Дипломдық жұмыстың өзектілігі



бет1/11
Дата22.02.2024
өлшемі260.77 Kb.
#492911
түріДиссертация
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Акбаркызы ДИПЛОМ


Кіріспе
Осыдан бірнеше жыл бұрын мектепке дейінгі жастағы балалармен мен бастауыш мектеп балаларын шет тілін қалай оқыту мәселесі біздің елімізде де, щетелде де соңына дейін шешімін таппаған болатын. Көптеген әдіскерлер мен оқытушылар балаларды шет тілін оқытуға қызығушылық танытса да, осы мәселені баяндайтын бірнеше кітаптар, мақалалар мен диссертациялар бар болса да, балаларды шет тілдерін жаппай оқыту екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана басталды. Бұл уақытта АҚШ-та бастауыш мектепте шет тілдерін оқыту науқаны басталған заманауи тіл қауымдастығы пайда болды. Осыған орай көптеген тәжірибелер бүкіл мемлекет бойынша бастауыш мектептерде ұйымдастырылды. Бұл бірінші сыныпта тіпті балабақшада да шет тілін оқытуды бастау қажеттілігін дәлелдеу үшін жасалды, өйткені бұл тәжірибе іске асқан жағдайда оң нәтижелерге қол жеткізуге болатындығын көрсетті.
Бүгінде заманауи қоғам қарқынды дамып келе жатыр және шет елдермен қарым-қатынастардың дамуы шет тілдерін меңгерумен байланысты болып тұр. Білім берудегі басты басымдықтардың бірі – шет тілдерін ерте жастан үйрену. Көптеген мектепке дейінгі білім беру мекемелері мен түрлі орталықтар балаларды дамытудың бастапқы кезеңдерінде шет тілдерін оқыту бағдарламаларын әзірлейді.
Мектепке дейінгі және бастауыш мектепте шет тілін оқыту мәселесі заманауи білім беру үшін маңызды. Бұл шет тілдерін үйренуге балалардың ерте жастан оқытудың қажеттілігі туралы ғылыми дәлелдерге негізделген. Ерте жастан шет тілін үйрену барлық балаларға, олардың бастапқы қабілетіне қармастан пайдалы, себебі ол баланың психикалық қізметінің дамуына: оның жадына, зейініне, ойлауына, қабылдауына, қиялына даусыз оң әсерін тигізеді. Сонымен қатар баланың жалпы сойлеу қабілетіне ынталандырушы әсері өте мол.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Ағылшын тілін меңгеру үшін өте қолайлы уақыт бастауыші сынып (6-10 жас) болып табылады, өйткені осы жастағы балалар тілдік құбылыстарды қабылдау қабілеттілігімен сипатталады: оларда өз сөйлеуінде тәжірибесі бар,"құпия"тілдер байқауы оларда осы шағын материалды тез меңгеріп, ол туралы жақсы айтуға болады. Бала жасына жеткен сайын, бұл факторлар өз күшін жоғалтады.
Шет тілдерін ерте оқыту әдісі әдіснамалық ғылым саласы ретінде XIX-ғасырдың басында пайда болды. Қазіргі кезде заманауи қоғам қарқынды дамып келе жатқандықтан елімізде шет елдермен қарым-қатынастардың дамуы тілге айналған қоғамның құрылуына әсер етті. Білім берудегі басты басымдықтардың бірі – бастауыш сыныптағы оқушылардың шет тілін ерте жастан үйренуі болды. Көптеген мектепке дейінгі білім беру мекемелері мен түрлі орталықтар балаларды дамытудың бастапқы кезеңдерінде шет тілдерін оқыту бағдарламаларын әзірледі.
Мектепке дейінгі және бастауыш мектепте шет тілін оқыту мәселесі заманауи білім беру үшін маңызды. Бұл шет тілдерін үйренуге арналған сезімтал кезеңді барынша пайдалану қажеттілігі туралы ғылыми дәлелдерге негізделген. Балалардың шет тілін үйренудегі қолайлы жасы негізінен 6-10 жас болып саналады. Мектепке дейінгі жастағы балаларды шет тіліне үйрету мәселесі біздің елімізде де, шетелде де толығымен шешілмеген, бірақ көптеген әдіскерлер оған үлкен қызығушылық танытты.
Психологтар шет тілін меңгеру баланың сөйлеуіне және ана тілін дамытуына оң әсерін тигізеді дейді. Шет тілін ерте жастан меңгеретін балалардың жартысынан көбінің есте сақтау деңгейі жоғары, олардың шет тілін үйренуге деген құлшынысы өзге балаларға қарағанда айтарлықтай жоғары болады. Зерттеушілердің айтуынша, 5-8 жас аралығында шет тілін үйренуді бастау керек деп санайды, өйткені ана тілінің жүйесі қазірдің өзінде игеріліп, баланың саналы түрде жаңа тілін меңгеруге мүмкіншілігі бар. Н.Д. Гальцова мен З.Н. Никитенко ерте мектепке дейінгі білім мен ерте мектепке дейінгі білім беруді ажыратуды ұсынады. Біріншісі 4-5 жас аралығындағы балабақшада бала мектепке барғанға дейін жүргізіледі.
Мектепке дейінгі білім – бұл жас оқушыларға арналған білім берудің бірінші кезеңі (1 немесе 2-ден 4 сыныпқа дейін). Сонымен қатар, осы жаста баланың сөйлеу мінез-құлқында бірнеше қиындықтар болуы мүмкін, ойларды жаңа жолмен кодтау, енгізу оңай, шет тілінде сөйлескен кезде маңызды психологиялық қиындықтар жоқ. Өйткені, балаларға жаңа тіл қызықты әдістермен жеткізілсе, олар оны ойын түрінде қабылдап, үлкен қызығушылықпен меңгереді. Ағылшын тіліндегі жаңа сөздер, қызықты естілетін аударма сөздер (apple, father, mother, house, one, two, three, school, т.б) олардың жадында тез сақталады.
Оқушылардың қызыға оқуы үшін, оқытушының тілді қызықты етіп, әр түрлі әдіс-тәсілдер мен көрнекіліктерді орынды пайдалану арқылы жеткізуі керек. Есту бейнесі міндетті түрде көру арқылы бекітілуі керек. Яғни, балалар тек естіп қана емес, үйреніп жатқан сөздерінің бейнесін визуалды жадына сақтауы маңызды. Ол үшін оқытушы ақпараттық технологиялардың, түрлі плакат, ватмандардың көмегіне жүгінуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет