Перейти к файлу



бет1/8
Дата22.01.2020
өлшемі164.42 Kb.
#447855
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8
Лекция ЖЕР құқығы

Лекция ЖЕР құқығы

ПЕРЕЙТИ К ФАЙЛУ

Дәрістер кешені


1-тақырып. Жер Құқығының жалпы сипаттамасы


Жер құқығының түсінігі, пәні және әдістері. Қазақстан Республикасының жер заңнамасының міндеттері және қағидаттары. Жер құқығының қайнар көздері.


Негізгі ұғымдар: жер, жер құқығы, жер құқығының пәні, құқық саласы.
1. Жер құқығының пәні. Жер күнделікті өмірде келесі қызметтерді атқарады:
Саяси қызмет,экономикалық қызмет,экологиялық қызмет,әлеуметтік қызмет. Жер адамдардың өмір сүру негізі.

Жер құқығы құқық саласы ретінде - жер құқық қатынастарын реттеуге бағытталатын құқық нормаларының жиынтығы болып табылады. Жер құқығы мемлекет және құқық қалыптасуына байланысты сала.

Жер құқығы бар екенін дәлелдейтін мынадай белгілер бар:

-Жер құқығы қатынастарының болуы;

-Қазақстанның жер қатынастары заңдарының қалыптасуы мен дамуы.

-Мемлекет тарапынан қалыптасатын жер қатынастарын реттеу қасиеттерін білдіру мен оған мүдделі болуы.

Жер құқығының өзіне тән қағидалары бар.

Жер құқығы ғылым саласы ретінде көптеген ғылыми теориялардың, тұжырымдардың ой пікірлерінің жиынтығы болып табылады. Бұлардың мақсаты ғылыми тұрғыда жер құқығының пайда болуын түсіндіріп беру, оның әрі қарай даму жолына болжам жасау.


Оқу пәні ретінде жер құқығы дәрістік тәжірибелік сабақтардың жиынтығы.
Жер Кодексінің 12-бабының 10-тармақшасында жер құқық қатынастарының түсінігі берілген. Ол жерге меншік құқығын, өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып жер ресурстарын басқаруға, жекелеген субьектілерге жер учаскелерін бекітіп беруге байланысты жер пайдалану мен қорғау жөніндегі қатынастар болып табылады.
Жер Кодексінің 12 бабының 14-тармақшасы мынадай анықтама берген: егемендігі белгіленген ілетін шектегі, аумақтық кеңістік, табиғи ресурс жалпыға ортақ өндіріс құралы және кез келген еңбек процесінің аумақтық шегі. Жер қоры Қазақстан аумағының барлық жерлерінің жиынтығы. Қазіргі жер қоры жеті санатқа бөлінеді:

-ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер:

-елді мекендердің жері;

-өндіріс, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығына байланысты емес жерлер;

-ерекше қорғалатын табиғи аумақтар,тарихи мәдени, сауықтыру, рекреаациялық мақсаттағы жерлер;

-орман қорының жері;

-су қорының жері;

-босалқы жері;

Рекреация деп көпшіліктің демалыс орындарының, туризм қызметін қамтамасыз ету болып танылады.

Жер құқығының қатынастарының субьектілері - осы құқық қатынастар белгілі бір құқықтар мен міндеттерге ие болып танылатын тұлғалар болып табылады.


-мемлекеттік органдар;

-жердің меншік иелері;

-жер пайдаланушылар;

-қазақстандық тұлғалар;

-шетелдік тұлғалар;

-халықаралық ұйымдар және т.б.

Түрлері:
1.мүліктік қатынастар;

2.әкімшілік бағыттағы қатынастар;

3.экологиялық болуы бар қатынастар;

4.процессуалдық қатынастар:

Әдістері - жер құқығы қатынастарын реттеп отыратын тәсілдердің жиынтығы.

Олар:
А) императивті;

Б) диспозитивті;

Жер құқығының жүйесі үш бөлімнен тұрады:

Жалпы
Ерекше
Арнайы
Жалпы бөлім мынадай институттарды қамтамасыз етеді:

1.жерге меншік құқығы;

2.жер пайдалану құқығы;

3.жерді қорғау мен пайдалнуды мемлекет тарапынан реттеу;

4.жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауакершілік;

Ерекше бөлім жеті санатты қамтиды:

1. ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер:

2.елді мекендердің жері;

3.өндіріс,көлік,байланыс,қорғаныс және өзге де ауылшаруашылығына байланысты емес жерлер;
4.ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, тарихи мәдени, сауықтыру, рекреациялық мақсаттағы жерлер;

5.орман қорының жері;

6.су қорының жері;

7.босалқы жері;

2. Жер құкығының қайнар кезі болып жер катынастарын реттейтін нормативтік актілер табылады. Мұндай нормативтіккұкықтық актілер келесідей белгілерге жауап беруі тиіс: алдымен, аталған актілер мемлекеттік биліктің тасушысы болуы қажет, екіншіден, бұл актілер нормативтік сипатта, яғни бірнеше рет колданатын сипатта болуы кажет, үшіншіден, бұл актілер бірнеше субъектілерге бағытталған болуы тиіс және барлык субъектілер орындауы тиіс.

Қазақстан Республикасының Конституииясының 9-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы біртұтас мемлекет болып табылады, сол себептен жер зандары да Республиканың барлық аймағы үшін бірдей болып табылады.


Жергілікті органдар леер заңдарына жататын нормативтік-актілер шығаруға кұкылы және олар барлык әкімшілік бөліністерінде бірдей күшке ие болады. Бұл жер кұкығы субъектілерініңқұқықтық дәрежесі, басқа аумақта орналаскан жер кұкығы субъектісінің құқықтық дәрежесіне тек Республикалық зандарда керсетілген жағдайларда ғана ерекшеленуін білдіреді. Жалпы құқықтың қайнар көздері мемлекеттің құқық шығармашылыққызметінің сыртқы нысаны болып табылады. Мемлекеттің еркі құқықтың қайнар көздері арқылы барлығына бірдей сипатка ие бола алады.

Жер кұкығынын кайнар көздері дегенміз - өз кұзыреті шегінде мемлекеттік билік органдарымен кабылданған жер құқығы катынастарын реттеуге бағытталған нормативтік-құқықтық актілердің, халықаралык келісімшарттардың жиынтығы болып табылады. Бұлардың негізгі максаты — мемлекеттің жер саясатын білдіре отырып оны жүзеге асыру. Бұл жерде сот прецеденттерінің әдет-ғұрып ережелері есепке алынбайды.


3. Жер заңнамасының мақсаты мен міңдеттері. Қазақстан Республикасы жер заңнамасынтеориялықтұрғыдан зерделей отырып, жер заңнамасының келесідей мақсаттары мен міндеттерін бөліп қарастыруға болады. Жер зандарының максатына мыналар жатады:

өндірістің экологиялық қауіпсіз технологияларын ынталандыру және басқа да іс-шараларды жүргізу арқылы жердің тозуы мен бүлінуін, шаруашылық қызметін басқа да қолайсыз зардаптарын болдырмау;

тозған немесе бүлінген жерді жақсарту мен қалпына келтіруді камтамасыз ету;
жерді оңтайлы пайдаланудың экологиялык нормативтерін гожірибеге енгізу болып табылады.
Қазақстан Республикасы жер зандарының міндеттері:

жер учаскесіне меншік кұқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертілуі мен тоқтатылуының негіздерін, шарттары мен шектерін;

жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу;

- жерді ұтымды пайдалану мен корғауды,топырақ құнарлылығын ұдайы калпына келтіріп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жаксартуды камтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу;

шаруашылык жүргізудің барлық нысандарын тең құкықпен дамыту үшін жағдайлар жасау;
жеке жөне занды тұлғалар мен мемлекеттін жерге құкықтарын қорғау;

жылжымайтын мүлік рыногын жасау мен дамыту;

жер қатынастары саласында зандылықты нығайту болып табылады.
2-тақырып. Қазақстан Республикасындағы жер құқығының тарихы. Жер құқық қатынастарының жалпы сипаттамасы.
Жоспар:
Қазақстан Республикасындағы жер құқығының тарихы.

Жер құқық қатынастарының жалпы сипаттамасы.

Жер құқық қатнастарының субъектілері мен объектілері.

Жер құқық қатынастарының мазмұны

Жер құқығы қатынастарының пайда болуы, өзгертілуі, тоқтатылуы

Негізгі ұғымдар:жер қатынастары,егеменді Қазақстанның жер қатынастары.

1. Бірінші кезең өз бетінше бірнеше кезеңнен тұрады:

Қазақ хандығы тұсындағы меншіктік қатынастарға келетін болсақ, азаматтардың сатуға, айырбастауға, сыйлауға жєне мұраға қалдыруға болатын мүліктің барлығы жеке меншік заттары болып табылды.

Жерге жеке меншік XІX ғасырға дейін болмады, жер адат нормалары бойынша қауымның меншігі деп есептелді. Қауым ретінде негізінен рулық бірлестік танылды.
Шын мєнінде қауым немесе рудың атынан жерге, жайылымдарға билікті қауым басшысы, ру басшылары, сұлтандар, билер жүргізді.

Жерге жеке меншіктің болмау себебі де кµшпелі мал шаруашылығына негізделген экономикалық қатынастарымен байланыстырылды. Орасан зор кµлемдегі жайылымдарды меншік иелеріне берудің ешқандай мєні жоқ еді. Оның үстіне жайылымдар үнемі ауысып отырды. Кµктем мен күздің арасында мыңдаған километрге дейін кµшіп-қонып жүрген кµшпелі қауымдар үшін жерді, жайылымдарды жеке меншікке бµліп беру мүмкін емес те еді.


Екінші кезең. Қазақстан Ресей империясына кірген кезден басталады. Бұл кезең 1749 жылдан басталады. 20 жыл бойы Ресей империясы қазақ жерінде отаршылық саясатын жүргізіп отырып Ұлы және Орта жүздің жерлерін әскери күшпен басып алады.Өз билігін жүргізу үшін қазақ жерінде Ресей өз өкіметін құрады. Олар генерал губерниялар деп аталады. Жалпы алты генерал губерниялар болды. 1861 ж. орыс шаруаларының крепостное право деген құқығы жойылды. Орыс шаруаларын жақсы жерлермен қамтамасыз ету үшін Ресей Үкіметі көшіп қону саясатын жүзеге асырды. 1867 жылғы 11 шілдеде “Жетісу жєне Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ереже”, 1868 жылғы 21 қазанда “Орынбор жєне Батыс Сібір генерал губернаторлықтарының далалық облыстарын басқару туралы уақытша ереже” бекітілді.
1886 жылы 2-маусымда “Түркістан µлкесін басқару туралы ереже”, 1891 жылы 25-наурызда “Ақмола, Семей, Жетісу, Орал облыстарын басқару туралы ереже” қабылданды. Батыс-Сібір генерал-губернаторлығы Дала генерал-губернаторлығы деп µзгеріп, оған Сырдария облысынан басқа бес облыстың барлығы түгелдей кірді. Сырдария облысы Түркістан генерал-губернаторлығына қарады. Жетісу облысы 1897 жылы қайтадан Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына кірді.
1891 жылдың 25-наурызында ”Ақмола, Семей, Жетісу, Орал жєне Торғай облыстарын басқару туралы Ереже” қабылданды жєне онда да ”Уақытша ереженің” басқару жүйелері бекітілді.
Үшінші кезең. Социалистік кезең 1917-1990 ж.
1.билік тек халыққа берілуі тиіс.
2.жер тек халықтікі болуы тиіс және пайдалануы тегін болуы тиіс.
1917 ж. Жер туралы декреті шығарылды.
1919 ж. жерді социализациялау заңы шықты.
1921-28 ж.ж. арасында жер, су реформасы жүзеге асырылды.
1920 ж. Қазақ социалистік совет Республикасы құрылды. Оған дейін ол автономиялық Республика болып табылады. 1936ж Қазақ ССР ның тұңғыш конституциясы қабылданды.
1969ж. тұңғыш рет совет одағының жер заңдарының негіздері қабылданды. Осының арқасында әр бір республикада өзіндік жер заңдарын қабылдауға әрекет жасай бастайды.
1917-1971ж. дейін Қазақстанның жерін пайдалану тәртібін Ресейлік заңдар реттеп отырды. Бұл кезеңде басшылыққа партия шешімдері ерекше орын алады.
Төртінші кезең қазіргі кезең. Ал 1991 жылы 28 маусымда Жер реформасы туралы заң қабылданды да, оның мақсаты жер қатынастарын қайта құру болды. Бұл заңның негізгі мақсаттары жерге иелік етудің єртүрлі нысанының нєтижелі єрекет етуіне құқықтық, экономикалық жєне осы негізде ауыл шаруашылық µнімдерін тұрақты µсіріп тұруға жету болып табылады.
1993 жылғы 28 қаңтарда қабылданған Егеменді Қазақстанның алғашқы Конституциясы жерге мемлекеттік меншікті бекітті.
1994 жылғы 24 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентінің “Жер қатынастарын реттеудің кейбір мєселелері туралы” шығуы жєне 1994 жылғы 5 сєуірдегі “Жер қатынастарын одан єрі жетілдіру туралы” Жарлықтарының шығуы біздің еліміздің тарихында жерге деген құқықты нарықтық айналымға салуға мүмкіндік берді.
“Жер туралы” Заң ҚР Президентімен 1995 жылы 22 желтоқсанда қабылданды. Ал 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясы қабылданып, 1995 жылдан кейін жерге жеке меншік құқығын енгізе отырып, жерге мемлекеттің айрықша меншік құқығы қағидасынан бас тартты.
1990 ж. 16 қарашада Қазақ ССР ның Жер Кодексі қабылданды. Бұл Кодекс 95 жылдың соңына дейін жұмыс істеді.
1995 ж. бастап қазіргі күнге дейін егеменді Қазақстан тарихында үш жер заңы қабылданды.
1.1995ж.22 желтоқсан президенттің заң күші бар жарлығы жер туралы.
2. 24 қаңтар 2001 ж. жер туралы заңы қабылданды.
3. 2003ж. 20 маусымында жаңа Жер кодексі қабылданды.
2. Жер қатынастары дегеніміз – жер құқық нормаларымен реттелетін жерді қорғау, пайдалану және бөліп берумен байланысты пайда болатын ерікті қоғамдық қатынастар
ҚР-ң Жер кодексінің 12-бап 10-тармағында жер қатынастары дегеніміз – жерге меншік құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын басқаруға, жекелеген субъектілерге жер учаскелерін бекітіп беруге байланысты жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар.
Жер құқық қатынастары мемлекет пен жер пайдаланушылар және жердің меншік иелері, соңғы екеуінің арасында жерге билік ету, пайдалану және қорғауға байланысты пайда болады. Жер құқық қатынастары пайда болу үшін: жер құқығының субьектілерінің – жер құқық қатынастарының қатысушыларының жүріс-тұрысын анықтайтын жер-құқықтық нормасының болуы қажет.
Жер құқық қатынастарының обьектілеріне: Қазақстан Республикасы аумағының шегіндегі бүкіл жер, онда не орналасқанына және олардың жекелеген субьектілерге бекітіліп берілуінің құқықтық негіздеріне қарамастан жекелеген жер учаскелері, сондай-ақ жер учаскелері мен жер үлестеріне құқықтар (ҚР ЖК 12б. 22т.).
Жер құқығы қатынастарының объектісі болып таза табиғи түрдегі жер емес, жердің бекітілген құқықтық режимі табылады. Сол себепті де, жер құқығы қатынастарының объектісі болып Қазақсатн Республикасындағы барлық жерлерге бекітілген құқықтық режим табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының шегіндегі барлық жерлер меншіктің, жер пайдаланудың, басқарудың және қорғаудың түрлеріне қарамастан жер қорын құрайды.
Жер құқық қатынастарының субьектілері болып, жерге құқықтың иесі болатын және соған сәйкес құқықтар мен мен міндеттерге ие тұлғалар танылады. ҚР ЖК 12-бап 38-тармағына сәйкес оларға жер құқығы қатынастарына қатысушылар болып табылатын және соған орай құқықтар бар әрі осы құқық қатынасында міндеттер атқаратын жеке және заңда тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттер жатады.
Жер құқық қатынастарының субьектілері құқықтарға ие, оның көлемі мен мазмұны : құқықтық ережеге, субьектінің түріне; оның іс-әрекетінің сипатына; құқық қатынастың обьектісінің ерекшеліктеріне және т.б. байланысты.
Жер құқығы қатынастарындағы құқықсубьектіліктің негізгі белгілері болып мыналар табылады:
1) субьектінің жер құқығы қатынасына қатысуы;
2)осы құқықтық қатынаста құқықтар мен міндеттерді иеленуі. Құқықсубьектіліктің мұндай белгілерінен мынадай қорытынды шығады: жер құқығы қтынастарының субьектісі болып кез келген тұлға емес, тек жер заңдарына сәйкес белгілі бір құқықтар мен міндеттерге ие немесе жер құқығы қатынастарына қатысуымен байланысты құқықтарға ие тұлғалар ғана табылады.
1. Жер қорының субьектісі болып Қазақстан Республикасы (мемлекет) табылады. Мемлекетке ҚР Конституциясы жер қатынастарын реттеуге ғана емес, сонымен қатар аумақтың тұтастығын, қолсұғылмаушылығын және бөлінбейтіндігін қамтамасыз етуге, адамның өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны қорғауға қатысты міндетті де жүктейді.Орталық атқарушы орган және жергілікті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының барлық жерлерін аймақтарға бөлуді және жер қорын басқарумен қатысты басқа да функцияларды жүзеге асырады (ҚР ЖК 14-бабы).
Меншік құқығының субьектілері:
- республика аумағындағы жерге мемлекеттік меншік құқығының субьектісі – Қазақстан Республикасы;
- Жер кодексінде белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жер учаскелеріне жеке меншік құқығының субьектісі – азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар (ҚР ЖК 20-бабының 2-тармағы).
3. Жер құқығы қатынастарының басқару саласындағы субьектілер болып Қазақстан Республикасының Үкіметі, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық орган және оның жергілікті жерлердегі органдары, сонымен қатар жергілікті мемлекеттік органдар (өкілдік және атқарушы органдар) табылады (ҚР ЖК 13-19-баптары).
4. Жер құқығы қатынастарының жер пайдалану саласындағы субьектілері болып мыналар табылады (ҚР ЖК 30-бабы):
1) мемлекеттік және мемлекеттік емес субьектілер;
2) ұлттық және шетелдік субьектілер;
3) жеке және заңды тұлғалар;
4) тұрақты және уақытша субьектілер:
5) бастапқы және кейінгі субьектілер.
Мемлекеттік жер пайдаланушыларға мыналар жатады: мемлекеттік заңды тұлғаларға тауарлы ауылшаруашылығы өндірісі, орман өсіру, ғылыми-зерттеу, тәжірибе жүргізу және оқыту, қосалқы ауылшаруашылығын жүрізу үшін берілген ауыл шарушылығы мақсатындағы жерлердегі мемлекеттік республикалық және коммуналдық заңды тұлғалар (ҚР ЖК 97-бабының 6-тармағы, 12-бабының 6-тармағы).
Мемлекеттік емес жер пайдаланушылар болып азаматтар және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар табылады.
Ұлттық жер пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлғалар, соның ішінде, шетелдік қатысушылары бар кәсіпорындар жатады.
Шетелдік жер пайдаланушылар – бұл шет мемлекет азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, шет мемлекет заңдарына сәйкес құрылғанзаңды тұлғалар (шетелдік заңды тұлғалар), шет мемлекеттер, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар.
Тұрақты жер пайдаланушылар – жер пайдалану құқығының мерзімі шектеусіз сипатта болатын тұлғалар (ҚР ЖК 12-бабының 26-тармағы).1
Бастапқы жер пайдаланушылар – жер пайдалану құқығын Жер кодексінің 32-бабында көзделген тәртіппен тікелей мемлекеттен не осы құқықтан айыру тәртібімен басқа да бастапқы жер пайдаланушылардан алған тұлғалар.
5. Сервитутқа қатысты жер құқығы қатынастарының субъектілері болып жер туралы заңнамада көзделген тәртіпке сәйкес, бөтен жер учаскелерін шектеулі пайдаланудың бөтен меншік иелері мен жер пайдаланушылар табылады.
6. Жерді қорғау мен меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарын қорғаудың субъектілері болып мемлекеттік бақылау органдары мен олардың лауазымды тұлғалары және құқық қорғау органдары табылады.
5. ҚР Жер кодексінің 64-65-баптарында қарастырылған жер учаскелері меншік иелерінің құқықтары жер учаскелері меншік иелері мен жер пайдаланушылардың кешенді құқықтары болып табылады, олар «Жер учаскелері меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалану кезіндегі құқықтары мен міндеттері» тарауында қарастырылады.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 21-бабының 1-тармағы меншік құқығының мазмұнын ашады, ол жерге мемлекеттік меншіктің мазмұнының түсінігі мен жерге жеке меншік құқығынын мазмұнын қамтиды және меншік иесіне өзучаскесіне катысты иелену, пайдалану және билік ету құқықтары тиесілі екендігін көздейді
Жерді иелену, нақтырақ айтқанда, жер учаскесін иелену құқығы бұл жерді (жер учаскесін) меншік иесінің жерді іс жүзінде иеледі жүзеге асырудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Жеке меншігі құқығындағы жер учаскесін жер пайдалану құқығын жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдалану іс жүзінде пайдалану деп түсінген жөн
Жеке меншіктегі жер учаскесіне билік ету — бұл жердің жеке меншік иесінің өз жер учаскесіне катысты Қазақстан Республикасының заң актілерінде тыйым салынбаған мәмілелер жасауға құқығы.
Жер құқық қатынастарының пайда болу, өзгертілу, жойылу (81 бап) негiздерi заңды факт болып табылады. Азаматтық құқықтар мен мiндеттер заңдарда көзделген негiздерден, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерiнен пайда болады, өйткенi ол әрекеттер азаматтық заңдарда көрсетiлмегенiмен, олардың жалпы негiздерi мен мәнiне байланысты азаматтық құқықтар мен мiндеттердi туғызады.
Оқиға дегенiмiз – пайда болуы адамның еркiнен тыс болатын заңдық факт . Оған табиғат апаттары жатады, яғни құрғақшылық, су тасқыны, жер сiлкiнiсi, өрт.
Жер құқық қатынастарының пайда болуы жер учаскесінің меншік иесі оның нысаналы мақсатын өзгертпей, жер учаскесін уақытша пайдалану туралы шарттың негізінде оны уақытша пайдалануға беруге құқылы. Жер учаскесін уақытша пайдалану туралы шарт жалдау шарты (жалға алушымен) немесе ақысыз пайдалану туралы шарт (ақысыз пайдаланушымен) нысанында жасалады (ҚР ЖК 25-бабы).
Жер құқық қатынастарының өзгеруі субъектісне, объектісіне мазмұныныа қатысты өзгереді.
Жер құқық қатынастарының өзгеруі жер учаскесіне бас тартқан жағдайда
Заңды факт жұріс-тұрыс пен оқиғаның негізінде болады.
Жүріс-тұрыс субъектілерің әрекеті мен әрекетсіздігінің негізінде пайда болатын құқыққа сай және құқықа қайшы болады.
Оқиға дегенiмiз – пайда болуы адамның еркiнен тыс болатын заңдық факт . Оған табиғат апаттары жатады, яғни құрғақшылық, су тасқыны, жер сiлкiнiсi, өрт.
3-тақырып. Қазақстан Республикасындағы жерге меншік құқығы мен басқа да құқықтар.
Жоспар:
1. Жерге меншік қүқығының түсінігі және түрлері.
2. Жерге мемлекеттік меншік құқығы, оның объектілері мен субъектілері және жүзеге асыру ерекшеліктері.
3. Жерге жеке меншік құқығы, оның объектілері мен субъектілері және жүзеге асыру ерекшеліктері.
Негізгі ұғымдар: меншік, меншік құқығы, жерге меншік құқығы, мемлекеттік меншік, жеке меншік.
1.Жерге меншік қүқығының түсінігі және түрлері. Меншік кұқығы тікелей заңнан туындайтын бастапқы субъективтік құқықтың бірі болып табылады. Меншік кұқығы иесіне езіне тиесілі мүлік – жер учаскесіне экономикалық тұрғыдан билік етуді бекітіп береді. Бұл құқық меншік иесіне тиесілі жер учаскесін өз карауы бойынша қоғамдык мүддені ескере отырып пайдалануға мүмкіндік береді. Сол себептен, жерге меншік құқығы кез келген өзге мүлікке меншік құқығы сиякты шексіз емес. Жерге меншік құқығы деген үғымды екі түрлі, объективтік жене субъективтік мағынада қарастыруға болады.
Объективтік мағынада: Бүл ұғым жерге меншік құқығын жүзеге асырумен туындайтын қатынастарды реттеуге бағытталған құқықтық нормалардынң жиынтығы болып табылады. Бұл нормалар Қазақстан Республикасының көптеген заңнамаларында орын тапқан. Мәселен, Қазасқтан Республикасының Жер кодексі, Азаматттык кодексі т.б.
Субъективтік мағынада: Бұл ұғым тұлғаның өзіне тиесілі жер учаскесін занда керсетілген тәртіп пен шарттарды иелену, пайдалану және билік ету құқығын білдіреді. Жерге меншік кұкығының мазмүнын иелену, пайдалану және билік ету құқығы құрайды.
Меншік құқығы дегеніміз – субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Жер учаскесін иелену құқығы дегеніміз - занда қарастырылған шекте меншік иесінің іс жүзінде жер учаскесін иемдену кұкығы. Мысалы: жер учаскесін қоршап алуы, жер учаскесіне меншік құқығын куәландыратын құжаттарды дайындауы т.б.
Жер учаскесін пайдалану құқығы дегеніміз - жер меншік иесінің өзінің шаруашылық және өзге қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жер учаскесінің пайдалы касиеттерін алуды жүзеге асырудың заңмен камтамасыз етілген мүмкіндігі. Мысалы: жер учаскесіне дәнді-дақылдар егіп, өнімге меншік құкығын жүзеге асыруы, жер учаскесінде түрғын үй қүрылысын жүргізуі, мемлекеттік салык органдарының жер учаскесіне салык жинап алуы т.б.
Жер учаскесіне билік ету кұкығы дегеніміз - меншік иесінің занда рұксат берілген шекте езіне тиесілі жер учаскесінің занды тағдырын шешу кұкығы. Меншік иесі өзінің жер учаскесіне катыс-ты оның нысаналы максатын езгертпей, Қазақстан Республикасының заң актілерінде тыйым салынбаған кез келген мәмілелерді жасасуға құқылы.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабына сәйкес, жер занда көзделген шектер мен тәртіпте жеке меншікте болуы мүмкін. Жерге мемлекеттік меншік пен жеке меншіктін бірдей корғалуы Жер кодексінде де бекітілген. Демек, жерге меншік құқығы екі түрлі нысанда болады. Олар: Жерге мемлекеттік меншік және жерге жеке меншік.
Бүл кұкык меншік иесінің ҚР Жер кодексінде көзделген кұкықтарының барлығын жүзеге асырудың занды негізі болып табылады.
Жер учаскесіне меншік кұкығы мына жолдар аркылы туындайды:
1)меншік күкығын табыстау;
2)меншік кұкығын беру;
3) меншік кұкығының эмбебап күкыктык мираскорлык (мұраға қалдыру, занды тұлғаның кайта үйымдастырылуы) тэртібі бойынша ауысуы.
Меншік күкығын табыстау, беру жэне оның ауысуы жер учаскесінің нысаналы мақсаты ескеріле отырып жүзеге асырылуға тиіс.
Жер учаскесіне меншік күкығы келесі негіздерде туындайды:
1)мемлекеттік органдар актілер негізінде;
2)азаматтык-күкыктык мәмілелер негізінде;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де не- гіздерде (ҚР ЖК 22-бабы)
ҚР Жер кодексінің 27-бабына сэйкес, мемлекеттік меншік кұкы-ғын жүзеге асыру мынаны білдіреді: мемлекеттік меншіктегі жерден жер учаскелері:
1)жеке меншікке сатылуы немесе акысыз берілуі;
2)тұракты немесе уакытша жер пайдалануға берілуі;
3) Жер кодексінде, Қазакстан Республикасының өзге де заң акті лерінде немесе халыкаралык шарттарда көзделген жағдайларда өзге де кұкыктык нысандарда жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалы, ҚР Жер кодексінің 43-бабының 8-тармағына сәйкес, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелері жэне ол жер учаскелерін жалдау кұкығы аукционда сату объектілері болуы мүмкін. Аукционда сатуға ұсыны латын жер учаскелерінінтізбесін немесе жер учаскелерін жалға беру тэртібін жергілікті аткарушы органдар аныкталып, жергілікті өкілді органдардың сэйкес шешімдерімен бекітіледі.\


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет