ПӘннiң оқу-Әдiстемелiк кешенi


Сырттай бөлім студенттеріне арналған бақылау сұрақтарына



бет7/7
Дата09.07.2016
өлшемі0.86 Mb.
#186941
1   2   3   4   5   6   7

5. Сырттай бөлім студенттеріне арналған бақылау сұрақтарына

әдістемелік нұсқаулық
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің филология мамандықтары бойынша сырттай оқитын студенттер оқу жоспарына сәйкес қазақ тілінің стилистикасы пәнінен бақылау-пысықтау жұмысын орындауға тиіс.

Қазақ тілінің стилистикасы пәнінен бақылау-пысықтау жұмысын орындауға кірісер алдында таңдаған тақырыпқа байланысты бір немесе бірнеше көркем шығарманы мұқият оқып шыққан жөн. Шығармаларды оқу үстінде студент ол туралы өзінің түйген ой-пікірін дәптерге жазып отыруы ләзім.

Бақылау-пысықтау жұмысының маңызды кезеңі жоспар құру. Бақылау-пысықтау жұмысындағы түйінді ой-пікірлердің қалай баяндалатыны ең алдымен осы жоспардан байқалады. Жоспарға бақылау-пысықтау жұмысының тақырыбына тікелей қатысты деген мәселелерді енгізу керек. Жоспарды құрғанда ең алдымен кіріспе, қорытынды бөлімдеріне қатты назар аударған жөн.

Бақылау-пысықтау жұмысының мазмұнынан тақырыпқа толық жауап табылуға тиіс. Бұл ретте жұмыстың композициясын ескермей де болмайды. Жұмыстың жекелеген бөлімдерінің үлкен-кішілігі қойылып отырған мәселе байланысты болатыны анық.

Бақылау-жаттығу жұмысында шығармасы өз алдына бөлек, оқшау талданбай, қайта сол ақын, жазушының бүкіл шығармашылығымен тығыз бірлікте қарастырылғаны ұтымды.

Әрбір студент бақылау-пысықтау жұмысына байыпты қарауға міндетті. Оны шығармашылық еңбек деп түсінген мақұл. Қай-қай тақырыпқа жазғанда да студент өз бетімен ойлап, аз да болса, өзіндік пікір айтуға талаптанса өте жақсы.

Жұмыстың сауатты жазылуы аса қажетті. Студент емле, тыныс белгісі, стилистикалық қатені жібермеуге күш жұмсасын.

Бақылау-пысықтау жұмысының рет-ретімен бет саны міндетті түрде көрсетілетін болсын.


Қазақ тілінің стилистикасы пәнінен сырттай оқу бөлімі студенттері үшін бақылау-пысықтау сұрақтары


  1. Стилистика курсының мақсаты мен міндеттері, оның негізгі объектісі.

  2. Стилистиканың тілі білімінің салаларымен байланысы.

  3. Стилистиканың ғылым ретінде дамуы туралы. Стилистиканың жалпы және жеке тілі білімінде зерттелуі, стилистика және стиль жөніндегі ой-пікірлер.

  4. Жалпы халықтық тілдің сипаты, әдеби жазба тілдің формаларының даму тарихы стилистикасының да даму тарихымен байланысты екендігі.

  5. Стилистиканың жанрлы сипаты. Ауызекі сөйлеу тілі мен жазба әдеби тіл стильдері, олардың түрлері.

  6. Жазба әдеби тіл стильдері, олардың түрлері мен ерекшеліктері.

  7. Функциональдық стильдер, Функциональдық стиль туралы түсінік. Функциональдық стильдерді ажыратуға қатысты әр түрлі көзқарастар.

  8. Іс қағаздар мен ресми құжаттар стилі. Жалпы сипаттамасы. Іс қағаздары мен ресми құжаттар стилінің ғылыми стильге жақын келетіндігі.

  9. Ғылыми стиль. Жалпы сипаттамасы. Оның түрлері. 1. Ғылыми родстиль; 2. Ғылыми көпшілік подстиль, олардың лексикасы мен грамматикасы. Ғылыми диалог пен монолог.

  10. Публицистикалық стиль. Жалпы сипаттамасы. Публицистикалық стильдің лексикасы мен фразеологиясы. Публицистикалық стильдегі қоғамдық-саяси лексиканың ерекшеліктері. Публицистикалық стильдің түрлері. Радио тілі, теледидар тілі, ерекшеліктері.

  11. Көркем шығарма стилі. Жалпы сипаттамасы. Көркем шығарма стилінің түрлері. Көркем шығарма тілінің эстетикалық қызметі. Басқа функциональдық стиль элементтерінің көркем шығарма тіліндегі қызметі. Шығарманың көркем жүйесі. “Автор бейнесі” туралы түсінік.

  12. Ауызекі сөйлеу тілі стилі, оның өзіне тән ерекшеліктері. (Жазба әдеби тіл стилімен салыстыра отырып дәлелдеу).

  13. Стилистиканың тіл білімі салаларымен байланысы: фонетикалық стилистика. Фонетикалық элементтердің стильдік өңі туралы. Жеке дыбыстардың, екпін түрлерінің такт (үзіліс), сөйлеу сазының стильдік боямалыққа қатысты екендігі.

  14. Лексикологиялық стилистика сөздің тура және ауыспалы мағынада (метафора, метонимия, синекдоха), теңеу, әсірелеу, шендестіру, аксиморон (оксиморон), (кекету, шенеу мағынасында қарсы мағыналы сөздерді бір мәтінде қатар қою) анафоралы, эпифоралы қайталап жұмсалу аясымен байланысты екендігі.

  15. Сөздердің лексикалық қарсы мағыналы сөздерді қат-қабат стилистикаға қатысты полисемия, омоним (оның түрлері), синоним, антоним сөздердің стильдік өңі.

  16. Сөздердің архаизмдік қолданыстарының стильге қатысы, кірме сөздердің, диалектизм, кәсіби-техникалық сөздердің де стильге қатысты екендігі. Стилистиканың әдебиет теориясымен де байланысты екендігі.

  17. Сөздердің эмоционалды-экспрессивті бояуы туралы. Лексико-фразеологиялық стилистика, оның тілді көркемдеу құралы ретінде дайын единица екендігі. Идиома, фраза, мақал-мәтел, қос сөздердің эксперименттік бояуын фактілермен түсіндіру. Бұл тақырыптың қазақ филологиясында зерттелуі.

  18. Морфологиялық стилистика сөз тұлғалары мен грамматикалық формалардың, сөз таптарының стильдік қолданысы. Нормадан жөнді ауытқу мен жөнсіз ауытқулар туралы түсінік, морфологиялық синонимия.

  19. Синтаксистік стилистика. Сөйлемнің әр түрлі конструкцияларының стильдік өңі. Синтаксистік нормадан жөнді, жөнсіз ауытқулар.

  20. Сөйлем мүшелерінің инверциясы қорын ауыстыру қыстырма, қаратпа, одағай сөздердің стильдік өңі. Сондықтан да жоғарыдағы стилистика қарастыратын күрделі мәселелерді көркем шығарма мәтініне лингвистикалық талдау жасаумен шатастыруға болмайтындығы.


Х БӨЛІМ

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі әдебиеттер:

  1. М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаев Қазақ тілінің стилистикасы - Алматы, 2005

  2. Б.Шалабай Қазақ тілінің стилистикасы - Алматы, 2006

  3. Б.Шалабай Көркем әдебиет стилистикасы - Алматы, 2000


Қосымша әдебиеттер:

  1. Р.Сыздықова Сөз құдіреті – Алматы, 1997

  2. Ф.Мұсабаева Қазақ тілінің практикалық стилистикасы - А,1976

  3. Қ.Жұмалиев Стиль өнер ерекшелігі - Алматы, 1976

  4. Л.Дүйсенбекова Қазақ ресми іс қағаздары. А., Ана тілі, 2005

  5. Р.Сыздық Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі –А., Арыс,2004

  6. В.В.Виноградов Проблемы русской стилистики - Москва,1983

  7. М.Серғалиев Көркем әдебиет тілі – Алматы, 1995

  8. Е.Жұбанов Қазақтың ауызекі көркем тілі - Алматы, 1996

  9. А.Байтұрсынов Тіл тағылымы - Алматы,1992

  10. М.Балақаев Тіл мәдениетінің мәселелері – Алматы, 1965

  11. Т. Қожекеев Сатиралық жанрлар – Алматы, 1983

  12. Г.Я.Солганник Стилистика текста – Москва, 2000

  13. В.Салагаев, Б.Шалабай Іс қағаздарын жүргізу. Составление деловых бумаг – Алматы, 2000

  14. В.В.Виноградов Проблемы русской стилистики – Москва, 1983

  15. М.П.Брандес Стилистика немецкого языка – Москва, 1983

  16. М.П.Брандес Стилистический анализ – Москва, 1971

  17. Б.Г.Бобылев Стилистический анализ художественного и публицистического текста – Алматы, 1987

  18. Т.Қожекеев Жас тілшілер серігі – Алматы, 1991

  19. Д.Ысқақұлы Сын жанрлары – Алматы, 1999

  20. М.Балақаев Қазақ әдеби тілі және оның нормалары – Алматы, 1984

  21. Н.Уәлиев Сөз мәдениеті – Алматы, 1985

  22. Р.Әміров Ауызекі сөйлеу стилінің синтаксистік ерекшеліктері – Алматы, 1977

  23. М.Серғалиев Синтаксистік синонимдер – Алматы, 1981

  24. Ф.Мұсабекова Қазақ тілі стилистиканың мәселелері (методикалық талдау) – Алматы, 1979

  25. С.Хасанова, Ғ.Жексембаева Қазақ тілінің стилистикасы (жаттығулар жинағы) – Алматы, 1999

  26. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 1-10 том, 1974-1986

  27. Ә.Болғанбаев Қазақ тілінің синонимдер сөздігі. 2-басылым-А.,1975

  28. Әбікенова Г.Т. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы - Семей, 2006



МАЗМҰНЫ
І БӨЛІМ

Типтік бағдарлама................................................................................................... 3



ІІ БӨЛІМ

Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы.......................................................................... 4



ІІІ БӨЛІМ

Студенттер үшін оқу жұмыс бағдарламасы (SULLABUS) …..............………....... 14



ІV БӨЛІМ

Пән бойынша глоссарий …….…............……………………………................... 28



V БӨЛІМ

Дәріс сабақтарының қысқаша конспектісі ....................………………………...30



VI БӨЛІМ

Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау ....................……............ 45



VII БӨЛІМ

СОӨЖ тапсырмаларына арналған әдістемелік нұсқау ......................…............. 51



VIII БӨЛІМ

СӨЖ тапсырмаларына арналған әдістемелік нұсқау.........................……..........60

IX БӨЛІМ

Білімді бағалау және бақылау жүйесі ....................……………………...........… 65



X БӨЛІМ

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі ...................……………………..……….............77



Ескертпелер үшін
..................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

.................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет