ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «теориялық бейорганикалық химия»


Практикалық сабақта және білім алушының оқытушы басшылығымен орындайтын (БӨЖО) есептер мен жаттығулар



бет12/14
Дата16.06.2016
өлшемі1.94 Mb.
#138560
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Практикалық сабақта және білім алушының оқытушы басшылығымен орындайтын (БӨЖО) есептер мен жаттығулар

9. Сұйытылған бейэлектролиттер ерітінділерінің кейбір физика-химиялық қасиеттері

1.0,0125 моль затты 125г бензолда еріткенде оның кристалдану температурасы 0,512 төмендеген, бензолдың криоскопиялық константасын есептеу керек. Жауабы 5,12.

2.15г хлороформды 400г эфирде еріткен, оның эбуллиоскопиялық константасы 2,12, сонда қайнау температурасы 0,665 - қа көтерілген. Хлороформның молекулалық массасын анықтау керек. Жауабы 119,5.

3.155,18г ерітіндеде 5,18г зат ерігенде оның кристалдануы – 1,39С-та. Судың криоскопиялық константасы 1,86. Еріген заттың молекулалық массасын есептеу керек. Жауабы 46.

4.Сірке қышқылының кристалдану температурасы 16,65С , ал криоскопиялық константасы 3,9. 0,1 моль зат 125г сірке қышқылында еріген болса, ерітіндінің кристалдану температурасын есептеу керек.

Жауабы 13,53С.

5.Егер 0,6г затты 40г эфирде ерітсе, ол 36,13С градуста қайнайды. Эфирдің қайнау температурасы 35,6С , ал эбуллиоскопиялық константасы 2,12. Еріген заттың молекулалық массасын анықтау керек. Жауабы 60.

6.Еріткіштің эбуллиоскопиялық және криоскопиялық константасы деген не?

7.100С - де су буының қысымы 1,01325105 Па. 4% - ті мочевина ерітіндісі бетіндегі буының осы температурадағы қысымын есептеу керек. Жауабы 1,00085105 Па.

8.100С температурада 10% - ті қант ерітіндісінің буының қысымын есептеу керек. Жауабы 100,7кПа.

9.25С температурада су буының қысымы 3167 Па. Осы температурадағы 90г глюкозасы бар 450г ерітінді буының қысымын анықтаукерек.

Жауабы 3090Па.

10.20С температурада су буының қысымы 2338 Па. Буының қысымы су буы қысымынан 18,7 Па кем болатын ерітінді дайындау үшін 720г суда неше грамм қант еріту керек және ерітіндідегі қанттың пайыздық мөлшері қанша екенін есептеу керек. Жауабы 109г; 13,15%.

11.10С температурада су буының қысымы 1228 Па. Осы температурада буының қысымы 1200Па болатын ерітінді дайындау үшін 23г глициринді судың қандай мөлшерінде еріту керек. Ерітіндідегі глицириннің пайыздық мөлшерін есептеу керек. Жауабы 193г және 10,65%.

12.Екі ерітіндіден тұратын жүйеде қандай жағдайларда осмос пайда болады және оның интенсивтігі мен бағыты немен анықталады? Жүйе осмостық тепе-теңдікке қалай келеді?

13.Осмостық қысым деген не және оны қандай құралдарда анықтайды?

14.Осмостық қысым қандай факторларға тәуелді және бұл тәуелділік қандай теңдеумен көрсетіледі?

15.Қай жағдайда бірдей температурада бейэлектролиттер ерітінділері бірдей осмостық қысым көрсетеді және ондай ерітінділер қалай аталады? Қай ерітінді екіншісіне қатысты а) гипертонды; б) гипотонды деп аталады? Қай ерітінді жағына қарай осмос бағытталады?

16.Өсімдіктер осмос арқылы суды жұтқанда ішкі клеткаларда (жасушаларда) осмос қысымы пайда болады, сондықтан өсімдік ұлпалары (ткани) тығыз болады ( тургор). Қай жағдайларда осы тығыздық азая бастайды және өсімдіктер семеді ? Тургор ненің арқасында қайта орнына келеді?

17.Молярлы концентрациялары 0,1; 0,8; 0,025 моль/л болатын бейэлектролит ерітінділерінің 0С температурадағы осмостық қысымдары нешеге тең? Жауабы 2,269105 ; 1,815105 ; 5,672104 Па.

18.Бейэлектролит ерітінділерінің 27С температурадағы осмостық қысымдары, егер V және n а) 0,5л және 0,16 моль ; б)125 мл және 0,05 моль тең болса, қанша болады? Жауабы 7,98105 және 9,97 105 Па.

19.Көлемдері 1 л 23г этил спирті не 36г глюкозасы бар бейэлектролит ерітінділерінің 27С температурадағы осмостық қысымдары қанша болады? Жауабы 1,246 105 және 4,986 106 Па.

20.0С температурада мочевина ерітіндісінің осмостық қысымы 6,8 105 Па болса, 1 л ерітіндідегі оның массасы қанша? Жауабы 18,0г.

Практикалық сабақта және білім алушының оқытушы басшылығымен орындайтын (БӨЖО) есептер мен жаттығулар

10. Электролиттер. Электролиттік диссоциация. Диссоциация дәрежесі және константасы 11. Күшті электролиттер теориясы туралы түсінік. Активтілік 12. Судың диссоциациялануы. Судың иондық көбейтіндісі. Сутектік, гидроксидтік көрсеткіштер: рН, рОН. Ерігіштік көбейтіндісі. Электролиттер ерітіндісіндегі алмасу реакциясы.
1. Май қышқылының диссоциация константасы 1,5105 болса, оның 0,005М ерітіндісінде диссоциация дәрежесі қанша? Жауабы 0,055.

2. Құмырсқа қышқылындағы сутегі ионы концентрациясын есептеу керек, егер  = 0,03. Жауабы 6 103.

3. Көмір қышқылының бірінші саты бойынша 0,1н. ерітіндідегі диссоциация дәрежесі 2,11103. Диссоциация константасы мен рК мәнін анықтау керек.

Жауабы 4,5107.

4. 0,1н. сірке қышқылының диссоциация дәрежесі 1,32102 . Азотты қышқылдың қай концентрациясында оның диссоциация дәрежесі де сондай мәнге тең болады? Жауабы 2,3 моль/л.

5. 2,1г КОН 250г суда ерітілсе, онда ол ерітінді 0,519С қатады. Осы ерітіндінің изотонды коэффициентін анықтау керек. Жауабы 1,86.

6. 200г суда 0,53г натрий карбонаты бар ерітінді 0,13С кристалданса, тұздың диссоциация дәрежесі қанша болады? Жауабы 0,9.

7.450г суда 0,05моль натрий сульфаты ерітілген, осы ерітіндінің 100С температурадағы бу қысымы 100,8 кПа ( 756,2 мм сын.бағ.). Натрий сульфатының диссоциация дәрежесі қанша болады? Жауабы 0,75.

8. 1л 0,01М сірке қышқылында 6,261021 оның молекуласы мен иондары бар. Сірке қышқылының диссоциация дәрежесі қанша болады? Жауабы 0,04.

9. 0,1н. калий хлориді ерітіндісінде диссоциация дәрежесі 0,80. 17С температурада оның осмостық қысымы қанша? Жауабы 434 кПа.

10. 0С температурада 0,04 моль/л ерітіндінің осмостық қысымы 2,178105 Па. Эксперимент бойынша табылған диссоциация дәрежесі 0,7. Электролит неше иондарға ыдырайды? Жауабы 3.

11. Мыс сульфатының диссоциация дәрежесін анықтау керек, егер оның изотонды коэффициенті 1,7болса. Жауабы 70%.

12. 200 мл ерітіндіде 11,2г кальций хлориді бар, оның изотонды коэффициенті 2,5. 17С температурада оның осмостық қысымы қанша?

Жауабы 3,04 МПа.

13. 12г натрий гидроксидін 100г суда еріткенде оның қайнау температурасы 2,65С көтерілді. Осы мәндерге натрий гидроксидінің қандай диссоциация дәрежесі сәйкес болады? Жауабы 70%.

14. Эквивалентінің молярлы концентрациясы 1,0моль/л болатын қымыз қышқылының І саты бойынша диссоциациясының диссоциация дәрежесі 23,3%. Қышқылдың қандай концентрациясында  = 0,9 болады?

Жауабы 0,06моль/л.

15. 1л ( =1,0013г/мл) ерітіндіде 1,78г кальций хлориді бар. Молярлы және моляльды концентрацияларын тауып, салыстырып, қорытынды жасау керек. Егер f( Ca2+) =0,57 және f(Cl) = 0,87 болса, осы ерітіндінің иондық күші мен иондардың активтілігін есептеу керек.

Жауабы 0,016моль/кг және 0,016моль/л; 0,048;



а( Ca2+) = 0,00584моль/л, а (Cl) = 0,0125моль/л.

16. Егер f( Cu2+) =0,675, f(SO42) = 0,660 болса, мыс сульфаты ерітіндісінің концентрациясы 0,02 моль/л болса, сонда ерітіндінің иондық күші және иондардың активтігі қанша болады ? Жауабы 0,08; 0,0135; 0,0132.

17. Активті концентрация деп не активтілік деп қандай шамаларды айтады? Олар аналитикалық канцентрациялармен қандай қатынаста?

18. Бір зарядты иондары бар бинар электролиттер үшін Дебай және Гюккель формулалары қалай жазылады?

19. Ерітіндінің иондық күші деген не және ол қалай анықталады? Ерітіндіде болатын басқа иондар санына, әр ионның концентрациясы мен зарядына байланысты иондық күштің мәні қалай өзгереді?

20. Ерітіндіде кальций нитраты және хлориді болса, олардың концентрациялары сәйкесінше 0,01 және 0,05 моль/л болса, осы ерітіндінің иондық күші қанша болады? Жауабы 0,16.

21. Гидроксид-иондарының концентрациялары (моль/л): а)104 ; б)3,2104; в) 3,210-11 болатын сулы ерітінділерде сутегі ионының концентрациясы және ерітінді рН – ы нешеге тең?

22.Н+ иондарының концентрациялары (моль/л): а)104 ; б)3,2104 ;

в) 3,210-11 болатын сулы ерітінділерде ерітінді рН – ы нешеге тең?

23. Сутегі иондарының концентрациясы ( моль/л): а)104 ; б)3,2104 ;

в) 3,210-11 болса, гидроксид иондарының концентрациясы және рОН мәні қанша болады?

24.0,01н. сірке қышқылының диссоциация дәрежесі 0,042 болса, рН мәні қанша болады?

25. Егер рН мәні 6,2 болса, ерітіндінің H+ және ОН- мәндері қанша болады?

26. Қандай жағдайларда әлсіз электролиттер де күшті электролиттер сияқты әрекеттесуші массалар заңына бағынбайды? Бұл жағдайларда да ол заң қолданылытындай болу үшін диссоциация константасын КD қалай түрлендіруге болады?

27. Егер с (Н+) 0,1; 0,001; 107 және 1010 моль/л; с(ОН ) 0,01; 1011 моль/л болса, ерітінділердің рН қанша болады?

28. Ерігіштік көбейтіндісі деген не? Оның мәні заттардың қандай қасиеттерін сипаттайды? Қандай жағдайларда тұнба түзіледі, ериді және ерітіндімен тепе-теңдікте тұрады?

29. Қиын еритін бинарлы, үш ионды, төрт ионды , бес ионды электролиттерде ерігіштік көбейтіндісі (ЕК) мен ерігіштік (S) өзара қалай байланысты? Егер заттың қанық ерітіндісіне біртекті ион енгізсе, ол оның ерігіштігіне қалай әсер етеді? Қандай жағдайларда тұнба комплекс қосылыс түзіп, ериді?

30. Мына заттардың қанық ерітіндісін бір-біріне қосса, тұнба түзіле ме: SrCl2 және CaSO4 ; CaCl2 және SrSO4 ; Мына тұздардың қайсысы көбірек ерігіш және неше есе ерігіштігі бір-бірінен көп: CaSO4 не BaSO4; CaCO3 не BaCO3 ; PbI2 не PbCl2 . PbCl2 тұнбасына КІ ерітіндісін қосса, PbI2 тұнбасы түзіле ме?

31. Егер PbI2 қанық ерітіндісінде иодид ионының концентрациясы 1,3103 моль/л болса, осы ерітіндідегі қорғасын ионының концентрациясы қанша болады? Жауабы 0,65103 моль/л.

32. 250 мл PbCl2 қанық ерітіндісінде қорғасын ионының мөлшері 4103 моль болса, сонда хлор ионының осы ерітіндідегі концентрациясы және PbCl2 ерігіштігі қанша? Жауабы 3,2102 моль/л; 1,6102 моль/л.

35. Егер ЕКAg2CO3 = 6,151012 болса, қанық ерітіндіде әр ионның концентрациясы қанша болады? Жауабы 2,30104 моль/л; 1,15104 моль/л.

36. 10л Mg3(PO4)2 қанық ерітіндісінде 3г тұз болса, оның ерігіштігі және ерітіндідегі әр ионның молярлы концентрациясы қанша болады?

Жауабы 1,14103; 3,42103 моль/л және 2,28103 моль/л.

37. СаСО3 (г/л) тұзының таза судағы және концентрациясы 0,1моль/л болатын соды ерітіндісіндегі ерігіштігін есептеп, салыстырыңдар.

Жауабы 7103 және 4,8106 г/л.

38. Көлемдері бірдей және эквиваленттерінің молярлы концентрациялары 0,001моль/л болатын SrCl2 және K2SO4 ерітінділерін араластырғанда SrSO4 тұнбасы түзіле ме?


Практикалық сабақта және студенттердің оқытушы басшылығымен орындайтын (СӨЖО) есептер мен жаттығулар

13. Тұздар гидролизі

1.Қай тұздар гидролизге ұшырайды? Олардың гидролиз теңдеулерін жазу керек: K2SO4, Na2Se, BaS, LiCl, NH4NO3, ZnCl2, K2SO3, Na3PO4, HCOOK, NH4ClO4, KBrO, CuSO4, Bi(NO3)3 .

2.Мына тұздар ерітінділерін бір- бірінен индикатор арқылы ажыратуға бола ма: NaClO4 және NaClO; KClO3 және NaAsO3; BeCl2 және BaCl2; KJ және NH4J; Na2CO3 және Zn(NO3)2 ?

3.Орта тұздарға қарағанда гидро- не гидроксотұздар гидролизге көбірек ұшырауы мүмкін бе? Мысал келтіріп,түсіндіріңдер.

4.Қандай тұздар гидролизге сатылап түседі? Саты саны неге байланысты және гидролиз интенсивтігі бірінші сатыдан соңғы сатыға қарай қалай өзгереді?

5.Гидролиз дәрежесі деген не, оған қандай факторлар әсер етеді? Оның мәнін қалай көтеруге не азайтуға болады?

6,Концентрациялары бірдей және бірдей температурада жүрген мына тұздар гидролизін гидролиз дәрежесі өсу ретімен орналастыру қажет:

CH3COONa, HCOOK, NaCN, KNO2

6.Висмут және сурьма тұздарының ерітіндісін дайындағанда қышқыл қосады. Неге?

7.Гидролиз константасы (Кг) деген не? Оның мәні тұздар табиғатына, ерітінді концентрациясына, температураға тәуелді ме? Әр түрлі тұздар үшін Кг мәнінің көп не аз болуы неге байланысты?

8.Екі тұздың ерітіндісін араластырғанда неге өзара бір-бірінің гидролизін күшейтеді? Кез келген тұздар жұбы осындай эффект бере ме?

9.Молярлы концентрациялары 0,1 моль/л NaNO2 және HCOOK ерітінділерінің гидролиз дәрежелерін есептеу керек.

Жауабы 1,610-5 және 2,410-5 .

10.0,1 моль/л NH4Cl тұзы ерітіндісінің гидролиз дәрежесі және гидролизденген тұз концентрациясын есептеу керек.

Жауабы 7,4510-5 және 7,4510-6 моль/л.

11.Бір негізді қышқыл мен сілтілік металл тұзының 0,1 моль/л ерітіндісінің гидролиз дәрежесі 0,04% тең. Осы тұздың гидролиз константасы мен тұз түзген қышқылдың диссоциация дәрежесін есептеу керек.

Жауабы 1,9610-11; 510-4.

12.0,5 моль/л ZnCl2 тұзының I саты бойынша жүрген гидролиз процесі үшін гидролиз дәрежесін h (ZnCl2) есептеу керек, егер КD(ZnOH+) = 1,510-9.

Жауабы 3,710-3.

13.0,1 моль/л NH4Br тұзының гидролиз дәрежесін және рН мәнін есептеу керек. Жауабы 7,4510-5 және 5,13.

14.0,1М натрий ацетаты ерітіндісінің дисоциация дәрежесі және осы ерітіндінің рН қанша? Жауабы 5,510-10 және 8,9.

15.0,02н Na2CO3 тұзының I саты бойынша жүрген гидролизі үшін ерітінді рН-ын есептеу керек. Жауабы 11,66.

16.0,01М КF ерітіндісі үшін гидролиз константасын, гидролиз дәрежесін және рН анықтау керек. Жауабы Кг = 1,510-11; h = 3,910-5; рН = 7,59.

17.0,1М және 0,001М KCN ерітінділерінің гидролиз дәрежесін және рН есептеу керек. Жауабы h = 1,1210-2; рН = 11,05; және h = 0,107; рН = 10,03.

18.0,1М бір негізді органикалық қышқылдың натрий тұзының гидролизінің рН = 10 болса, осы қышқылдың диссоциация константасы. Жауабы Кd = 10-7.

19.Мына тұздардың NaCN, NaNO2, Cr(NO3)3 гидролизінің ионды-молекулалық теңдеулерің жазып, ортасын көрсетіңдер.

20.0,1М натрий карбонаты ерітіндісінің гидролиз константасын мен дәрежесін және ерітіндісінің рН-ын еспетеу керек.

Жауабы Кг = 2,110-4; h = 4,710-4; рН =11,7.


14 Практикалық сабақта және студенттердің оқытушы басшылығымен орындайтын (СӨЖО) есептер мен жаттығулар

14. Тотығу-тотықсыздану реакциялары

1. Тотықтырғыштар – жай заттар болса:

Мына реакциялар үшін электрондық кестені құрып, теңдеулерді аяқтау керек:

1. SO2 + Br2 + H2O → H2SO4 + …

2. Mn(OH)2 + Cl2 + KOH → MnO2 + …

3. FeSO4 + Br2 + H2SO4 → Fe2(SO4)3 + …

4. S + Cl2 + H2O → H2SO4 + …

5. H2S + Cl2 + H2O → H2SO4 + …

6. NH3 + O2 → NO + …

7. MnO2 + O2 + KOH → K2MnO4 + …

8. K2MnO4 + Cl2 → KMnO4 + …

2. Тотықтырғыштар - оттекті қышқылдар және олардың тұздары болса:

Тотықтырғыш ретінде көбінесе жоғарғы тотығу дәрежесіне сәйкес не жоғарырақ тотығу дәрежесіне сәйкес элементтер атомдары кіретін қышқылдары мен тұздары болады. Мысалы, KМnO4, K2Сr2O7, K2СrO4, HСlO4, H2SO4, НNO3, сонымен бірге HClО3, HBrО3, HJО3. Азот қышқылы азот оксидтеріне дейін тотықсызданады.



Электрондық кестесін құрып, мына теңдеулерді аяқтау керек:

1. S + HNO3 → H2SO4 + …

2. Р + HNO3 → Н3РO4 + …

3. С + HNO3 → СO2 + …

4. Н2S + HNO3 → H2SO4 + …

5. Ag + HNO3 → AgNO3+ …

6. Au + HNO3 + HCl → H[AuCl4] + …

7. Sn + HNO3 → H2SnO3 + …

8. As2S3 + HNO3 → H2SO4 + H3AsO4 + …

9. KМnO4 + K2SO3 + H2O → K2SO4 + …

10. KМnO4 + HJ + H2SO4 → J2 + …

11. KМnO4 + HCl → Cl2 + …

12. H2S + K2Cr2O7 + H2SO4 → S + …

13. Na2CrO4 + NaJ + H2SO4 → J2 + …

14. HJО3 + HJ → J2 + …

15. KClO3 + MnO2 + KOH → K2MnO4 + …



1.Тотықсыздандырғыштар – жай заттар болса:

Бұл топқа металдар және сутегі, көміртегі жатады. Электрондық кестелерді құрып, теңдеулерді аяқтау керек:

1. AgCl + H2SO4 + Zn → Ag + HCl + …

2. Zn + HNO3 → N2О + …

3. Zn + HNO3 → NH4NO3 + …

4. Al + КNO3 + КОН→ NH3 + …

5. Zn + H2SO4 → H2S + …

6. C + Na2SO4 → Na2S + CO + …



2.Тотықсыздандырғыштар - оттекті қышқылдар және олардың тұздары.

Бұл тотықсыздандырғыштарға төменгі және ортадағы тотығу

дәрежелеріне сәйкес келетін элементтер атомдары кіретін қышқылдар ,тұздар

жатады. Электрондық кестелерін құрып, теңдеулері аяқтау керек:

1. SО2 + NаJO3 + Н2О → J2 + …

2. SО2 + H3AsO4 + Н2О → H3AsO3 + …

3. К2SO3 + K2Cr2O7 + H2SO4 → …

4. КNO2 + KClO3 → …

5. Н23 + NO2 → …

3.Тотықсыздандырғыштар – оң зарядты металл иондары және теріс

зарядты элементар иондар.

Электрондық кестелерді құрып, теңдеулерді аяқтау керек:

1. CuCl + K2CrO7 + HCl (сұйық) → CuCl2 + …

2. FeCl2 + KMnO4 + HCl (сұйық) → FeCl3 + …

3. SnCl2 + HCl + HNO3 → NO + H2[SnCl6] + …

4. FeSO4 + O2 + H2SO4 → …

5. HJ + SbCl5 → SbCl3 + …

6. H2SO4 + KJ → H2S + J2 + …

7. KJO3 + KJ + H2SO4 → J2 + …

8. NaH + Н2О → …



Диспропорциалану реакциялары

Мына тотығу-тотықсыздану реакцияларын аяқтау керек:



  1. NO2 + H2O → HNO2 + HNO3

  2. KClO3 → KClO4 + KCl

  3. S + KOH → K2SO3 + …

  4. P + Н2О → H3PO3 + PH3

  5. K2SO3 → K2SO4 + K2S

  6. HNO2 → HNO3 + NO + Н2О

  7. N2H4 → N2 + NH3


Ішкі молекулалық тотығу-тотықсыздану реакциялары

Мына теңдеулерді аяқтап, тотықтырғыштарды, тотықсыздандырғыштарды көрсету керек:



  1. NH4NO3 → N2 + …

  2. (NH4)2 CrO7 → N2 + …

  3. NaNO3 → NaNO2 + …

  4. KClO4 → KCl + …

  5. KMnO4 → K2MnO4 + MnO2 + …

Тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштардың эквиваленттері,

эквивалент массалары және ерітінділерінің нормальдылығы (нормальды концентрациялары)
1.0,971г тотықтырғыш K2CrO4 эквивалентінің қандай үлесі?

Жауабы: 0,015 экв.

2.H2SO4 қатысында 100 мл 0,25н K2CrO4 ерітіндісі неше грамм FeSO4-ті тотықтырады? Жауабы 3,8г FeSO4.

3.Молекулалық массасына сүйеніп, мына тотықтырғыштардың эквивалент массаларын анықтау керек, моль/л:

а) KClO3 – 20,42; б) K2Cr2O7 -49,0; в) NaClO – 37,22.

4.1М KNO2 ерітіндісінің нормальдылығы: а) егер тотықсыздандырғыш болса, KNO2 → KNO3 (2н.); б) егер тотықтырғыш болса, KNO2 → NO (1н.).

5.10% KJO3 ерітіндісінің (=1,09) тотықтырғыш ретінде (KJO3→J2) нормальдылығын есептеу керек. Жауабы 2,55н.

6.KJ ерітіндісінен 0,01 моль иод атомын бөліп шығару үшін 0,25н K2Cr2O7-нің күкірт қышқылымен қышқылданған ерітіндісінен қанша миллилитр қосу керек? Жауабы 40мл.

7.KJ-тың қышқыл ерітіндісіне 80мл 0,15н KMnO4 ерітіндісін қосқан, бөлінген иодтың массасын есептеу керек. Жауабы 1,52г.

8.H2SO4 қатысында 30мл 0,09н KMnO4 ерітіндісі неше грамм KNO2-ні тотықтырады? Жауабы 0,115г.


Практикалық сабақта және білім алушының оқытушы басшылығымен орындайтын (БӨЖО) есептер мен жаттығулар

15. Химиялық тоқ көздері. Электродтық потенциалдар. Тотығу-

тотықсыздану реакцияларының бағыты. Гальвани элементі туралы

түсінік

1.Екі гальваникалық элементтің кестесінде біреуінде мыс катод болса, біреуінде мыс анод болуы керек. Осы элементтердің жұмыс кезіндегі реакциялар теңдеулерін жазып, стандартты э.қ.к мәнін есептеңдер.

2.Мына гальваникалық элементтерде: а) Mg|Mg2+||Pb2+|Pb; б)Pb|Pb2+|Сu2+|Сu; в) Сu|Сu2+||Аg+|Аg сыртқы тізбек бойынша электрондар қай бағытта жылжиды? Электролиттер ерітінділері бір молярлы, әр жағдайда қай металл ериді?

3.Марганец электродын оның тұзының ерітіндісіне батырғанда, потенциалы - 1,1 в болса, марганец ионының (Мn2+) концентрациясы (моль/л) қанша болғаны? Жауабы 2, 0410-2 моль/л.

4.Күміс электродының потенциалы оның стандартты электрод потенциалының 95%-не тең болғанда күміс ионының (Аg+) концентрациясы нешеге тең болған? Жауабы 0,21 моль/л.

5.Сутекті электрод потенциалы -236 мВ болса, сутегі ионының концентрациясы қанша? Жауабы 110-4 моль/л.

6.Егер сутекті электрод потенциалы (мВ) мына сандарға а)-201; б)-431 тең болса, ерітінді рН- ы қанша? Жауабы а) 3,4; б)7,3.

7.AgI қанық ерітіндісіне батырылған күміс электродының потенциалын есептеу керек, егер ЕКAgI = 8,310-17 . Электрод потенциалы нольге тең болғанда Аg+ концентрациясы қанша болады?

Жауабы: 0,326 В; 2,8.10-14 моль/л.

8.Концентрационды гальваникалық элементтің (мВ) э.қ.к. есептеу керек. Мырыш электродтары концентрациялары 210-2 және 3,210-3 моль/л ZnSO4 ерітінділеріне батырылған. Жауабы 24 мВ.

9.Күміс мырыш гальваникалық элементінің э.қ.к.-ін есептеу керек. Бұл электродтар катиондарының концентрациясы 0,01 моль/л болатын тұздарының ерітіндісіне батырылған. Жауабы 1,50 в.

10.PbBr2 қанық ерітіндісіне батырылған қорғасын электродының потенциалын есептеу керек. [Br-]=1 моль/л, ал ЕК PbBr2 =9,110-6 .

Жауабы - 0,28В.

11.Егер мыс және қорғасын электродтарын осы металдардың 1 М ерітінділеріне батырылғанда түзілген гальваникалық элементтің э.қ.к.= 0,47В болса, электродтарды 0,001 М ерітінділеріне батырғанда, э.қ.к. өзгере ме? Түсініктеме беру керек.

15.Егер магний ионының концентрациясы а) 0,1;б)0,01;в) 0,001 моль/л болса, оның электродтық потенциалдары мына сандарға тең болады:

Жауабы -2,39В; -2,42В; 2,45В.

16.Мына жүйе үшін Zn+CdSO4=Cd+ZnSO4 тепе-теңдік константасын есептеу керек. Егер мырыш ионының концентрациясы 1 моль/л болса, кадмий ионының концентрациясы қанша болады? Жауабы 12,2; 10-12.

17.Мына реакцияның KMnO4+FeSO4+H2SO4 → тепе-теңдік константасын есептеу керек. Жауабы 31063 .

18.Өздігінен қай бағытта мына реакциялар жүреді: а)H2O2+HOCl=HCl+O2+H2O; б)2HJO3+5H2O2=J2+5O2+6H2O; в)J2+5H2O2=2HJO3+4H2O . Жауабы тура.

19.Сулы ортада темір (Ш) тұзын темір (ІІ) тұзына дейін а)KBr б) KJ ерітінділерімен тотықсыздандыруға бола ма? Жауабы а)жоқ; б) иа.

20.а)Кадмий-мырыш гальваникалық элементінде б)мыс-қорғасын гальваникалық элементінде жүретін реакциялардың тепе-теңдік константасын есептеу керек. Жауабы а)1,61012; б)8,61015.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет