Пікірлесудің қандай түрлері болса да, сөйлеу формалары арқылы жүзеге асып отырады



бет1/3
Дата17.06.2023
өлшемі2.7 Mb.
#475179
түріОқулық
  1   2   3
аралық бақылау С.дамыту


Тақырыбы:
1.Шешендікке үйрету сабағында мәтінмен жүргізілетін әдістер мен амалдар 2. 2-4 сынып оқулықтарында ауызша сөйлеу туралы берілген ереже-анықтамалар 3. Оқушыларды шаршы топ алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың әдістері мен амал-тәсілдері. 
Шешен сөйлеуге жаттығамын деген оқушылар өз алдына мынадай мақсаттар қоюға тиіс. Ол тыңдаушы сезімін түртіп ояту, санасына, ойына ерен бір саналықпен қозғау салу, ояну мен қозғаудың нақтылы нәтижесін көру, сөйлейтін сөзінің, пікір сайысына қатысатын тақырыбының мазмұнын терең меңгеру.
Шешендік өнер көріп білумен, сол білгенді көкейге тоқумен, талай айтыс –тартысқа түсіп, жалықпай жаттығуға байланысты қалыптасатын шеберлік. Нағыз шешен жан үшін тек сөзге шебер болу жеткіліксіз. Табанда тауып айтар тапқырлық, шаршы топта мүдірмес батылдық, саспайтын сабырлық қажет.
Шешендікті меңгеру үшін оқушыға білімділік, сөз өнерін терең меңгеру, өз халқының психологиясын жете білу, сонымен қатар, риториканың негізгі заңдылықтарын жете меңгеруі керек.
Пікірлесудің қандай түрлері болса да, сөйлеу формалары арқылы жүзеге асып отырады.
Сөйлеу — адамның тілдік амалдар арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. Сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен, адамның психикалық қабілетіне, қоғамдағы пікір алмасу тәжірибесіне сүйенеді.
Сөйлеу
сыртқы 
ішкі
жазбаша
ауызша
Ауызша сөйлеу — сөйлеудің негізгі түрі болғандықтан оның қалған түрлері де соның төңірегіне қүрылады. Мәселен, жазу сөзіндегі әріптер ауызша сөздің түрлі дыбыстарын белгілейді.
Ауызша сөйлеудің негізгі бір түрі — диалогтық сөйлеу. Диалогтық сөйлеу дегеніміз екі немесе бірнеше адамның тілдесуі.
Диалогтық сөйлеу
Диалог сөздің кейбір психологиялык ерекшеліктері төмендегідей:
1) Диалог сөз бөгелмей еркін айтылады, ол ойды кең жайып жатуды тілейді;

2) Үнемі кезектесіп айтылатындықтан ықшам келеді, тек өңгімелесуші адамдардың өздеріне түсінікті болады. Мәселен, "келе жатқан тоғызыншы" деген сөйлемді осындай нөмірлі автобусты күтіп түрған адамдар түсіне алады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет