерді “көріп” ғарыш кемелеріне қажетті жылдамдықтарды беріп ұшыруға болады. Сондай-ақ көрсетілуі мүмкін емес көптеген демонстрациялық тәжірибелерді имитациялық модельдер көмегімен көрнекі түрде көре алады.
Дербес электрондық есептеу машиналарын физика пәнін оқытуда қолданудың түрлері көп. Мысалы:
1. Тарихи эксперименттерді, ғарыштық және микроәлемдік масштабтағы құбылыстарды, өте тез немесе баяу өтетін үрдістерді көрсету;
2. Компьютерлік зертханалық жұмыстарды орындау, зертханалық жұмыстарды компьютерлік өңдеу;
3. Дербес электрондық есептеуіш машинаның (ДЭЕМ) көмегімен физикалық есептерді шығару, олардың қажетті бағдарламаларын құрып, оны пайдалану;
4. Физикадан электрондық сабақтар дайындау және оны пайдалану;
5. Оқушылардың білімі мен біліктілігін тестілік бақылау.
Мектептегі эксперименттік физикалық тәжірибелер оқу-тәрбие процесінің негізгі құрамдас бөлігі және физикалық құбылыстардың табиғаты туралы білім көзі болып табылады. Эксперименттік тәжірибелер үшін дербес электрондық есептеу машиналарын қолданудың артықшылықтары тәжірибелердің тамаша көрнекілігі, оқудың ойынға айналатын ықтималдылығы, оқушылардың белсенділігі мен физикаға қызығушылығының артуы. Әр оқушы компьютерде экспериментті өз қолымен жасап, өз көмегімен көреді, қажетті экспериментті орындау үшін және параметрді өзгерту үшін компьютерде тәжірибені өзі басқарады. Екінші жағынан оқушы модельдеуші программамен жұмыс істегенде мұғалімнің басшылығын,жұмыс нәтижесін есептеу мен оқушының жеке әрекетін басқаруды (ДЭЕМ)-сы, яғни дербес электронды есептеу машинасы өз міндетіне алады.
Мысал ретінде компьютерді қолдану арқылы 11 сыныпта “Атом құрылысы”,”Резерфорд тәжірибесі” тақырыбына өткізілген сабаққа қысқаша тоқталайық. Әрине, оқушылардың материяның құрылысы туралы көзқарасын қалыптастыруда Резерфорд тәжірибесінің қаншалықты маңызды екенін дәлелдеп жатудың қажеті шамалы. Бірақ мұндай тәжірибені физика кабинетінде көрсету мүмкін емес. Ал дербес компьютердің көмегімен тәжірибені “физика суреттерімен” динамикалық компьютерлік моделін пайдаланып, көптеген альфа-бөлшектерін әр түрлі жылдамдықтармен жіберген кезде олардың фольганың атом ядросымен әсерлесулерін көрулеріне болады. Бұл тәжірибені оқушының өзі өз қалауынша бақылауына көп уақыт кетпейді, есесіне тәжірибенің көрнекілігі жақсы әсер қалдырады. Сонымен қатар, осы тақырыптық мазмұны оқулықтағыға қарағанда жинақталынып, қосымша физикалың шамалардың мәндерімен, теориялық және тарихи материалдармен толықтырылып, компьютерге еңгізіліп қойылған. Бұл әр оқушының жаңа тақырыпты компьютерде отырып, кез-келген уақытта өздігінше оқып-үйренуіне мүмкіндік береді.
Сонымен, динамикалық модельдеу программаларын физика сабақтарында қолдану, біріншіден, оқушының қарастырып отырған физикалық құбылыстың мағынасын тереңірек түсінуіне мүмкіншілік береді, екіншіден, оқушы сабақ барысында ғылыми-зерттеу жұмысына тартылады, оның бойында зерттеушілік қабілет пен ынта қалыптасады.
Физика пәнін оқытуды ұйымдастыруда динамикалық компьютерлік модельдерді пайдалану үшін:
-дайын модельдеу программаларының ерекшеліктерін;
-программаларды қолдану ерекшіліктерін;
-компьютерді пайдаланып,сабақ өткізу ерекшеліктерін;
-компьютер көмегімен алынған ақпаратты талдау және өңдеу біліктілігін қажеттілігі анықталды.
Сонымен қатар, оқушылар компьютерді қолдануды жетік меңгеруі керек. Сонда ғана динамикалық компьютерлік модельдерді пайдалану оқушылардың тыңғылықты білім алуына үлкен септігін тигізеді. Компьютерлік демонстрацияны кез-келген сабақта қолдануға болады. Әсіресе шағын жинақталған мектептер үшін өте ыңғайлы. Кемшілігі дисплей экранының кішкентайлығында, қосымша арнайы проекторды немесе’’компьютер+телевизор”комплексі қажет.
Физика курсында есеп шығару-оқушылардың ой-өрісін дамытудың негізгі құралы, алған теориялық білімді іс жүзінде қолданудың жолы. Есептер шығарту барысында компьютер мұғалімге физикалық шамалар арасындағы байланысты көрнекі көрсетуге, есептерді терең зерделеуге мүмкіндік береді. Компьютерді пайдалануды қажет ететін есептерге:
-
Формулалар бойынша көп қайталап есептеуді қажет ететін.
-
Физикалық процестерді модельдеу кезінде.
-
Трансцендентті немесе жоғары дәрежелі теңдеулермен өрнектелетін есептер жатады.
Компьютерді пайдаланып есеп шығару процесі:
-Есептің берілуі
-математикалық модельдеу
-алгоритм құру
-компьютерге арналған бағдарламалар дайындау
-алынған нәтижелерді талдау кезеңдерінен тұрады.
Есептің берілгені бойынша математикалық моделі анықталғаннан кейін, яғни жеткілікті дәрежеде түсіндірілген есептерді шығаруға арналған бағдарламаны өздері құрастырып, оның дұрыстығын тексеру және компьютердің жадында сақтап қою оқушыларға көп қиындықтар туғызбайды.
Жалпы физикалық есептерді шығару процесінде есептеу техникасын пайдалану оқушылардың шығармашылық жұмысының өнімділігін арттырады, физика есептерін жаңа мазмұнмен толықтырып, оқушылардың қызығушылығын арттырады. Сабақты қорыту барысында сабақтың мазмұнына сәйкес оқушылардың өздері толықтыруды қажет ететін тірек-конспект, деңгейлік тестік тапсырмалар, эксперименттік есептер беріледі. Бұл тапсырмалар да компьютерге еңгізіліп қойылған, оны оқушылар өздігінше пайдаланып, алған білімдері мен біліктілігін бекітуге, тексеруге және өз білімдерін өздері компьютер арқылы бағалауға болады. Мұндай программалық оқу орталары оқушы-компьютер диалогты жүзеге асыра отырып, оқу материалын орындауды, тексеруді және оқып-үйрену барысын басқаруда мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді.
Физиканы оқытуда оқушылар мен оқыту объектісі болып табылатын табиғат арасындағы байланысты жүзеге асыруда физикалық эксперименттің, зертханалық жұмыстардың атқарар ролі ерекше.
Компьютерлік-зертханалық практикум мұғалім үшін көп арнайы дайындықты қажет етеді. Бұл технология негізіне оқушы белсенділігі алынатындықтан, оқушының шығармашылық дамуына ықпал етеді. Әрі компьютерлік-зертханалық практикум жаңа физика-информатика курсының негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Сондықтан да, дербес электрондық есептеуіш машиналарды зертханалық жұмыстарды орындау үшін қолданудың да оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға және түсіндірілген физикалық құбылыстардың мәнін терең оқып-үйренуге мүмкіндік беруде көмегі мол. Мысалы, серіппеге бекітілген жүктің тербелісін зерделеуге арналған бірнеше сараланған демонстрациялық тәжірибелер мен зертханалық жұмыстар құрастыруға болады. Мысалы:
-серіппеге бекітілген жүктің тербеліс жиілігінің оның тербеліс амплитудасына тәуелсіз екендігіне көз жеткізу мақсатындағы ”Серіппеге бекітілген жүктің тербеліс жиілігінің тербеліс амплитудасына тәуелділігін тексеру”;
-тәжірибе жүзінде циклдік жиіліктің серіппеге бекітілген жүктің массасына тәуелділігін тексеру үшін «Серіппеге бекітілген жүктің тербеліс жиілігінің жүктің массасына тәуелділігін зерделеу»
- тәжірибе жүзінде циклдік жиіліктің серіппенің қатаңдығына тәуелділігін тексеруге арналған «Серіппеге бекітілген жүктің тербеліс жиілігінің серіппенің қатаңдығына тәуелділігін зерделеу» жұмыстары.
Сондай-ақ «Денелердің қозғалысын үйкелісті ескере отырып зерттеу» жұмысын қарастыратын болсақ, яғни үйкеліс күштерін ескере отырып бір-бірімен байланысқан денелер жүйесінің қозғалысын компьютерлік үлгілеу арқылы зерттеу мүмкіндігін көрсететін бір мысалды қарастырайық.
Бұл жұмыстарды орындау үшін жұмыстың тақырыбы, мақсаты, жұмысты орындауға арналған нұсқаумен қатар жұмыстың қорытынды есебін дайындауға арналған бақылау сұрақтары беріледі. Дианмикалық компьютерлік модельдер арқылы орындалатын жұмыс нұсқауында компьютердің, программаның ерекшелігіне сәйкес нұсқаулар да беріледі. Сондай-ақ компьютерде орындалатын эксперименттің жұмыста алынған нәтижелерді есептеуге арналған алгоритм де ұсынылады. Оқушылар берілген алгоритм бойынша есептеулердің программаларын қарастырып, оны компьютерде орындайды. Компьютерде орындалатын эксперименттік жұмыстардың есептеулерін де арнайы программалар арқылы тексеру мұғалім жұмысын жеңілдетеді.
Компьютерді қолданып, физикалық эксперименттерді модельдеу
Физикалық процестермен құбылыстарды модельдеу оқу процесін дамыту мен жетілдірудің болашағы болып табылады, әсіресе оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруда зерттеу жұмыстарын дамытудағы ролі ерекше. Физикалық эксперименттерді модельдеу–мұғалімге сабақта физикалық ұғымдардың мағынасын тереңірек ашуға, оқушыларды физиканың қазіргі эксперименттік базасымен таныстыруға, физикалық құбылыстармен процесстерді зерттеу әдістерін толық түсіндіруге мүмкіндіктер береді.
Физикалық эксперименттің негізгі екі түрі бар.
-демонстрациялық тәжірибе
-лабораториялық тәжірибе
Компьютердің көмегімен жүргізілетін лабораториялық жұмыстардың мынадай ерекшелігі бар: оқушы жұмыста компьютер арқылы жұмыс жүргізудің жалпы әдістерін үйренеді. Компьютердің программалаушылық және графикалық мүмкіндіктерінің молдығы, физиканы оқытудағы көрнекі құралдар мен лабораторияларға қажетті құралдар мен матералдардың жоқтығына мұқтаждықты азайтады.
Достарыңызбен бөлісу: |