Пікір жазғандар



бет6/49
Дата04.10.2022
өлшемі410.45 Kb.
#461861
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Еңбекті қорғау оқу құралы (Лаврищев О.А.) (z-lib.org)

Еңбек жағдайлары – еңбек үдерісінде адамның денсаулы- ғы мен жұмыс істеу қабілетіне əсер ететін өндірістік орта фак- торларының жиынтығы. Еңбек жағдайын зерттеулер еңбек үде- рісіндегі өндірістік орта факторлары ретінде көрсетті:

  • жұмыс аймағында сыртқы ортаны анықтайтын санитар- лық-гигиеналық жағдай – микроклимат, механикалық тер- белістер, сəулелену, температура, жарықтандыру жəне т.б.;

  • психофизиологиялық элементтер: жұмыс қалпы, денеге түсетін ауырлық, жүйке-психологиялық шиеленісу жəне еңбек үдерісінің өзімен шартталған, т.б.;

  • эстетикалық элементтер – өндіріс жайларын, жабдықтар- ды, жұмыс орнын, жұмыс құралын жəне т.б. ресімдеу;

  • əлеуметтік-психологиялық элементтер, психологиялық климаттың сипаттамасының құрамдас бөлігі.

Кəсіби аурулар деп еңбектің зиянды жағдайларының əсері- нен болған ауру аталады. Оларға созылмалы шаң бронхиттері, діріл ауруы, əр түрлі уытты заттармен улану жəне т.б. жатады. Кəсіби аурулар ауырлық жəне анықталу мерзімдеріне байланыс- ты еңбекке жарамдылығынан айырылумен бірге жүруі жəне жүрмеуі мүмкін. Ауыр жағдайларда олар мүгедектікке əкелуі мүмкін.
    1. Еңбекті қорғау мақсаттары мен міндеттері


Еңбекті қорау – құқықтық, əлеуметтiк-экономикалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту жəне басқа шараларды қамтитын, еңбек қызметi үдерісiнде жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жүйе. Еңбекті қорғау функциялары еңбек гигиенасы мен санитария- сын зерттеу, еңбек үдерісінде жұмыскерлердің ағзасына зиянды факторлардың əсерін төмендету бойынша шараларды жүзеге асыру болып табылады. Еңбекті қорғаудың негізгі əдісі қауіпсіз- дік техникасын пайдалану болып табылады. Бұл ретте екі негізгі міндет шешіледі: олармен жұмыс істеу кезінде адам үшін қауіп болмайтын машиналар мен құралдарды жасау жəне еңбек үдерісінде адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы қор- ғаныс құралдарын əзірлеу, сондай-ақ жұмыс істеушілерді еңбек- тің қауіпсіз тəсілдері мен қорғаныс құралдарын пайдалануға оқыту жүргізіледі, қауіпсіз жұмыс үшін жағдай жасалады [1].


Еңбек жағдайын жақсартудың негізгі мақсаты – əлеуметтік əсерге қол жеткізу, яғни еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұ- мыс істеушілердің өмірі мен денсаулығын сақтау, өндірісте жа- затайым жағдайлар мен аурулардың санын қысқарту.
Еңбек жағдайын жақсарту экономикалық нəтижелерді де береді: табыстың өсуі (еңбек өнімділігінің артуымен байланыс- ты); зиянды жəне ауыр еңбек жағдайларымен жұмыс үшін өтем- ақылармен байланысты шығындарды қысқарту; жарақаттану- мен, кəсіби аурумен; кадрлардың тұрақтамауын азайтумен, т.б. байланысты жоғалтуларды азайту. Нормативтік-техникалық құжаттаманың негізгі құжаты «Еңбек қауіпсіздігі стандарттары- ның жүйесі» нормативтік актісі болып табылады.
ЕҚСЖ стандарттары қауіпті жəне зиянды өндіріс факторла- рының түрлері бойынша жалпы талаптар мен нормаларды, өн- дірістік жабдыққа, өндіріс үдерістеріне, жұмыс істеушілердің қорғаныс құралдары мен еңбек қауіпсіздігін бағалау əдістеріне қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.
Салааралық ережелер мен нормалар барлық кəсіпорындар мен ұйымдар үшін олардың ведомстволық бағыныштылығына тəуелсіз міндетті болып табылады.
Салалық ережелер мен нормалар тек жеке салаларға ғана таратылады. Еңбек туралы заңнаманың, стандарттардың, ере- желердің, нормалардың, технологиялық құжаттамалардың жəне т.б. негізінде жалпы, жеке кəсіптер үшін жəне жұмыстың жеке түрлеріне еңбекті қорғау бойынша нұсқаулар əзірленеді.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет