ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМК құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-18.1-57/ 03-2014
|
ПОӘК
Пәннің оқу-әдістемелік материалы
«Омыртқалылар зоологиясы»
|
№ 2 басылым
16.06. 2014 ж.
|
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Омыртқалылар зоологиясы»
5В011300 – «Биология» мамандығы үшін
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ
Семей
2014
Мазмұны:
1. Глоссарий
2. Дәріс
3. Зертханалық сабақтар
4. Білімалушылардың өздік жұмысы
1. Глоссарий
Зоология – жануарлар әлемінің алуан түрлілігін, құрылысын, тіршілік әрекеттерін, экологиясын оқытатын ғылыми пән;
зоогеография – жануарлардың орта жағдайларына байланысты Жер бетінде таралу заңдылықтарын қарастырады;
морфология – жануарлар организмдерінің сыртқы және ішкі құрылысының заңдылықтарын оқытатын ғылым;
онтогенез – особьтің жеке дамуы, ұрықтанған жұмыртқадан бастап особьтің өлгенге дейінгі кезеңі;
омыртқасыз жануарлар – осьтік мүшелер комплексі жоқ жануарлар;
палеозоология – құрып кеткен жануарлардың қазба қалдықтарын, олардың құрылысын, шығу тегін және қазіргі кезде тіршілік ететін формаларымен туыстық байланыстарды зерттейді;
симметрия - бүтін организмнің құрылымдарының реттілік дәрежесінің көрсеткіші;
таксономия – Жануарларды ғылыми жүйесінің және классификациясының теориясы мен практикасы;
тіршілік циклі – көбеюдің және ядролық циклдардың фазаларының заңдылықты ауысып отыратын түрдің даму циклі;
ұрық жапырақшалары – гаструляция процесінде пайда болатын және әртүрлі ұлпалар мен мүшелерге бастама беретін, көпклеткалы ұлпалы жануарлардың ұрық денесінің гомологиялық қабаттары;
ұлпа – организмде белгілі бір қызмет атқаратын клеткалардың, клеткаралықзаттардың және т.б. құрылымдардың жиынтығы;
филогенез – тірі материяның, оның систематикалық топтарының, организмдердің, жеке мүшелердің және олардың жүйелерінің тарихи дамуы;
физиология – тірі организмнің функцияларын, зат алмасуын, тіршілік ету ортасына бейімделу механизмдерін оқытатын ғылым;
экология – организмдердің бір-бірімен және олардың бірлестіктерінің қоршаған ортамен қарым-қатынасын оқытатын ғылым саласы;
протистология немесе протозоология – қарапайым бірклеткалы организмдерді зерттейтін ғылым;
гельминтология – паразиттік тіршілік ететін құрттарды зерттейтін ғылым;
карцинология – шаян тәрізділерді зерттейтін ғылым;
арахнология - өрмекші тәрізділерді зерттейтін ғылым;
акарология – кенелерді зерттейтін ғылым;
энтомология – бунақденелілерді зерттейтін ғылым;
малакология – моллюскаларды зерттейтін ғылым;
ихтиология – балықтарды зерттейтін ғылым;
герпетология – қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушыларды зерттейтін ғылым;
орнитология – құстарды зерттейтін ғылым;
териология (маммалогия) – сүтқоректілерді зерттейтін ғылым.
2. Дәрістер
Модуль 1. Асгапіаtа тобы.
1 дәріс: Хордалылар типі. Типтің жалпы сипаттамасы. Личинкахордалылыар немесе қабықшалылар тип тармағы.
Жоспар.
-
Хордалылар типі. Типтің жалпы сипаттамасы.
-
Личинкахордалылыар немесе қабықшалылар тип тармағы
-
Хордалылар типі. Типтің жалпы сипаттамасы.
Хордалылар типіне: ланцетниктер, дөңгелек ауыздылар (минога, миксин), балықтар, кос мекенділер, бауырымен жоргалаушылар, құстар және сут коректілср жатады) А.О. Ковалевскийдің зерттеуі бойынша, хордалыларға теңіздерде, көпшілігінде отырып тіршілік ететін асцидиялар, сальпылар, аппендикулярияларды да жаткызуға болады. Кейбір хордалыларға аздаған ұқсас белгілері бар, ішек тыныстыларды да хордалыларга жатқызады.
Хордалылардың алуан түрлі болуына карамастан, олардың кұрылысы мен дамуында көптеген ортақ белгілері болады.
Хордалылардың баска жануарлардан басты айырмгшылығы мыналар: хордасы немесе арка желісінің (chorda dorsalis) болуы. Омыртканың қызметін атқаратын, серпімді, бұнакталмаган, иілгіш, денесінің ұзын бойына созылған сым тәрізді желіні хорда деп атайды. Ол ішінде вакуолы көп ерекше тканьнан кұралады. Хорда ұрықтық ішек түтігінің арка жағынан бөлініп пайда болады, сондыктан хорданы энтодерма кабатынан түзілген деп есептейді. Хорда төменгі сатыдағы хордалыларда (асцидиялар мен сальпылардан баска) өмір бойы сакталса, ал жоғары сатыдағы хордалыларда ұрык дәуірінде болады да, ересек жануарларда омыртқа жотасымен алмасады.
Орталық нерв системасы хорданың үстіңгі бөліміне орналасқан. Бұл түтіктің ішкі куысын — невроцель (neurocoel) деп атайды. Хордалыларда ұрыктың нерв түтігі эктодерма бастамасының арқа бөлімінен пайда болады (1-сурет). Ас корыту түтігінің алдынгы бөлімі, сырткы ортамен екі катар саңылаулар аркылы катысады, оларды — желбезек санылаулары деп атайды. Желбезек саңылаулары суда тіршілік ететін төменгі сатыдагы хордалыларда да өмір бойы сакталады, баска хордалыларда ұрыктык даму кезінде болады.
Хордалылардың өзіне тән ерекшеліктері. Хордалылар да тікен терілілер сиякты екінші ауызды жануарлар. Дене куысы екінші куыс (целом). Бұның өзі оларды тікен терілілер мен буылтык құрттарга тегі жагынан жақын екенін көрсетеді. Көптеген органдарының метамерлі орналасуы төменгі сатыдағы хордалыларда және ұрыктарда айкың байкалады. Құрылысының күрделенуіне байланысты, жоғарғы сатыдағы хордалыларда метамерия айкын байқалмайды. Хордалылардын денесі бунакталмаган, екі жакты симметриялы болады.
-
Личинкахордалылыар немесе қабықшалылар тип тармағы
Личинка хордалыларға — асцидиялар (аsсіdiае), сальпылар (sаlрае) және ппедикуляриялар (аррепdicиlагіае) жатады. Олар теңіздерде тіршілік етеді. Бұлардың барлығының да денесі — туника деп аталатын қабықтың ішінде болады. Туника — біріншіден тері эпителиясының туындысы; екіншіден туниканың ішкі қалың қабатына келіп орналасқаң жас клеткалардың есебінен де ол қалыңдап дамиды. Туниканың химиялық құрамы өсімдіктердің клетчаткаларына ұқсайды. Өсімдік клетчаткасы жануарлар дүниесінде тек осы организмдерде кездеседі. Хорда личинкалық дәуірінде болады, ал аппедикулярйяда ол өмір бойы сақталады. Ересек личинка хордалылардың нервтері қуыс емес. Сезім органдары жетілмеген, кан айналу системасы ашық. Жынысты, жыныссыз жолмен көбейеді. Жыныссыз көбеюі бүршіктену арқылы орындалады (2-сурет).
Олардың бірнешеуі бірігіп, колония құрып немесе жеке жүріп тіршілік етеді. Қейбір турлері су түбіндегі заттарға бекініп отырып, ал кейбір формалары қозғалып жүріп тіршілік етеді.
Бұл тип тармағының өкілі асцидияның құрылысы 2-суретте көрсетілген.
2-с у р е т. Асцидияның ішкі құрылысы:
1 — ауыз сифоны; 2 — клоака сифоны; 3 — туника; 4 — мантияның эктодермасы; 5 — мантияның қабаты; 6 — жұтқыншақ; 7 — жұтқыншақтық іші; 8— желбезек саңылаулары; 9 — эндостиль; 10 — арқа сайы; 11-желбезек айналасындағы қуыс; 12 — желбезек айналасындағы қуыстың керегесі; 13 — қарын; 14 — бауыр
өсінділері; 15— артқы тесігі; 16 — аталық безі; 17—аналық безі; 18 — жыныс жолдары; 19 — жүрек қабы; 20 — жүрек; 21 — шажырқай; 22 — нерв түйіні.
Личинка хордалыларды көп уақытқа дейін омыртқасыздарға, оның ішінде моллюскаларға, немесе мшанкаларға жатқызып келді. Тек қана 1866 жылы А. О. Ковалевский бұлардың эмбриональдық дамуын зерттеп, хордалыларға жататынын дәлелдеді. Асцидияның эмбриональдық дамуы ланцетниктердің эмбриональдық дамуына ұқсас. Заттарға бекініп отырьш тіршілік ететін асцидиялар, өз бетінше еркін қозғалып жүретін хордалылардан шыққандығы анықталды. Асцидиялар отырып тіршілік етуге бейімделген. Соның салдарынан көпшілік органдары дамымай қалған. Ересек формаларында хордалары жойылып кетеді.
Өзін-өзі баұылау сұрақтары:
-
Хордалылар типтің жалпы сипаттамасы.
-
Личинкахордалылар немесе қабықшалылар тип тармағының жалпы сипаттамасы.
-
Личинкахордалылардың негізгі өкілдері.
Ұсылынған әдебиеттер:
-
Омыртқалылар зоологиясы. 1 бөлім :оқулық /К.Б.Олжабеков,Б.Е.Есжанов.- Алматы:Эверо,2011.-400б.
-
Наумов Н.П. Омыртқалылар зоологиясы. – Алматы.: “Мектеп”, 1970.
-
Наумов Н.П., Карташев Н.Н. Зоология позвоночных. I, и II тома. – М.: Высшая школа, 1979г.
2 дәріс: Бас сүйексіздер тип тармағы.
Жоспар.
-
Ланцетник бас сүйексіздердің өкілі.
-
Бас сүйексіздердің тектері.
Бұл тип тармағына бас хордалылар (серһаlосһогdаtа) деп аталатын бір ғана класс жатады. Бұлардың хордалары нерв түтігінен ұзынырақ алға шығып тұратын болғандықтан — бас хордалылар деп аталған. Бұл класқа жататындардың негізгі белгілері мыналар: хор-далары бас миынан да алға шығып, созылып жатады, желбезектерінің айналасында (атриальдық) қуысы болады. Басы денесінен айқын бөлінбеген. Сезім мүшелері нашар дамыған. Бас миы деп нерв түтігінің алғашқы бөлімін атаранмен де, оны қаптап тұратын бас сүйегі болмайды. Хорда және оның қабы скелет қызметін атқарады. Аяқ-колдары жоқ, ал нефридиясы және жыныс системалары сегментті болады.
-
Ланцетник бас сүйексіздердің өкілі.
ЛАНЦЕТНИК БАС СҮЙЕКСІЗДЕРДІҢ ӨҚІЛІ (ВRАNСНІ0SТОМА LАМСBОLАТUМ)
Сыртқы түрі. Ланцетник — ұзындығы 5—8 см болатын, екі бүйірінен қысыңқы, сопақ, балық пішіндес, мөлдір келген жәндік. Құйрығының артқы бөлімі найзаның ұшына немесе ланцетке ұқсас болғандықтан — ланцетник деп аталған; Арқа қанаты кұйрық қанатына келіп түйісіп, одан ары тұтасқан түрінде желбезек қуысына шейін созылады.
Денесінің, құрсақ жақ бүйірінде орналасқан екі метаплевральдық қатпар болады. Олар артқа қарай атериальдық тесікке дейін созылады. Денесінің алдыңғы, бауыр жағында 10—12 пар қармалағышпен қоршалған, ас жолы басталатын ауыз алды тесігі болады.
Тері қапшығы. Ланцетниктің тері қапшығы екі қабаттан тұ-рады: сыртқысын — эпидермис, ішкісін — кутис деп атайды. Жоғары дәрежеде дамыған жануарлардың эпидермисінен, айырмасы ланцетниктің эпидермисі бір қабаттан тұрады да, оның сыртын жұқа қутикула қаптап жатады. Эпидермистің көпшілік клеткалары — цилиндр пішінді, бірқатары бокал тәрізді безді клеткалар, ал бірқатар клеткаларында сезімтал түктері бола-ды. Кутис қабаты нашар дамыған және ол қоймалжың ткань-дерден құралады (3-сурет).
3 - с у р е т. Ланцетникгің ұзынынан -жарып көрсеткендегі құрылысы:
1— қармалағыштармен қоршалған ауыз алды тесігі; 2 — құйрық қанаты; 3—арқа қанаты; 4 — кұйрық асты қанаты; 5—метаплевральды қатпар; 6 — атриальдық тесік; 7—хорда; 8 — миомер (тек қана құйрық бөлімдегілері көрсетілген) 9 — миосепта; 10 — нерв түтіп, 11 — желкен, 12 —желбезек саңылаулары; 13—ішек; 14—ішектің бауыр өсіндісі; 15 — желбезек айналасындағы қуыс; 16 — эндостиль; 17 — жыныс бездері.
Бұлшыќ еттері (миомер, миосепта). Басқа хордалылар сияқты, бұлардың еті де денесіне біркелкі орналаспаған. Ет әсіресе денесінің арқа бөлімінде көп болады. Ет системасы ұзына бойы бөлінген екі — миомерлер деп аталатын бунақтарға бөлінеді. Миомерлер бірінен-бірі миосепта деп аталатын дәнекер тканьдермен шектеліп (бөлініп) тұрады. Сондықтан бунақтардың жіктері сырттан қарағанда айқын 'көрініп тұрады. Бұлшық еттерінің бөлшектерінің үшкір жағы денесінің алдыңғы жағына қарап орналасқан. Оң жағындағы миомерлері мен сол жағындағы миомерлері бір-біріне тұспа-тұс орналаспайды. Мұның өзі су ішінде жүзгенде көлденең бағытта денесінің оңай иілуіне жағдай туғызады.
Жүйке жүйесі. Ланцетниктерде орталық нерв системасы деп аталатьң бүкіл дене бойына хордамен қатарласып созылып жатқан нерв түтігі болады, Нерв түтігінің бас жақ бөлімі-нің ішкі қуысы кең, ал арқа бөліміндегі қуыс тар болады. Бұл қуысты — невроцель деп атайды. Ланцетник ұрығының даму кезінде невроцель сыртқы ортамен —невропор тесігі арқылы қатысады. Ересек ланцетниктерде невропор болмайды. Мұның орнына дененің бас бөлімінің үстіңгі жағында оязы қалады, оны иіс оязы деп атайды. Бүкіл нерв түтігі бойымен, невроцельдің жиегіне, жарық сезгіш — Гессе көзшелері орналасқан. Әрбір көзшенің өзі екі түрлі клеткадан тұрады. Біріншісі — жарық сезгіш клетка, ал екіншісі — пигментті клетка. Ланцетник миының барлығы дерлік жарық сезгіш келеді. Перифериялық нерв системасы ми түтігінен кететін нервтерден құралады.
Ас қорыту және тыныс органдары. Ауыз алдындағы қармалағыш түктерінің түп жағында ауыз орналасқан. Ауызбен жұтқыншақты бөліп тұратын, етті сфинктер болады. Жұтқыншағы кең, ол жүзге жуық желбезек саңылауларын аралап өтеді. Ол сыртқа ашылмай атриальдық немесе желбезек айналасындағы қуысқа ашылады. Атриальдық қуысы бүйір қатпарларының өсуінен негізделген. Қатпарлар құйрық бөлімінде өспейді соның нәтижесінде атриопор деп аталатын тесік пайда болады. Сөйтіп су жұтқыншақтан желбезек сақылаулары арқылы атриальдық қуысқа одан атриопор арқылы сыртқа шығады.
Қан айналу жүйесі — қарапайым, бірнеше қан тамырларынан ғана тұрады. Қаны түссіз. Жүрегі болмайды. Жұтқыншақтың астыңғы жағынан басталран кұрсақ қолқасынан бірнеше желбезек артериялары тарайды. Бұл артериялар желбезек саңылауларының арасындағы қатпарларға келіп ұш-тасады. Желбезек артериялары ұсақ қан тамырларының торларын құрамай-ақ тотыққан қанды қос желбезек үсті қан тамырларына немесе арқа қолқасының түбіріне апарып құяды. Қос арқа қолқасының түбірі яғни желбезек үсті қан тамырлары қатарласып келіп жұтқыншақтың соңғы бөлімінің тұсына келгенде қосылып, арқа қолқасына айналады. Арқа қолқасы хорданың астыңғы жағынан дененісінің артқы бөліміне дейін созылады. Арқа қолқасынан ішкі органдарға қан тамырлары кетеді.
Зәр шығару жүйесі — жұтқыншақ маңайына орналасқан көптеген (90 пар) нефридия түтікшелерінен тұрады. Нефридия түтікшелерінің бір ұшы желбезек маңындағы қуыспен жалғасады да екінші ұшы целом қуысына еніп тұрады. Осы қуысқа еніп тұратын ұшында, бірнеше тесіктер бар. Бұл тесіктердің іші қуыс, сырты түйреуіштің, басы сияқты клеткалар-мен — .соленоциттармен қапталған. Соленоциттардың іші қуыс оның ішіндегі қозғалып тұратын түктерінің көмегімен, целомның, ішіндегі зәр заттары желбезек қуысына келіп, одан сыртқа шығарылады. Ланцетниктердің зәр заттарын шығару органдары, кейбір буылтық құрттардын, зәр шығару органдарының құрылысына ұқсайды.
Жыныс бездері. Аталық және аналық жыныс бездері сырт жағынан ұқсас болғандықтан, оларды бір-бірінен ажырату мүмкін емес. Олар көптеген (25 пар), шар тәрізді целом қуы-сының желбезек бөліміне орналасқан денешіктерден тұрады. Жетілген жыныс клеткалары уақытша пайда болған жыныс жо-лы арқылы, желбезек қуысына келіп, одан атриопор арқылы сыртқа суға шығарылады. Жыныстық келеткалар су түбіне жақын қабатқа барып ұрықтанады, яғни ланцетниктің ұрыктануы сыртта болады.
Ланцетниктің көбеюі және дамуы. Ланцетниктердің көбеюы және дамуын бірінші рет А. О, Ковалевский зерттеген. Бұл зерттеудің үлкен маңызы бар. Өйткені, өте қарапайым хордалылардың дамуын зерттеудің нәтижесінде қазіргі тіршілік ететін хордалылар тегінін, ертеде қалай дамығаны туралы керекті мәліметтер алуға болады. Сонымен қатар ланцетниктің эмбриональдық дамуы басқа хордалылардың эмбриональдық дамуының қарапайым, схемалық көрінісі болып саналады. Уылдырықтарын шашуы және олардың ұрықтануы әдетте кешкі уақытта болады. Ұрықтанған жұмыртқалары өте қысқа мерзімде дамиды. Кеште ұрықтанған жұмыртқа, түн ортасында гаструлалық даму кезеңіне жетіп үлгіреді. Жұмыртқанын бөліне бастаған мезгілінен 36 сағаттан соң, ұрықтың аузы және алғашқы желбезек саңылауы қалыптасады. Жұмыртқалары ұсак және олардың сары уызы аз болады. Сомитте мына төмендегі органдардың нұсқалары бар екендігі байқалды: сомиттің ішкі төменгі бөлімін—склеротом деп атайды. Ол хорданы, нерв түтігін, жүзу қанаттарын, тірек қауырсындарын қаптап тұратын дәнекер қынаптарын құрайтын клеткаларды түзеді және одан миосепталар да қалыптасуы мүмкін. Сомиттің хордаға тиіп жататын бөлімін миотом деп атайды Бұдан тұлға еттері пайда болады. Сомиттің сыртқы бөлімі тері жапырақшасы деп аталады. Бұдан терінің дәнекер қа,баты — кутис пайда болады.
-
Бас сүйексіздердің тектері.
Осы кезде тіршілік ететін бас сүйексіздердің тегі туралы, палеонтологияда ешбір маглұматтар жоқ. Сондықтан да, бұл жануарлар тобының тегі туралы, салыстырмалы анатомия мен эмбриологияның мағлұматтарына ғана қарап қорытынды жасауға тура келеді. Академик А. Н. Северцевтің айтуынша, бас сүйексіздердің тегі еркін жүзе алатын екі жақты симметриялы жануарлар болған. Олардың атриальдык қуысы болмаған, хордасы бас бөліміне жетіңкіремеген. Желбезек саңылаулары аз болған (17-20) және оларда симметриялы түрде орналасқан. Сол алғашқы бас сүйексіздерден екі бұтақ тараған. Біреуі—еркін жүзіп жүріп тіршілік ететін омыртқалардың шығуына себепші болған топ та, екшші — жай қозғалуға су түбінде топырақты қазып тіршілік етуге бейім-делгендері. Бұдан осы заманда тіршілік ететін бас сүйексіздер-дің ата тектері шыққан болуы мүмкін.
Өзін-өзі баұылау сұрақтары:
-
Ланцетник бас сүйексіздердің өкілі.
-
Ланцетниктің сыртқы құрылысы.
-
Ланцетниктің ішкі құрылысы.
-
Бас сүйексіздердің тектері.
Ұсылынған әдебиеттер:
-
Омыртқалылар зоологиясы. 1 бөлім :оқулық /К.Б.Олжабеков,Б.Е.Есжанов.- Алматы:Эверо,2011.-400б.
-
Наумов Н.П. Омыртқалылар зоологиясы. – Алматы.: “Мектеп”, 1970.
-
Наумов Н.П., Карташев Н.Н. Зоология позвоночных. I, и II тома. – М.: Высшая школа, 1979г.
Модуль 2. Сгапіаtа тобы.
3 дәріс: Омыртқалылар немесе басқаңқалылар (Сгапіаtа немесе Vегtеbгаtа). Ұрық қабы жоқ омыртқалылар
Жоспар.
-
Дөңгелек ауыздылар класы. Дене құрылысы.
-
Дөңгелек ауыздылардың систематикасы мен экологиясы. Миногалар. Миксиналар.
Төменгі сатыдағы хордалылармен салыстырғанда омыртқалылардың құрылысы анағұрлым күрделі болады. Омыртқалылардың көпшілігі бір жерден екінші жерге барып, қоректерін активті түрде іздейді және оны ұстап жеуге әрекет етеді. Омыртқалылардың тіршілік етуде түрлі жағдайларға бейімделуі, олардың морфологиялық және физиологиялық өзгешеліктеріне байланысты; мысалы, олардың бас миы жақсы жетілген.
Омыртқалыларға мына төмендегі кластар жатады: дөңгелек ауыздылар (сусlоstоmаtа), балықтар (ріsсеs), қос мекенділер (аmрһіbіа), бауырымен жорғалаушылар (герtilіа)„ құстар (аvез), сүт қоректілер (mаmmаlіа).
-
ДӨҢГЕЛЕҚ АУЫЗДЫЛАР (Сусlоstоmаtа) класы. Дене құрылысы.
Жалпы сипаттама. Дөңгелек ауыздылар осы кезде тіршілік омыртқалылардың ішіндегі өте қарапайым құрылысты жануарлар. Осыған сәйкес олардың жартылай немесе толық паразиттік тіршілік жағдайына бейімделген өзіндік белгілері бар.
ДЕНЕ ҚҰРЫЛЫСЫ
Сыртқы көрінісі. Денесі балықтардың денесі сияқты ұзын және үш бөлімнен: бас, көкірек және құйрық бөлімдерінен тұрады, аяқтары болмайды. Құйрық қанаттары сыртқы және ішкі құрылысына сәйкес симметриялы орналасқан, оларды протоцеркальды деп атайды. Жиектері өскіншектерімен шашақталған басының алдыңғы жағында сорғыш воронкасы бар. Мүйізді тістері воронканьщ ішіндегі етті тілдің ұш жағына орналасқан. Эпидермисті, жалаңаш терісінде безді клеткалары көп болады және олар тері үстіне көп шырын шығарып тұрады.
Ет жүйесінің көпшілігі жақсы жетіліп жіктелмеген, бұл олардың құрылысының аса күрделі. Тұлға мен құйрық бөлімдерінің скелеті негізінен хордадан тұрады. Хорданың сыртын және оның үстінде орналасқан нерв түтігін дәнекер тканьнен тұратын қалың кабық қаптап тұрады. Бұл дәнекер тканьдерінде омыртқаның, жоғарғы доғасының алғашқы нұсқасы болатын көптеген жұп шеміршектер орналасқан. Осы шеміршектердің хорданың жоғарғы жиегіне жалғасуы нәтижесінде қуыс пайда болады, осы қуыста жұлын жатады. Бұларда ми сауытының құрылысы да қарапайым болады. Ми сауыты мен висцеральдық скелеттің негізгі ерекшеліктері: жақтың, ми сауытының болмауы, желбезек доғасының жіктелмеуі және ауыз воронкасында күрделі шеміршекті системасының болуы т. б. жатады.
Ас қорыту органдары — воронкадан, тілден, жұтқыншақтан және ішектен құралады. Ауыздың алдыңғы жағында ішінде мүйізді тістері бар воронка орналасқан. Етті тілінде де тістері болады. Воронканың түбінде жатқан ауыз қуысы жұтқыншақ-пен жалғасады. Жұтқыншақ екі тарамға бөлінеді: жоғарғы тарамымен қоректік заттар ішке қарай кетеді де, ал төменгі тарамы тұйықталып, желбезек қапшықтарымен байланысады. Қарыны дамымағандықтан өңеш бірден ішекке келіп жалғасады, олардың түйіскен жерінде клапаны болады. Ішектер бөлімдерге бөлінбегендіктен құрышталмайды. Ішектердің ішінде винт тәрізді қатпарларының, спираль тәрізді клапандарының болуы ішектің сіңіру бетін ұлғайтады да, тамақтың ішек қуысынан өтуін баяулатып, оның толық корытылуына себепші болады. Ішектің алдыңғы бөлімінен бауыр дамиды, ал ұйқы безі жетілмеген.
Желбезек аппараты. Денесінің ұзына бойына бас бөлімінің екі жағынан 7 пар желбезек тесіктері ашылады. Осы тесіктерді қуалай желбезекті ішіне қарай жарып қарағанда, онда
көптеген желбезек пластинкаларынын. болатынын байқауға болады. Осы пластинкаларда қан тамырының торы құралады. Желбезек қапшығынық екінші жағындағы ішкі желбезек жолдары жұтқыншаққа барып жалғасады. Дөңгелек ауыздыларда ғана желбезек аппараты энтодермальдық қабаттан пайда болады, ал басқа желбезекпен тыныс алатын омыртқалылардың желбезек аппараты эктодермадан дамиды. Тыныс алғанда су желбезек тесіктерінен желбезек қапшықтарына еніп, ал тыныс шығарганда осы жолмен қайта шығарылады. Желбезек қапшықтары 5-тен 15-ке дейін болады.
Қан айналу органдары. Дөңгелек ауыздылардың қан жүретін органдарының құрылысы ланцетниктікіндей болады. Бірақ олардың екі камерадан (жүрекшеге, қарынша) тұратын жүрегі болады. Жүрекшеге жұқа қабырғалы веноздық синус (вена қолтығы) жалғасады, оған барлық вена тамырлары қосылады. Құрсақ қолқасынан 8 пар қан алып келгіш желбезек артериясы кетеді. Олар желбезек аралықтарына барады. Әрбір артерия бүтін желбезек қапшығын қанмен қамтамасыз етпейді, ол екі желбезек аралық қатпарға қан алып келеді, анығырақ айтканда, алдыңғы желбезек қапшығының артқы жартысына және одан кейінгі желбезектің алдықғы жартысына қан жеткізеді. Қанды алып кететін желбезек артериялары қолқаның дара түбіріне келіп құйылады, одан алға карай ұйқы артериялары кетеді де ал қолқа түбірі артқа созылып, негізгі арқа қолқасы болып есептеледі. Арқа қолқасы хорданың астымен қуалай отырып, дененің артқы бөлімдеріне артерия қанын таратады. Вена қаны бастан шықшыттың қос веналарымен келіп вена қуысына құйылады. Дененің артқы бөліміндегі вена қаны артқы қос кардиналдық веналарымен келіп, осы вена қуысына құйылады. Ішектерден жиналған вена қаны ішек асты вена мен бауырға келіп, мұнда қан айналуының қақпалық системасы пайда болады. Бауырдағы қан бауыр венасымен келіп вена қуысына құйылады. Бүйректе қан тамырларының қақпалық системасы болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |